Бүгінде ауылдық жерлерде пәтер иелерінің кооперативін (КСК) құру – маңызды болып отыр. Себебі, айналасы қоқыс алаңына айналып, қаншама уақыттан бері жөндеу көрмеген көп қабатты тұрғын үйлер жетерлік ауданымызда. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында алғашқы болып Шелек ауылында ауыл тұрғыны Ержан Омаровтың бастамасымен «Шелек-2018» пәтер иелерінің кооперативі құрылып, жұмысын бас-тап та кетті. Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан өзін-өзі басқарудың бір бағыты болып есептелетін пәтер иелерінің кооперативі көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайын жақсарта ала ма? Бұл пәтер иелері үшін қаншалықты тиімді? Осы сынды сұрақтарға жауап алу мақсатында кооператив төрағасы Ержан Омаровпен тілдескен болатынбыз.
– Пәтер иелерінің кооперативін қашан және қалай құрдыңыздар, оған Шелек ауылындағы қанша тұрғын үй кіреді?
– Бұл бастаманы біз 2011 жылы көтеріп, 2012 жылы іске кіріскен болатынбыз. Сол кездегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бөкен Құсайынов, Шелек округінің әкімі Қуат Байғоджаевпен бірлесіп тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Себебі, сол жылдары Президенттің тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге, абаттандыруға пайызсыз несие беріліп, ол қаржы тек пәтер иелерінің кооперативтеріне тиесілі болған. Кейіннен, қиындықтар туындап, бастама аяқсыз қалды. Алайда, осы жылы Шелек округі әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Бахамовпен бірлесіп, осы шаруаны қайта қолға алдық. Қазіргі таңда, «Шелек-2018» ПИК-не ауылдағы 5 көпқабатты тұрғын үй кірейін деп жатыр. Олар: Малай батыр 94, Жібек жолы 33, 8, 10 және Гидростроительная 24 үйлер. Аудан әкімдігінің қолдауымен тұрғын үйлердің мемлекеттік актілері жасалған болатын. Биыл жергілікті қауымдастық өкілдерімен ақылдаса отырып, округтің бюджетінен ақша бөлініп Жібек Жолы 33 үйдің техникалық құжаты (техпаспорт) жасалды. Онсыз ПИК-ке тіркеу мүмкін емес. Қалған үйлердің құжаттарын әзірлеуге қанша қаржы керектігі есептеліп, аудан әкімдігі бюджетке енгізетін болады.
– ПИК құру тұрғындар үшін қаншалықты тиімді?
– Кооператив құру тұрғындар үшін өте тиімді. Себебі, мемлекеттен берілетін түрлі қаржылай көмек, пайызсыз несиелер әр тұрғынға жеке-жеке үлестірілмейді. Осындай жұмыстар тек пәтер иелері кооперативі арқылы жүзеге асады. Қысқасын айтқанда, ПИК – көпқабатты үй тұрғындары мен мемлекет арасындағы көпір. Сонымен қатар, ПИК тұрғын үйлердің айналасының тазалығы мен абаттандыруын, суы мен жарық жүйесін, кәріз жүйесінің, подьезд, жертөле, шатыр, дәліздің күтімін өз мойнына алады.
– Ол үшін ақша жинау керек қой.
– Әрине, бекітілген норма бойынша әр пәтердің көлеміне қарай төлейді. Қазір бір шаршы метріне 48,1 теңге. Бұл жыл сайын өзгеріп отырады. Демек, айына әр пәтер 1500 бен 3000 теңге аралығында ақша өткізеді. Аталған қаражатқа, сантехник, электрик, аула сыпырушыларды жұмысқа алатын боламыз. Бұл соманың ішіне тұрғындарымыз қоқысқа жинап жүрген 500 теңгесі де кіреді.
– Қамтылған үйлердің тұрғындары-мен жиналыс өткіздіңіздер ме? Қандай мәселелер көтерілді?
– Жиналыстар өткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп тұрамыз. Олардың ең бірінші проблемасы – шатыр, кейіннен, подьезд бен инженерлік коммуникация. Негізінен, осы үш мәселе.
– Шелектегі көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу жүйесі бір ретке келтірілмеген: бірі газбен жылытса, енді бірі көмірмен, электрлі пешті пайдаланады. Осыны шешу жоспарда бар ма?
– Оныңыз рас, негізінен көп пәтерлер көмірмен жылынады. Төртінші-бесінші қабатқа көмір мен отын тасып, күл шығаруға мәжбүр. Қала берді, оны сақтайтын қоймалар, контейнерлер мен қоралар көп орын алып, ауланың сәнін кетіреді. Ал газ балонымен жылытатын үйлер қауіпсіз деп айта алмаймыз. Оқыс оқиғалардың тіркелгені де жасырын емес. Сондықтан, біздің негізгі мәселеміз де осы. ПИК болмай, газ болмайды. Өздеріңізге белгілі, Шелек ауылына өткен жылдан газ құбыры тартыла бастады. Шелектіктер көгілдір отынға қосылып жатыр. Бірақ, бірде-бір көпқабатты үйге газ құбыры жүргізілген жоқ. Өйткені, газ таратушы мекемеге әрбір пәтермен келісім-шарт жасаған тиімсіз. Олар пәтер иелері кооперативімен келісіп қана газ береді. Сондықтан, қазіргі таңда тұрғындарға түсіндіріп, ПИК-нің құрамына кіргізудеміз. Кейіннен, үйдің құжаттарын реттеп, аудандық әкімдікке тапсырамыз. Олар жылу қазандығына бөлінетін ақшаны бюджетке енгізеді. Ал таратушы мекеме газды үйге дейін кіргізіп, ары қарай тұрғындар өздері тартып алады. Бүгінгі таңда, жоғарыда аталған Жібек Жолы көшесіндегі 33-ші үй ғана көгілдір отын кіргізуге дайын. Алайда, газ құбыры ол аумаққа әлі жеткен жоқ.
– Ағымдағы жөндеу жұмыстары да сіздердің құзырларыңызда. Ауылда қанша көпқабатты үй жөндеуді қажет етеді?
– Ауылдағы үйлердің барлығы жөндеуді қажет етеді. Көпқабатты үйлердің алды 50 жыл бұрын салынған. Тоқырау кезінде кооператив жойылып, әр пәтер өз алдына күн көре бастады. Салдарынан, ауласы қоқысқа толып, жертөлеге кіру мүмкін емес. Балалардың ойын алаңдары жоқ, арнайы автотұрақ та қарастырылмаған. Егер пәтерлер ПИК-нің құрамына кіретін болса, аудан басшылығының көмегімен балалар алаңдарын, жаттығу мен шағын футбол алаңдарын жасауға болады. Алматы қаласына барған сайын, көпқабатты үйлерді аралап, аулаларын қарап жүремін. Бәрі тап-таза, абаттандырылып, демалуға жағдай жасалған. Мұның барлығы ПИК-нің арқасы. Жақын арада біз де осыған қол жеткізетін боламыз.
– Қиындықтар бар ма?
– Барлығы ойдағыдай жүріп жатыр десем, өтірік айтқандық болар. Тұрғындардың кейбірі теледидардан жаңалықтарды естіп алып, «ПИК біздің ақшамызды жеп қояды» деген жаңсақ пікірді айтуда. Олай емес, әрине, судың да сұрауы бар ғой. Бізді де тексереді және тұрғындар алдында жұмсалған әрбір тиын үшін есеп беретін боламыз. Сондықтан, көпқабатты үйлердің тұрғындарына бірауыздан пәтер иелері кооперативінің құрамына өтіңіздер дер едім. Сонда ғана, өз жыртығымызды өзіміз жамауға мүмкіндік болады.
– Сұхбатыңызға рахмет.
Әңгімелескен
Сардарбек НҰРАДИН.
Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жанында ұлтаралық татулықты және келісімді нығайту мақсатында қызмет ететін Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасауда. Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің құрамында 22 адам бар. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық саяси тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бар.Сондай-ақ, аудандық қоғамдық келісім кеңесімен қатар Есік қаласы мен ауылдық округтердің деңгейіндегі жергілікті 26, елді-мекендерде 15 және ірі кәсіпорындарда 4 қоғамдық келісім кеңестерінің ақпараттық топтары құрылып, мүшелікке жалпы 200-ден астам адам қамтылған.
Құрылған қоғамдық келі-сім кеңесінің мүшелері 5 институционалдық реформа-ның төртінші бағыты «Біртектілік пен бірлік» аясында басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің 7 бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрт отырысы өткізіліп, қаралған мәселелердің көбісі өз шешімін тапты. Қоғамдық келісім кеңесінің екінші бағыты – қайырымдылық шарасы бойынша демеушілер есебінен 6 млн.теңгеден астам қаражатқа 524 адамға қамқорлық акциялары өтті. Соңғы кездерде медиация арқылы әртүрлі деңгейдегі күрделі дау-дамайлар сот алдындағы келісім шарттар арқылы дұрыс шешімін тауып келеді. Жалпы медиация саласы бойынша 30-ға жуық іс қаралып, тараптарды татуластыру, келісімге келтіру арқылы жұмыстар жүзеге асырылды. Барлығы ауданымызда 54 ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етуде. Ұлттардың ішіндегі басым көпшілігін құрайтын 10 этно-мәдени бірлестік бар және олар достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған істерді жоғары деңгейде атқарып келеді. Аудандық, облыстық және республика деңгейінде өткізілетін барлық іс-шараларда ауданымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері толығымен қатысып, ұлтаралық татулық пен достығының нығаюына өз үлестерін қосуда.Сондай-ақ, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімі аппараттарында, қоғамдық келісім кеңесінің, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенді мүшелері бас қосып, өзекті мәселелерді шешуге, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосуда. Одан бөлек, аудандық және әрбір ауылдық округте ардагерлер, аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары тағайындалған. Олардың құрамына әрбір ауылдан мүшелері сайланып, мәдени-көпшілік және қоғамдық маңызды іс-шараларға кеңінен қатыстырылуда. Өңіріміздің ұлтаралық татулықты насихаттауда өзіндік үлестерін қосып келеді.Мәселен, округ аумағындағы түрлі ұлт, этнос өкілдері арасында қоғамдық келісім, бірлік, татулық сияқты идеяларды насихаттай отырып, тұрмыстық кикілжіңдер мен түсініспеушіліктерді шешуде үлкен маңызды рөл атқарып, тұрғындар арасында жиындар өткізілуде. Бұл тұрғыдан аталған қоғамдық ұйымдармен аудандық ішкі саясат бөлімінің арасында тығыз байланыс орнатылған. Мемлекеттік орган-дарының қоғамдық-саяси аху-алдың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін әлеуметтік шиеленістерді шешудің алдын алу және болдырмау бойынша «Қоғамдық бірлік» атты аудандық мобильді жұмыс тобы құрылған. Құрамына жергілікті және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген. Осы топ арқылы орын алған келеңсіз жағдайлар бойынша жеделдетіліп орынға шығып, топ мүшелері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасай отырып, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту мақсатындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы лот бойынша әртүрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Осы жылдың басында «Еңбекшіқазақ ауданында қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мен этносаралық қарым-қатынасты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар өткізу» арнайы лот ойнатылып,жеңімпаз болған «Елім-ай» қоғамдық қоры 9 түрлі бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде, 2000-ға жуық адам тікелей куә болды.
Жалпы, бүгінгі таңда қоғам-дық келісім кеңестерімен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-эконо-микалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 47 кездесу, 43 дөңгелек үстел, 20 семинар, 12 фестиваль, 8 форум өткізіліп, 30000-ға жуық адам қамтылды. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің жұмысшы органы ішкі саясат бөлімінің тарапынан аудан тұрғындарының арасындағы қоғамдық саяси ахуал деңгейін анықтау мақсатында әр тоқсан сайын кешенді сауалнамалар алынып, анализдік талдау жүргізіліп отырады және күнделікті бақылауға алынып, мониторинг жасалады. Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын көрнекі үгіт құралдары үнемі жаңартылып тұрады.Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде 2018 жыл бойынша «Мы – единый народ», «Татулық – таудай қазына», «Достықты ту еткен фестиваль» сияқты тағы басқа да тақырыптарда жалпы 40-тан астам мақалалар жарық көрді. Аталған жұмыстардың нәтижесі ретінде қазан айында Талдықорған қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің V облыстық форумында үздік жұмыс көрсеткені үшін Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық келісім кеңесі бас жүлдені иеленді. Көпұлтты еліміздің басты міндеті – ел тәуелсіздігін баянды етіп, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру. Сондықтан да этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды біріктіру, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ұлт бірлігіне жетудің маңыздылығын насихаттауда аудан әкімдігі тарапынан барынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
М.ИСЛАМОВ, Еңбекшіқазақ аудандық
ішкі саясат бөлімінің
басшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары.
3 ноября в г. Семей прошел третий республиканский конкурс «Фестиваль искусств». Участниками конкурса стал и танцевальный ансамбль «Санам» из села Ават, которым руководит хореограф Жанна Ахметова. Ансамбль Жанны Таиржановны выступил с ошеломляющим успехом, покорив талантом и мастерством исполнения жюри и зрителей. Танцовщицы из «Санам» «взяли» не только 1-е и 2-е места, но также были удостоены главной номинации конкурса – «Гран-при». Хотим поздравить ансамбль «Санам» и его руководителя с заслуженной наградой и пожелать им новых творческих побед.
Бибинур ХАЙВАДУЛЛАЕВА,
инструктор по работе с молодежью
акимата Аватского сельского округа,
член молодежного крыла «Жас Отан».
Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне, уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Бірақ, қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі қиын. Шетелдің дамып кеткен өнімдеріне тамсанып, «бізге өсу керек» деп отыра беретін болсақ, бүгінгі күйімізден де жаман құлдырап кетуіміз ғажап емес. Сондықтан да болар, биыл еліміз негізгі басымдықты цифрландыруға қарай бұрды. Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, жаңа жобалар енгізілуде...
Жаңашылдықтан мектепке дейінгі мекемелер де құр-алақан қалған жоқ. Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай мемлекеттік қызмет көрсе-туді автоматтандыру мақсатында жақында Талдықорған қаласын-да бір күндік семинар өтті. Білім басқармасының ақпараттық технологиялар орталығында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамалар беру үдерісін автоматтандыру жүйесін оқыту» тақырыбында өткен семинарға ауданымыз-дан да барып қатысып қайтты электрондық-сандық қолтаң-баға (ЭСҚ-ЭЦП) жауапты мамандар. Ашықтық, уақытты үнемдеу, қағазбастылықтан құтылу – міне, нағыз қазіргі уақытқа қажет басымдықтарды жүзеге асырудың қыр-сырына қанық болды семинарға қатысушылар. Аталған жүйе арқылы біз балабақшаға келген балалардың жолдамасын өзіміз шығарып отыруға мүмкіндік аламыз және балабақшадағы бос орынды да көрсетіп отырамыз. Яғни, ата-аналар ЭСҚ кілттерін алу арқылы сайтқа тіркеліп, өз кезектерін бақылап отырады. Барлығымызға бұл жүйенің тиімді болатынына зор сеніммен оралдық облыс орталығынан.
С.Майлықұтова,
«Нұршуақ» бөбекжай балабақшасының әдіскері,
Бәйдібек би ауылы.
Более 63 миллионов тенге привлекла туристическая сфера Енбекшиказахского района
В сфере туризма Енбекшиказахского района функционирует 18 объектов. Более 75 тысяч посетителей встретили туристические операторы за 9 месяцев 2018 года, и объем платных услуг составил 63,2 млн.тенге. Со своеобразными объектами региона, ознакомились представители СМИ в ходе пресс-тура в данном районе, Жетысуского края.
Великолепие местных гор дает духовную гармонию, воды славятся лечебными свойствами и неординарной красотой, а историко- культурные объекты позволяют погрузиться в загадочный мир древних племен и народов, населявших территорию района на протяжении нескольких тысячелетий. Туристы без доли сомнений выбирают Енбекшиказахский район, потому что такое обилие впечатляющих сакральных мест и живописность природы, пожалуй, не встретишь в других местах.
Енбекшиказахский район обладает значительными природно-рекреационными ресурсами. Разнообразие гор на юге, востоке и юго-востоке, равнин на севере и скал на юго-западе, покрыты снегами и ледниками круглый год. А также многочисленное количество рек, озер, садов, ущелий, курганов и наличие заповедников, таких как: Иле-Алатауский государственный национальный парк и Алматинский заповедник привлекают внимание не только казахстанских, но и иностранных туристов.
Напомним, что в рамках реализации программной статьи Президента «Рухани Жаңғыру» отдел внутренней политики Енбекшиказахского района совместно с Общественным объединением «Елім Ай» реализовывает множество мероприятий по развитию туризма в регионе. А пресс и агро- туры являются неотъемлемой частью продвижения Енбекшиказхского района как туристически- развитого региона.
Общественное объединение «Елім Ай» уже на протяжении 9 лет организовываетт собрания, направленные на пропаганду правильной религии, проводит антитеррористические беседы с имамами мечетей. Организует благотворительные акции, слеты, поддерживает бизнес проекты. С прошлого года в рамках программы Лидера нации «Рухани Жаңғыру» объединение уделяет большое внимание развитию туризма в районе.
Как рассказал руководитель отдела внутренней политика Енбекшиказахского района Момунжан Исламов, с начала нынешнего года поток туристов составил 75 407 человек, что по сравнению с предыдущими годами в разы больше.
«Совместно с местным Общественным объединением «Елім Ай» мы разрабатываем различного рода мероприятия для развития нашего района, в том числе и для развития перспективной отрасли - туризма. Цель данного тура- освещение сакральных мест нашего края. Как известно, наш район, является землей многих исторических находок и священных мест», - отметил он.
До исчезновения в 1963 году, в результате катастрофического селя, озеро Иссык по праву считалось главной достопримечательностью Заилийского Алатау. Находится оно в Иссыкском ущелье на высоте 1700 м. над уровнем моря. В настоящее время озеро частично восстановлено и заметно растет количество посетителей загадочного водоема. Неподалеку от него расположены красивейшие скалы, носящие название «Кремлевская стена». С начала нынешнего года озеро Иссык посетило 13500 туристов. С левой стороны озера имеется множество полян, на которых можно удобно расположиться и отдохнуть от городской суеты, подышать чистым горным воздухом. По словам писателя, Почетного гражданина Енбекшиказахского района Шаяхмет Кусайынулы, озеро Иссык ничем не уступает Швейцарии.
«Программа «Рухани жангыру» помогает возобновить такие туристические объекты, как Иссыкское озеро. Ведь это озеро- духовное наследие нашей страны. Говорят, у него есть характер. Вода его меняет цвет в зависимости от погоды. Когда небо хмурится, то и озеро как будто сереет, а под ярким солнечным светом вода становится бирюзового или зеленого оттенка. Туристы, приезжавшие с России, отмечают красоту данной местности и утверждают, что красота местности сравнима с невероятными пейзажами Швейцарии», - сказал он.
Далее журналисты посетили Тургенское ущелье. К нему прилегают множество других ущелий меньших по площади, альпийские луга, смешанные леса, урочища, озёра и реки которые находятся на землях Иле - Алатауского государственного заповедника. Данные места славятся своими субальпийскими пастбищами, реликтовыми моховыми ельниками, водопадами, а также родниковыми источниками, не только в Казахстане, но и далеко за его пределами. Одним из самых посещаемых родников является «Священный родник». С начала года здесь побывало более 31000 туристов.
По словам организатора тура, председателя общественного объединения «Елім Ай», Жанабергена Мухаммедова, сюда заезжают попутчики чтобы выпить родниковой воды. Интересным оказался тот факат, что ни одно создание семьи в районе, не обходится без посещения священного родника. Ведь согласно легенде, это место символ чистой, умевшей противостоять трудностям любви.
« Особенность родника в том, что вода наичистейшая, вкусная, полезная и считается священной. В народе называют ключом здоровья, либо «родником влюбленных». Связано это с народной легендой, в которой говорится о воссоединении двух влюбленных на данном месте, но, к сожалению, парень погибает, а слезы девушки превратились в этот священный родник. И наше общественное объединение делает все возможное для сохранения истории нашего народа. А также желает, чтобы о сакральных местах нашего района знали во всем Казахстане.
Помимо развития туризма и реализации программы «Рухани жаңғыру», мы проводим собрания направленные на пропаганду правильной религии, антитеррористические акции с имамами мечетей и благотварительные акции. К примеру, помогли семьям, которые оказались в трудной жизненной ситауции. Обеспечили одеждой, продуктами, углем и дровами на зиму. Всего за этот год провели около 60 важных для населения мероприятий»,- рассказал он.
Необходимо отметить, мировую известность городу Иссык, Енбекшиказахского района, принесла уникальная находка. Чуть севернее от него в 1970 году, археологами был раскопан древний курган, где обнаружили останки сакского воина в парадной одежде из чистого золота. Там же найдены предметы домашнего обихода саков: украшения, узорчатые ковшы, серебрянные и бронзовые чаши, а также золотые украшения в виде перстней, статуэток, бронзовые и золотые оруджия. В связи с этим продолжаются поиски захоронений и городищ наших предков.
Журналистам представилась возможность побывадь в местности, где когда-то располагался город предков. Городище Рахат, расположено у подножия гор, в 5 км южнее города Есик, непосредственно примыкает к селу Рахат, находящемуся на трассе Есик-Талгар. Существует гипотеза, что эта местность является Ханской ставкой.
В 2004 году сотрудниками Института археологии им. А.Х. Маргулана, проводились предварительные раскопки городища Рахат, которые выявили культурный слой, соответствующий по времени курганам Иссыкского могильника. В мае 2017 г. комплексная археологическая экспедиция заповедника-музея «Иссык» приступила к разведывательным археологическим исследованиям на городище. Эти работы должны определить ход будущих широкомасштабных раскопок на объекте. За период раскопок были обнаружены останки 4 людей и 2 лошадей, соруженные водоканалы и цитадель.
«Территоия городища Рахат составляет 17 га. Работа по раскопкам еще не завершена. Мы исследовали только малую часть, на полное изучение местности необходимо более 20 лет. А пока в результате предварительной работы мы обнаружили 4 человеческих останков и их могилы, которые присуще кок-тюркскому периоду. Как известно, племена этого периода хоронили умерших головой к Северо-востоку, а лошадей к востоку»,- рассказал научный секретарь Досым Зикирия Куатулы.
Территория завершающих пресс-тур объектов, городищ Рахат и соседнего Орикти, взяты под контроль государственного историко- культурного заповедника- музея «Иссык». Он создан по инициативе Президента страны Н.Назарбаева, в рамках Стратегического национального проекта «Мәдени мұра». Именно здесь на территории Иссыкского некрополя была найдена самая «громкая» археологическая находка Казахстана - усыпальница «Золотого человека». Обнаруженное погребение сакского царевича, поражающее своим богатством и содержательностью, замечательно тем, что это единственное не разграбленное захоронение в Центральной Азии, дошедшее до нас в нетронутом виде. Артефакты памятника и сюжеты, украшавшие парадную одежду «Золотого человека», передающие сакральный смысл мифологии древних племен, вошли в государственную атрибутику Республики Казахстан.
Как отметил Глава государства, в своем последнем Послании, «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни», особое внимание следует уделить развитию въездного и внутреннего туризма для использования нашего богатого природного и культурного потенциала.
К слову, пресс- туры вызывают неподдельный интерес к посещению туристических мест. Дают хорошие предпосылки к совершенствованию туризма в стране.
Енбекшиказахский район по праву считается перспективным туристическим регионом. Помимо посещения сакральных мест, тут активное развитие получила новое направление в туризме как агротуризм.
Асель Досанова
Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімі баспасөз өкілдеріне арнап өлкетану саяхатын ұйымдастырды. Оған журналистермен бірге жергілікті тарихшылар да шақырылды. Жиналған қауымды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момынжан Исламов бастаған қызметкерлер қарсы алды. Ең алдымен ол қонақтарды аталған шараның мазмұнымен қысқаша таныстырып өтті.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын ұсынғаны бәрімізге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Осыған орай елге, жерге деген жаңа көзқарастар қалыптаса бастады. Туған өлкенің қыры мен сырына қанығу – ұлттық тарихқа ден қою деген сөз. Сондықтан, өлкетану саяхатына сіздердің де араласып, куә болғандарыңызды қаладық. Ендеше, туған жер табиғатын бірге тамашалайық, – деді М. Исламов.
Ары қарай өзімізге бөлінген көліктерге отырып жолға шықтық. Алғашқы бағытымыз – атақты Есік көлі. Ол теңіз деңгейінен 1714,5 метр биіктікте жатыр. Тау бөктерімен қиялап өрлеп келеміз. Күз мезгіліне қарамастан табиғаттың бояуы қанық. Өзіндік өрнектермен ерекшеленеді. Мәңгілік жасыл түстен ажырамайтын қарағайлар мен шыршалар көз жауын алады. Оған қайыңдардың алтын жапырақтарын қосыңыз. Ғажап әлемге тап болғандай әсерге бөленесіз.
Көлікте отырған сапарластардың бірі – аудандағы «Елім-ай» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жаңаберген Мұхамедов. Үкіметтік емес бұл ұйым кезінде оралмандарға қол ұшын беру мақсатында құрылыпты. Қазір аудандағы мәдени және әлеуметтік шараларға белсене қатысатын ұжым. Бірталай жасты еңсергеніне қарамастан Жаңаберген ағамыздың қимылы ширақ. «Джиптің» рөлін тізгіндеп келеді. Екінші адам – аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов. Жергілікті баспасөзді басқарғанына ширек ғасырдан асқан. Жасы жетпістің ортасында. Үшінші серіктесіміз – жергілікті қаламгер Шаяхмет Құсайынұлы. Көпті көрген қариялар әдемі әңгімелерімен жолды қысқартып, өлке тарихымен таныстырып отырды.
– Ғалымдар Есік көлін 8-10 мың жылдар шамасы бұрын тау жыныстарының тектоникалық ығысуынан пайда болған деп болжайды. Еріген тау мұздықтары бөгеттерге құйылып, оған қардың, жауынның суы қосылып айдынды көлге айналған. Кезінде Есік көлінің даңқы әлемді шарлады. Бүкілодақ басшылары тұрмақ, шетел Президенттері де талай рет қонақ болыпты. Қазір де сол мәртебесіне қайта оралатын мүмкіндігі бар, – деді олар өз пікірлерін жарыса білдіріп.
Өкініштісі сол, 1963 жылы 7 шілдеде болған алапат тасқын сұлулықты ойрандап кеткен. Сол кездегі сәні мен салтанаты жарасқан демалыс үйлерінің үңірейген орындары көп жайдан хабар беріп тұр. Бүгінгі таңда Есік көлінің көлемі кішірейгенімен, оған келушілердің легі ешқашан толастаған емес.
Әйгілі саяхатшы П. Семенов-Тяньшанский бұл көлді Іле Алатауының інжу-маржанына теңеген екен. Оның растығына тағы бір көз жеткіздік. Егер көрсетілетін қызметтерді заманауи талаптарға сай ретке келтірсе, мұнда туристер санының молая түсуіне мүмкіндіктер көп.
Келесі кезекте саяхатшылар керуені Түрген шатқалына атбасын бұрды. Үлкен сайдың екі жағы жасыл желекпен көмкерілген. Оның арасында не жоқ дейсіз?! Қылқан жапырақты ағаштарымен бірге, жабайы өскен жемістердің түр-түрі кездеседі. Табиғаттың өзі жомарт қолымен қыруар байлықты осы араға төгіп тастаған сияқты.
Біз мұнда киелі бұлақты кездестірдік. Қайнардың түбі тұп-тұнық, айнадай жарқырайды.
– Қанеки, бері келіңдер. Ыдыспен іліп ал да сіміріп жібер. Денеңді сергітіп, бойыңа қуат береді, – дейді осы өңірдің тумасы, зейнеткер ұстаз Нұр Малбеков ағамыз.
Бұлақ басындағы ақ шүберектер байланған ағашқа көзіміз түсті. Жергілікті халық бұл орынды кие тұтқан. Тіпті, ел ішінде жүрген мынандай бір аңыздарға да құлақ түрдік. «Ертеде ауруына ем іздеген шал мен кемпір осы бұлақтың басына келіп түнейді. Суына шомылған кейуана таңертең оянып таңғалыпты. Науқасынан жазылмақ тұрмақ, мүлдем жасарып кеткен. Шалы да ауруынан құлан таза айығыпты». Бүгінгі таңда да киелі бұлақтың қасиетіне сенетіндер аз емес.
Бұдан кейінгі сапар бағыты сақ қорғандарына қарай бұрылды. «Алтын адам» табылған аймақтың әр қыртысы тарих. Көне жәдігерлерге бай. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстары ешқашан тоқтап көрген жоқ. Бұл аумақ Есіктен Талғарға шығатын тас жолдың бойында. Аудан орталығынан 5 шақырым қашықтықта. Ол жерден қарасаңыз шығыстан батысқа қарай созылған ежелгі үш қамалдың орны байқалады. Жәдігерлердің көлемі әртүрлі болғанымен құрылысы мен құрылымдары бірдей.
Археологтар қазба жұмыстарының қолда бар деректеріне сүйене отырып, бұл маңда сақ дәуірінің үлкен орталығы болғанын болжайды. Сонымен қатар, Есік қорғандарының жасалу уақытымен сәйкес келетін мәдени қабатты да тапқан. Осының бәрі келушілерді, көрушілерді өзіне тартып қызықтыра түседі.
Өлкетану саяхатын қорытындылайтын нүкте «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі болды. Аталған музей 2011 жылы пайдалануға берілді. Мұндағы жәдігерлердің саны 3000-нан асады. Өзіндік мүмкіндіктері бар ғылыми орталыққа айналды. Алыс-жақын шетелдермен әріптестік байланыстар орнады.
Ұлы Жібек жолының бойындағы қорық-музей мәдени туризмді дамытуға ықпал ететін маңызды нысандардың қатарында. 80-нен астам қорғандар, «Рахат», «Өрікті» және «Талғар» сынды ежелгі қалашықтар орны қазір музейдің қарауында.
- Бүгінгі таңда біз шетелдік әріптестермен бірігіп жұмыс істеудеміз. Олар беймәлім болып келген жұмбақтардың жауабын іздеуде. Мәселен, «Алтын адамның» әшекейлеріндегі жазуды дүниежүзі ғалымдарының ішінде әлі ешкім оқи алмайды. Осы құпияларды ашатын жәдігерлер табылса деп үміттенеміз. Жоғарыда аталған қорымдарды көздің қарашығындай сақтау керек дейтініміз сондықтан. «Алтын адамды» өз қолымен табыттан шығарған атақты археолог Бекен Нұрмұханбетов атамыз өмірінің соңына дейін осы музейде, бізбен бірге қызмет істеді. Тәлімін көрдік. Тәрбиесін алдық. Өз ұлтын жанындай сүйген ондай адам өте сирек. Сондықтан атамыздың жұмыс бөлмесін мәңгілік өзіне қалдырдық. Ол да музейге қосылып, құнды жәдігерге айналды. Мінеки, бір күннің өзінде-ақ сіздер талай нәрсеге қанықтыңыздар. Өлкетану саяхаты мұнымен шектелмейді. Оның жалғасы әлі алда. Өйткені, бай өлкенің қыры мен сыры бәрібір келушілерді қызықтырмай қоймайды, – деді музей қызметкері Досым Зікірия.
Естіген-білгенімізді көзбен көріп, көңілге түйдік. Әлемді кезіп, дүниенің төрт бұрышын түгендеген дұрыс. Алайда өз өлкеңді іздеп, атамекеніңді таныған одан да жақсы. Алыс-жақын ағайынға шежіреңді шертіп, тарихыңды айтып отырсаң қандай ғанибет! Ол – бабалар рухы алдындағы бір парызың. Өлкетану саяхатынан біз осындай оймен оралдық.
Болат МӘЖИТ,
"Жетісу"
Несмотря на ярко выраженную промышленную направленность в экономической специализации, в районе развивается туристская отрасль.
Благодаря своему расположению Енбекшиказахский район имеет все шансы стать одним из центров по развитию туризма в Алматинской области. Район расположен в юго-восточной части Заилийского Алатау. На территории района находится часть Иле-Алатауского государственного национального природного парка площадью 63,5 тыс.га. В границы района входят ущелья Заилийского Алатау: Тургенское ущелье со знаменитым Асы жайлау и форелевым хозяйством, Есикское ущелье с одноименным высокогорным озером. На территории района был найден Золотой человек, ставший олицетворением мужества защитников земли, на которых жили предки сегодняшних казахов.
Объекты туризма – городище Лавар, Сакские курганы, петроглифы (святилище) плато Асы, Тургенсое ущелье, Есикское озеро, музей «ЖетиКазына» в селе Нура, РГКП «Государственный историко-культурный заповедник-Музей «Есик», Центр детско-юношеского туризма и экскурсий Енбекшиказахского района, ремесленный музей Уста Даркембая.
Благоприятные географические и климатические факторы в Енбекшиказахском районе позволяют создать горнолыжный комплекс, который может составить всесезонную туристско-спортивную курортную зону. В перспективе планируется строительство многопрофильного спортивно-туристского комплекса по горнолыжному туризму. Место реализации проекта – плато Ойкарагай в Тургенском ущелье.
В сфере туризма функционируют 18 объектов. За 9 месяцев 2018 года объем платных туристических услуг составил 63,2 млн.тенге и было обслужено 75 407 посетителей.
Главной перспективной деятельностью в сфере туризма является строительство горнолыжного курорта ТОО «Экстремал Спорт Туризм» с общей стоимостью проекта 732,7 млн.тенге. Строительство данного курорта осуществляется в городе Есик, Енбекшиказахского района с 30 рабочими местами в период строительства и 50 рабочими местами в период эксплуатации. Ожидаемая пропускная способность горнолыжного курорта составляет 10 000 человек в день.
Также, перспективной деятельностью в сфере туризма является кемпинговый лагерь ТОО «Рафт Сервис». Лагерь находится на реке Шелек, Малыбаевского сельского округа. Общая стоимость проекта составила 20,0 млн.тенге, создано 15 новых рабочих мест. Отличительной чертой ТОО «Рафт Сервис» является то, что река Тургень довольно широка и живописна. Она не сложна для сплава даже для людей, не имеющих специальной, спортивной подготовки. Сплав по реке Тургень интересен как для опытного спортсмена, так и для новичка и вызовет небывалый выброс адреналина.
Динара Тюлемисова
Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.
Аудан әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген. Аудан әкімінің сайтына ауданда орналасқан туризм нысандары мен бағыттары орналастырылған.
Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған.
Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.
Мәселен, Құлжа тас жолы ретке келтіріліп, туристік бағыттағы бірталай жолдары жөндеуден өткізіліп, үш тілде жол көрсеткіштер орналастырылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы жүргізілді. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалып қойылған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында велосипедпен серуендетуге мүмкіндік береді.
Осымен қоса, ауданымызда орналасқан Шарын шатқалына апаратын 10 шақырым автожолына биылғы жылы облыс орталығынан 500,0 млн.теңге қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған.
Жол инфрақұрылымынан бөлек, біз туризмнің басқа да инфрақұрылымдарын дамытудамыз. Мысалы, ауданда 7 қонақ үй, 1 қонақ жай үйі, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 2 демалыс орны жұмыс істеуде. Аталған нысандар ағымдағы жылдың тоғыз айында 75407 адамға қызмет көрсетіп, туристік сауықтыру қызметінің көлемі 63 млн. 200 мың теңгені құрады.(106,4 %)
Туристерді қабылдайтын нысандардың қызмет сапасын жақсарту мақсатында, тиісті жұмыстар алға қойылып, облыстық туризм басқармасының бастамасымен жыл басында Қапшағай қаласының «Виктория» қонақ үйінде туристерді қонақ үйге орналастыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары тегін өткізілген. Сонымен қатар, облыс орталығында ағымдағы жылдың 26-27 наурыз айында туризм саласында қызмет көрсететін субъектілерінің практикалық шеберліктерін арттыруға бағытталған мастер-класс өткізілді.
Ауданда табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар қызмет көрсетуде. Олар: туристердің арасында өте танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы, «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда.
Ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен:
Экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамытуда қолға алынды. Түрген ауылдық округінде «Камзолдаева» жеке кәсіпкері қымыз және шұбат сусындарымен, табиғи өніммен тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдарынан салынған 8 үйдің құрылысы аяқталып, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап іске қосылды.
Малыбай ауылдық округіне қарасты Шелек өзенінің бойында «Рафт Сервис» ЖШС-гі салмен жүзу спорты негізінде, кемпинг лагерьінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, іске асырылды. Жалпы жобалық құны 20,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны құрылды.
Саймасай ауылдық округінде «ASSORTI RANCHO» жеке кәсіпкері тарапынан 2017 жылы жалпы инвестициялық құны 30,0 млн.теңге болатын жаңа 12 жұмыс орнымен қамтылған демалыс аймағын іске асырды.
«Экстремал Спорт Туризм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тау шаңғы инфрақұрылымының дамуын іске асыруда. Аумақтық үйлестіру кеңестің 2018 жылдың 06 ақпанындағы №1 хаттамасымен жоба ретінде өткізілді. Жобаның жалпы құны – 732,7 млн.тенге.
«Ескене» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» Республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жол жүрушілерді қабылдауға арналған заманауи, стандартқа сәйкес жол бойындағы қызмет көрсету кешенін салу жобасы, облыстық комиссиядан инвестициялық жоба ретінде оң шешім алып, бүгінгі таңда сұралған жерінің құжаттары рәсімделуде. (жоба құны 600,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны ашылмақ )
Динара Тюлемисова
Лидер нации, председатель партии «Нұр Отан» Н.А.Назарбаев презентовал обществу «Пять инициатив Президента».
Хотелось бы отметить, что наш Президент, как дальновидный политик и стратег, в полной мере делает все возможное для народа Казахстана, для повышения благосостояния всех казахстанцев. Благодаря его программе «Пять инициатив Президента» появится возможность получить ипотечный кредит со ставкой вознаграждения не более 7% годовых, доступное и качественное высшее образование, улучшить условия проживания студенческой молодежи .
Долгосрочные стратегии, озвученные в Посланиях и программах Главы государства Н.А.Назарбаева, позволят нам, гражданам быстро развивающейся и процветающей страны, с активной поддержкой начинаний нашего Президента, сделать новый, еще более масштабный шаг по пути социальной модернизации.
К.БАЙГОДЖАЕВ,
первый заместитель председателя Енбекшиказахского районного филиала партии «Нұр Отан».
Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәде-ниет үйінде «Жан жылуы» атты қайырымдылық концерт өтті сәуірдің жиырмасында.
Игі шараны ұйымдастырған – Абылай хан атындағы орта мектеп ұжымы. «Өзгені де ойлаған – адамдықтың белгісі» демекші, қайырымдылық концерттің мақсаты да зәру жандарға, дәлірек айтсақ, бүл-діршіндерге қол ұшын созу. Қолдау. Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған кештен жиналған қаражат та сол мақ-сатқа жұмсалмақ. Ол турасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Досымханова: «Қайырымдылық концерт деп аты айтып тұрғандай, жиналған қаражатты мектебіміздегі жетім, жартылай жетім, отбасылық жағдайы төмен оқушылардың жазғы демалысының дұрыс ұйымдастырылуына жұмсаймыз. Концерттің билеттерін шығаруға жәрдем еткен ата-аналарымыз бар, кішкентай өнерпаздарымыз бар, бәріміз бірлесе атқарып отырған берекелі іс болмақ», – деді. Олай болса құба құп. Осы концертте бар өнерлерін ортаға салып ән шырқап, мың бұрала би билеген жас өрендер мен аудан өнерпаздарының еңбегін жоғары бағалаған жөн болар. Жақсылық жақсылыққа жалғассын...
Алмагүл НҰҒМАН.