«Тірлік басқа болса да тілек бір, саусақ бөлек болса да білек бір». Бәйдібек би бабамыздың осынау ұлағатты ойы ғасырлар сүрлеуінен сүрінбей, жылдар желісімен қайта жаңғырғанына көзіміз куә һәм өзіміз куә. Одан әріге көз салсақ «Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деген Күлтегін. Беріге мойын бұрсақ «Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті» деген Әлихан Бөкейхановтың арманы бүгін орындалды емес пе? «Татулық арқылы – тұтастыққа қол жеткіздік» деген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолына алды. Өрлеу мен өркендеудің сыры – бірлікте екеніне әлемнің назарын аудартты. Қазақстан халқы ассамблеясының 24-ші сессиясында Елбасымыз «Мәңгілік ел» патриоттық актісін қабылдағанда да: «Мәңгілік ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» деп астын сызып атады. Демек, асқақ арман жолындағы әр қадамымызда тұрақтылық тұтқасына сүйенбесек, сүрінетініміз тағы бар. Себебі, қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік.
Забег на Президентскую милю (2400 м) среди учителей школ района 23 апреля состоялся на центральном стадионе г.Есика. Эти соревнования проводятся с 2000 года и в этом году были посвящены 25-летию Независимости Республики Казахстан и Дню Великой победы. Их спонсировал районный филиал ОО «Алматинская областная организация казахстанского отраслевого профсоюза работников образования и науки». За всю историю забег-2016 был самым массовым - в нем приняли участие 207 преподавателей. Легкоатлетов приветствовал и пожелал первенства на финише директор ДЮСШ района А.Сыргабаев.
Аудан орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мәдени-көпшілік шаралар жиі ұйымдастырылуда. Осы игіліктің жалғасы ретінде жуырда Есік қаласында мерекелік велошеру өтті. Шараға тұрғындар, қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері, оқытушылар және мекеме қызметкерлері қатысты.
«Саяжайда адам өлтіріп кетіпті» – деген алып-қашпа әңгіме аудан тұрғындарын, әсіресе, қалалықтардың зәресін алды. Бұл – істің байыбына бармай, бәз-біреулердің ойдан шығарған өсегі. Негізінде, саяжайда ешкімді өлтірмеген, керісінше осындай тосын оқиғалардың алдын алу мақсатында Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімі терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізді өткен аптада.
1986 жыл. 26 сәуір. Азамат тарихында өз масштабы бойынша ұмытылмас із қалдырған техногендік әрі гуманитарлық қасіретті апат – Чернобыль атом электр станциясының /АЭС/ жарылысы болған күн. Айдаһардай аузынан ажал отын шашқан алапат апатты ауыздықтауға атсалысқандарды алып демей не дейміз? Ертегідегі кейіпкерлер іспеттес олар осыдан 30 жыл бұрын өмірде көзге көрінбей жалмайтын ажалмен айқасты. Сондықтан да бұл күн Чернобыльдік халықаралық еске алу күні болып тарихқа енді.
«Дені саудың – жаны сау» – деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Спортты жанына серік еткендер ауру-сырқаудың не екенін білмейді әрі саламатты өмір салтын насихаттайды. Шыны керек, бүгінгі жастарымыз зиянды әдеттерден аулақтап, спортпен шұғылдануда. Түрлі жарыстар ұйымдастырып, бүлдіршіндерге үлгі болуда. Жақында осындай мақсатта Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде баскетболдан Алматы облысының чемпионаты өтті. Екі күнге созылған жарысқа облыс аумағындағы 10 ауданнан 10 команда қатысты.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығын атап өттік өткен жылы. Ат төбеліндей қалған сол соғысқа қару алып қатысқан ардагердің әрқайсының атын атап, жеңіске қосқан үлесін айғақтап, үлкен саяси-патриоттық науқанды жүргізуге белсене араластық. Үздіксіз соққан желдің екпінімен тоқтаусыз сырғып бір шағылдан екіншісіне көшіп жатқан құмдай уақыт дегенің өте шықты сол 70 жылдың Жеңіс тойынан соң. Енді міне, биыл Берлиннің Рейхстагына ту тіккен Ұлы Жеңістің 71-жылына да санау-лы ғана күндер қалды. Осы аз уақытта мүмкіндігінше ардагерлерге түгел аралап шықпасақ та телефон шалып, аман-есендігін тілейік деген ниетімізді сезгендей баласын автокөлік рөліне отырғызып, Алға ауылынан ардагер атамыз, батагөй ақсақалымыз, талай жеңіс шерулеріне қатысқан Солтанбай Жарықбасов өзі жетті Есік қаласына. Этажға өрмелетпей төменге түсіп сәлем бердік ардагерге. Жеңіс күні қарсаңында келіп сұхбат алып кетейін аға, – десем екі күннен кейін өмір жолын, әскери қызметін хатқа түсіріп өзі әкеп тұр Ұлы Отан соғысының ардагері. Ыңғайсызданып, неге қозғалдыңыз, Алғаға өзіміз-ақ баратын едік деп қипақтасам «аяғым жүріп тұрғанда қайтып үйде отыра аламын» деп қолыма төменгі мазмұндағы мақаланы ұстатып Алғасына аттанды ардагер Солтанбай ата. Назарларыңызға сол кісінің өзі туралы әңгімесін ұсынамыз.
Мен 5 жасымнан анамнан жетім қалып жалғыз өстім. Басымнан аштықты, жалаңаштықты өткіздім. Осы өткен қиыншылықтарды біздің ұрпақтарымыз көрмесін. Ол үшін әр азамат ар-намысын, Отанға деген сүйіспеншілігін жоғары бағалай білуге, ұл-қыздарымыз текті, инабатты, кішіпейіл, білімді еңбекпен жалғастырып өз дәстүрлеріне, дініне берік болуға ұмтылғаны абзал.
Жақында аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ бірқатар азаматтарды қабылдап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мыр-захметовтың Алғыс хаттарын табыстады.
«Марш парков-2016» стартовал акцией «Посади свое дерево». Она состоялась 16 апреля в есикском микрорайоне «Байтерек», чьи новостройки расположились вдоль аллеи «Алтын Адам» на фоне живописных предгорий Рахатского округа. В солнечный, погожий денек тысячи горожан – жителей «Байтерека», работников городских предприятий и организаций, студентов колледжей, с удовольствием вышли «в поле», чтобы заложить на окраине Есика лесопарк из молодых деревьев. сек-ретарь районного маслихата Бекет Ахметов, аким города Бауыржан Бименов, начальник отдела внутренней политики Момунжан Исламов (на фото) сделали почин, высадив первые саженцы на будущих тенистых аллеях.
А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік лицейінің тәрбие жос-парына сәйкес, қоғам қайраткерлерімен, өнер, спорт тарландарымен кездесу ұйымдастырып, балалардың бойында жан-жақты жақсы қасиеттерді дамыту жолға қойылған. Құптарлық іс. Жақында ғана соның тікелей куәсі болдық. Қазақстан Республикасының халық әртісі, бүкіл қазақ еліне танымал актер, фильмографиясында 33-тен астам рөлі бар Жаманқұлов (Әль-Тарази) Тұңғышбай Қадырұлымен келелі кездесу өтті.