Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:20

Біз экстремизмге қарсымыз!

Қазақстандағы діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу мақсатында, Шелек политехникалық колледжінің кітапханасында «Біз экстремизмге қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Мөлдір Смадилова, Шелек ауылындағы №5 орталық мешіттің имамы Айтбекқали қажы Мұқанжанов, әскери шенді, ардагер ұстаз Әсет Алжанбай қатысты.

Сөз кезегін алған колледж директоры Қуат Дүйсебаев бүкіл әлемнің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдағы өзекті мәселе екені туралы өз пікірін білдірді. Ия, діни экстремизмнің көксегені – елді азғындату, тұрақтылыққа іріткі салу. Біз діни
құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын қалыптастыру мүмкін емес. Жиында Қуат Дүйсебаев Қазақстанда тыйым салынған «Әл-Каеда», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Курд халықтық конгресі», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Әсбат – әлАнсар», «Мұсылман бауырлары», «Талибан» қозғалысы, «Боз Құрт», «Орталық Азия моджа
хедтер жамағаты», «Лашқари-Тәйба» «Әлеуметтік реформалар қоғамы» кейін Астана қаласы сотының шешімен тыйым салынған «Хизб-утТахрир-әл-ислами» сияқты 12 ірі террористік ұйым бар екенін баяндады. Өткізілген шара бойынша қылмыстың алдын алу мақсатында колледж білімгерлеріне нақты мысалдармен ҚР ҚК-нің 168 бабы, 233-1 бабы, 233-2 баптары бойынша жазаланғандар саны 182ге жеткені туралы түсіндірілді. Террористік іс-әрекетке байланысты террорлық актілерге итермелейтін дәстүрлі діннен жат ағымдар туралы мағлұмат алған білімгерлер өз ойларын ортаға салды. Қорытындысында, студенттер көкейінде жүрген сұрақтарының жауабын алды. Өз сөздерінде Ә.Алжанбай, А.Мұқанжанов, М.Смадилова, осы дөңгелек үстелді ұйымдастырған колледж директоры К.Дүйсебаевқа, колледж ұстаздары мен студенттеріне алғыс айтты.

Назгүл ИСАБЕКОВА, Шелек ауылдық округі жастар аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскернұсқаушысы

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:12

Тілегіміз – тыныштық

Бейбітсүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған хандар мен батырлар, билердің ел амандығы мен тыныштығын сақтауға зор үлес қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан өзін мойындатып келеді. Аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», – деп, халықты бірлікке шақырған. Татаулық, ынтымақтастық мәселесі Елбасының барлық Жолдауларында айтылған. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге мәлім мемлекет. Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында жиналып, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Діні, ділі мен тілі, түсінігі бөлек халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Ел ішіндегі татулықты күшейту мақсатында талай ауқымды шаралар мен беделді бастамалар қолға алынып келеді. Қазақ елінің

тектілігі мен Елбасымыздың сұңғыла саясаткерлігі мен сындарлы қадамдарының арқасында күллі халық татулықты тайдырмай, көк аспан астында бейбіт күн кешуде. Бүгінде тәуелсіз елімізде этносаралық достық пен бірліктің негізі берік қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамытып, Отанымыздың баянды болашағы үшін адал қызмет ету. Сағыныш

САБЫР, Абылай хан атындағы орта мектеп оқушысы. 

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:10

Білім кілті - дарынды балаларда

«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында  айтылғандай,  білімді ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз екенін әрдайым назарда ұстаған жөн. 

Осы орайда Талдыбұлақ орта мектебінде көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі «Білімнің алтын кілті – дарынды балалардың қолында» атты дарынды балалар апталығы. Апталықтың әр күні өз ерекшелігімен оқушыларды қызықтырды. Ашылу салтанатында өнерлі оқушылар би билеп, өлеңдер оқыды. Бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған «Ертегілер елінде» балалар ертегі әлеміне саяхаттағандай әсер алды. 5-11 сыныптардағы дарынды балалар арасында «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, оқушылар
әр кезең бойынша өз өнерлерін көрсете білді. Аталмыш ойында 6 сынып оқушысы А.Ақат жеңімпаз атанды. Бастауыш сыныптар арасында «Мен ерекше баламын» атты ойын өтті. Балалар түрлі макеттер жасап, үш тілде жатқа өлеңдер оқыды. Түрлі номинация иегерлері анықталып, марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Мектеп директоры М.Мажиков оқушыларға толағай табыстар тіледі.

 

Ж.ИМАНБАЕВА, Талдыбұлақ орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:08

Бүлдіршіндер озық шықты

Жақында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар консерваториясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық қолөнер және көркемсөз сайысы ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға қатысқан Бәйдібек би ауылдық округіндегі «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жүлделі оралды. Қолөнерден алдына жан салмаған Мирас Жолдыбай бас жүлдені иеленді. І орын Бекарыс Мұратбек пен Дінмұхамет Раймқұловқа бұйырды. Көркемсөз сайысында Дана Жақажан, Илияс Мұхаметжан, Әлихан Әскербек, Әминат Жақыпбек ІІ орынды қанжығалап қайтты. Жеңімпаздар мадақтамалармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Маржан НЫШАНБАЕВА, «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 16:02

Жарқын болашақ жалынды ұрпақ

Жақында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті. Өребәйгеде Баяндай орталау мектебінің оқушысы Феруза Курбанова әсем дауысымен ән айтып, бірінші орынға ие болды.

 

Оқушыны осы жарысқа дайындаған жас маман қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ранагуль Азнабакиева. Талантты қызымыз мұнымен шектеліп қана қоймай, «Бейбітшілік әлемі» халықаралық зияткерлік турниріне қатысып, Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 25 жылдығына орай, ұйғыр тілінен эссе жазып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған. Бір оқу жылында екі ірі жетістікке қол жеткізіп отырған дарынды Ферузадан ата-анасы мен ұстаздарының келешекте күтері көп.

Рушангул ЮСУПОВА.

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 15:58

Рухани тәрбиенің қайнар көзі

Рухани тәрбиенің қайнар көзі Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілікке толы асыл қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыру аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондықтан, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.

«Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады», – демекші, жақында Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте «Абайдың нақыл сөздері – рухани-адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Ұлы Абайдың даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап, насихаттау және сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада оқушылар дара данышпанның өміріне шолу жасап, шығармаларын талқылап, өлеңдерін оқыды. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдап, қандай бес асыл істі жанына серік етіп, қандай жаман қылықтардан арылу керегін анықтады. Абайдың «Қара сөздеріндегі» адамгершілік идеялармен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Арнайы кабинетте өте қызықты өткен сабақ балалардың білім алуға деген ынтасын арттыра түсті. Шара соңында оқушылар ақынның әндерін орындап, «Әлем таныған Абай» атты кітап көрмесін тамашалады. С.САДЫҚОВА, кітапханашы.

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 15:55

Үздіктер бас қосты

Жақында «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінің келісімімен, Алматы облысы бойынша өкілдігінің директоры Фарида Абыханованың ұйымдастыруымен Р.Тоқатаев атындағы орта мектебінде өнер фестивалі, ғылыми конференция және зияткерлік турнир өтті. Шараға «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің президенті, академик Әбен Нұрманов, Вице-президент профессор Турсун Разиев, ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аят Мәлібекұлы, Алматы облысы бойынша өкілі Әсет Алжанбай қатысты. Жиын барысында талантты оқушылар әртүрлі сала бойынша ғылыми жұмыстарын қорғады. Сондай-ақ, турнирде мәдениет, өнер, білім саласындағы танымал қайраткерлер мен профессорлар, тәжірибелі  ұстаздар төрелік жасап, үміткерлердің жас деңгейіне сай жеңімпаздарды анықтады. Әбен Нұрманов жеті ұстазды «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медалімен, төрт ұстазды «Білім беру сала-сының озаты» медалімен марапаттап, запастағы капитан Ә.Алжанбаймен бірге аудан мектептерінен қатысқан 105-тен  аса оқушыға арнайы І, ІІ, ІІІ-дәрежелі дипломмен бірге төсбелгі табыстады. Жеңімпаз-дардың жетекшілері Алғыс хаттарға ие болды. Ерекше дарындылар да сайыстан бос қайтпай, «Бейбітшілік әлемінің» арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Бас жүлде мен І орын жеңімпаздары Дубай қаласында өткізілетін конференцияға жолдамалар алды.                                                                Қайрат ӘУКЕН, аудандық білім бөлімінің әдіскері. 

Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының (ӘТВЕО) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды. Цифрлық дәуірге аяқ басқан еліміздің ең дамыған елдер қатарына қосылудың алғышарттары − осы технологияны батыл игеру екені аталды. Сонымен қатар, аудандық ӘТВЕО ұжымының алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов және аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Ұзақов сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою тақырыбында баяндама жасады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Байғоджаев «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай мүшелікке қабылданған азаматтарға партиялық билеттер тапсырды. Өз тілшіміз.

Сәрсенбі, 07 Наурыз 2018 14:46

«Жыр алыбы – Жамбыл»

Абылай хан атындағы орта мектепте Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай кітапханашылар Ажаркүл Қартбаева, Гүлнәз Қайырбаеваның ұйымдастыруымен 7 «б» сынып оқушыларымен бірге «Жыр алыбы – Жамбыл» атты библиографиялық шолу және көрме өтті.

Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың шығармалары оқушыларға насихатталып, оның өмірінен мәліметтер берілді. Мектеп оқушылары Дария Жазылбек «Абайдың суреті», Абай Қалабаев «Шәбенге», Меруерт Қамаш «Балама хат», Айдана Баймолдина «Отан әмірі» атты өлеңдерді оқыды. Сынып жетекшісі Серікбол Мұқажанов оқушыларға тапсырма беріп, іс-шараның өте қызықты өтуіне атсалысты. Оқушылар белсене қатысып, Жамбыл Жабаев туралы көптеген мәліметтерді алды.

Ақжан ЖАНПОЗОВА,

Абылай хан атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы.

 

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай Райымбек атындағы орта мектебінің кітапханасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өтті.

 

Жыр дүлдүлі Жамбыл ақынның өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялатып, жырларын мәңгі есте сақтап,  асқақтату мақсатында өткізілген бұл шарада 3-4 қазақ, орыс сыныптары қатысты. Мектеп оқушылары Жамбыл атамыздың «Ленинградттық өренім», «Алатау», «Отанды сүй», «Прощальная песня», «Дорога в степи» сынды халық жүрегінен орын алған өлең жолдарын нақышына келтіріп оқыды. Байқауда қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Шаназарова жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.                         Л.ЕДІЛБАЕВА, Райымбек атындағы орта мектептің кітапханашысы.

Сейсенбі, 06 Наурыз 2018 14:43

Спасибо учителю и детям

Праздники приносят радость взрослым и детям, способствуют полному и гармоничному  развитию ребят.

В СШ имени Б.Майлина прошли классные часы, посвященные 8 Марта. Классный руководитель Наталья Васильевна Борецкая  и учащиеся 1 «б» класса поздравили  мам, сестер, бабушек и одноклассниц  с Международным женским днем, дарили цветы и открытки. На подготовленном классом концерте  ребята исполняли  стихи, песни и танцы. Мы благодарны Н.Борецкой за подготовку такого праздника,  направленного  на эстетическое и нравственное воспитание детей.

 

Родительский комитет  1 «б» класса. 

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Мам 06, 2025

Бруцеллездің алдын алу бойынша…

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллез…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Бывшие студенты военных учебных…

Бывшие студенты военных учебных заведений могут подать заявку на восстановление в учебном…
Мам 06, 2025

Әскери орындарының бұрынғы…

Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына түсу үшін үйден шықпай-ақ оқуға…
Мам 06, 2025

Китай, Россия и Италия — лидеры во…

В 2024 году Казахстан продемонстрировал стабильный рост внешнеэкономической активности,…
Мам 06, 2025

Қытай, Ресей және Италия –…

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі…
Мам 06, 2025

Правовое просвещение студентов

В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» состоялась встреча прокурора города…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет