Ислам дінінің түсінігінде отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке-шешеге айрықша мән-маңыз беріліп, Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде ата-анаға жақсылық жасауды бұйырғаны үнемі еске алынып, көптеген ізгі іс, ақыл-кеңес ата-ананы аялауға арналады. Хазреті Имам Нәсәфи былай деген: Ата-ананың (әке-шешенің) баласында сексенге жуық ақысы бар. Олардың 40-ы тірі кезінде, 40-ы қайтыс болғаннан кейін орындалады. Тірі кезіндегі он ақысы дене мүшемен, оны тілмен, оны жүрекпен (көңілмен), қалған оны ақшалай өтеледі.
Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхамедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын).
«Мүмін болсаң әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол» – деп Абай атамыз айтқандай, әрбір адам мұсылман атануы үшін ең алдымен иманды болуы қажет. Иман дегеніміз – Аллаға, періштелерге, кітаптарына, пайғамбарларға, тағдырға және өлгеннен кейін қайта тірілетін күнге сену болып табылады. Осы имандылық негіздерін бойына сіңіре білген адам ғана шынайы бақытқа қол жеткізе алады. Себебі, мұсылман адам бұл сенімдері арқылы өмірдің түпкі мәнін ұғынып, жақсы мен жаманды айыра біледі. Жақсы мен жаман деп отырғанымыз Алла Тағаланың Ислам дінінде бұйырған амалдары мен тыйым салған нәрселерін қамтиды.
Тірі өледі, жер қойыны – жатағы,
Ізі қалар, болса жақсы атағы.
Жүсіп әл-Баласағұни.
Екі дүние сәруәрі, барша пайғамбарлардың абзалы пайғамбарымыз Мұхаммед /с.ғ.с./ туған күні қараңғы дүниеге жарық келіп, мүбәрәк нұрымен жерді нұрландырған қасиетті де ұлық күн – Мәуліт мерекесі 23 желтоқсаннан бастап барлық жерде тойланып, 17 қаңтарда еліміздің бас мешіттерінде аяқталмақшы. 9 қаңтарда Тескенсу селолық округіне қарасты Көлді ауылында да жамағаттардың жұмылуымен Мәуліт мерекесі тойланды.
Координатор проекта Ассоциации
практикующих психологов
Юлия Калюжная занимается тем, что помогает людям,
пострадавшим от пагубного
влияния псевдорелигиозных
объединений (ПРО).
Азан шақырып ат қою – сүннет амалы. Сондай-ақ, азан шақырып қойған аты дейтін де сөз тіркесі де бар халқымызда. Бұл сол сүннет амалының салтымызға сіңіп кеткендігінің айғағы болса керек. Қош делік. Азаттықтың ақ таңы атып, дәстүрлі дініміздің діңгегі қайта тұрды тұғырына. Халқымыз дін Ислам ұстанымдарына қайтадан бас қоюда. Осы орайда, азан шақырып ат қою және ата-анасының перзенті алдындағы парызы турасында ой қозғауды жөн санаған едік.
Қазақ Елі Тәуелсіз ел болып 28 жыл арайлы таң атып, егемендіктің арқасында толағай табыстарға қол жеткізуде. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес», – деген болатын.
«Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық.
Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек».
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Жаңғыру ұлттың тарихи тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл ретте тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті. Соның бірі – гуманитарлық білімді жаңғырту.
Қазақ қоғамына ерекше серпіліс әкеліп, рухани сілкініс тудырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына биылғы 12 сәуір күні үш жыл толады. Осы уақытта «Туған жер», «Киелі жердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобалары игі бастамамен басталып, нәтижелі іске асырылуда. Осындай маңызды бастаманың бірі – «100 жаңа оқулық» жобасы.
Жалпы, бұл әңгіменің айтылғанына біраз уақыт болды. Іс басталды. Әлбетте, бағдарламаның еліміз үшін маңызы өте зор. Қазақта «бақ – ауыс, ырыс – жұғыс» дейді. Бүгінде кез келген ұлт, халық әлемнен тыс өмір сүре алмайтын деңгейге жетті. Өйткені, болып жатқан жаңа технологиялық өзгерістер, интернет деген дүние бүкіл адамзатты бір арнаға тоғыстырып отыр. Тұңғыш Президентіміздің аталған мақаласында айтылған 100 оқулықты аудару мәсеселесі біздің рухани жаңғыруымыздың қозғаушы күші болады, соған серпін беретін және соны жүзеге асырудың тетігі. Жалпы, әлемдік мемлекеттердің ішінде мұндай арнайы бағдарламаны қабылдап, міндетіне алып, жүзеге асырып жатқаны сирек. Қазір бүкіл әлемде жекеменшіктік көзқарас басым. Басқа өрке-ниетті елдерде мұны ауқатты адамдар жүзеге асырады. Сол сияқты әр жоғары оқу орны, білім мекемелері өздеріне қажетін алып, аударып, шығарып жатады. Ал біздің жағдайымызда мұндай бағдарламаны мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Жаңа гуманитарлық білім «100 жаңа оқулық» жобасының мазмұнды нақ-ты орындалуы үшін Елбасы тапсырмасымен 2017 жылы Ұлттық аударма бюросы құрылып, табысты еңбек етуде. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек», – деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, өзгертудің бірі – қоғамдық сананы жаңғырту. Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу үшін бізге ең бірінші еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру маңызды. Ал гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітап қазақ тіліне аударылуда. Сонымен қатар, мемлекеттік емес ұлттық аударма бюросының құрылып, жұмыс жасап жатқаны гуманитарлық білімді жаңғыртудың айқын жаңа белесі, нәтижелі көрінісі.
Қазіргі таңда сөздің емес, істің адамына басымдық беріледі. Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы әлемнің озық және заманауи, таңдаулы үлгілері негізінде жаңа деңгейде сапалы білім беруді көздейді. Ол үшін кемел келешектің иесі болашақ ұрпақ үшін әр адам өзінің білімі мен біліктілігіне, мәдениеті мен тұлғалық қасиеттеріне, өмірлік дағдыларына мән беруі қажет.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша аударылған алғашқы 18 кітап халыққа жария етілді. Атап айтқанда: Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Джон мен Патрик Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы» (4 томдық, І том) және «Батыс философиясының жаңа тарихы, Орта ғасыр» (4 томдық, ІІ том), Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Дэвид Бринкерхофтың «Әлеуметтану негіздері», Джорди Ритцердің «Әлеуметтану теориясы», Элиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психо-логияға кіріспе», Дуэн П.Шульц пен Сидней Еллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы», Дэвид Майерстің «Әлеуметтік психология», Грегори Мэнкью мен Марк П.Тейлордың «Экономикс», Дональд Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика», Рикки В.Гриффиннің «Менеджмент», Карен Армстронгтың «Иудизм», Христиандық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хаймстің «Тіл біліміне кіріспе», Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», Алан Барнардтің «Антропология тарихы мен теориясы», Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» деген оқулықтары қазақ тіліне аударылған.
Аталмыш оқулықтарды аударуға ғылымды жақсы меңгерген ғылыми дәрежесі бар, қазақ және ағылшын тілін білетін философтар айналысқанын, мәтіндердің 95% ағылшын тілінен аударылғанын ескерсек, бұл үлкен жауапкершілік, ұрпақ болашағына маңызды көзқарас қалыптастыру деген сөз.
Бұл – әлемнің үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару студенттердің білім деңгейін арттырып, жеке адам және маман ретінде табысқа жетуіне жол ашады деген сөз.
Оқулық кітаптардың мазмұны жағынан құнды екені сөзсіз. Осы «100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы 18 кітаптың таралымы 10 мың дана. Олар сатылымға шығарылмайды, алдағы күндері еліміздегі жоғары және орта арнаулы білім ордаларына тегін таратыла бастайды. Бұл оқулықтар қазақ тіліндегі гуманитарлық білім беру процесін дамытып қана қоймай, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтеді.
Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, болашақ иесі жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине, құптарлық дүние.
Қай елдің жастарының рухы биік, танымы терең болса, сол халықтың болашағы зор. Абай атамыз айтқандай:
«...Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой
Бес асыл іс білсеңіз» – деп жастарымыз тоғышарлық пен бойкүйездіктен арылып, талаптың тұлпарына мініп, білім көкжиегінен орын алғаны ләзім. Тұңғыш Президентіміз жастарға қолдау көрсетуді әрдайым басты назарда ұстауда. Аталған жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізеді. Сөйтіп, ең бастысы жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыра түсері хақ.
Елбасының салиқалы саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сеніміміз зор.Ерім дейтін ел тұрғанда жастарымыз білімді, бүгініміз бен ертеңіміз нұрлы болғай.
Бәтес АМАНОВА,
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы.
Ұлыстың ұлы күнінде түргендіктер келелі шараның куәгері болды. Округ әкімдігі қолдап, ауыл жастары ұйымдастырып, «Grand Royal» мейрамханасында ақ дастархан жайылды. Әдеттегідей ас ішу, ықылас қылудан бөлек, танымдық кездесу орын алды. Аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы,Еуразияның 2 дүркін чемпионы,Әлем Кубогының иегері,Қазақстанға еңбек сіңірген спортшы Ардақ Назаров төрден табылды, салиқалы ойларын ортаға салды. Оған қосымша айтыс саңлақтары Балғынбек Имашев, Сырым Әуезхан және Қанат Мырзахан ел алдында өнер көрсетті.
Ел тарихы, жер тарихы, ұлт болашағы турасында келелі ойын ортаға салған Ардақ Құттықожаұлы барша қауымды наурыз мерекесімен құттықтай отырып: – Тарихқа қарасаңыз, біздің халық талай рет жер бетінен жойылып кетуге шақ қалған. Сол кезде біздің арыс би-шешендеріміз бен батырларымыз қанын төгіп, жанын беріп жүріп ұрпақтарын қорғап еді. Алысқа бармай-ақ кешегі Саурық, Өтеген, Сұраншы батырлар кім үшін жанын қиды. Қалмақтар қазақтың бас көтерер еркектерін қырып тастағанда, Төле би бабамыз тыныштық үшін оларға он бес жыл бойы салық төлеп отырды. Ал өзі ауылда қалған бірен-саран еркектерге үш-төрт әйелден қосып, бала санын көбейтуге күш салды. Сол жылдары туы-лып, жалаң аяқ, жалаң бұт шауып жүрген балаларға қарап отырып, еңкілдеп жылайды екен, жарықтық. Осы балалар қашан ер жетеді, қашан атқа қонады, қашан елін жаудан қорғайды деп армандайды екен. Ал өзі тыныштықты сақтау үшін елдегі әйелдердің жүзік, сақиналарына дейін жинап алып, қалмақтарға беріп отырады екен.Енді ойланайықшы, осының бәрі кім үшін? Осылай елім деп еңіреп өткен қайран бабаларымыз өз ұрпақтарының Сіздердің жарқын келешектеріңіз үшін қанын төкті, жанын берді. Біз соған лайықты болуымыз тиіс, – деді.
– Бүгінгі келелі кездесуге округ тұрғындарынан бөлек іргелес ауылдардан да азаматтар келді. Оған қосымша 25 аз қамтылған отбасы мүшелері де тегін ақ дастархан басынан орын алды. Билеттерден түскен қаржыны жас кәсіпкер Жанас Әділбайұлы бастаған ауыл жастары қайырымдылыққа жұмсамақ ниетте. Мен округтің басшысы ретінде жастардың осындай мақтанарлық қадам жасап, туған ауылын гүлдендіруге сіңіріп жатқан еңбектерін ерекше атағым келеді. Өзара ауызбірліктері де талайдың әңгімесінде. Шүкір, осындай елін ойлайтын, жерін ойлайтын жастар өсіп-өнуде. Біз оларды барынша қолдауға бармыз, – деді округ әкімі Бота Елеусізова.
Төрт сағатқа созылған танымдық кездесу барысында жастармен пікір алмасулар, тағылымға толы айтыс, әуезді ән, күмбірлеген күй уақыттың қалай өткенін байқатпады. Шара соңында ауыл ақсақалы Жаңаберген Мұхамедов ақ батасын беріп, жастар әлем чемпионымен естелік суретке түсті.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын үй пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар» дегені есімізде. Ел ертеңіне деген риясыз қамқорлық көрінісі биыл айрықша байқалды. 2019-ды жастар жылы деп жариялап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Осы турасында жуырда Масақ және Сөгеті ауылдары жастарымен болған кездесуде кеңінен әңгіме болды.
«Жастарға зор мүмкіндіктер кезеңі» деп айдар таққан шарада биылғы жылдың басты жаңалықтары ашық айтылды. Ашық айтуға болады, еліміз жастар саясатын қолдауға бағытталған айрықша институт. Себебі, 2013 жылы Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданып, 2015 жылы оның бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде, барлық облыс пен Астана және Алматы қалаларында жастардың дамуына қолайлы жағдай жасайтын жастар саясаты жөніндегі аймақтық басқармалар құрылды. Жастар ресурстық орталықтары ашылды. Қазіргі таңда елімізде 210 осындай орталық жұмыс істеуде және 2258 маман жастарға қызмет көрсетумен айналысады. Осы турасында кеңінен әңгімелеген «Еңбекшіқазақ» газеті редакторының орынбасары, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы Қайнар Жұмағожа: – Құрметті жастар, биылғы жылы бос сергелдеңмен емес, нақты іспен еркін айналысуға мүмкіндіктер көп. Айталық, бизнесті бастаймын деген азаматтарға бастапқы қаражатын мемлекет субсидиялап беретін мүмкін-діктер бар. Одан қалса «7-20-25» бағдарламасының ішінде тікелей жас отбасылардың баспаналы болуына қолдау көр-сететін арнайы тетіктері де қарастырылды. Білсеңіздер, АҚШ пен Еуропада жастарға бөліп-жарып қолдау жасамайды. Сондықтан қолда барда пайдалана білу – әрбірімізге міндет, – деді. Кейіннен аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебай: – Өздеріңіз білесіздер, ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде биылғы жылы ел ертеңіне жасалатын айрықша қолдауларды тізіп берді. Айталық, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге берілетін несиені 2 есеге арттыру, урбанизацияға байланысты ауылдан қалаға ағылып келіп жатқан жастармен жұмыс жүргізу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қарқынды жүргізу, «Студент жасақтары», «Еріктілер» жұмыстарын жандандыру, әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жас сарбаз қозғалысын жүргізуді міндет етті. Енді біздің ортақ мақсат – осы мүмкіндіктерді мүлт жібермеу», – деді.
Шара соңы жастармен еркін пікір алмасуға ұласты.
Алмагүл НҰҒМАН.
21 ноября нынешнего года в 11:00 часов в актовом зале акимата Енбекшиказахского района прошло очередное заседание Совета молодежи при акимате района. На повестке дня были подняты и рассмотрены 3 вопроса. Подведение итогов работы «Молодежного ресурсного центра района» за 2018 год; доклады по работе, проводимой в целях улучшения работы с молодежью в сельской местности, в соответствии с прямым поручением Главы государства всесторонней поддержки сельской молодежи; ознакомление с работой инструкторов по делам молодежи, работающих в сельских округах. Совещание провел руководитель районного отдела внутренней политики Исламов Момунжан Акваржанович. На совещание были приглашены члены Совета, заместители акимов сельских округов и инструктора по делам молодежи, председатели и члены комитета Енбекшиказахского района.
Согласно штатному расписанию с апреля 2013 года в молодежном ресурсном центре работают пять сотрудников. Совет молодежи при акимате района проводится в каждом полугодии, анализирует и обобщает системную работу с молодежью.
По первому вопросу повестки дня с отчетом о проделанной работе данного молодежного ресурсного центра за 2018 год выступил руководитель молодежного ресурсного центра Енбекшиказахского района Илебаев Айбек Касымханович. По второму вопросу повестки дня заседания Совета выступил заместитель акима Масакского сельского округа Абдакимов Куат Бекешевич по работе, проводимой в целях улучшения работы с молодежью в сельской местности, всесторонней поддержки сельской молодежи. По третьему вопросу повестки дня, согласно поручению Главой государства в целях ознакомления с работой методистов по делам молодежи, работающих в сельских округах, обобщения и ознакомления с планами на предстоящий год с докладом выступила инструктор по делам молодежи Балтабайского сельского округа Хуршудова Зульфия Акифовна.
Председатель совета Момунжан Акваржанович высказал свои вопросы и предложения выступающим. В конце совещания представители различных сфер и призеры областных соревнований, которые вносят свой вклад в развитие молодежной политики района были награждены благодарственными письмами акима района Б. Ыскака и руководителя управления по вопросам молодежной политики Алматинской области Е.Жакупова.
Үстіміздегі жылдың 21 қараша күні сағат 11:00-де Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы жастар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 3 мәселе көтеріліп, қарастырылды. Аудандық жастар ресурстық орталығының 2018 жылда атқарған жұмыстарын қортындылау; Ауылдық жерлердегі жастармен жұмысты жақсарту, ауыл жастарын жан – жақты қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша баяндамалар; Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес, ауылдық округтерге жұмыс жасап жатқан жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылардың жұмысымен танысу. Кеңесті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исламов Момунжан Акваржанович ашып, жүргізді. Кеңеске кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарылары мен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар және жастар ісі жөніндегі комитет төрағалар мен мүшелері шақырылған болатын. Шақырылғандардың барлығы қатысты.
Ауданымызда жастар орталығы 2013 жылдың сәуір айынан бастап, штаттық кестеге сәйкес бес қызметкер жұмыс атқарып келеді. Аудан әкімдігі жанындағы жастар кеңесі әр жарты жылдықта өткізіліп, жастармен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарды саралып, қорытындылап отырлады. Осы аталмыш жастар ресурстық орталығының 2018 жылы атқарылған жұмыстарымен таныстыру үшін яғни күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша алғашқы сәз орталық жетекшісі Ілебаев Айбек Қасымханұлына есеп берді. Кеңес отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе ауылдық жерлердегі жастармен жұмысты жақсарту, ауыл жастарын жан – жақты қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша Масақ ауылдық округінің әкімінің орынбасары Абдакимов Қуат Бекешұлы есеп берді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес, ауылдық округтерге жұмыс жасап жатқан жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылардың жұмысымен танысу, қорытындылау және келер жылға жоспарларымен танысу мақсатында Хуршудова Зульфия Акифовна баяндама жасады.
Кеңес төрағасы Момунжан Акваржанович баяндама жасаушыларға өз тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар білдірді. Кеңес соңында аудандағы жастар саясатының жамуына өз үлестерін қосып жүрген, облыстық жарыстарды жүлдегерлері мен әр сала белсенділері аудан әкімі Б.Ысқақтың және Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Жакуповтың алғыс хаттарымен марапатталды.
«Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы»