Дүниежүзілік футбол жұлдыздары «Астана Арена» алаңында ойнайды. Астанамызда Халықаралық «Expo 2017 FootballCup» футбол турнирі өтеді. Бұл туралы пресс-конференция барысында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ Даму және туризм департаментінің директоры Аллен Чайжунусов хабарлады. Ол өз сөзінде осы турнирді Қазақстан астанасында алғаш рет орын алатын бірегей іс-шара деп сипаттады.
«5-6 тамызда Халықаралық «EXPO 2017 Football Cup» турнирі өтеді. Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлем құрама командалар «Астана арена» алаңында кездеседі. Осы бірегей іс-шара «Аңыздар кубогіне» ұқсас келіп Қазақстан астанасында алғаш рет өткелі тұр», – деп хабарлайды Аллен Чайжунусов.
Қазақстан Футбол Федерациясы Президенті Сейльда Байшақов мемлекеттік құрамада Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Аубакиров, Мұрат Тлешев, Нұрбол Жұмаскалиев және Андрей Финонченко, басқа да отандық футбол ардагерлері ойнайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол Халықаралық турнир аясында футбол жанкүйерлерімен кездесу және спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне шеберлік сабақтар өтетінін хабарлады.
«Турнир шеңберінде бірнеше шаралар өтеді. 4 тамызда 17.30-да ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Амфитеатрда командалардыңфутбол жан-күйерлерімен кездесуі, фото және қолтаңба қою сессиялары өтеді. 6 тамызда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін балалар-жасөпірімдер спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне ойыншылар қатысуымен шеберлік сабақтар ұйым-дастырылады», – дейді Сейльда Байшақов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, футбол жарысы билетінің құны 2000 теңге болады, алған билет арқылы кешкі уақытта 18.30-дан кейін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға болады.
«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» жұртшылықпен
байланыс департаменті.
Спортты денсаулықтың кепілі деп түсінген аудан жастары тағы бір аладоп бәсекесінде бас қосты. Малыбайда өткен шағын футбол турниріне 13 команда қатысып, өзара үздіктерін анықтады. Ұйытқы болған «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығы. Қолдау білдірген – аудандық ішкі саясат бөлімі.
Шара шымылдығын қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов құттықтау сөзімен түрді. Ыстық лебізін білдірді, сәттілік тіледі. Таңнан кешке дейін жалғасқан байрақты бәсекеде асылық «Дихан» командасы үштікке жайғасса, екінші орынды «Малыбай орта мектебі» иеленді. Бартоғайлық «Бәйсейіт» құрамасы топ жарып шықты.
Өз тілшіміз.
Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен маргиналды жастар арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Шараға қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа, аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің бас кеңесшісі Сұлтан Тойғанбай қатысып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Турнирде аудан бойынша 8 команда өнер көрсетті. Олар өзара екі топқа бөлініп, Көлді және Толқын ауылдарының мектептерінде сынға түсті. Нәтижесінде, 3 орынға «Қаратұрық» командасы табан тіресе, «Тес-кенсу» құрамасы екінші орынды місе тұтты. Тамаша ойынымен жанкүйерлерін желпінтіп тастаған «Толқын» командасы үздік деп танылып, біріншіліктің биігінен көрінді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар, медальдар табысталды.
Елімізде ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің кең көлемде өтуіне қолдау көрсету мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткен сенбіде «Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы» Масақ ауылдық округінің әкімі аппаратымен бірлесе шағын футболдан аудандық турнир өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәслихат депутаты, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы Айбек Ілебаев елімізде өтіп жатқан ЭКСПО-ның Қазақстан үшін әкелер пайдасы, ел дамуындағы экономикалық тиімділігі туралы айтса, Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуат Бәкешұлы саламатты өмір салтын өрістетуге жиналған ойыншыларға сәттілік тіледі.
Асқарбек Қожахметов пен Данияр Қалдыбаев төрешілігімен таңнан кешкіе дейін өте тартысты өткен доп додасына 12 команда бақ сынасты. Нәтижесінде, Бартоғай округінен жарысқа түскен бижановтықтардың бағы жанып, жеңімпаз атанса, бәйсейіттіктер екінші орынға жайғасты. Көрші округ ойыншыларымен ақтық ойында кездескен малыбайлықтар жүлделі үшінші орынды иеленді. Алтын медаль мен үлкен кубокты жарыс жеңімпазы «Бижанов» командасы қанжығасына байласа, жүлдегерлер ге де өз орындарына қарай кіші кубок пен күміс, қола медальды иеленді. Ең үздік ойыншы деп танылған бәйсейіттік Дильмурат Сайдуллаевқа алтын доп табыс етілді.
Анарбек МӨКІШҰЛЫ
Жуырда Есік қаласындағы Спорт сарайында ҚР спорт ардагері Саматов Аманбек Фазылұлы атындағы грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
Аманбек Саматов 1967-1971 жылдары Алматы қаласында Дене шынықтыру институтының күрес бөлімін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң туып өскен жері ШҚО Аягөз ауданындағы Сергеополь орта мектебінде 1979 жылға дейін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен ұстаздық етеді. Сонымен қатар, классикалық және қазақша күрестен облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрген. 1987 жылы Есік қаласына қоныс аударып, спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы, «Спорт және туризм» бөлімінің басшысы, Есік қаласы әкімінің міндетін атқарушы, Көктөбе селолық округінің әкімі болып ел үшін аянбай қызметтер атқарады. Спорттан бір сәтке алыстамай ірі жарыстарда төреші болған Аманбек Саматовтың баптаған шәкірттерінің көбі спорттың биік шыңдарын бағындырған майталмандарға айналды. Аудандық спорт бөлімінде қызмет істеп жүрген шағында ағамыздың ұлттық спорт түрлерін дамытуға өлшеусіз еңбегі сіңді. Сол шақта ұлттық спортымыз қарқынды дамып, ауданымыздағы бәйге аттары облыстық, республикалық жарыстардан орын ала бастады. Бұл жерде Аманбек Фазылұлының қомақты үлесі көрініп тұратын. Саламатты өмір салтына бар ғұмырын арнаған ел ағасы бүгінде 68 жаста, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің қызығына кенеліп жүрген зейнеткер. ҚР спорт ардагері атанған ердің ерен еңбектері еленіп жүр. Ел ішінде зор беделге ие ағамызға арналған турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде.
Ауқымды жарыстың ашылуында сөз алған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, спорт ардагерлері Серік Бейсенбеков, Айдархан Сүлейменханов, Болатжан Теңізбаев, Мұратбек Қасымханов, Улияс Анаятов секілді азаматтар Аманбек Саматовқа құттықтау лебіздерін жеткізді. Спорт шеберінің өнегелі өмірінен сыр шертіп, ел үшін, спорт үшін атқарған орасан зор еңбектерін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Грек-рим күресінен бозкілемде белдескен бала балуандардың тыңғылықты дайындықпен келгендері байқалды. Сайыс аса тартысты өтті, көптеген әдемі әдістер мен көріністердің куәсі болдық. Жас спортшылардың жеңіске деген құлшыныстары, жігер-намыстары спорт ардагерлері мен көрермендердің айызын қандырды. Аталмыш додада Есік, Гүлдала, Достық, Талғар, Аягөз, Жамбыл, Алматы, Қапшағай өңірлерінен келген балуандар бақтарын сынады. Турнир 3 күнге созылды, бірінші күнінде 30, 36, 42, 47, 54, 63, кг салмақтарындағы үздіктер анықталды. Екінші, үшінші күндері командалық жарыспен күрес бәсекесі қыза түсті. Командалық есепте І орынды Жамбыл командасы еншілесе, ІІ орынды алматылықтар алды, ІІІ орынға талғарлықтар жайғасты және үздік төрттікке Есік командасы енді.
Жүлдеге ие болған спортшылардың барлығына медаль, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтар табысталды.
Сайыс соңында Аманбек Фазылұлы жарысты ұйымдастырушыларға, сонымен қатар демеушілер «Альтаир» ӨК директоры Сейітхан Қырқынбаев пен жеке кәсіпкер Али Арсамаковқа, жас спортшыларға алғысын білдіріп, ақ тілегін ақтарды.
Ринат НАРХАНОВ.
Жақында Есік қаласындағы төменгі стадионда футболдан аудан әкімі кубогінің ақтық кезеңі өтті. Ауқымды шараға аудандық мәслихат хатшысы, бокстан КСРО-ның спорт шебері Бекет Ахметов, спорт жанашыры Руслан Қалиев, қала әкімі Бауыржан Бименов пен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков қатысты.
Ақши ауылының дамуына өлшеу-сіз еңбегін сіңірген ауданымыздың құрметті азаматы Заманбек Ақшал-ұлының 85 жасқа толған мерейтойын ауылдастары қуанышпен атап өтті.
Ұлтымыздың қанына,
жанына біткен ердің күші мен
айласы сыналатын айшықты спортымыз – қазақ күресі. Тарихқа үңілсек, күрес десе құлағы елең етпейтін қазақ болмаған. Күреспен әлемді мойындатқан даңқты бабаларымыз аз емес. Күш атасы Қажымұқан, Балуан Шолақ, беріректе олимпиада
чемпионы Жақсылық Үшкемпіров сынды тұлғаларымыз жауырыны жерге тимеген
майталмандар екені бәрімізге мәлім. Осындай алыптардың жолын жалғайтын
азаматтарды шығару үшін атқарылып жатқан жұмыстар көп және ол еңбектер жақсы нәтижелерін көрсетіп келеді. Соған сәйкес Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Еңбекшіқазақ
ауданы әкімінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Еңбекшіқазақ бөрісі» аудандық іріктеу турнирінің II кезеңі өтті.
Жыл сайын ұйымдастырыла-тын футболдан Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Өңірдің кіл мықтылары бақ сынаған сайыста ауданымыздың құрамасы финалға жолдама алып, Қарасай ауданының футболшыларымен чемпиондыққа таласты.
Жақында аудандық дене шынықтыру-сауық-тыру кешенінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен спортшылардың төл мерекесіне орай 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті.