Салтанатты ашылуында мектеп директоры М.Мажиков тағылымды ой айтып, мерекемен құттықтады. Концерт барысында «Керімай» тобы қазақ, өзбек және үнді халқының биін билеп, көрермендерді таңқалдырды. Көпшілікке «Қазақ еліне рахмет!» атты видеоролик көрсетілді. 5-сынып оқушылары өздері жасаған «Алғысым шексіз» поштасына келіп түскен хаттарды оқып берді. Тоғжан Шоманова ауыл тұрғындары арасында видеорепортаж жасап, халықтың ой-пікірі мен тілектері тыңдалды. «Жасасын, жүрегі бауырмал Қазақ елі!» – деп ұран-даған мектеп оқушылары өлең шумақтарын оқып, әндер айтты.
А.САБАНШИЕВА,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөз сөйлеген Елбасы, Ассамблея төрағасы Н.Ә.Назарбаев: «...Барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» – деп, мерекелік датаны ұсынған еді. Содан бері үшінші жыл қатарынан аталып отырған мерекенің мәні арта түсті. Сталиндік режимнің құрбаны болған ұлттар қазақ халқына алғысын жеткізіп, бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Тағылымы мол мейрам ауданымызда да аталып өтті.
Қайназар ауылындағы мәдениет үйіндегі шараға этно-мәдени орталық өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Жиылған көпшілікті алғашқы болып мерекемен құттықтаған аудандық мәдениет үйінің директоры Бақытжан Рақымжан мерекенің маңызына тоқталып өтті. Кейіннен, ауданның құрметті азаматтары Нұрбуби Маруповна, Зульфия Раджабова, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұстазы Ольга Масленикова қиын-қыстау сәтте көмек қолын созған қазақ халқына ризашылығын білдіріп, бүгінгі тату-тәтті тіршілікке шүкіршілік етті. Шара соңында ауыл өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Сардарбек НҰРАДИН.
Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған Абдықадырова Жұлдыз Сейтжанқызының көктемі мен жазы, қырау-лы күзі жас ұрпақты тәр-биелеумен өтуде. «Ұстазым менің ұстазым, өзіңмен өткен қыс, жазым» деген ыстық махаббат осындай ұлағатты ұстаздар үшін айтылса керек.
Шелек селосындағы В.И.Ленин атындағы орта мекте-бін үздік бітіріп сол жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетін математика және информатика мамандығы бойынша тәмәмдап шыққан Жұлдыз Абдықадырова еңбек жолын 1998 жылы Шелек селосындағы №7 кәсіптік мектебінде мұғалім болып бастады. 2007 жылы информатика мұғалімдері арасында өткізілген «Алтын диск» облыстық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленді. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, тәрбие-леген тәлімгерлері де биіктен көрінуде. 2014-2015 оқу жылын-да колледж студенті Саера Садирова Жұлдыз Сейтжан-қызының жетекшілігімен аймақ-тық, облыстық «Кіші Ғылыми Академия» конференциясына қатысып І және ІІ орындарды жеңіп алды,одан әрі республика-лық конференциясына қатысып ІІІ орынды еншіледі.
2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шелек политехникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Сонымен қатар математика және информатика пәнінің жоғары санат мұғалімі. 2014-2016 жылдары Алматы облысы Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен,Алматы облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Өнегелі де ардақты жан Жұлдыз Абдықадырова – үлгілі отбасының қамқоршысы. Отағасы Алмаспен тату-тәтті өмір сүріп, үш перзентіне тәрбие мен білімді ұштастырып беріп отырған бақытты ата-ана.
2017 жылдың 6 қарашасынан Еңбекшіқазақ аудандық мәс-лихатының депутаты болып сайланған Жұлдыз Сейтжан-қызы сырбаз қалпынан, қара-пайымдылығынан айнымайтын, адамгершілігі мол, жүрген ортасына сыйлы, мейірімді де қайырымды жан.Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, колледжін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді.
Жұлдыз Сейтжанқызы осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімтал-дықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені, оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, жұрт-шылыққа да өнеге.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұға-лім шабыттандырады» – деген. Жұлдыз Абдықадырова мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұр-сұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» – деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үдерісі-не сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтік шебер-лік – дарын ғана емес, үйре-ну, ізденудің нәтижесі. Оқы-тушы шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты» – дейді Жұлдыз Сейтжанқызы.
Гузель ТУРГАНОВА,
Шелек политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Балалар – біздің болашағымыз. Оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәрбие беруде отбасының, оқу орындарының алар орны зор. Солардың ең алғашқысы – балабақша. Ағашты қалай тіксең, солай өседі. Демек, ой-өрісі, сана-сезімі өзінің ғана жасына сәйкес келетін балаларға кімдер, қалай білім-тәрбие беруде. Бүгінде білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде сіңірген еңбегі үшін республикалық «Жас дарын» орталығының ұйымдастырған «Самға самұрық» IV республикалық балалар байқауының алғыс хатымен және бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған Саукатова Лаура Маратқызы жайлы әңгіме болмақ.
бала күнінен сурет өнеріне құштар болып өскен Лаура 1996 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеттің сурет факультетін тәмамдаған. Өзін қоршаған балауса балалықтың сұлу сырын бояумен жеткізуге тырысатын. Мектептегі байқаулар, кештер сызба өнерінсіз өтпейтін.
Өзінің еңбек жолын Масақ орта мектебінде бастаған ол, бүгінде Шелек ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасындағы «Балауса» тобында 20 бүлдір-шінді тәрбиелеуде. Айнала-сындағы қоршаған ортаны көзімен көру, яғни сурет арқылы тез қабылдайтын 3-4 жастағы балалармен жұмыс жасау Лаураға қызық та қиын.Кішкентай бүлдіршіндердің әрбір қимылын қадағалап, 15-20 минут көлемінде ұйымдастыру оқу қызметінің жоспары бойынша «Таным», «Коммуникация», «Денсаулық», «Әлеуметтік», «Шығармашылық» тақырыпта 5 сала бойынша білімді баланың санасына сіңіру аса шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді.
– «Бала тіл – бал». Бала-бақшада ең алдымен басты назарда баланың сөйлеу тіліне ереше көңіл бөлінеді. Ата-анасы қандай байланыста болса, тәрбиеші де сол психологиямен жұмыс жасауы қажет. Ақниеттің сүйікті ойыншығы, Амирдің кітабы, Камилямнің дәмді тамағы бәрін, бәрін әрі анық, әрі дәл білгенде ғана оның мінез-құлқын түсінесің, жұмыс жасай аласың. Сонда ғана еңбегің нәтижелі болады – дейді Лаура бізбен әңгімесінде.
Айжан СЫЗДЫҚОВА.
Бұл күнде басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан некен-саяқ шығар. Ауылда да, қалада да емханаларға бара қалсаң қалың көпір халықты көресің. Электронды кезек жасалған жерде у да, шу да жоқ. Кейбір емханаларда жұмыстан кешіккен дәрігерді күтіп, жабық есікке қараған ашулы жүздерді, мұңайған көздерді көресің. Кейде дәрігердің шәлкес мінезіне шыдамай ашуға жол беріп, булығып жатқандар жағы кездеседі. Сабырға шақырып, өмір ғой дейміз де қоямыз. Неге?
Айтайын дегенім, ауданға Елбасымыз келіп Есікте, заман талабына сай салынған жаңа емхана мен аурухананы көріп жұмысына, жабдықталуына риза болып кеткені әлі есімізде. Оған білікті дәрігер Гүлнәр Құраметова бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалған еді. Міне, содан бері біраз жыл өтті. Ауырып, кейде жолдамамен осында келе қалсаң (тек мен ғана емес, емделуші басқа адамдардың пікірі осындай) әр дәрігер, медбике өз орнынан табылады. Әр науқасты ашық қабақпен қабылдап, қойылған диагнозына байланысты сауығу, ем қабылдау жолдарын бәйек болып түсіндіріп жатқаны. Әрине, аурудан айығып кету үшін қабылдаған дәрімен қоса, емделушінің жүректен шыққан жылы сөзі, саған деген шынайы пейілі, мейірімі қосымша ем болары сөзсіз. Гүлнәр Құраметованың өзіне де қашан барсаң, келушілерге кабинетінің есігі ашық. Сөзіңді тыңдап, мазалап келген шаруаңды шешуге қолынан келген көмегін көрсетіп, адамгершілік танытып жүргені. Әр ақ халатты жан бойына ұялай бастаған менмендік пен пендешіліктен арылып, осылай әркез қарапайым қалпын сақтап, кішіпейіл болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытса нұр үстіне нұр болар еді ғой. Ауруыңды да бір сәт ұмытқандай боласың.
Міне, қаһарлы қыстың ызғары да кетті. Жаймашуақ көктеммен аруларымыздың мерекесі есік қақты.
Көпшіліктің құрметіне бө-леніп, ұйымдастырушылық қабілетімен танылған халық қалаулысы, тәжірибелі дәрігер, ардақты ана Гүлнәр Құраметова және ұжымындағы барлық қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтаймын. Жұмыстарына табыс, отбасыларына бақыт тілеймін.
Әбілбек Айтақынов, зейнеткер, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарының құрметті азаматы.
Ғасыр
жасаған кейуана
«Өсетін елдің қарты қазына болар» деген екен кешегіміз. Расында, кеудесі өсиетке, тұлғасы қасиетке толы ақ жаулықты әжелеріміз бен асқаралы аталарымыз баршылық. Ел басына күн туғанда әкелеріміз ат үстінен түспеген, аналарымыз тылда тірлік істеген. Бәр-бәрі ұлт болашағы, ұрпақ қамы. Осындай аналарымыздың бірі – Рахымбүбі Жақаева. Ғасыр куәгері атанып отырған абыз анамыз бүгінде 100 жаста.
Зұлмат жылдары ол небәрі 23 жаста-тын. Әкесі соғысқа аттанып, әулетінің тұңғышы анасымен бірге тылда тер төкті. Білекті сыбанып, бейнетке белшесінен батты. Соғыс тұсындағы ауырт-палықтың уын да татты:
– Бала кезіміз бейнетпен өтті ғой. Анам ауырып қалғаннан кейін мені тылға еңбек етуге алып кетті. Таңның атысынан, күннің батысына дейін қолдан кетпен түспеді. Шөп шаптық. Күніне 90 жұмыртқа, 150 литр сүт, 40 кг етті майдан-ға жіберіп отырдық. Өзімізге қалатын бір уыс бидаймен күн көрдік, – деп өткенін ой елегінен бір өткізіп тастады Рахымбүбі әжеміз.
Иә, сол Ұлы Отан соғысы қасіретінің жалыны шарпымаған, ошағы ортасына түспеген отбасылар некен-саяқ. Аңыраған ананың жанарына мұң тұнды, шыңғырған бала даусынан таулы өлкенің таңы жыртылды. Тас жастанып, тау жамылған жетім ұл мен жесір ананың қара басына қайғы орнады. Әкесі соғыста қаза болып, анасы ауыр хәлде төсек тартып жатса, соңынан ерген 3 бауырын асырап бағу сол кездегі қаршадай қыздың мойнындағы іс болды. Алмастай жігері мен қиындықта сыналған қажыр-қайраты оны осындай ауырт-палықтан алып шықты. Тұрмыс құрды. Ана атанды.
– Жолдасым Досбол Жақаев осы Таутүргеннің азаматы-тын. Бір үйдің жалғызы еді. Соғыс кезінде колхозда басшылық қызметтер атқарды. Жасымнан еңбекпен шыңдалғандықтан тұрмыс құрсам да қара жұмысқа келгенде білек сыбанып кірісіп кететінмін(күлді). Үш қыз, бір ұлды тәрбиеледік, өсірдік, өндір-дік. Бүгінде қыздарым тұрмыс-та. Ұлым қолымды ыстық суға малып отыр. Бейнеттің зейнеті болады деген рас екен. Сол алапат замандарда бұлай шалқып өмір сүру түсімізге де кірмейтін. Тойып тамақтансақ қой шіркін, деген үмітпен өмір сүретінбіз, – дейді. Ғасыр жасаған анамыздан немере-шөберелері жайын-да да сұрадық. Қанша немере, шөбересі бар екенін жатқа айтып отырғанына таң қалғанымызды жасырмайын: – Қазірде 12 немерем, 22 шөберем бар. Неме-ремнің алды 49 жасқа келді.
«Ақ шашты ана: «жастығым – балам» дейді, ақылды бала: «Ай-күнім – анам» дейді». Алақанына салып, ақ жаулығын ақ көрпесі ретінде көрген әжеміздің баласы Мұқатай да, келіні Елмира да абыз ана алдын кесіп көрген емес. «Ғасыр көріп отырғаным – осы ұл-қыздарымның арқасы. «Ана көркі алдындағы баласы, қала көркі үйі, орман-ағашы» демей ме бұрынғылар. Көркім де, қуанышым, байлығым да – үш қызым, бір ұлым, немере-шөберелерім, – дейді ғасыр куәгері.
«Ана алақанының аясы – ақ шынардың саясы». Қыз – ұлттың болашағы, ар-ұяты екенін ескерсек, намысты ұл мен, бұрымды қыздарымызға жарық сыйлайтын осындай текті аналарымыздың жалғасы көбейсін. Осы тілегін Рахымбүбі әжеміз де мереке қарсаңында жеткізді:
– Ұрпақ – көздің нұры, кө-ңілдің гүлі. Бұл исі қазақта қалыптасып қалған қағидат. Себебі, біз осы бала-шаға ұрпағымыз үшін ғұмыр кешеміз. Ал сол ұрпағымыз намысты болсын, қыздарымыз есті болсын, ұлдарымыз сесті болсын. лайым, басымыздан бақ таймасын! Егемен елдің ертеңі жарқын болсын! Әмин!
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Суретте: ұлы Мұқатай, келіні Елмирамен бірге.
Ұғынғанға дерт көп, денсаулық біреу. Ал оның айнымас серігі – спорт. Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортшыларды қолдау мақсатында Астананың 20 жылдығы қарсаңында аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде волейболдан аудан чемпионаты өтті. Ерлер арасындағы турнирге спорт жанашыры, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудандық мәслихат депутаты Сейітхан Қырқынбаев, спорт жанашыры Серік Нүсіпәлиев қатысып отырды. 9 команда бәсекеге түскен шара тартысты өтті
Сонау 1985 жылдан бері әлемдік спорт тарихында ойып орын алған қалқып ұру бәсекесі ауданымызда да жыл санап қарышты даму жолында. Оған осы
турнирде жоғары ойын үлгісін көрсеткен командаларымыз дәлел. Айталық, Қазақстан округінің құрамасы, қаракемеліктер және есіктік «Алиф» командалары. Ақтық сында қаракемерліктер мен есіктіктер жоғары ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде, аз ғана басымдықпен «Алиф» суырылып алға шықты. Ал қаракемерліктер екінші орын алса, Қазақстан құрамасы Малыбайды 3:0 есебімен жеңіп, үздік үштіктің қатарын толтырды. Жеңімпаздарды Бекет Төлегенұлы құттықтап, еңбек ардагері Аманбек Саматовпен бірге жүлделерін тапсырды.
Суретте: Б.Ахметов жүлдегер командалармен бірге.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың күнделікті шарықтап дамып жатқандығына барлығымыз куәміз. Соның арқасында әлемнің түпкіртүпкірінде болып жатқан жаңалықтар мен ақпараттарды да жылдам алып отырғандығымыз рас. Алайда, оның жағымсыз жақтары да кездесіп жатады. Оның дәлелі, жат пиғылды діни ағымдар өз тараптарынан ақпараттық тұрғыда белсенділік танытып, дін саласында білімсіз халықты дүрбелеңге салуда. Осының салдарынан қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, білімсіздіктің салдарынан қоғамда ыдыраушылық пайда болуы мүмкін еді. Мұндай келеңсіздіктердің болмауы үшін Елбасымыздың Жолдауларына сәйкес, мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жасалып, ақпараттық-түсіндіру топтары құрылды. Әр аймақта қызу жұмыс жүргізіліп жатқандығына сіз бен біз куәміз.
Бүгінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының жан-жақты талқыланып жатқандығын барлығымыз жақсы білеміз. Бұл заң жобасын дайындаудың мақсаты мемлекеттікдіни қатынастарды жетілдіру, діни қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау, сондай-ақ дін саласын реттеу болып табылады. Заң жобасында кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарының рұқсатынсыз немесе қатысуынсыз діни рәсімдерге қатыстыруға болмайтындығы, қоғамдық орындарда деструктивті ағымдарға жататын киім түрлері мен сыртқы атрибуттарды қолдануға тыйым салынатындығы айтылған. Сонымен қатар неке қию немесе некені тоқтату бойынша діни рәсімдерді тек қана діни ғимараттарда өткізу талаптары сияқты бірқатар маңызды түзетулер мен толықтырулар енгізілген. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды!» – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, тәртіпке бағынып, заңмен жүру, білім алып, Отанымызды сүю – барлығымыздың азаматтық борышымыз.
Медет ӘШІМХАН, Еңбекшіқазақ ауданының дін инспекторы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы мемлекетіміздің жаһандану көшін ілгерілету жолындағы маңызды құжат. Сондықтан руханиятымызға жанашырлық танытқан бұл бастама мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттырып, алға қарай өркендеуіне жол ашады.
Дамыған елу елдің қатарына кіруді жоспарлап отырған мемлекетіміздің солармен терезесі тең болуы үшін дұрыс реформа қажет. Ал қазақ жазуына реформа жасаудың тура жолы – әліпбиді ауыстыру. Соның ішінде латын әліпбиіне көшу – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі, жер бетіндегі барлық сала латын әліпбиімен тікелей байланысты. Латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселе. Бұл реформа Қазақстанның түркі әлемімен байланысын арттырып, мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал етеді. Латын әліпбиін қолданысқа енгізу – мемлекеттік тіліміздің қолданыс
аясын одан әрі кеңейтуге үлкен әсерін тигізіп қана қоймай, қазақ тілін қазіргі заманғы технологияларға бейімдейді. Халықаралық ақпараттық кеңістікке шығуды, мейлінше, жеңілдетер еді. Болашақта ақпараттық қолжетімділікті арттырып, кеңістікті ұлғайтып, көкжиегіміздің кеңеюіне жол ашады. Осылайша, Қазақ елі уақыт көшіне ілесіп, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылады. Латын әліпбиін қолданысқа енгізу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Бұл – болашағымыздың алдында жауап беретін өте көкейкесті мәселе. Латын әліпбиін қолданысқа енгізу – технология мен инновацияны тез меңгерудің жолы. Латын әліпбиі – Мәңгілік елдің мәңгілік тілінің іргетасын бекітуге бастайтын құтты қадам.
Әсет АЛЖАНБАЙ, Қазақстан орта мектебінің АӘД пәні мұғалімі.
Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес Төле би атындағы орта мектепте «Ауылымыздағы жүз жаңа есім» жобасы жүзеге асырылды.
Мектеп оқушылары ауылымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосқан азаматтардың тізімін жасады. Әрбіреуінің өмір жолымен таныс-ты. Сондай азаматтардың бірі ауылымыздың тұрғыны Барик Магамадов. Ол өз еңбек жолын қарапайым механизаторлықтан бастап, бүкіл өмірін халыққа қызмет етуге арнаған азамат. Оқушылар Барик Магамадовпен кездесу өткізіп, сый-құрмет көрсетті. Ал Барик Магамадов өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, мектеп ұжымының алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Парида МАМИРОВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.