Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың су жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын іске асыруға бағытталған дөңгелек үстел өтті.
Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда ұлы даланың жеті қырын: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Аң стилі» деп бөлінген.
Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіровтің айтуынша, бұл мақала президенттің қазақстандықтардың рухани баюына арналған екінші қадамы.
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Міне осылай басталатын мақаладан әр қазақтың баласы ерекше шабыт алды деп ойлаймын. Себебі, онда біздің тарих, мәдениет, ата-баба өсиеті ерекше көрініс тапқан. Бұл президенттің халықтың рухани баюына арналған екінші қадамы»,- дейді ол.
Аталған жиынға БАҚ өкілдерімен қоғам белсенділері қатысты. Өз ойын ортаға салған І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қасабек, мемлекетіміз үшін аса өзекті және стратегиялық маңызды тақырып көтерілгені туралы айта кетті.
«Ендігі біздің міндетіміз - осы құжаттың түп-төркінін, мәнін жастарға жеткізу. Және олардың жүрегіндегі қазақилықпен патриотизмді күшейту болып отыр», - дейді профессор.
Жарық көрген жаңа мақаланы жан-жақты талдап үргерген облыстық екі газет «Жетісу» және «Огни Алатау» редокторларыда өз пікірлерімен бөлісе кетті. «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идиговтың ойынша, ұлт көшбасшысының барлық жазған мақалаларымен жолдаулары қазақ елінің өркендеуі үшін жасалған. Осыған сәйкес еліміздің дамығын 30 елдің қатарына кіруі де алыс емес.
- Ұлы даланың ғажайып өркениеттері туралы жазылған мақала барлығымызды қуантты. Өйткені, шын мәнінде біз ұлы дала мұрагерлеріміз. Сондай-ақ, осы даладан әлемнің түкпір –түкпіріне біздің өркениет тараған»,- дейді «Жетісу» газетінің редакторы Әміре Әрін.
Меруерт Махмұтжан
Халқымыз ежелден-ақ қаһарманына құрмет көрсетіп, ұрпағына үлгі ете білген. Сол дәстүрді жалғастырып, Көктөбе орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Әсет Жанысбаевтың ұйымдастыруымен Гиннестің рекордтар кітабына енген, халықаралық спорт шебері, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагері, халық арасында «Жан ата» деген атпен танылған Иван Ивановпен, Ұлттық ұланның запастағы полковнигі Ерлан Алданазаров және Қаракемер ауылындағы Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Оспановпен кездесу өтті.
Мақсаты – қазіргі заман батырларын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан сүйгіштікке, елжандылыққа баулу, ерлікке шақыру, спортқа қызығушылығын арттыру болды. Кешке аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және АӘД пәндерінің әдіскері Қайрат Әукен, мектептің ардагер ұстазы Айша Сүлейменова, «Ұлттық ұлан» әскери институ-тының түлектері және ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Алдымен сөзді жастайынан спортты жанына серік еткен, сексенге келсе де сыр бермеген,сегіз мәрте рекорд жасаған Жан ата бастады. Балалар үйінде темірдей тәртіпте тәрбиеленгендігінен бастап, спортқа қалай келген-дігін, ерліктері мен көрген қиындықтарын баяндап берді:
– Қырық жылдан астам адамның ерекше қасиеттерін зерттеумен айналысып келемін. Күн сайын таңертең 7 шақырым жүгіріп, 2-3 сағат жаттығу жасаймын. Қыста 15 градустық аязда суық суда шомылып, жалаңаш 30-40 минут серуендеймін. Алғашқы рекордымды 1992 жылы 4444 рет отырып тұрудан жасадым. Одан кейін 2014 жылы шеге қағылған ағашты 4 жарым сағат ішінде 9000-нан астам, 2015 жылы 5 келілік темірді 11111 мәрте көтеріп, Гиннес кітабына ендім. Ұзындығы 118 метр жұқа тақтайдың үстінен тез жүгіріп өтіп, әлемдік рекордты жаңарттым. Сондай-ақ психологиялық кітаптар оқып, әр тұлғаның мінез-құлқын, көңіл-күйі мен мүмкіндіктерін зерттеудемін. Адамзаттың қолынан келмейтіні жоқ, ол өзі ойлағаннан да зор қабілетке ие, тек, соны түсініп, өз-өзімен жұмыс істеуі керек, – деп залда отырғандарға үлкен ой тастады.
Содан соң, Ерлан Алданазаров пен Руслан Оспанов қызығы мен қиындығы қатар жүретін әскери қызмет туралы айтып, мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. Қатысушылар сұрақ қойып, тұщымды жауапалды.
Шара соңында ел мақтаны-шы, қаһарман атамыз батасын беріп, осы уақытқа дейінгі жасаған рекордтары жас ұрпақтың қамы үшін екендігін,тәні саудың - жаны сау болатындығын ұғынғанын, спортпен айналысып, шыныққанын қалайтындығын білдірді.
Ел – ерін тануы тиіс. Жастарға берері мол осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса, Отанының жанашыры болатын, өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын, дені сау әрі білімді ұрпақ тәрбие-ленетіне сенім мол.
Жансая ЫСҚАҚ.
Создание комфортной среды проживания, модернизация социальной среды сельских территорий, реализация потенциала АПК, определенные в Послании Главы государства Нурсултана Назарбаева «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни», впрямую отвечают задачам развития сельских округов.
Жанашарский сельский округ, в состав которого входят села Жанашар, Космос, Базаргельды и 14 садоводческих обществ, имеет чисто аграрную специфику. Кроме самого значительного агропредприятия АО «АПК «Адал», в котором трудятся 600 человек, экономику округа в основном представляют 166 крестьянских хозяйств. В малом и среднем бизнесе насчитывается 65 действующих субъектов с численностью работающих 250 человек. Наиболее крупные среди них, обеспечивающие занятость и поступление налогов, являются ТОО «МикоФармаДент», ТОО «Олимпийский», ПК «Аксу». Из 7,5 тысяч жителей 3,5 тысячи человек трудоспособного возраста, в том числе 3278 занятых и 1213 самозанятых. Значимые объекты социальной сферы округа: две средние и одна начальная школа, два детсада, дошкольный мини-центр, две СВА и фельдшерско-акушерский пункт, дом культуры. Несмотря на положительные сдвиги последних лет в сельском хозяйстве, развитии инфраструктуры, многие проблемы сельской «глубинки» требуют разрешения: ремонт школ и амбулаторий, реконструкция водоснабжения, межпоселковой трассы, обеспечение занятости. Мы попросили ответить на самые актуальные вопросы акима округа Жана КУРАМЕТОВА.
– Жан Бауыржанович, профилирующая отрасль Жанашарского округа, как и остальных в нашем районе – сельское хозяйство. Насколько активно вкладываются в сельхозпроизводство инвестиции, реализуются инновационные проекты в животноводстве, растениеводстве?
– Специфика местных сельхозугодий такова, что из-за избытка грунтовых вод почти невозможно развитие такой перспективной отрасли, как садоводство. Наши хозяйства выращивают в основном овощи, кормовые культуры, молочное животноводство сосредоточено в частном секторе. Локомотив экономики округа АО «АПК Адал», ввело в эксплуатацию крупнейший в СНГ животноводческий комплекс на 1,5 тысячи дойных коров, молочный завод ежедневно перерабатывает до 150 тонн сырья, изготавливает 32 наименования молочной продукции. Это «якорное» сельхозпредприятие округа, в котором, кроме животноводства и переработки, реализуются инновационные программы сортоиспытания гиброидной кукурузы и сои лучших казахстанских и мировых сортов. АО «АПК «Адал» вошло в научно-производственный кластер кукурузоводства и соеводства, является партнером КазНАУ и других вузов РК, сербского НИИ «Земун поле» по выведению сортов кукурузы и сои с высоким генетическим потенциалом. Отмечу, что АО «АПК «Адал» также выиграло тендер по поставкам поливной воды крестьянским и фермерским хозяйствам округа. Надеюсь, что многолетний вопрос, с поливным водоснабжением, конфликтные ситуации вокруг него будут разрешены.
Хозяйство «Эр догмуш» за счет собственных инвестиций построило животноводческий комплекс, в который входит МТФ на 200 коров, откормплощадка на 250 голов КРС, запланировано приобретение еще около 500 голов КРС молочно-мясного направления, действуют птицеферма, прудовое хозяйство, заложен молодой сад по интенсивным технологиям.
– Согласно «Концепции региональной программы развития АПК Енбекшиказахского района», разработанной под руководством акима района Бинали ЫСКАКА, в животноводстве упор делается на семейные МТФ с поголовьем свыше 50 коров. В каждой МТФ предусматривается создание молокоприемных пунктов. Есть ли в вашем округе такие примеры?
– Наши крестьянские хозяйства создают мини-фермы, поставляя молоко перерабатывающим предприятиям. Среди них КХ Бейбута Теменова, КХ «Мамонов», Д.Матрузиева. КХ «Тогжан» по программе «Кұлан» приобрела лошадей на 10 миллионов 700 тысяч тенге, разводит племенное поголовье.
Сельчане готовы активно участвовать в госпрограммах молочного и мясного животноводства «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» внедрять иннвационные технологии, улучшать породный состав скота и его продуктивность.
Наш аграрный сектор имеет хорошие перспективы экспортоориентированного животноводства. Мясо-молочное направление сельхозпроизводства в округе, где выращиваются многолетние травы, кукуруза, соя, наиболее перспективное. Скот имеется почти в каждом подворье, в целом жителями содержится 4,5 тысячи голов КРС, до 300 лошадей, производится и молоко, и мясо. В этой связи роль государственного регулирования АПК крайне важна.
– Насколько динамично в округе развивается малый и средний бизнес?
– Предпринимательство в основном представлено торговлей, общепитом, бытовым сервисом, недавно вошли в строй общественная баня, парикмахерская, аптека, еще один мини-маркет. Но экономика МСБ зависит от индустриально - инновационного развития. Поэтому в округе также намечена реализация ряда проектов по строительству лимонадного, пивного цехов, плодоовощехранилища. Индивидуальный предприниматель А.Низаметдинов Алик планирует построить завод по производству кирпича, инвесторы из Алматы намерены вложить средства в строительство завода минеральной воды на сумму 365 млн. тенге.
– Вечно проблемный вопрос – состояние сельской инфраструктуры. Какие положительные сдвиги уже произошли и какие вопросы нуждаются в разрешении?
–По госпрограмме «Развитие сельских территорий» и «Дорожная карта занятости-2020» проведен текущий ремонт улиц в с.Жанашар и с.Космос, благоустройство территории дома культуры в с.Космос, сделана дорога к детсаду «Көктем», в с.Космос построен скотомогильник. По программе «Ақ бұлақ» реконструирована водонапорная башня в с.Космос. В нижней части селах Жанашар и Космос ликвидированы стихийные свалки, действуют предприятия питьевого водоснабжения ТОО «Ақсу» и по вывозу мусора ИП «Эпос».
Село Жанашар остро нуждается в реконструкции водопровода. Мы подали заявку на включение в программу питьевого водоснабжения «Ак булак». Причина веская. Протяженность водопроводных сетей составляет 25 км, которые были построены и сданы в эксплуатацию в 1976 году. Водопроводные сети на 75 % изношены. В ближайшие годы по программе «Ақ бұлақ» планируется замена водопроводных труб в селах Жанашар и Базаргельды. Также требуется реконструкция водонапорных башен в с.Жанашар. Паводки в 2017 году показали, что для безопасности сел необходимо дополнительное проведение берегоукрепительных работ на р.Кашкан-Талгар. В соответствии с генеральными планами с.Жанашар, с.Космос, с.Базаркельды отведены территории под новые массивы ИЖС.
– Социальная сфера Жанашарского округа меняется в лучшую сторону, на принципе государственно-частного партнерства были открыты детсады в с.Жанашар и с.Космос, за счет государства отремонтирован дом культуры в с.Космос. Что жители округа считают самым необходимым в настоящее время?
– В капитальном ремонте нуждаются средние школы в с.Жанашар и с.Космос, не удовлетворяет материальное состояние начальной школы в с.Базаргельды. Акиматом подана заявка на строительство средней школы в с. Базаркельды, откуда сейчас идет подвоз учеников в средние школы других сел. Также необходимо улучшение условий здравоохранения. В связи с ростом населения и износом зданий, в которых расположены медучреждения округа, подана заявка на строительство амбулаторий в с. Жанашар и с. Космос, ФАПа в с. Базаркельды. Отведена территория под строительство ветеринарного пункта и пункта участковой полиции.
По программе «Балапан» в 2016-17 годах были построены детские сады: предпринимателем Русланом Османовым детсад на 150 мест в с.Жанашар, и в с.Космос семьей Азимбаевых на 35 мест. Это самые необходимые для округа детские учреждения. Однако в округе 877 детей дошкольного возраста, естественный прирост населения в год – 120 человек, а детсады и дошкольные мини-центры посещают около 200 детей, охват дошкольным образованием – 22%.
– Жанашарский округ имеет огромные потенциальные возможности для организации туристического бизнеса, прекрасные возможности развития экотуризма. Насколько широко они используются?
– Предпринимателем Валерием Плахотниковым открыта зона отдыха на озере Октябрьское. В летний период ее посещают тысячи алматинцев и жителей района. Под руководством Алматинского областного и Алматинского городского акиматов здесь проводился международный эко-этно фестиваль, в котором приняли участие около 10 тысяч человек, был организован массовый благотворительный фестиваль «Молодые горы». У туризма есть перспективы. Думаю, в таких заповедных местах, с чистым воздухом и водой, открытие туристических объектов дело времени.
– Ваш округ славится крепкими традициями дружбы, масштабным проведением культурных мероприятий. Опыт жанашарцев в формировании атмосферы добрососедства и и взаимопомощи не раз освещался в местных и республиканских СМИ.
– В доме культуры села Космос, которым руководит Байболат Молдагалиев, в данный момент работают кружки домбры, танца, бокса и дзюдо.
В течение года был проведен ряд мероприятий, в которых активно принимали участие культурные центры округа, такие как турецкий, уйгурский, славянский, которые ведут работу по укреплению межнационального согласия и патриотического воспитания. Общественное объединение «Жанашар» сплотило жителей всех национальностей. Жанашарцы вместе отмечают и Наурыз, и Масленицу, государственные праздники, участвуют в субботниках по саночистке и благоустройству, организуют спортивные и культурные мероприятия, помогают участковым инспекторам полиции следить за общественным порядком. В с. Жанашар с участием ОО «Жанашар» был построен стадион, открыта секция по дзюдо в СШ имени Т.Рыскулова.
По инициативе директора подразделения по сельскому хозяйству АО АПК «Адал» Медетхана Игиликова собрана команда по волейболу среди ветеранов, которая ежемесячно проводит соревнования в доме культуры с. Космос. Команды по футболу и волейболу организовала молодежь. Воспитанники тренера СШ имени Т.Рысқулова по қазақша күрес и дзюдо Леонида Орлова занимают призовые места в республиканских и областных соревнованиях. Среди них есть чемпионы республиканских и международных турниров.
– Эффективно ли работает местное самоуправление?
– Вместе с представителями местного самоуправления мы обсуждаем текущие вопросы по благоустройству, помощи малоимущим, правопорядку, стараемся помогать участковым инспекторам полиции, для которых выделено помещение в ДК с.Космос. Выделен земельный участок под строительство нового опорного пункта полиции со служебным домом в с. Жанашар. Накануне праздничных дней, проходят благотворительные мероприятия и выдаются бесплатные продукты питания, ценные подарки малообеспеченным, одиноким пенсионерам и детям -инвалидам.
За активное участие в мероприятиях и спонсорскую помощь хочу выразить благодарность АО «АПК «Адал», КХ «Эр догмуш», предпринимателям Мамлуду Наниеву, Каре Наниеву, семье Матецких, Б.Жунусову и многим другим сельчанам. Последние годы для казахстанцев были ознаменованы значительным продвижением в экономике, социальной, политической жизни. По мере возможности мы ведем работу в рамках основополагающих стратегий и программ, выдвинутых Президентом и Правительством Казахстана.
Подготовил И.ТУРАНИН.
На снимках: аким округа Жан Кураметов; день поля в АО «АПК «Адал»; общественная баня пользуется спросом; детсад в с.Жанашар.
Баланың өмірге келуі ғажап дүние. Десек те, алдында не күтіп тұрғанын болжау қиын. Кей бала тағдырдың жазмышымен жетім атанса, кейбірі ата-ананың тастап кетуінен тірі жетімге айналады. Бұл – бүгінгі қоғамның ащы шындығы. Өмірдің осы келеңсіз тұстары көрініс тапқан «Жазығым не менің, Ана!» атты драма мюзиклін Рахат №1 орта мектебінің 6-сынып оқушылары көрермен назарына ұсынды.
Дүниеге келген кез-келген сәби алғашқы қадамдарын, сөздерін, іс-әрекетін әкесі мен анасының қолдауымен жасайды. Өкінішке қарай, сәби үшін маңызды осы жетістіктерінің, тіпті олардың өмірде бар-жоғының ата-анасын қызықтырмайтын жағдайлармен де ұшырасып жатамыз. Баласын тағдыр тәлкегіне тастаған жауапсыз ана, санасыз әке, қатігез қоғам, тастанды бала... «Жазығым не менің, Ана?» драма-мюзиклінде қозғалған тақырып ешкімді бей-жәй қалдырмады. Мақсаты да сол – жауапкершілік жүгінің қаншалықты ауыр екенін жеткізе отырып, көрерменге ой салу. Осы тұста қойылымды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботакөз Шәрібек пен ұстаз үмітін ақтаған оқушыларының ерен еңбегін атаған жөн. Көрермен мен мектеп ұжымының сұрауы-мен аталған қойылым мектеп сахнасында бірнеше мәрте қайталанып қойылды. Бүгінгі таңда сахна мәдениеті мен міндетін біршама меңгеріп, тө-селіп қалған оқушылар Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының негізінде «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» драма-мюзикліне дайындық үстінде.
Әмина Талқамбаева,
6 «А» сынып оқушысы.
Қайырымдылық – қазақтың қанына сіңген қасиет. Ата-бабаларымыз сауапты да, жауапты амалдың бірі мұқтажға қарайласуды өзіне міндет санап, жесірін жылатпай, жетімін қаңғыртпай, қайтыс болған туысының әйелін әмеңгерлікпен алып, ешкімге кіріптар қылмаған. Сол себепті де қазақ даласында «Жетімдер үйі», «Қарттар үйі» мүлдем болмаған. Заманнан ба, адамнан ба, өкінішке қарай, бұл сабақтастық жалғаспай отыр. Керісінше, ойнап жүріп от басқан көкек аналар мен жауапкершіліксіз әкелердің кесірінен тірі жетімдер саны артуда. Бұл тексіз ұрпақ дүниеге келді деген сөз, ал оның арты ел болашағына қауіп төндірер дерт болары анық. Аталған індетті алдын алып, қамқорлықсыз қалған сәбилерге қорған болуға,отбасы жылуын сыйлап, бала асырап алуға бағыт-бағдар беруді көздеп, жетімдер үйін азайту мақсатында Облыстық білім басқармасының бастамасымен 2016 жылы «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жоба туған.
Аталған бағдарлама аясында жақында О.Жандосов атындағы орта мектебінде ұжымның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты шара өтті. Кеште аудандық білім бөлімінің маманы – Алмагүл Дүйсебекова, жер қатынастар бөлімінің бас маманы – Руслан Қожаев, отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиешісі – Роза Есенова мен патронаттық ана – Любовь Ершова және Қызылжар ауылдық мешітінің имамы – Сұлтанбек Кәрібаев қонақ болды. Жиын барысында Алмагүл Ануарбекқызы жоба мақсатын түсіндіріп, 31 баланы қамқорлығына алған Есеновтер отбасы мен 7 жеткіншекті жеткізіп, мейірім төгіп отырған Любовь Ершованың жанұясын та-ныстырып, көпке үлгі етті. Өз сөзінде:
– Ауданымыз бойынша 342 жетім бала бар. Оның 296-сына қамқоршылық және қорғаншылық белгіленген, 20 бала патронаттық отбасында тәрбиеленсе, 11-і отбасылық үлгідегі балалар үйінде, 4-еуі бала қабылдаушы жанұяда, 11 жеткіншек Шелек ауылындағы мамандандырылған балалар үйінде тәрбиеленуде. Аталған жоба арқасында 20 бала отбасын тауып, ата-ана жылулығын сезінуде. Сіздер де бір жетімге қамқорлық көрсетіп, мейірімділік танытамын деген ниеттеріңіз болса,бізге хабарласып бар мән-жайды сұрасаңыз болады, – деп, әр сәби толыққанды отбасында тәрбиеленуін тілейтіндігін білдірді.
Кеш соңында ауылдағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге мектеп ұжымы мен жеке кәсіпкерлер демеушілігімен сыйлықтар ұсынылды. Мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалап, әрі кең жүректі, жомарт жандардың қайырымдылығы мен мейірімділігіне сүйсініп қайттық.
Жансая ЫСҚАҚ.
Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші – жастар екендігі ақиқат. Еліміз егемендігін алып, етек жиған сәттен бастап Елбасымыз жалынды жастарға жанашырлық танытып, қажет сәтте қамқорлық көрсетіп келеді. Дегенмен, бүгінге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан күрделі мәселелерді де жоққа шығара алмаймыз. Мемлекет басшысы тұтастай бір жылды «Жастар жылы» деп атауының өзі аса маңызды қадам деп білемін. Жастардың түрлі жобаларды жүзеге асыруына, жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуға, саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар жан-жақты жетіледі деген сенім зор. Жұмысымның басым бөлігі шығармашылық бағытта болғасын, креативті ойлауды мақсат тұтқан жастың бірі ретінде білімді жетілдіру үшін қолжетімді, бағасы тиімді бағдарламалардың, әсіресе, бірнеше күндік жаңа форматтағы тренингтердің көбейгенін қалаймын. Шығармашылықпен айналысатын, елдің әдебиеті мен мәдениетіне, руханияты мен тарихына қызығатын замандастарыма көңіл бөлінсе деген ниеттемін.
Президентіміздің «Табысыңның өскенін қаласаң, еңбекқор болуың қажет!» – деген сөзі бар. Біз, жастар, тынбай талаптанып, сенім артқан үмітті ақтап, жұмысымызды еліміздің дамуына апарар маңызды істің бөлігі деп білсек, зайырлы мемлекет ретінде көздеген мақсаттарымыз алыс емес.
Жансая ЫСҚАҚ
Дүниежүзілік сарапшы ұйымдардың берген мәліметінше 1 туристік қалада 2 сағатын өткізген 100 мың турист 350 мың АҚШ доллары көлемінде пайда әкеледі екен. Айталық, Малайзия еліне бір жылда тек туристік мақсатта 24 млн адам келеді және бұл елдің осы саладағы табысы 20 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Демек, экономикалық серпіліс сыйлайтын туризмге ауданымыз да қауқарлы. Дархан даласы, мақпал ауасы, көрсе көз тояр көрікті жерлері, өзен-көлдері баршылық. Ал дамуына не кедергі? Бұл ретте, ауданымыздағы туристік және экскурсиялық орталық директоры Мұрат Ақаевты сөзге тартқан едік.
– Құрметті Мұрат Тілепбердіұлы, бүгінде өзіңіз аудандағы балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығын тізгіндеп отырсыз. Орталық аудандағы туризмді дамытуға қаншалықты үлес қосуда?
– Ауданымызда 1967 жылы «Алматы облыстық балалардың туристік-экскурсиялық станциясы» құрылды. Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданының 14-қосымша білім беру педагогы жұмыс істейді мұнда.Аудан мектептерінен қосымша білім беру үйірмелеріне 508 бала тартылған.Ұжымымыз туризмнің 11 бағыты бойынша жұмыс жүргізеді. Атап айтсақ, «Жаяу туризм», «Вело туризм», «Спорттық жартасқа өрмелеу», «Туристік көпсайыс», «Спорттық бағдарлау», «Тарихшы-өлкетанушылар», «Географ өлкетанушылар», «Әдеби өлкетану», «Жас археологтар», «Мектеп мұражайы-ның белсенділері»,«Жас экскурсоводтар». Мұның әрбірі бойынша жас буын өз ауданының, туып-өскен өлкесінің кереметтерін көреді.
– Өскен өлкеміздің кереметтерін көрсету – рухани кемелденуге бас-тайды ғой. Осы ретте өлкемізді танудағы жұмыстарыңызды тарқа-тып берсеңіз...
– «Жалпы жұртыңды,иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,табиғатын танудан,адамдарын ардақтаудан басталады» – деген Елбасының қағидалы сөзін тілге тиек ете отырып, жоғарыдағы аталып өткен 11 бағыттың ішіндегі «Өлкетану» бағыты бойынша атқарылған жұмыс ауқым-ды. Орталығымыз республика, облыс көлемінде өтетін жарыстар мен байқаулар-ға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргенін мақтанышпен айтамын. Мысалы, Текелі қаласында өткен «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік-экспедициялық жасақтардың облыстық слетіне қатысып, белсенділік көрсетіп, «Өлкетану блогының практикаға бағдарланған кезеңі» бойынша екінші орынды жеңіп алды. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Парктер шеруі-2018» республикалық шараға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.«Туған жер» бағдарламасы бойынша жүргізілген «Тарихы терең, табиғаты көркем – туған өлкем!» атты туристік-экологиялық танымдық жорық жобасы бойынша аудан мектептерінің жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайлары төмен және белсенді, дарынды 315 бала қамтылды. Оқушылармен Панфилов ауданындағы сакралды орындарға экскурсия ұйымдастырылды.Жоба мамыр айында «Алабында – Алтын адам туған мекен, Мен әрқашан өзіңді мақтан етем!» – атты фестивальмен қорытындыланып, Ақмола облысы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық семинар практикумда презентацияланды.Туристік орталықтың педагогы Ж.Бутимбаеваның жетекшілігімен «Туған жер. Алтын ұя – мектебім!» – атты жобасы қолға алынды. Зерттеу нысанына Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектеп және Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп алынды. Жоба негізінде мектептің тарихы, мектепті әр жылы бітірген еліміздің түпкір-түпкірінде елеулі еңбек етіп жүрген түлектер жайында жазылды. Осы мектептердің патриоттық клубтары зерттелді. Жоба аясында Қ.Орымбетов атындағы орта мектебінде «Туған жерге тағзым» атты мектептің әр жылы бітірген түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.Ақши ауылы Бөлек батыр атындағы орта мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қойнауы құт-береке – туған өлкем!» атты республикалық семинар өткізілді. Семинарға ҚР Білім министрлігі жанындағы «Жас патриоттар» Академиясының Президенті Тілдаш Би-туова қатысып, ой бөлісті.
Тағы бір айта кетерлігі, орталықтың қосымша білім беретін педагогтары шығармашыл оқушыларға көмек пен қолдау көрсетуге әзір. «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты ІІІ республикалық ту-ристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұ-мыстарының байқауына біздің үйірмеге қатысатын Р.Тоқатаев атындағы мектептің оқушылары «Туған жер» тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғап, 2 және 3 орындарды иеленіп, Қазақ спорт және туризм Академиясының 50% және 25% жеңілдігі бар оқу гранттарын жеңіп алды.
– Өз ауданымыздың кереметтерін көрсетуде, жас буынға патриоттық тәрбие беруде кедергілер бар ма Сіздерге?
– Кедергі деуге келмес, әйткенмен, бірқатар мәселелер көлденеңдеп тұрғаны шындық. Оның ішінде өз ауданымыздың «Іле – Алатау» Ұлттық паркіне қарасты экологиялық пост аумағына өту ақылы болу себебінен, туған өлкеміздің қойнауында танымдық экскурсиялық жорықтар жасап, тау-тасқа өрмелеп практикалық сабақтар өтуге мүмкіндік жоқ. Екіншіден, туризм орталығының материалдық базасы төмен. Үшіншіден, В.Терешкова атындағы орта мектебі спорт залына орнатылған орталықтың баланысында тұрған жартасқа өрмелеу (скаладром) құрылғысын өзіміздің орталық оқушылары үшін пайдаланып оқытуға мүмкіндік жоқ. Себебі, спорт зал үнемі босамайды. Төртіншіден, орталық қалалық жерде болуына байланысты ауылдық мектептерде сабақ беретін біздің орталығымыздың қосымша білім беру педагогтарына ауылдық жердегі еңбекақыға қосылатын 25 пайыздық үстемақы төленбейді.
– Шыны керек, ауданымыз қой-науы кенге, жайлауы төлге толы, табиғаты тамаша өңір. Түргеннің шатқалын, көзмоншағымыз Есік көлі-нің кереметін көруге ынтық жандар жетерлік. Ауданымызда туризм-нің қарыштап дамуына не кедергі Сіздіңше?
– Бұл мәселе республика бойынша күн тәртібінде тұрған түйткіл. Себебі, ішкі және сыртқы туризмді дамыту – экономикалық серпіліс тетігі. Ал ауданымыздағы туризмді дамыту мәселесіне аз-кем тоқталсақ, ең бірінші, жарнама аздығынан. Өйткені, жаманын жасырып, жақсылығын асыратын да – жарнама. Осы ретте ауданымыздың туристік жерлерін әспеттейтін арнайы халықаралық деңгейдегі сайт ашуды жоспарлаған едік. Онда өңіріміздегі ең керемет жерлер, оған қалай бару керек, қанша уақыт алады, қандай жағдайлар жасалған деген секілді толық мәліметтерді қолжетімді қыла алсақ, қаншама туристерді тартуға болады. Бұл өз кезегінде жобасы әзір, тек қаражатқа тіреліп тұрғаны болмаса. Ең маңыздысы, біз мәліметтерді үш тілде жарияласақ деген едік. Қолдау болса, бұл жобаны жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Ендігі басты мәселе – инфрақұрылым. Осы мәселелер жолға қойылса, туризмнің қайнар көзіне айналар едік. Ал бұл өз кезегінде ауданымыздың экономикалық өсіміне серпін берері ақиқат. Өйткені, әлемдік эономикада туризмнің маңызды екенін сарапшылар ашық айтсақ. Сөзімді нақтыласам, әлемдік өндірісте әрбір 9-шы адам осы салада жұмыс істейді. Инвестицияның 11 пайыздан астамы тек осы салаға келеді. Туризмнен түсетін табыс мұнай өнімдерін және автомобильді экспорттаудан кейінгі тұрақты түрде 3 орында тұр. Тағы да айта кететін бір жайт үстіміздегі жылы Кербұлақ ауданында Дүниежүзілік – туризм күніне байланысты өткізілген облыстық жарыста біздің туристік орталықтың оқушылары жүлделі бірінші орынды иеленді.
– Уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рахмет!
Әңгімелескен
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Адамзат тарихында талай алапат апаттар мен қанды қырғындар, әлемді түнекке ораған тауқыметке толы дүрбелеңдер болса да адам баласы әлі күнге аман келеді. Оның басты сыры – адамның ақыл-ойы мен қайсарлығы, даналығы мен қажыр-қайраты ғана емес, кейбір қайырымды жандардың жүрегіндегі мейірімділік дәнегі. «Әлемді мейірімділік құтқарады» дейтін халық даналығы содан қалса керек. Бұл ғаламға мейірімділік, жомарттық, адалдық, тазалық дәнегі себілгеннен бастап, одан өніп шыққан бәйтеректі ешкім де құлата алмай келеді. Ал адамгершілік таныту тек жомарт адамдардың ғана қолындағы игі іс. Рухани байлықтан гөрі материалдық байлықты артық санайтын бүгінгі қоғамда арамызда аз да болса Атымтай жомарттардың кездесіп жататыны көңілге қуаныш, жүрекке жылылық сыйлайтыны жасырын емес. Мейірімділігі жүрегіне, жомарттығы алақанына мекендеген адал жандардың іс-әрекеті өзгеге үлгі боларлық. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында елі үшін еңбек ететін ақжүрек кәсіпкерлерге сенім артып, олардың қолға алған шаруаларына қолдау білдіру көзделген. Соның аясында «Туған жер» кіші бағдарламасы дайындалған болатын. Материалдық байлығын рухани кемелдену жолында халықтың игілігі үшін жұмсау – ізгілік пен кеңдіктің, жомарттық пен тазалықтың белгісі емес пе? Осындай жақсы адамдардың жанымызда жүргенін біле бермейтініміз өкінішті. Сондай ізгі жүректің иесі, талай жақсы істерге демеушілік жасап жүрген ақжарқын азаматтың бірі – Ақат Дүмшебайұлы Боқаншиев. Адалдық пен жомарттықты өмірінің мәні санайтын Ақат ағамызбен сұхбаттасудың да сәті түскен болатын.
– Құрметті Ақат Дүмшебайұлы, ең бірінші оқырманға өзіңіз туралы жан-жақты ақпарат бере кетсеңіз.
– Мен 1959 жылы Қытайдың Шағантоғай деген жерінде дүниеге келіппін. Екі алып елдің ортасындағы сірескен мұз еріп, қазақтардың бері қоныс аударуына кеңшілік жасалған кезең басталған заманда саясаттың осы бір жылымық кезеңін пайдаланған әке-шешем 1961 жылы КСРО жеріне, яғни қазақ жеріне қоныс аударыпты. Балалық шағым Бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданының Жарбұлақ ауылында өтті. 13 жасқа келгенше осы ауылдың мектебінде білім алдым. Кейіннен әкемнің қайтыс болуына байланысты оның туыстарының демеуімен бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданының Қызылтаң совхозына (бүгінде Ойтоған ауылы деп аталады) көшіп бардық. Бұл 1971 жылы болған жағдай. Осылайша І.Жансүгіровтың жерлесі болдым. Осы ауылда мектепті бітіріп, жұмысқа араластым. Жұмыс дегенде галстук тағып, кастюм киетін жерде емес, кәдімгі қарапайым қойшылықтан бастадым. Ол жұмысты да жаман атқармадым. Арада бір жылдан кейін мен де ел қатарлы жоғары білімге қол жеткізу үшін қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің бейнелеу өнері факультетіне тапсырып, студент атандым. Оқу бітіргеннен кейін Ақсу ауданының бұрынғы Көкжайдақ, қазіргі Қосағаш ауылының мектебінде сызу-сурет мұғалімі ретінде жұмысқа тұрдым. Осында істеген қызметім ел көзіне түсіп, көп өтпей мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болдым. Бұл кезде жасым жиырма төртте еді. Арада біраз уақыттан соң халықтың ұсынуымен ауылдық кеңестің төрағасы болып тағайындалдым. 3 жыл төраға болып істегеннен кейін аудандағылар мені шақырып алып, аудан орталығында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке директор етіп тағайындады. Осылайша ауылдан аудан орталығына ауыстым. Ол кезде мұндай қадам үлкен жетістік саналатын. Бұл мектеп 1700 оқушы білім алып, 170 мұғалім қызмет ететін аудандағы үлкен мекеменің бірі-тін.
Осылайша қызметте сатылап өсіп, ауданға таныла бастадым. Бірақ қаншама еңбектеніп, ел көзіне түскеніммен партия мүшесі емес едім. Еткен еңбегім басқалардан кем болмаса да мені партия қатарына өткізбеді. Оған себеп – менің арғы беттен келгендігім болатын.
– Партия қатарында болмасаңыз да, бірталай белесті бағындырған екенсіз. Бірақ осы жылы орныңызды суытып, үйреншікті қызметіңізден кетуіңізге не себеп болды?
– Әлемдегі алып елдердің бірі КСРО-ның керегесі сөгіліп, арада қиын кезең басталып кетті. Осындай қоғамның тынышсызданып, экономиканың теңселген кезінде мұғалімдердің жалақысын берудің өзі мұң. Тек бір жалақыға ғана қарап отырған мұғалімдер үшін бұл жағдай оңай тиген жоқ. Тіптен, қатарынан сегіз айға дейін бір тиын алмаған кездері болды. Ал осындай жағдайда тұрған ұстаздардан оқушыға дұрыс білім беруді талап етудің өзі қиын еді. Ал талап пен тәртіп жоқ жерде қайдан білім болсын. Бұл мектептің білім деңгейінің нашарлауына әкеп соқтыратыны түсінікті. Оған ең бірінші басшы ретінде мен жауап беруім керек. Осыларды ескере келіп, өз арызым бойынша жұмыстан шығуыма тура келді. Өйткені, мені мұғалімдердің жалақысын бере алмасам оларға қалай басшы бола аламын деген ой мазалады. Осылайша мемлекеттік қызметтен босап, қалған уақытымды жеке кәсіпке арнадым.
Менің арғы аталарымнан тартып мал шаруашылығымен айналысып келе жатыр. Өзімнің үлкен ағам Тоғжан Қырманов та осы шаруашылықпен танымал болған кісі. Осы кәсіптің арқасында «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен «Октябрь Революциясы» орденінің кавалері атанған. Ағамыз сол кездегі бес жылдық жоспар бойынша әр қойдан 5 киллограмм жүн мен 100 қойдан 150 қозы алып отырған. Әулетіміздің мал шаруашылығы саласында осындай тәжірибесі болған соң мен де мал шаруашылығымен айналысып, бүгінде соның жемісін жеп отырған жағдайым бар.
– Талай жылыңызды бала оқытып, білім нұрын шашатын ұстаздыққа арнадым деп отырсыз. Кейіннен кәсіпкерлікке ауысып, мүлдем басқа саланың адамына айналдыңыз. Бұл сізге ауырлық түсірген жоқ па?
– Мұғалімдіктен қол үзіп, бірден бизнеске келу маған өте қиын болды. Біріншіден, бұған дейін мемлекет қызметінде болып, жеке кәсіппен айналысу туралы тәжірибем болмады. Сонымен бірге тек мемлекеттік меншікті қолдайтын кеңестік кезеңнің тәрбиесін алдық. Екіншіден, ол кезде қазақтар үшін сауда жасау ұят деген көзқарас болды. Бірақ Одақ ыдырап, еліміз нарықтық экономикаға өте бастаған соң бұл көзқарастың мәні жойылды. Жан бағу үшін қазақтар да базарды жағалауына тура келді. Осыдан болар мен Алматыға келгенде мұнда сауда жасайтын қазақтар өте аз болатын. Мен сауда жасаған Көк базарда негізінен орыс, түрік, ұйғыр секілді халықтар болатын әрі базардағы ең жақсы орындар да соларға тиесілі еді. Сондықтан маған солармен қатар сауда жасап, кәсібімді құру бастапқыда қиынға соқты. Керек десеңіз, малшының баласымын әрі өзім де мал бақтым деген құр атағым болмаса малдың жай-күйі, әсіресе еті туралы білетінім шамалы екен. Бұрын тек малды далада айдап бағып, алдағы қарамызды көбейтуді біліппіз. Кейін сойысқа өткізіп, жоғарыдағылардың «әр қойдан мынша ет, мынша жүн алдың» дегеніне мәз болып жүре беріппіз. Ал жас қозының еті қандай, тоқтының еті қандай, тұсақтың еті қандай, әлде кәрі саулықтың еті қандай деп байқап, зерделемеппіз. Мұның қыр-сырын тек базарға келіп, сауда жасағаннан кейін ғана үйренуіме тура келді. Тағы бір айта кетерлігі, бірнеше жыл мұғалім болған соң біреуді алдап-арбау, пайдалану дегенді білмеппіз. Кең даланы мекендеп, табиғатпен үндесе тіршілік еткен қазақ халқы үшін де бұл әдеттер жат еді. Өзім таза қазақы тәрбие алып, сондай ортада өскен соң да бұл қылықтарды көп кездестірмеппін. Бірақ сауда жасап жүріп талай алдандым. Қаланың өмірі, әсіресе базар маңы үшін алдап-арбаудың жиі кездесетінін кейін білдім. Сол кезде өзімнің оқушыларымдай балалар менің сеніміме кіріп, алдауға тырысатын. Оларды бала ғой деп сенім артып талай аузым күйгені бар. «Сауда – сақал сипағанша» десек те мен кәсібімді адал істедім. Өзім алдансам да, басқаға қиянат жасағаным жоқ. Бүгінгі берекелі тірлігім соның арқасы деп ойлаймын. Алматыға отбасыммен қоныс аударған соң ел қатарлы пәтер жағалауыма да тура келді. Әйелім де бастауыш мектептің мұғалімі болатын. Балаларымыз да жас. Талай қиындық көрсек те мойымадық. Өйткені, қиындықсыз келген бақыт пен байлықтың қадірі болмайды. Қадірі болмаған соң баяны да болмайды. Құдайға шүкір, бүгін заман оңалып, жағдайымыз түзелді. Кезінде көрген қиындықтар қазір бейне бір түс секілді.
– Біз сізді тек кәсіпкер ретінде емес, демеуші ретінде де білеміз. Жақында ғана сіздің демеушілігіңізбен Қайназар ауылында үлкен мешіт ашылды. Сізді осы мешітке демеушілік жасауыңызға не әсер етті? Яғни, басқа емес неге мешіт салуға демеушілік жасадыңыз?
– Халықты ұйыстырып, берекесін сақтауда діннің орнын алмастыратын нәрсе жоқ. Мәселен, Рахат ауылы бірнеше ұлттан құралған ауыл болса да, діни сенімі жағынан біртұтас. Яғни, дені мұсылмандар. Ал осы көп құрамнан тұратын халықтың ынтымағын сақтау үшін сол дінді уағыздайтын орын керек қой. Ол орын, әрине, мешіт. Мұнда адамдар тек намаз оқу үшін емес, өздерінің рухани дүниесін байытып, ішкі әлемін қанағаттандыру үшін де келеді. Сол қарекеттің үдесінен шығу үшін ауылдың белді азаматтары жаңа әрі кең де сәулетті мешіт салуға көмектессеңіз деген тілек білдірді. Мен де қарсы болған жоқпын. Тіптен, отбасым да маған демеу болып, ниетіме қолдау білдірді. «У ішсең руыңмен» дегендей ауылдың қамы үшін әрі өзім тұрған мекен болғандықтан бұл іске білек сыбана кірістім. Бұл бастамаға мен ғана емес, бүкіл ауыл болып атсалысты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші жұмыс басталғаннан бастап, оны ұйымдастыру, жүргізу, іске асыру жағында ауыл ақсақалы Бақберген Әшімовтың еңбегі ерекше. Құдайдың үйін салғандықтан шығар, ең қызығы жұмыстың басталғанынан, аяқталғанына дейін ешқандай кедергі кездескен жоқ. Тіптен, құжаттары да тез рәсімделді. Сәулетшіні арнайы Қырғызстаннан алдырдық. Мешіт біткенше өзім басы-қасында болдым. Осылайша 400 адамға арналған мешіт құрылысы бір жарым жылдың көлемінде аяқталып, пайдаланылуға берілді.
– Жомарттық тек мешіт салумен ғана өлшенбейді. Көпір салу, жол жөндеу, жағдайы төмен жандарға қол ұшын созу секілді істер де сауабы мол, игілікті шаруа. Сондықтан айналаңыздағы халыққа мешіт салудан басқа қандай көмек көрсетіп келесіз? Егер бұдан кейін де басқа нәрселерге демеушілік жасауыңызды сұраса не істер едіңіз?
– Діни аңыздарда айтылатын «Мұса мен Харунның» қиссасы бар ғой. Қанша бай болса да, садақа беруге қимай, соңында жерге тірідей жұтылатын сараң бай Харун турасында айтылатын. Құдай байлық берген екен, оның жауапкершілігі де бар. Яғни, өзгеден көмегіңді аямау керек. Өйткені, «байлық – қолдың кірі». Бүгін күлімдеп келеді, ертең сағым секілді қолға ұстатпай кетеді де қалады. Осылайша байлықты қуамын деп өмірдің соңғы мәресіне келгеніңді де байқамай қаласың. Ал өмірдің екі рет берілмейтіні тағы бар. Анадан үзіп, мынадан жұлып жинаған дүниеңді өзіңмен бірге әкете де алмайсың. Сенің бай екенің ертең-ақ ұмытылады. Тек елдің есінде жақсы атың мен істеген ісің ғана қалады. Ал жақсы атыңды қалдыруың үшін сол халықтың көңілінен шыға білуің керек. Қазақта «Жаман бергенін айтады» деген мақал бар. Мен анаған көмектестім, мынаған көмектестім дей алмаймын. Енді сұраған соң айтайын, өзім педагог болған соң мектеп пен оқушыларға көп бүйрегім бұрып тұрады. Бала деген періште ғой. Әрі болашағымыз солардың қолында. Бүгінгі оларға бергеніміз болашаққа құйған инвестициямыз секілді. Сол себепті де жыл сайын жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды киім-кешек, керек-жарақтармен қамтамасыз етіп тұрамын. Мектепке де талай демеушілік көрсетіп, жөндеу жұмыстарына көмектескенім бар. Деседе мен ананы істедім, мынаны істедім деп мақтанудан аулақпын. Егер халық жағынан көмектес деген игі тілек болса, мен неге бас тартамын. Мен үшін маңыздысы ақша емес, жүректің тазалығы. Ал жүрек таза болу үшін жақсы істерді көп істеп, өзгеге көмектесуді бақыт санау керек.
– Бүгінде мемлекетіміз кәсіпкерлікпен айналысуды мейілінше құптап отыр. Әсіресе жастардың бұл салаға жаппай бет бұруын қолдайды. Ендеше ізіңізді басып келе жатқан жас ұрпаққа кәсіпкер ретінде айтар ақылыңыз бар ма?
– Америкалықтардың «ақылдысың ба, онда неге кедейсің» деген жақсы бір мақалы бар. Енді америкалықтар ежелден капитализмнің жолымен жүріп, еңбек пен байлықтың қадірін жақсы түсінетін халық қой. Ал бізде ше?! Бізде де кезінде мыңды айдаған байлар мен анау Қытай, Орта Азия, Еуропа елдерін кезіп сауда жасаған көпестер де болған. Олар тек байып қана қоймай өз ауылы мен айналасын жұмыспен қамтып, өзгелердің де нәпақа табуына жағдай жасаған. Бірақ Кеңес Одағы орнағаннан кейін сол байлар мен кәсіпкерлердің бар мал-мүлкін тәркілеп, өздерін тұқым-тұқиянымен қосып итжеккенге айдады. Онымен де қоймай «бай деген адамның ең жаманы, залымы әрі халықтың қанын сорған масыл» деген догма қалыптастырды. Өз еңбегімен дүние құрап, кәсібін дөңгелеткен, сол арқылы баю жолына түскен адамдарды құбыжық етіп көрсетті. Бүгінде тәуелсіз ел атанып, нарықтық экономикаға қадам бассақ та, сол бұрынғы көзқарастан әлі толық арылмағанымыз байқалады. «Генерал болуды армандамаған сарбаз, сарбаз емес» деген сөз бар ғой. Сол секілді кез-келген адам бай болуға тырысу керек. Ал бай болу үшін еңбектену керек. Бірақ қанағатты да ұмытып кетпегенің жөн. Байыдым екен деп қолыңда барды өзгеге бұлдаудың зияны болмаса, ешқандай пайдасы да, жақсылығы да жоқ. Құдайға шүкір, бүгінде елімізде тыныштық пен татулық басты орында. Бұл дегеніңіз кәсіппен айналысу үшін таптырмас орай. Мемлекетіміз де кәсіпкерлікпен айналысуға оң қабақ танытып, халықты байытудың бар жағдайын жасап жатыр. Тек сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, шаруаңды дөңгелетіп әкетсең болғаны.
– Уақытыңызды бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет!
Әңгімелескен
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
Кез-келген салада тұтынушыларға қолайлы жағдай жасап, оларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру – жауапкершілік пен іскерліктің көрінісі болып табылады. Осындай игі істі қолға алған «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Раздықов Шерхан Пертайұлының бастамасымен, Шелек бөлімшесінің абоненттерге қызмет көрсету және оларды қабылдау бөлмесі бірінші қабатқа ауыстырылып, күрделі жөндеуден өтті. Өткен аптаның аяғында аталмыш бөлімшенің салтанатты ашылуы болды.
Қуанышты шараға «Алматытелеком» өңірлік сату орталығының басшысы Жақсылық Әшен, аудандық желілік техникалық цех басшысы Жандос Саденов, Шелек округі әкімінің орынбасары Мәди Бектасов, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар, зейнеткерлер қатысты. Қонақтар мен ақсақалдар абоненттік бөлімнің салтанатты лентасын қиып, ақ жаулықты әжелер шашуларын шашты. Игі іске ақ дастархан басында ақ тілегін жеткізіп, баталарын берді.
– Тұтынушылардың ұсыныстарымен талап-тілегі ешқашан ескерілмей қалмайды. Соның нәтижесін бүгін көріп отырсыздар. Сіздер өтініш жасадыңыздар – біз абонент бөлмесін бірінші қабатқа ауыстырып, жөндеуден өткіздік – деген Жақсылық Әшен әрдайым қолдау көрсетіп отырған жергілікті әкімдікке алғысын жеткізді.
– Бүгінде заман талабына сай біздің өмірімізде телефон мен интернет желісі жоғары маңызға ие. Ал сол қызметті бізге сапалы қызмет көрсетіп отырған «Қазақтелеком» акцинерлік қоғамына алғысымыз шексіз – деп тұтушылардың бірі қызметтеріне ризашылықтарын білдірсе, енді бірі абоненттік бөлімнің ашылуына қуанышты.
– Жасыратыны жоқ, біз секілді қарттар үшін ай сайын екінші қабатқа көтеріліп-түсу оңайға соқпайтын. Мүмкіндігі шек-теулі азаматтарға мүлдем қиын еді. Бүгін, міне, біз секілді зейнеткерлер мен қарттарға жағдай жасалғанына қуанып жатырмыз – деген ауыл ақсақалы батасын берді. Осыған дейін ғимараттың екінші қабатындағы дәліздің шетінде орналасқан абоненттік бөлімге көтерілу егде жастағы тұтынушыларға оңай болған жоқ. Абоненттер ол жерде төлемдерді іске асырып, түрлі қызметтер алатын. Қазір мұның барлығы бірінші қабаттағы орналасқан, жарық әрі жылы, заман талабына сай жабдықталған бөлмеде іске асырылады.
Аудандық сату учаскесінің басшысы Светлана Алтайбаеваның сөзіне сүйенсек, бүгінде ауданымызда «Қазақ-телекомның» 27 мың 800 абоненті бар. Оларға 125 адам қызмет көрсетеді. Оның 17 мыңға жуығы интернет пайдаланушылары. Аталған мекеме кең жолақты интернетпен қатар, телефон және интерактивті телевизия қызметтерін ұсынады. Бір ғана Шелек ауылының өзінде 4550 абонентке қызмет көрсетіледі.
Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ға қарасты «Алматытелеком» ӨТД абоненттер арасында ұтыс ұйымдастыруды да дәстүрге айналдырған. Биыл да мекеменің қызметіне қосылушылар арасында облыс көлемінде 20 смартфон ойнатылуда. Нәтижесі жақын арада белгілі болады.
С.НҰРАДИН.
Елбасы өз жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – дей келе, жастардың шығармашылығын, тұрмысы мен әл-ауқатын арттыру мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.
Осы тұста облыс әкімінің «Көшбасшы 2018» жастар сыйлығына ауданымыздың атынан үміткер жандардан келер жылдан қандай өзгеріс күтетіндігі туралы бірауыз пікірін білдік.
Қайсар Асқарұлы. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. «Жас мемле-кеттік қызметкер» номинациясы бойынша үміткер:
Ұлт болашағы білімді жас пен білікті ұрпақтың қолында. Әрбір адам «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деген ұранмен өмір сүру керек. Елбасымыз бүтіндей бір жылды «жастар жылы» деп атауының себебі де осы секілді. Жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасап, ел болашағына қызмет етуін, халқына пайдасы тиер азамат болуын мақсат тұтады. Сондықтан әр маман өз саласында үздік болуға ұмтылып, ел келешегіне тамшыдай болсын үлес қосамын деген үлкен жауапкершілікпен жүреді деген ойдамын.
Нұртас Қайрат. Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің әншісі. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бойынша үміткер:
Жалындап тұрған шағында әрбір адам өз мүмкіндігін мейлінше пайдалануға, бойында-ғы талантын көрсетуге ұмтылады. Келер жылы жастардың шығарма-шылығына көбірек көңіл бөлініп, түрлі конкурстар, іс-шаралар ұйымдастырылып, өнерлі өрендерге биік шыңдарды бағындыруға мүмкіндіктер туады деген сенімдемін.
Ермек Мырзахан. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі-нің маманы. «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» номинациясы бойынша үміткер:
Ауыл шаруашылығы білімді жас мамандар арқылы өркендейді. Шетелдерде жиі тәжірибе алмасуға жіберіліп, жаңа технологияны мең-геруге мүмкіндік берілсе, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, дамуымызға үлес қосар еді. Ел экономикасына үлесін қосып, кәсіпкер-лікпен айналысамын деген жастарды демеп, қолдау білдірілсе деген тілектемін.
Гүлнар Ошанова. Балтабай орта мектебінің мұғалімі. «Үздік жас ұстаз» номинациясы бойынша үміткер:
«Білекті бірді жыға-ды, білімді мыңды жыға-ды» демекші, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда жастардың сапалы білім алуына, ғылыми дамуына көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Елбасымыз білікті мамандар дайындау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесін басты назарда ұстайды. Түрлі конференциялар, дебаттар, олимпиадалар ұйымдастырылып, жас ғалымдардың жаңалық ашуына ықпал жасалынса, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілсе, алда атқарылатын жұмыстарға мотивация береді деген үміттемін.
Сауалнама жүргізген
Жансая ЫСҚАҚ.