Наурыз айының 24-25 жұлдызы аралығында Алматы қаласында Мейбукан годзю-рю каратэ-додан 400-ден астам спортшылардың басын біріктірген Қазақстан чемпионаты өтті.

Аталмыш додаға ауданы-мыздың намысын арқалап 19 спортшы барып қайтты. Айта кету керек, үшеуі – нәзік жандылар. Бапкерлері Ерұлан Салықов пен Фархат Мұрсалиев шәкірттері үшін шалқып қайтты. Себебі, қырандар командалық есеп бойынша ауданымызды екінші орынға қондырды. Ерекше қабілеттерімен көзге түскен 7 жасар Алихан Тоғызбай, Ержан Сәкенов пен 8 жасар Ботакөз Молдахан мен 10 жасар Саера Қожамқұлова сынды спортшылар болашақта Қазақстан атын әлемге паш ететіндеріне сендірді жиылған көпшілікті. Жарысқа арнайы Жапон елі Окиново аралынан ұшып келген Бүкіләлемдік Мейбукан Годзю-рю каратэсі Ассоциациясының Президенті, қара белбеу иегері 75 жастағы Мейтатцу Яги мырза қатысып, жеңімпаздарға өз қолымен медальдарын тақты.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Іс-шарада Мемлекет басшысына рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 оқулық таныстырылды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болғанын айтып, оның жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

– Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнделіп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты.

– Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті бұл шараның бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық сала үшін маңызды екенін айтып, оның бірқатар ерекшеліктерін атап өтті.

– Бүгінгі алғашқы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз көп емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұсынылған кітаптар қазақ тіліне түпнұсқадан аударылғанын айтты.

Елбасы бүгінгі іс-шара рухани жаңғыру бағдарламасының жаңа кезеңін бастайтынын атап өтті.

– Бұл – ауқымды энциклопедиялық ізденіс арқылы адамзат дамуының көкжиегіне жол ашатын кезең. Бүгінде зияткерлік даму үдерісінен туындаған тың серпіннің арқасында рухани революция бастау алып келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда әлемнің дамуы көбіне инженерлік ғылымның әлеуетімен анықталатынына назар аударып, озық технологияларды пайдаланудың мақсаттарын ұғыну маңызды екенін айтты.

– Ғылыми таным – заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бес жылға арналған жалпыұлттық білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы әлемдік тәжірибеде мұндай кешенді бағдарламаның іске асырылуы сирек кездесетінін атап өтті.

– Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жобаны іске асырудың арқасында Қазақстанда аударма ісінің жаңа мәдениеті қалыптасқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті еліміз бен қоғамымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторының маңыздылығы жөнінде айтты.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуметіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы үштілділік қағидатын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді.

– Біріншіден, 2018 жылға жоспарланған 30 кітаптың әрі қарай сапалы аударылуын және басылып шығуын қамтамасыз ету керек. Қаржыландыру уақтылы әрі толық бөлінуге тиіс. Келесі жылы аударылады деп жоспарланған оқулықтар өз уақытында іріктеліп, талдаудан өткізілуі керек. Екіншіден, бұл оқулықтарды білім беру үдерісіне тиімді түрде енгізу – маңызды міндеттердің бірі. Осы оқулықтар бойынша оқытылатын пәндер жаңа оқу жылының білім беру бағдарламаларына енгізілуі қажет. Үшіншіден, ғылыми тәжірибеде қолданылатын барлық терминдерді жүйелендіріп, гуманитарлық және экономикалық лексиканың жаңа түсіндірме сөздігін шығаруды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Үкіметі тарапынан жобаның сапалы жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

– Төртіншіден, оқулықтар кәдімгі кітаптар сияқты басылып шығуы керек. Сонымен қатар онлайн білім беру ісін дамыту қажет. Қазір дамыған елдерде виртуалды университеттер бар. «Қазақстанның ашық университеті» жан-жақты қолдау табуы керек. Ашық лекциялар видеотекаларының және солардың негізінде дайындалатын оқулықтардың сапасын қадағалауға ерекше назар аудару қажет. Бесіншіден, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектептерін дамыту ісінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан аударма саласында тәжірибенің, білімнің және кәсіби дағдының жүйелі дамуын қамтамасыз ету керек, – деді Мемлекет басшысы.

 

www.akorda.kz

Жұма, 13 Сәуір 2018 10:02

Уақыт керуеніне бөгет жоқ

«Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек. Ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет». Бұл – Ғабиден Мұстафиннің сонау жиырмасыншы ғасырдағы топшылауы. Расында, бүгінгі күннің де талабы осы болып тұр, байқасақ. Бүкіл әлем қолға алып жатқан бағдарлама Қазақстанды да сырт айналмады. «Цифрлы Қазақстан» – ендігі бағындырар белесіміз.

Бұл турасында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифр-лы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында. Елбасы елеген мәселе ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Цифрлы Қазақстан» жобасын қолға алуына ықпал етті. Жалпы, газет оқырмандарына түсінік берер болсақ, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар: Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру; Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу; Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру; Төртінші – IT мамандарды даярлау. «Цифрлы Қазақстан» жобасы да халыққа қызмет көрсету үдерісін дамытуға бағытталатынын баса айта кеткен жөн болар. Одан бөлек, өндірістік секторда энергетикалық ресурстардың көзін іздеудің интеллектуалдық шешімдерін табу жолы да болмақ.

«Қазақстанның территориясы үлкен болғандықтан оның әлеуметтік-экономика-лық даму типтері әртүрлі. Мұны бір жүйеге енгізу үшін жергілікті әкімдермен бірге жұмыс істейміз. Ол үшін халықтың басым бөлігінде интернетке кіру мүмкіндігі бар болуы тиіс», – дейді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл турасында. Үкіметтің көздегені – қарапайым халықты, мейлі ол ауылды жер немесе қала болсын, ғасыр ғаламаты – ғаламтормен байланыстыру. Осы салада сапалы қызмет көрсете алатын мамандарды даяр-лау.

Қаламыздағы А.Мәл-кеев атындағы Есік «Бі-лім-инновация» лицей-интернатының ұжымы аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бірден кірісіп-ақ кетті. Оған дәлел, лицейге кең жолақты оптикалық 20 Мб/с жылдамдықтағы интернет желісі жүргізіліп, локальді жүйе құрылып, барлық кабинеттер ғаламтормен қамтылған. Сабақ өтетін барлық сыныптар заманауи интерактивті тақтамен және физика кабинеті SMARTWALL (интерактивті қабырғамен) жұмыс жасайды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы турасында сұрақтарымызға тұщымды жауап берген лицей-интернаты директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары және физика пәнінің мұғалімі Әмірхан СӘУЛЕМБЕКОВ: «Осы уақытқа дейін EDUPAGE электронды журналын қолданып келдік, бұл жүйенің тиімділігі ата-ана, оқушы, мұғалімнің мобильді қосымшасымен пайдалануы. Қазіргі таңда «КҮНДЕЛІК.KZ» электронды журналын жүргіземіз. Мұғалімдер сабаққа жасаған талдауын «GOOGLEFORM» электронды формасында толтырады. Оның тиімділігі – ұстаздардың сабақ талдаулары бір жерде жинақталады және оны бақылап отыруға мүмкіндік бар. Лицей мұғалімдері «DROPBOX» бұлттық дерек қоймасын (онлайн папка) қолданады. Мобильді қосымшасы да бар. Мұғалім барлық құжаттарын онлайн папкасына жинайды, папкасымен онлайн түрде бөлісе алады. Онда құжаттары жоғалмайды, әрі бір компьютерге байланып қалмайды. Кез-келген компьютерден, смартфоннан құжаттарына қол жеткізе алады. Мұғалімдерге сандық сауаттылық туралы семинарлар өткізілді. Ұстаздарымыз дүниежүзілік «EDMODO» мұғалімдер желісіне қосылған. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлері пән бірлестіктерінің тәжірибе алмасу мақсатында онлайн жиналыс, конференциялар ұйымдастырып тұра-ды. Оны «WEBEX» бағдарламасы бойынша жасайды, яғни, оның тиім-ділігі – кез-келген жерде смартфонмен жиналысқа қатысуға ыңғайлы. Керекті есептерді онлайн «GOOGLE EDUCATION» бағдарламасы бойынша жібереміз. Лицейдің WHATSAPP Hotline номері, INSTAGRAM, FACEBOOK парақшалары бар, осы арқылы лицей жаңалықтарын ата-аналармен де бөлісіп отыруға болады. Тағы бір айта кетерлігі, лицей мұғалімдері мен оқушылары зерттеу жұмыстарын жасайды. Соған көмек ретінде лицейіміз «BRITANNICA» онлайн энциклопедиясына, «BILIMLAND.KZ», «KHANACADEMY», «MIT OPEN COURSE» онлайн курсына жазылған. Сонымен қатар, бізде «Робототехника» үйірмесі бар, ол арқылы оқушылар компьютерлік бағдарламалауды, әртүрлі бағыттағы роботтарды жинау машықтарын игереді. IT саласы бойынша оқушыларға білім беру жақсы жолға қойылған, оның дәлелі – оқушыларымыз облыстық, республикалық және түрлі халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болуы», – деп білім ордаларының заманмен жарыса жетіліп жатқанын жеткізді.

Хош, жағымды жаңалықтарға құлағымыз құшырланып қалды. Еліміздің кез-келген бұрышындағы жас болсын, жасамыс болсын ойын мазалаған сұрақтарға жауа-бын ғаламтор арқылы оңай тауып жатса нұр болмақ. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқылы ондай мүмкіндік көп ұзамай «менмұндалайтынына» сенім мол.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

 

Заң – алаңсыз өмір сүруіміздің өлшемі. Ол неғұрлым қараша халыққа жақындаған сайын тұрмыс түзеледі, түрлі ішінара кемшіліктер күзеледі. Осы ретте 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы тағайындау методикасы өзгермек. Бұл турасында аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген отырыс өтті жақында. Оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өндірістік қызмет үйлестіру жөніндегі басқарушы директоры Біржан Жүнісов, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Зиядин Агибетов, «ӘТВЕО» департаментінің Алматы облысы бойынша директоры Гүлшат Баешева және аталған департаменттің Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесінің басшысы Жазира Муханбеденова қатысты. Отырысты аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев жүргізді.

Күн шығып, ай жүзуін тоқтатпаса тіршілік те жалғасады. Сол секілді әр сәттегі қилы қимыл-қозғалыстар заңдық тұрғыдан таразыланатыны тағы бар. Айталық, қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан базалық зейнетақыны төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын яғни, 14466 теңге мөлшерінде алса, 1 шілдеден еткен еңбек, төккен тері сараланатын болады. Яки, егер адам тұрақты жұмыс істесе және зейнетақы қорына 10 жыл аударымдар жүргізсе немесе мүлдем жұмыс жасамаса, онда оған төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайыз мөлшерінде базалық зейнетақы ғана тағайындалады. Ал еңбек өтілі 10 жылдан асса, әр жылына базалық зейнетақы 2 пайызға ұлғаймақ. 20 жыл еңбек өтілімен – күнкөріс деңгейі 74 пайыз, еңбек өтілі 33 жылдан асса, ең жоғарғы зейнетақының иегері атанады. Бұл турасында сала мамандары бүге-шігесіне дейін түсіндіріп өтті.

«Зейнетақыға жиналған қаржы қорын қашан алуға болады?» деген сұраққа:

Зейнетақыға жиналған қорды тек үш жағдайда ғана ала аласыздар: бірінші – азамат шетелге көшер алдында, екінші – қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің алуы-на және үшіншісі – зейнетке шыққанда. Алайда, ол базалық зейнетақысына қосылып ай сайын беріліп отырады» деді Біржан Уәлиұлы. Бұдан да өзге бірқатар жеке сұрақтар қойылып, мамандар оң жауабын берді.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Мемлекет басшысы елорданы абаттандыру жөніндегі жобалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарының құрылыс жос-парымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа сәулет және логистика ғамараттарын салу кезінде қалақұрылысы саласындағы әлемдік жетістіктерді зерттеп, оларды қолдану қажеттігін атап өтті.

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық инс-титуты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

Қазақстан Президенті қала-дағы өмір сүру сапасы мен жайлы тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданың 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу мәселесіне баса назар аударды.

Біз 20 жыл ішінде Ұлы Даланың дәл ортасында бүкіл әлемге танылған жаңа әсем қала тұрғыздық. Бұл қала халқымыз-дың мақтанышына айналды. Әрине, бұл – қала әкімшілігінің, құрылысшылардың, сәулетшілер мен осы үдеріске атсалысқан көптеген адамның маңдай терінің жемісі. Біз биыл елордамыздың 20 жылдығын тойлаймыз. Қонақ-тарымыздың бәріне елорданың жиырма жылда қол жеткізген тартымдылығын, әсемдігін және тыныс-тіршілігінің жоғары дең-гейде екенін көрсетуіміз қажет, – деді Елбасы. Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі елорданы одан әрі дамыту және қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

«Егемен қазақстан» газетінен алынды.

 

Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» көңілге жаңа үміт бүршік жарғызып, сенімімізді сергіте түсті. Елбасы бас-тамаларының біріншісі «Әр-бір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» делінген.

Шелек ауылында заманауи үлгіде бой көтерген біздің мектеп ұжымының 80%-ын жас-тар құрайды. Жастар мен жас отбасылардың табыс деңгейін көтеріп, баспана алудың қолжетімділігі арттырылса, онда жастардың жұмысқа деген ынта-жігері өсіп, талаптана түсер еді, – дейді жас ұстаздардың бірі Шыңғыс Өтежанов. Сондықтан, бұл бастама, әсіресе, жастарға жағымды жаңалық болды.

Екінші бастамада жалақысы төмен жұмысшылардың еңбека-қысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту көздел-ген. Мектебімізде аз қамтылған отбасынан 215 бала оқытылуда, олардың ата-аналары барлығы дерлік жалақысы төмен жалдамалы жұмысшылар. Шынында олардың еңбекақысынан алынатын салық төмендетілсе, жағдайлары жақсарып, еңбека-қылары нақты көбейе түсер еді.

Үшінші бастама халықтың жоғары білім алуына жағдай жасап, сапалы мамандық иелерін дайындау мен студенттердің жатақханадағы жағдайын жақ-сартуға бағытталды. Келер оқу жылында мемлекеттен қосымша 20 мың грант бөлуді президент тапсырып отыр. Бұл да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі. Қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған инженер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласындағы жетіспейтін мамандардың грантының көбейтілуі, мекте-біміздің алғашқы түлектеріне үміт отын ұялатып отыр. Төртінші бастама шағын несие беру мәселесіне арналған. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несиеге бөлінетін қаржы көлемі 20 миллиардқа артып отыр. Жеңілдетілген шағын несие ауылдық жерлерде жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етіп, ауыл тұрғындарын серпілтіп, халықтың материалдық жағдайы жақсаратын болды.

Президент ұсынған бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру делінген, ауылымызда газ құбырлары тартылып, көгілдір отын - газдың келуі осы бастаманың жарқын көрінісі.

Елбасының бастамаларын ұстаздар қауымы, ауыл тұрғын-дары үлкен қуанышпен қарсы алдық. Тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін осы істер игі қадам болары анық.

 

 

Б.Толегенова,

тарих және музыка пәнінің мұғалімі.

 

 

2018 жылы ҰБТ-ның қазіргі форматы сақталады. Былтырғы жылы енгізілген ҰБТ форматының басты ерекшелігі – емтиханның екіге бөлінуінде: Қорытынды аттестация және ҰБТ. Қорытынды аттестация мектеп түлектеріне, ал ҰБТ жоғары оқу орнына түсушілерге арналған.

Қорытынды аттестаттауды мектеп түлектерінің барлығы тапсырады. Ол 5 пәннен тұрады. 4-еуі міндетті, 1-еуі таңдау пәні. Олар: ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша) берілетін уақыт – 3 сағат; алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, берілетін уақыт – 5 сағат; Қазақстан тарихы – ауызша, билеттерге жауап беру арқылы; Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде – Қазақ тілінен, қазақ мектептерінде – орыс тілінен тестілеу түрінде; Таңдау пәндеріне: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) – тестілеу (оқу бейініне байланысты: қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық). Мектеп бітіру емтихандарының бәрі түлектердің өз мектептерінде өтеді. Қорытынды аттестат-таудың материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлі-гінің Ұлттық тестілеу орталығы облыстық білім басқармала-рына жеткізеді. Ауызша, жазбаша емтихандарды мектептер-дегі емтихан комиссиялары бағалайды. Тестілеудің жауап парақшасындағы дұрыс жауаптар кодын да аталған комиссия тексереді.

ҰБТ тапсыру пәндерінің саны – 5 (3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән). Олар: Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма; Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма; Қазақстан тарихы – 20 тапсырма; 2 бейіндік пән – 30 тапсырмадан.

«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республи-калық және халықаралық олим-пиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ жалпыға ортақ тәртіпте тапсырады. «Алтын белгі» иелерінің артықшылық-тары тек қатардағы талапкермен баллдары бірдей болғанда ғана ескерілетіні туралы Заң жобасы Парламентте қарастырылуда. Жалпы 120 тапсырма бар. Бірақ, максималды балл 140. Шекті деңгей – 50 балл. Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут.

Тестілеу өткізілетін уақыты ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы арқылы бекітіледі. Шамамен, мерзімдері: Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 нау-рыздан 10 мамырға дейін (ТКТ 1 маусымға дейін); Тестілеуді өткізу: ҰБТ – 20 маусым мен 1 шілде аралығында, ТКТ шілденің 17 мен 23 аралығында; Шығармашылық емтихандар: шілденің 8 мен 13 аралығында; Арнайы емтихандар 20 маусым мен 18 тамыз аралығында өткізіледі (педагогикалық қызмет-ке бейімділігін анықтау үшін педагогикалық мамандықтарға тапсырушылар); Қайта тапсыру 19-24 тамыз аралығында (ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар) және 20-24 қаңтар аралығында (ҚР жоғары оқу орнына шартты түрде қабылданғандар және шетелдік оқу орнынан ауысып келушілер).

Биыл тест тапсырмалары-ның базасы 50 пайызға жаңарды. Былтыр 80 мың тест тапсырмасы болса, биыл – 120 мың. 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға бағыт-талған. 37 пайызының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Бұл пәнді терең түсінуге ықпал етіп, жауаптарды жаттап алудан сақтайды. Биылғы жылы енгізілген жаңалық – мектеп бітірушілердің ҰБТ-ді ағылшын тілінде тапсыруына мүмкіндік бар. ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысқысы келетіндер емтиханға дайын-дық барысында байқау-сынақ-тарынан онлайн және бланк арқылы тестілеу бойынша өтуіне болады. Бланк арқылы тестілеу түріндегі байқау-сынақтарынан ҰТО филиалдарында, ал онлайн режимдегі байқау-сынақтарынан ҰТО сайтында өтуге болады. www.https://prob-ent.testcenter.kz, www.testcenter.kz.

Барлық мектеп бітірушілерге сәттілік!

 

Қ.Қасымова,

ҰТО-ның №107 филиал жетекшісі.

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мектепте жүзеге асуда. Көктемгі демалыс күндерінде оқушылардың демалысы мағы-налы да мәнді өтуіне мектеп ұжымы зор үлес қосуда. 5 сынып оқушылары мен сынып жетекші С.Ильясова «Фольклор әлемінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Балаларға халқымыздың ауыз әдебиеті туралы толық түсінік берілді. Сонымен қатар, балалардың ізденуіне ықпал ететін сұрақтар арқылы өз халқының ауыз әдебиетіне құрмет сезімін оятты. Оқушылар мақал-мәтелдерді, олардың қолдану ерекшелігін айтып, танымдық қабілеттерін арттырды. Оқушылар ауыз әдебиетінің тарихи мәнін ашып, ерте заманнан келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы екенін сезінді. Жаңылтпаш, жұмбақ айтып, өз білімдерін дөңгелек үстел барысында көрсете алды.

Эльвира ОМАРБАЕВА,

Төле би мектебі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.


 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мектепте жүзеге асуда. Көктемгі демалыс күндерінде оқушылардың демалысы мағы-налы да мәнді өтуіне мектеп ұжымы зор үлес қосуда. 5 сынып оқушылары мен сынып жетекші С.Ильясова «Фольклор әлемінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Балаларға халқымыздың ауыз әдебиеті туралы толық түсінік берілді. Сонымен қатар, балалардың ізденуіне ықпал ететін сұрақтар арқылы өз халқының ауыз әдебиетіне құрмет сезімін оятты. Оқушылар мақал-мәтелдерді, олардың қолдану ерекшелігін айтып, танымдық қабілеттерін арттырды. Оқушылар ауыз әдебиетінің тарихи мәнін ашып, ерте заманнан келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы екенін сезінді. Жаңылтпаш, жұмбақ айтып, өз білімдерін дөңгелек үстел барысында көрсете алды.

Эльвира ОМАРБАЕВА,

Төле би мектебі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.


Жұма, 06 Сәуір 2018 10:04

Бір күндік саяхат

Көшбасшымыздың әрбір тың жолдауынан жаңа бағыт-бағдар аламыз. Осы орайда аудан мектептерінде балалардың бойында Отансүйгіштік, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Туған жер» бағдарламасы қолға алынуда.

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары сынып жетекшілерімен бірлесе отырып көктемгі демалыс кезінде оқушыларға арналған бір күндік жорық-саяхат жүргізді. Атап айтқанда, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына, Есік Археологиялық-Өлкетану мұражайына, Алматы қаласындағы геологиялық мұражайға, Есік қаласындағы кинотеатрға, Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрына саяхаттап қайтты.

 

Римма Сағидуллаева,

Оксана Кретова.

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Мам 06, 2025

Бруцеллездің алдын алу бойынша…

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллез…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Бывшие студенты военных учебных…

Бывшие студенты военных учебных заведений могут подать заявку на восстановление в учебном…
Мам 06, 2025

Әскери орындарының бұрынғы…

Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына түсу үшін үйден шықпай-ақ оқуға…
Мам 06, 2025

Китай, Россия и Италия — лидеры во…

В 2024 году Казахстан продемонстрировал стабильный рост внешнеэкономической активности,…
Мам 06, 2025

Қытай, Ресей және Италия –…

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі…
Мам 06, 2025

Правовое просвещение студентов

В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» состоялась встреча прокурора города…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет