Бейсенбі, 22 Маусым 2017 23:48

Жастар жұмыспен қамтылды

     Жұмыссыздықты жою – Мемлекет басшысының маңызды тапсырмасы. Осы тапсырма аясында көптеген шаралар атқарылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылуда. Осыған орай, жақында Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

     «Альтаир» ӨК, «ДСУ-13» АҚ бастаған он шақты жұмыс беруші компания мен оқу орындары қатысқан жәрмеңкеге Есік гуманитарлық-экономкалық, Шелек политехникалық, Есік медициналық және Есік кәсіптік-техникалық колледждерінің бітіруші түлектері келіп, мамандығына сәйкес жұмыстар іздестірді. Мұнда тек аудан аумағында ғана емес, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысынан жұмыс табуға болады. Ал өзге облыстарда сұраныстар негізінен мұғалімдер, дәрігерлер, мал дәрігерлері мен техникалық мамандықтарға артуда. Хабарлама бойынша өзіне керекті жұмыс тапқан азамат аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеледі. Жұмыс беруші жақпен байланысқан орталық құжаттарын рәсімдейді. Айта кетерлігі, басқа облыстардағы жұмыс берушілер бір жыл бойы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. 

 

Сардарбек НҰРАДИН

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 18:36

Жолың болсын, Жас Түлек!

Алтын белгі – өрелі ой, терең білім,

Болашақтың көрсетер кемелдігін.

Жарқыраған жасындай жас түлектер,

Жалынды отты көреміз сенен бүгін!

 

Кедергілер кездессе сүрінбесін,

Қиындықтар тап болса түңілмесін.

Жас түлектер, ақта енді ел үмітін,

Алға қарай тарта бер білім көшін.

    Тұмса табиғаты талайды тамсандырған көне Сақтың атамекені Есіктегі Жамбыл атындағы жастар саябағы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды: келешегінен зор үміт күтер Алтын түлектерін қарсы алды. Биыл ауданымызда жүзден жүйрік көрініп, білім кеңістігінде қалықтаған 74 Алтын белгі иегері шықты.

      Өткен аптамыз айтулы оқиғаларға толы болды. Соның бірі – Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағындағы  «Алтын белгі – 2017» шарасы. Мектеп қабырғасындағы 11 жылын босқа өткізбей, білімнің биігін бағындыру үшін барын салып оқыған ауданымыздың мақтаныштарын арнайы аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы құттықтады.

      «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген бабаларымыздың тауып айтқан тәмсіліне таңқаласың. Рас, бұл заманда білімсіз кімді жығады? Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, ха-лыққа арнаған әрбір Жолдауында, білімді басты назарға қойып отырады. Мемлекетіміздің жастарға сыйлаған шексіз мүмкіндігін толыққанды пайдалана білу екінің бірінің қолынан келмей жатыр. Өйткені, «білім – инемен құдық қазғандай». Сондықтан алтын белгі иегерлеріне арналған ауқымды шараға арнайы қатысып, алғашқы сөзді алған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы барша ата-аналарды, ұстаздарды және түлектерді еңбектерінің жемісімен құттықтай келе:

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, ұстаздар мен ата-аналардың арманы – ұл-қыздарымыздың азамат атанып, туған елдің абыройын көтергенін көруі. Жас түлектердің арманы – бе-рекелі де баянды бақ, мазмұнды да мағыналы болашақ. Оның өзі – тұзы жеңілге емес, тұғыры биік, талабы кеңге, білімі терең, еңбегі көпке ғана бұйыратын дүние. Ол үшін ілім мен білім жолындағы тынымсыз талпыныс пен үздіксіз ізденіс қажет. Бұл біздің бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан, ой-өрісі ғарышпен таласқан заңғар заманның басты әрі бірегей талабы.

    Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші, жыл сайын «Алтын белгі»-мен үздік аттестатқа иегер түлектеріміздің саны артуда. Өткен оқу жылында «Алтын белгіні» 16 түлек, үздік аттестатты – 50 түлек иеленген еді. Ал, ағымдағы жылы орта мектепті бітіруші – 1645 түлектің қорытынды аттестаттау нәтижесінде аудан бойынша 74 түлек «Алтын белгі», 55 түлек үздік аттестат иегері атанды. Биылғы мектеп бітірген уақыт Қазақстандағы «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келіп тұр. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстанды әлемнің көптеген елі білмеген. Ал өткен жиырма бес жыл ішінде Қазақстанды бүкіл дүние жүзі елдері танып қана қоймай, абыройы асқақтаған ел ретінде мойындап отыр. Еліміздің жаңа тарихында осындай жетістіктерге жетуімізге жастарымыздың да қосқан үлесі орасан зор. бұлардың басында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны баршаға аян. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемдегі ірі-ірі қауымдастықтардың төрінде отырып, төрелігін беретіндей дәрежеге жетті.

     Қымбатты жас түлектер, тәуел-сіздігіміздің тұрақты, ертеңіміздің шуақты болуы сіздердей жастарға байланысты. Бүгін өмірдің алғашқы межесінен өттіңіздер, ендігі тағдыр өз қолдарыңызда. Өз басым бұл мақсат-міндеттің де үдесінен шығып, табыс биігіне жететіндеріңізге кәміл сенімдімін. Үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер – деп түлектерге ақ жол тілеген аудан басшысы көпшіліктің қошеметіне бөленді.

     Әсерлі де әдемі шараның барысында Бинәлі Әбдіқапасұлы сахна төрінде 74 «Алтын белгі» иегерлеріне, 12 халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

    Баланың жетістік-ке жетуінде ата-ананың өлшеусіз үлесі бары анық. Сондықтан ақылына көркі сай, парасатты ұл-қыздарды тәрбиелеп, осы күнге жеткізген ата-аналардың атынан Ғазиза Қырбасова аудан әкіміне, ұлағаты ұстаздарға ақжарма алғысын білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі. «Алтын белгі» иегерлері Қаратұрық ауылы, Еңбек Ері А.Бертаева атындағы орта мектеп түлегі Еркеназ Тұрғынбай мен Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп түлегі Мағжан Тұрсынбайға сөз ұсынылды. Жастарымыз өз кезегінде түлектердің атынан аудан басшылығына, білім берген ұстаздары мен ардақты ата-аналарына алғыстарын жеткізді. Өздеріне артылған үмітке  үлкен жауапкершілікпен қарап, ауданымыздың беделін асқақтатуға, ел сенімін ақтауға уәде берді.

   Мәнді де маңызды мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. «Нұр-Ай» тобы, Қабыл мен Ерке, Ернар Мұқан, Дәурен Сәрсенбаев, Ұлан Қали есімді әншілеріміз жүрек тебірентер әндерін шырқады. Іс-шараның соңында түлектер аудан әкімімен естелік суретке түсті.

     Осылайша білімге құлаш сермеп, армандарына күміс қанат байлаған түлектердің алар асуы, бағындырар белесі көп болсын дейміз!

 

Ринат НАРХАНОВ.

Жексенбі, 18 Маусым 2017 18:22

Дарын иесі Дидар

Кедергісіз келешек

 

Өмірде бастарына түскен қиындыққа мойы-май, тек жақсылықтан үміттеніп алға ұмтыла-тын адамдар жетерлік. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар. Олардың ерлігі, өмірге деген көзқарастары аз күндік қиындыққа шыдамайтын сау адамдарға мәңгілік үлгі екендігі анық. Сондай қайсар жанның бірі – Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылының тұрғыны Еркінов Дидар Нұрланұлы.

Дидар Еркінов 2004 жылдың 1 наурызында өмірге келген. Өкінішке қарай, туылғаннан мүмкіндігі шектеулі, қол-аяғында кінәрат болғандықтан басқа балалар секілді асыр салып емін-еркін ойнай алмайды. Өмірдің не екенін ерте сезінген Дидар, Алланың басқа салған сынағынан сүрінбей өтіп келе жатыр. Бүгінде ол Азат орта мектебінің 5 сыныбын аяқтады. Денсаулығына байланысты мектепке бара алмағандықтан, мұғалімдер оны үйіне келіп оқытады. Білімге деген құлшынысы жоғары жеткіншектің сабақ үлгерімі жоғары екен. Математика мен тарих пәндерін ерекше жақсы көретін Дидар барлық пәндерді 4 пен 5-ке оқып жүр. Озат оқушының бірі боп жүргені ата-анасының көңіліне қуаныш сыйлап, мерейін өсіруде.

Ерекше тоқталып кететін жәйт – Дидар осы күнге дейін спортпен шұғылданып, қолөнермен және сурет салумен айналысып келеді. Сондай-ақ, түрлі жарыстарға қатысып жеткен жетістіктері мен алған асулары аз емес. Алматы облысы ІV жазғы Параолимпиадалық ойындарында жеңіл атлетикадан, нақтырақ айтсақ 100 метрге жүгіруден 2-ші орынға, ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық V спартакиадасында жүлделі 3-ші орынға ие болды. Сурет салумен 8 жасынан бастап айналысатын балақайдың туындылары көптеген байқауларда жүлде алып жүр. Ол тарихи суреттерді, батырлардың бейнесін салғанды ұнатады. «Әлем – балалар көзімен» байқауында Құрмет грамотасымен, Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Бала – өмірдің гүлі» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде қолөнер бойынша бас жүлдені жеңіп, «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды. Талантымен талайды тәнті ете білген өнерпаз республикалық «Мектеп», «Жыл он екі ай» журналдарына шығып үлгерген.

Анасы Бақыт Әденқұлова – Дидар «өзін өзгелерден кеммін» деп ешқашан еңсесін түсірген емес. Тиісінше, достары да көп, балалармен тез тіл табысады. Қолынан келген мүмкіндіктерді толықтай пайдаланып, сауығып кету үшін бәрін істеп талпынуда. Бүгінде баламыз бассейнге барады, шахмат, дойбы үйірмелеріне қатысады. Жақында Дидардың аяғына ота жасалып, оң өзгерістер байқалып, бізге жақсы үміт сыйлауда. Бала үшін барыңды беретінің белгілі, еткен еңбектеріміздің ақталуын Алладан үнемі тілейміз. Баламызға қамқорлығын аямайтын мектеп директоры Шолпан Қошақановаға және үйімізге келіп білім беріп жүрген барша ұстаздарына алғысым шексіз – дейді.

Иә, өмір сынағын көтере білген Дидардай дарын иесін Алла тағаланың сүйікті пендесі деп білеміз. Оның барға тасымайтын, жоққа жасымайтын мінезі, өмірге деген сүйіспеншілігі мен көзқарасы – өзімен жасты дос-тары түгіл, үлкендерге де үлгі. Дидардың алақандай жүрегіндегі, алатаудай армандарының орындалуын, өмірден өз орнын тапқан арыстай азамат болуын шын жүректен тілейміз!

Ринат НАРХАНОВ.

суретте: «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчество-лық бірлестігінің президенті Әбен Нұрманов  Дидар Еркіновты марапаттау сәті.

 

Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 14:31

Жастарымыз дұрыс жолда

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ал олардың дұрыс тәлім тәрбие мен сапалы білім алуын қамтамасыз ету – жарқын болашақтың бас-тауы. Жақында Есік қаласында, Ават, Түрген, Бәйдібек би ауылдық округтерінде Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай «Нұрлы Жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға, «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға арналған аудан жастарымен кездесу өткізілді. Келелі кездесуге облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, «Жетісу жастары» ұйымының «Конгресті жас-тар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жомарт Қаратас, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ерлан Матай, жастарға қызмет көрсету бөлімінің бас кеңесшісі Дәурен Нұртаев, аудандық жас-тар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысты.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін – деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, бүгінгі жастар – жарқын болашаққа апаратын алтын көпір. Сол көпірдің тұғыры бекем болуы жастардың өз қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та жыл сайынғы Жолдауларында жастар мәселесін ұмыт қалдырмай, мемлекет тарапынан оларға деген қамқорлықты ұлғайта түсті. Осы орайда жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын насихаттау, талқылау мақсатында облыстық ақапараттық-насихат тобы мен аудан жастары арасында отырыс өтті. Жиынға облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкері Ерлан Матай және аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Айбек Ілебай қатысты.

Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:11

Рухани құндылықтар бастауы

  Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде. Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Осы тұста ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бізге рухани азық болды.

   Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқататын бағдарламалық мақала  мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағыт-талған құжат. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Әрбір қазақстандық өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруді үйренудің жолдарын білуі тиіс. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспеттес. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, барлық мемлекеттің алдында заманға сәйкес жаңғыру міндеті тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

   Қазір өзгерістерді тек қолдау ғана емес, іс жүзінде қолға алу да маңызды, ол әрбір қазақстандықтың өмірінде басталуы тиіс. Психологтардың айтуынша, түптің-түбінде барлық өзгерістер адамның мінез-құлқының өзгерістеріне келіп саяды. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты.

   Аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады Елбасы мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Демек, Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениет-ті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

 

Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкілі.

Бейсенбі, 21 Ақпан 2019 16:16

Тәрбиенің алтын діңгегі

Бүгінгі күнде бала тәрбиесіне қатысты ұстаздар тарапынан көптеген ізденістер жоспарланып, жүзеге асырылуда. Әрине, ұрпақ тәрбиесінде рухани тұғырды нығайту аса қажет.Мемлекет басшысы  Н.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» еңбегінде қоғамдық сананы жаңғырту басты шарттарының бірі – өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау және іргелі негіз – патриотизм болып табылатындығын көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларына бұл бағытта арнайы жоспар жүйесінде тәрбие сағаттары, түрлі шаралар ұсыну жолға қойылған. Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастыратынын ойласақ, біз кішкене баланың бойында азаматтық сана, ұлттық рух қалыптасуын көздейміз. Осыған байланысты патриотизмге баулу, ұлттық мемлекет стратегиясының іргелі бағдарлары кеңінен қарастыры-луда. Олардың еліне, жеріне деген сезімі қаланады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты да сол – өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш сезімінің қалыптасуы.

Осы бағытта өзім жан жақты жұмыс жасап, шараны ата-аналармен ғана емес, қоғам қайраткерлері, түрлі мамандық иелерімен біріге өткізуге тырысамын. Қазақстандық азаматтарды тұтастырып тұрған үлкен мұраттар мен идеялар бар: ол – мемлекетіміздің гүлденуі, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі. Олай болса, соны жас ұрпаққа жеткізу қажет, солардың бойына сіңіру керек.

Әр ауыл мектебі – мемлекеттің шағын бөлшегі, әрбір бала – қоғамның белсенді мүшесі. Демек, бұл бізге мектептегі әр оқушыға елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын келешек отансүйгіш азамат деп қараумен қатар, өзінің және айналасындағы өзгелердің өмірін, білім мен тәрбие алуын, құқығын, міндетін зерделеп, реттей алатын толыққанды белсенді азамат деп қарау және олардың көзқарасымен, пікірімен санасу міндеттерін жүктейді.

Оқушылар жазғы демалыста ауыл адамдарымен бірлесе отырып, туған ауыл тарихы туралы деректер жинап, әңгіме, реферат жазып, ауыл тақырыбында сурет салу және мүшәйраға өз шығармашылығын ұсынуға тапсырма алды.

Мектеп ұстаздары және басқа тұлғалар туралы деректер жинақтауды да жоспарлап отырмыз. Осы шаралардың қай қайсы да оқушы, бүгінгі ауыл баласы – ертеңгі ел тұлғасы жүрегіне ұшқын тастағаны, рухани қуат сыйлағаны сөзсіз.

Енді осы жұмыстарды жүйелеп, арнайы жұмыс бағ-дарламасы ретінде жалғас-тыруды ойластырудамыз, бұл – бала жүрегіне елжандылық пен рух сыйлайтын игі іс. Расында, рухани жаңғыру – тәрбие бесігінің алтын діңгегі. 

 

Дана ЖАНСЕРКЕЕВА,

Көктөбе орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Демек, ұлттық-рухани тамырымыздың негізі – отбасынан бастау алады десек қате болмас. Халқымыздың тамыры терең тартқан, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтың бірі де – отбасы құндылықтары. Үлкенін үлгі тұтып, дәстүрін дәріптеген қазақ халқы «Отан – отбасынан басталады» десе, көреген Елбасы: «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп қоғам үшін маңыздылығын көрсетіп берді.

Отбасылық құндылықтардың орталығы ол – Ана. Ана рухани құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруші, от басындағы берекені бекемдеуші. Ал, әке сол ұяны сақтаушы, қорғаушы, жарына – тірек, ұрпағына – үлгі болу керек. Осы тұста ана мен әкеден де жоғары ата мен апа статусы бар екенін естен шығармайық. Ана мен әкені бағыттап, ұлттық дәстүрді үйретіп отыратын адамдардың бүгінде: енесі келінін аңдып, сыртынан жамандап бөтенсіткені, аталар көшенің әңгімесі мен көршінің көлігінен басқаны айта алмағаны – ұлттық құндылықтарды құлдыратуда. Кесірінен, қаншама жас отбасылар бір-бірін түсінбей екіге ажырауда. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2016 жылғы  ресми деректерге қарағанда, қалалық жерлердегі ажырасу деңгейі 40 пайызға жетсе, ауылдық жерлердегі ажырасу деңгейі 27 пайызды құраған. Сондай-ақ, ажырасулардың 40 пайызы алғашқы бес жылда орын алатыны да ойландырады. Ең сорақысы, соңғы бес жылда еліміздегі тіркелген некенің саны азайып, ажырасулардың саны көбейген.  Неге десеңіз, түбімізден, салтымыздан ажырап бара жатқандаймыз. Жас қыздар келін болудың мәнін түсінбесе, кей енелер дәстүрді дәріптемек түгілі, жас жұбайлардың арасына от салуда... Осы тұста ұлт құндылығы жайлы батыр Бауыржан Момышұлынан асып ештеңе айта алмаспыз: «Қай ұлттың болмасын ана тілі, ата дәстүрі, салт-санасы – сол халықтың өзіндік қадір-қасиетін, жан-дүниесін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін төс белгілері. Олар – бүкіл бір халықтың өмір жолында ғасырлар бойы мысқалдап жинаған рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ардақ мұрасы. Онсыз қара шаңырағы бар іргелі ел болып, бүтін ұлт болып қалу мүмкін емес. Ана тілі, ата дәстүр өзінен-өзі жалғаспайды немесе біреу сырттан келіп сен үшін көсегеңді көгертіп сақтап та бермейді. Халықтың өз бет-бейнесінен айырылуы не сақтап қалуы – әрбір ұрпақ өкілінің өзінен кейінгі ізбасарларына бабалар аманатын қай сапада жеткізуіне байланысты».

Өз ұлтымызға ғана тән құндылықтарымызды бүгінде біреу білсе, жүзі білмейді. Ауыз толтырып, түсінікті де ұғымды қылып айтар қариялар да шамалы. Құндылықтарымызды біліп, оны білмегенге жеткізу мақсатында батыр баба Бауыржан Момышұлының қолына су құйып, шәйін демдеп, тәлімін тыңдап тереңіне жеткен келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабының желісі-мен ұмыт қалған салттарымызды қайтадан санамызға сіңіруді жөн санадық. Әсіресе, енелер мен аналар, келіндер мен қыздар үшін, себебі бесік тербетушілер ғой, аса құнды мәліметтер легі болмақ. Солардың алғашқысы – Құрсақ шашу. Мұндай салтты сіздің отбасыңызда орындап па еді? Әлде құлағыңызға алғашқы рет жетіп тұр ма? Қалай болғанда да ендігі жерде біліп, қажет болса орындай жатарсыз.

Ата-ананың басты арманы орындалып, шаңыраққа келін түсті. Сөйтіп, келін түсіп бір тілегіне жеткен тілеуқор ана уақыт өткен сайын келіннің бойындағы, жүріс-тұрыс, әдетін-дегі кішкентай өзгерістің өзін қалт жібермей, оның себебін турасынан сұрамай, қамқорлы-ғын жасай жүріп бақылауға алады. Тек ене ғана емес, абысын-ажын, ауылдағы жанашыр аналар жақсылықтың нышаны қашан байқалар екен деп қадағалап күте бастайды. Күндердің күнінде келіннің асқа тәбеті тартпай, қалтарысқа барып лоқсып жүргенін көрген әйелдердің бірі оның енесіне келіп: «Келініңіздің құрсағы аққа жарыған екен» деп, немесе «Келініңіз ақ алғысты болыпты» деп әдемілеп, астарлап жеткізеді. Қуанышты хабарды алған жөн білетін енелер ризашылығын білдіріп, «Құлақсүйіншісін» беретін болған. Ұрпақ қамын ойлаған көргенді ене арнайы дастархан жайып, ауылдағы әйелдерді «құрсақ шашу», кейде «құрсақ той» деп аталатын дәстүрлі қонаққа шақырады. Шақырылған әйелдер құрқол келмейді, әрқай-сысы өз үйлерінен әртүрлі тағам әкеледі. Ондағы мақсат – келіннің жерік асын табуға жәрдемдесу. Құрсақ шашудың негізгі мәні де, мақсаты да осын-да жатыр. Өйткені, бойына алғаш бала біткен тәжірибесіз келіншек бұрын-соңды өзінде болмаған сезім-түйсіктерді басынан кешеді. Көңілінің неменеге соғып тұрғанын, тәбетінің қандай асқа ауатынын дөп басып айта  алмай, не екенін анық түсінбей аласұрып қиналады. Осы бір аса жауапты кезеңде ақыл-кеңес айтып, жерігін табу-ға көмектесіп мейірім таныту сауабы мол қасиетті іс саналады. Құрсақ тойда жас келін әлгі әйелдер әкелген тағамның бірін сүйсініп жесе, оны әзірлеп әкелген әйел қуанып, мәртебесі асып-ақ қалады екен. Содан келіннің жерігі қанғанша сол дәмді ас иесі жасап беріп қамқор болады.

Барлық игіліктердің бәрі отбасы болып құрылғаннан кейін жалғасады, жүзеге асады. «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» деген де содан болар. Қазақтың салты мен дәстүрі, ғұрпы мен әдеті – отбасылық құндылықтардың ажырамас бөлігі. Сондықтан, Зейнеп апамыздың кітабының желісі бойынша бұл бастаманы әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Күретамырымыздан ажырамай, келешегіміздің қамы үшін атқарылатын, жазылатын дүниелерге Сіздің де атсалысуыңызға болады, құрметті оқырман!

Алмагүл НҰҒМАН. 

      Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жанында ұлтаралық татулықты және келісімді нығайту мақсатында қызмет ететін Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасауда. Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің құрамында 22 адам бар. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық саяси тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бар.Сондай-ақ, аудандық қоғамдық келісім кеңесімен қатар Есік қаласы мен ауылдық округтердің деңгейіндегі жергілікті 26, елді-мекендерде 15 және ірі кәсіпорындарда 4 қоғамдық келісім кеңестерінің ақпараттық топтары құрылып, мүшелікке жалпы 200-ден астам адам қамтылған.

Құрылған қоғамдық келі-сім кеңесінің мүшелері 5 институционалдық реформа-ның төртінші бағыты «Біртектілік пен бірлік» аясында басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің 7 бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрт отырысы өткізіліп, қаралған мәселелердің көбісі өз шешімін тапты. Қоғамдық келісім кеңесінің екінші бағыты – қайырымдылық шарасы бойынша демеушілер есебінен 6 млн.теңгеден астам қаражатқа 524 адамға қамқорлық акциялары өтті. Соңғы кездерде медиация арқылы әртүрлі деңгейдегі күрделі дау-дамайлар сот алдындағы келісім шарттар арқылы дұрыс шешімін тауып келеді. Жалпы медиация саласы бойынша 30-ға жуық іс қаралып, тараптарды татуластыру, келісімге келтіру арқылы жұмыстар жүзеге асырылды. Барлығы ауданымызда 54 ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етуде. Ұлттардың ішіндегі басым көпшілігін құрайтын 10 этно-мәдени бірлестік бар және олар достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған істерді жоғары деңгейде атқарып келеді. Аудандық, облыстық және республика деңгейінде өткізілетін барлық іс-шараларда ауданымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері толығымен қатысып, ұлтаралық татулық пен достығының нығаюына өз үлестерін қосуда.Сондай-ақ, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімі аппараттарында, қоғамдық келісім кеңесінің, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенді мүшелері бас қосып, өзекті мәселелерді шешуге, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосуда. Одан бөлек, аудандық және әрбір ауылдық округте ардагерлер, аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары тағайындалған. Олардың құрамына әрбір           ауылдан мүшелері сайланып, мәдени-көпшілік және қоғамдық маңызды іс-шараларға кеңінен қатыстырылуда. Өңіріміздің ұлтаралық татулықты насихаттауда өзіндік үлестерін қосып келеді.Мәселен, округ аумағындағы түрлі ұлт, этнос өкілдері арасында қоғамдық келісім, бірлік, татулық сияқты идеяларды насихаттай отырып, тұрмыстық кикілжіңдер мен түсініспеушіліктерді шешуде үлкен маңызды рөл атқарып, тұрғындар арасында жиындар өткізілуде. Бұл тұрғыдан аталған қоғамдық ұйымдармен аудандық ішкі саясат бөлімінің арасында тығыз байланыс орнатылған. Мемлекеттік орган-дарының қоғамдық-саяси аху-алдың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін әлеуметтік шиеленістерді шешудің алдын алу және болдырмау бойынша «Қоғамдық бірлік» атты аудандық мобильді жұмыс тобы құрылған. Құрамына жергілікті және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген. Осы топ арқылы орын алған келеңсіз жағдайлар бойынша жеделдетіліп орынға шығып, топ мүшелері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасай отырып, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту мақсатындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы лот бойынша әртүрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Осы жылдың басында «Еңбекшіқазақ ауданында қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мен этносаралық қарым-қатынасты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар өткізу» арнайы лот ойнатылып,жеңімпаз болған «Елім-ай» қоғамдық қоры 9 түрлі бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде, 2000-ға жуық адам тікелей куә болды.

Жалпы, бүгінгі таңда қоғам-дық келісім кеңестерімен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-эконо-микалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын  ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 47 кездесу, 43 дөңгелек үстел, 20 семинар, 12 фестиваль, 8 форум өткізіліп, 30000-ға жуық адам қамтылды. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің жұмысшы органы ішкі саясат бөлімінің тарапынан аудан тұрғындарының арасындағы қоғамдық саяси ахуал деңгейін анықтау мақсатында әр тоқсан сайын кешенді сауалнамалар алынып, анализдік талдау жүргізіліп отырады және күнделікті бақылауға алынып, мониторинг жасалады. Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын көрнекі үгіт құралдары үнемі жаңартылып тұрады.Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде 2018 жыл бойынша «Мы – единый народ», «Татулық – таудай қазына», «Достықты ту еткен фестиваль» сияқты тағы басқа да тақырыптарда жалпы 40-тан астам мақалалар жарық көрді. Аталған жұмыстардың нәтижесі ретінде қазан айында Талдықорған қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің V облыстық форумында үздік жұмыс көрсеткені үшін Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық келісім кеңесі бас жүлдені иеленді. Көпұлтты еліміздің басты міндеті – ел тәуелсіздігін баянды етіп, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру. Сондықтан да этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды біріктіру, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ұлт бірлігіне жетудің маңыздылығын насихаттауда аудан әкімдігі тарапынан барынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

М.ИСЛАМОВ, Еңбекшіқазақ аудандық

ішкі саясат бөлімінің

басшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары.

Жұма, 27 Сәуір 2018 10:27

новые возможности

Лидер нации, председатель партии «Нұр Отан» Н.А.Назарбаев презентовал обществу «Пять инициатив Президента».

Хотелось бы отметить, что наш Президент, как дальновидный политик и стратег, в полной мере делает все возможное для народа Казахстана, для повышения благосостояния всех казахстанцев. Благодаря его программе «Пять инициатив Президента» появится возможность получить ипотечный кредит со ставкой вознаграждения не более 7% годовых, доступное и качественное высшее образование, улучшить условия проживания студенческой молодежи .

Долгосрочные стратегии, озвученные в Посланиях и программах Главы государства Н.А.Назарбаева, позволят нам, гражданам быстро развивающейся и процветающей страны, с активной поддержкой начинаний нашего Президента, сделать новый, еще более масштабный шаг по пути социальной модернизации.

 

К.БАЙГОДЖАЕВ,

первый заместитель председателя Енбекшиказахского районного филиала партии «Нұр Отан».

 

Соңғы жаңалықтар

Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет