Жексенбі, 06 Тамыз 2017 16:06

Жан рахаты — су

Жақында Малыбай ауылындағы «Алуа» балабақшасында «Нептун күні» атты шара өтті.

Жаз айындағы аптап ыстықта жан рахаты – су. Әдіскер Шахидам Раши-тованың жүргізуімен бұл балабақшада тәрбиеленіп жатқан 6 топтың 120 бүл-діршіні өз тәрбиешілерімен, мейірбикемен бірге қауыздарға шомылып, күнге қызды-рыну мен суға шомылудың пайдасынан мәлімет алумен қатар, қызықты жарыс ойындарын өткізді. Атап айтар болсақ, әр топ балалар арасында шелекпен су тасу, су толтырылған целлофанмен нысана көздеп ату, ал тәрбиешілер арасында қасықпен су тасу сияқты қызықты ойындар ұйымдастырылды. Мейірбике Ранагүл Нұрхалықова денсаулыққа пайдалы кеңестер берді. Қызықты шарада Гузаль Касимова, Гүлзат Избуллаева және тәрбиешінің көмекшісі Бувинур Абдрашитованың қарауындағы «Ертөстік» тобының бүлдіршіндері ұйым-шылдығымен, ептілік, жылдамдығымен көзге түсті. Балабақша меңгерушісі Гүлнәр Заирова шараның тартымды әрі көңілді өткенін атап өтіп, жылы лебізін білдірді.

Өз тілшіміз.

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 15:51

На каникулах — в Астану

 

В СШ имени Х.Абдуллина с 1 июня досуг учащихся организован в пришкольном лагере «Куншуак». Также благодаря спонсорам, акимату Ташкенсазского округа, педколлективу и родителям одна ученица отдыхала в лагере «Тау-Жанашар», три ученика были отправлены в лагерь «Алтын Адам», еще четверо в лагерь «Салем». За счет фонда всеобуча 7 учащихся побывали в лагере «Алтын Адам», а 16 - в лагере «Салем». Также за счет фонда всеобуча 10 учеников посетили Всемирную выставку ЭКСПО-17 в г. Астане. Учебный год наши ребята встретят с приятными воспоминаниями и впечатлениями.

Р.АКБАРОВА,

заместитель директора по воспитательной работе СШ имени Х.Абдуллина, с.Ташкенсаз.

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 15:44

Жайдары жаз

«Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп жанындағы «Ғарышкер» жазғы демалыс лагері балаларға жазды есте қалдыратындай іс-шаралар ұйымдастырды.

Лагерьге ең алдымен жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары қамтылды. Лагердің IV-ші кезеңінде топ жетекшілері Д.Нүсіпова, А.Ибрагимова, С.Ибраимқұлова, спорт жетекшісі Е.Молбосынов бекітілді. Сонымен қатар мектеп жанынан қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша тілдік лагерь ұйымдастырылды. Балалар демалысына барлық жағдай қарастырылып, мектеп асханасынан бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әртүрлі ұлттық ойындар, суреттерден түрлі көрмелер ұйымдастырылып, сайыстар өткізілді. Жүзден жүйрік шыққандар жүлделермен марапатталды.

Айнаш Абдулла,

орыс тілі пәнінің мұғалімі.

 

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 12:03

ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ

Тәртіпсіздік жазасыз қалмайды

 

Бүгінде елімізде «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» акциясы қолға алынып, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын палуға септігін тигізуде.

Оған дәлел, 1979 жылы туылған аудан тұрғыны араққа сылқия тойып, өз үйінде жанжал шығарған. Өзінің туған ағасын жаман сөздермен балағаттаған оны ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабы бойынша тәртіп сақшылары 3 тәулікке қамаған. Сонымен қатар, Түрген ауылы Мира көшесінің бойында қоғамдық орынды ластағаны үшін 52 жастағы азамат аталған кодекстің 434 бабы бойынша 1 тәулікке қамауға алынған.

 

Жаяу жүргіншіні

қағып кеткен

 

Алматы – Көкпек – Көк-тал тас жолының бойында «Митсубиси Паджеро» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Аталған жолдың 32 шақырымында жол талғамайтын көлікті тізгініне ие бола алмай қалған 1986 жылғы жүргізуші 22 жастағы жігітті қаққан. Соққыдан жарақат алған жігітті жедел жәрдем қызметкерлері дереу Есік қаласындағы емханаға жеткізген. Қазіргі уақытта жол-патрульдік полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

 

Ұрылар құрықталды

 

«Ұрлық түбі – қорлық». Бұл нақыл бекер айтылмаса керек. Бүгінде өзгенің ала жібін аттап, жаттың мүлкіне қол сұққандар жазасыз қалмайды.

Жақында Саймасай ауылындағы «Айдана» дүкенінен азық-түлік ұрлаған сол ауылдың 66 жастағы тұрғыны қолға түсті. Дүкен иесіне 2 мың теңгеге жуық залал келтірген азаматтың үстінен іс қозғалған. Осыған ұқсас оқиға Есік қаласында тіркелген. Аудан орталығындағы техникалық колледж ауласынан белгісіз біреу құрылыс темірлерін ұрлап кеткен. Дереу іске кіріскен тәртіп сақшылары 1975 жылғы Есік қаласының тұрғынын құрықтаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 15 мың теңгеге жуық.

 

Нәрестені жарақаттаған

 

Өз баласын соққыға жыққан деген күдікпен Ават ауылының 42 жастағы тұрғыны уақытша қамауға алынды.

21 шілде күні Есік қаласын-дағы орталық ауруханаға дене жарақат-тарымен және миы шайқалған 2017 жылы туылған бала жеткізіледі. Кейіннен анықталғандай, нәрестені өзінің анасы соққыға жыққан. Қазір «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Бұзақылар іздестірілуде

 

Аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Бәйдібек би ауылында ер адамды соққыға жыққан бұзақылар-ды іздестіруде.

19 шілдеде Бәйдібек би ауылындағы Байболов көшесінде орналасқан балабақшаның маңына белгісіз адамдар сол ауылдың 42 жастағы тұрғынын соққыға жыққан. Оқиға түнгі 23:00 шамасында болған. Қабырғалары сынып, өкпесі жарылған жәбірленуші дереу емханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұзақылар іздестірілуде.

Материалдарды аудандық

ІІБ-ның берген мәліметі негізінде баспаға әзірленді.

 

 

Бейсенбі, 08 Қазан 2015 14:41

Ұрпаққа үлгі ғұмыр

Жақсымен өткен әр күнің

Жасыңа қосқан жыл болар.

Еліңе қосқан үлесің

Ұрпаққа кейін жыр болар, – деген ұлағатты сөздер айшықталып ілінген екен Мәдениет үйінің спорт залында.

Қ.Орынбетов атындағы мектепте өткен жиынында аудан басшысы Бинәлі Ысқақ осы тұрғыда ауданымызды абыроймен басқарып, айшықты із қалдырған Құдайберген Әбиірұлын еске ала тұрып, оқу  орнының фойесіне қойылған Қ.Орынбетовтың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімін жасады.

Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2015 11:35

Тәжік баласындай болмағанымыз ба?

Осыдан бірер күн бұрын Есіктегі орталық базарға бас сұқтым. Күнделікті әдетіммен көлік тұрағына беттеп, түскенім сол еді тәжіктің кішкентай баласы қайыр сұрады. Шамасы 8 бен 10 жас аралығында. Бізге беймәлім тілмен бірдеңені шүлдірлетіп жатыр. Ортасында Алла деген сөзін ғана ұқтым. Содан мен де: «Маған қазақ тілінде сөйле. Сосын сұрағаныңды берейін» дедім. Ал ол болса, ләм-мим жоқ, тек басын шұлғи берді. Содан сұраққа тарттым.

– Ұлтың қандай?

– Тәжік – деді зор дауыспен.

– Қазақ тілін білесің бе?

– Иә, – деді.

– Енді неге маған қазақ тілінде сөйлемейсің? дегенім сол еді үнсіз бетіме қарап тұрып алды.

Сенбі, 13 Сәуір 2019 14:11

Рухани құндылықтар бастауы

  Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде. Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Осы тұста ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бізге рухани азық болды.

   Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқататын бағдарламалық мақала  мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағыт-талған құжат. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Әрбір қазақстандық өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруді үйренудің жолдарын білуі тиіс. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспеттес. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, барлық мемлекеттің алдында заманға сәйкес жаңғыру міндеті тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

   Қазір өзгерістерді тек қолдау ғана емес, іс жүзінде қолға алу да маңызды, ол әрбір қазақстандықтың өмірінде басталуы тиіс. Психологтардың айтуынша, түптің-түбінде барлық өзгерістер адамның мінез-құлқының өзгерістеріне келіп саяды. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты.

   Аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады Елбасы мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Демек, Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениет-ті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

 

Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары,

Әдеп жөніндегі уәкілі.

  Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы. Тұңғыш Президентіміз дәстүрлі Жолдауында «Нұр Отан» партиясына басымдық беріп, қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партияның араласуына жол ашып келеді. Оған дәлел жуырда өткен партияның ХVІІІ съезі. Бағдары айқын, болашағы жарқын партияның біздің аймақтағы қадамы да тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға бастады.

  Партияның халықтық маңызына сай тұрғындар сөзі қашанда үстем, біз – халық қызметшілеріміз. Сондықтан уақыт үдесінде қандай қиындық болмасын, халықтың қиналмауы үшін барымызды саламыз. Ол турасында съезде Елбасы нақты тапсырмалар берді. Бүгінде біздер тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, ахуалы ауыр ауылдарда көшпелі қабылдаулар жасап келеміз, өзекті мәселелерді дер кезінде шешу үшін атқарушы билікті қатысты-рамыз. Мұның елеулі игілігі болды және бола береді.

  Біз, нұротандықтар, Елбасының стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қуат қосып, азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуіне қызмет етеміз.

  Жалпы, әлеуметтік жаңғыртудың астары әрбір нақты адамға арналғанын, оның өмір сапасын көтеруге бағыттала-тынын білгеніміз жөн. Мұны біз болашақ бағдарымыз деп бағамдасақ одан ұтарымыз да көп, тиімді мүмкіндігі де мол. Сол себепті қоғамның жаңару процесін қалыптастырудың маңызы зор.

  Биліктің тізгінін өз қолына алған «НұрОтан» партиясы елімізде ұлттың болашағы үшін тынбай жұмыс жасап жатқан бірден-бір партия екені баршаға мәлім. Ұзақ мерзімге нақтыланып, партияның идеологиясын айқындайтын аса маңызды құжаттың, яғни Доктринаның қабылдануы ел ертеңіне деген нық сенімнің   бастамасы екені даусыз.

Руслан ЗАЙНАУДИНОВ,

Шелек политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері,

партия мүшесі.

Бейсенбі, 04 Сәуір 2019 20:22

«100 жаңа оқулық» — ұрпақ болашағы

   Қазақ Елі Тәуелсіз ел болып 28 жыл арайлы таң атып, егемендіктің арқасында толағай табыстарға қол жеткізуде. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес», – деген болатын.

  «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық.

  Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

   Жаңғыру ұлттың тарихи тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл ретте тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті. Соның бірі – гуманитарлық білімді жаңғырту.

   Қазақ қоғамына ерекше серпіліс әкеліп, рухани сілкініс тудырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына биылғы 12 сәуір күні үш жыл толады. Осы уақытта «Туған жер», «Киелі жердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобалары игі бастамамен басталып, нәтижелі іске асырылуда. Осындай маңызды бастаманың бірі – «100 жаңа оқулық» жобасы.

  Жалпы, бұл әңгіменің айтылғанына біраз уақыт болды. Іс басталды. Әлбетте, бағдарламаның еліміз үшін маңызы өте зор. Қазақта «бақ – ауыс, ырыс – жұғыс» дейді. Бүгінде кез келген ұлт, халық әлемнен тыс өмір сүре алмайтын деңгейге жетті. Өйткені, болып жатқан жаңа технологиялық өзгерістер, интернет деген дүние бүкіл адамзатты бір арнаға тоғыстырып отыр. Тұңғыш Президентіміздің аталған мақаласында айтылған 100 оқулықты аудару мәсеселесі біздің рухани жаңғыруымыздың қозғаушы күші болады, соған серпін беретін және соны жүзеге асырудың тетігі. Жалпы, әлемдік мемлекеттердің ішінде мұндай арнайы бағдарламаны қабылдап, міндетіне алып, жүзеге асырып жатқаны сирек. Қазір бүкіл әлемде жекеменшіктік көзқарас басым. Басқа өрке-ниетті елдерде мұны ауқатты адамдар жүзеге асырады. Сол сияқты әр жоғары оқу орны, білім мекемелері өздеріне қажетін алып, аударып, шығарып жатады. Ал біздің жағдайымызда мұндай бағдарламаны мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

  Жаңа гуманитарлық білім «100 жаңа оқулық» жобасының мазмұнды нақ-ты орындалуы үшін Елбасы тапсырмасымен 2017 жылы Ұлттық аударма бюросы құрылып, табысты еңбек етуде. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек», – деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, өзгертудің бірі – қоғамдық сананы жаңғырту. Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу үшін бізге ең бірінші еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру маңызды. Ал гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітап қазақ тіліне аударылуда. Сонымен қатар, мемлекеттік емес ұлттық аударма бюросының құрылып, жұмыс жасап жатқаны гуманитарлық білімді жаңғыртудың айқын жаңа белесі, нәтижелі көрінісі.

  Қазіргі таңда сөздің емес, істің адамына басымдық беріледі. Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы әлемнің озық және заманауи, таңдаулы үлгілері негізінде жаңа деңгейде сапалы білім беруді көздейді. Ол үшін кемел келешектің иесі болашақ ұрпақ үшін әр адам өзінің білімі мен біліктілігіне, мәдениеті мен тұлғалық қасиеттеріне, өмірлік дағдыларына мән беруі қажет.

  Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы бойынша аударылған алғашқы 18 кітап халыққа жария етілді. Атап айтқанда: Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Джон мен Патрик Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы, Антика философиясы» (4 томдық, І том) және «Батыс философиясының жаңа тарихы, Орта ғасыр» (4 томдық, ІІ том), Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Дэвид Бринкерхофтың «Әлеуметтану негіздері», Джорди Ритцердің «Әлеуметтану теориясы», Элиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психо-логияға кіріспе», Дуэн П.Шульц пен Сидней Еллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы», Дэвид Майерстің «Әлеуметтік психология», Грегори Мэнкью мен Марк П.Тейлордың «Экономикс», Дональд Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика», Рикки В.Гриффиннің «Менеджмент», Карен Армстронгтың «Иудизм», Христиандық пен Исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны», Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хаймстің «Тіл біліміне кіріспе», Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», Алан Барнардтің «Антропология тарихы мен теориясы», Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» деген оқулықтары қазақ тіліне аударылған.

  Аталмыш оқулықтарды аударуға ғылымды жақсы меңгерген ғылыми дәрежесі бар, қазақ және ағылшын тілін білетін философтар айналысқанын, мәтіндердің 95% ағылшын тілінен аударылғанын ескерсек, бұл үлкен жауапкершілік, ұрпақ болашағына маңызды көзқарас қалыптастыру деген сөз.

  Бұл – әлемнің үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару студенттердің білім деңгейін арттырып, жеке адам және маман ретінде табысқа жетуіне жол ашады деген сөз.

  Оқулық кітаптардың мазмұны жағынан құнды екені сөзсіз. Осы «100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы 18 кітаптың таралымы 10 мың дана. Олар сатылымға шығарылмайды, алдағы күндері еліміздегі жоғары және орта арнаулы білім ордаларына тегін таратыла бастайды. Бұл оқулықтар қазақ тіліндегі гуманитарлық білім беру процесін дамытып қана қоймай, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтеді.

  Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, болашақ иесі жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады.

  Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине, құптарлық дүние.

  Қай елдің жастарының рухы биік, танымы терең болса, сол халықтың болашағы зор. Абай атамыз айтқандай:

«...Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой

  Бес асыл іс білсеңіз» – деп жастарымыз тоғышарлық пен бойкүйездіктен арылып, талаптың тұлпарына мініп, білім көкжиегінен орын алғаны ләзім. Тұңғыш Президентіміз жастарға қолдау көрсетуді әрдайым басты назарда ұстауда.  Аталған жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізеді. Сөйтіп, ең бастысы жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыра түсері хақ.

  Елбасының салиқалы саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сеніміміз зор.Ерім дейтін ел тұрғанда жастарымыз білімді, бүгініміз бен ертеңіміз нұрлы болғай.

Бәтес АМАНОВА,

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы.

Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:55

Ұлттық ойын – біздің құндылығымыз

Ұлттық ойын десе делебесі қозбайтын қазақ кемде-кем. Елімізде осы көнеден келе жатқан ұлттық спорт түрлері жылдан-жылға дамып, жастар арасында кеңінен насихатталуда. Ұлыстың ұлы күнінде аудандық жастар ресурстық орталығы дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе «Ұлттық ойын – біздің құндылығымыз» атты ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізді.

Мерекені тамашалуға келген қонақтар өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, түрлі сайыстарда өз бақтарын сынады. Түрлі салмақ дәрежесінде қазақша күреске қатысқан жас балуандар өздерінің бабында екендіктерін дәлелдеді. Төзімділік пен математикалық біліктілікті жанына серік еткен жастарымыз тоғызқұмалақ ойынында бас қосты. Білекті жігіттер қол күрестен сайысып, мергендеріміз асық атып ойнады. Жарыс барысында жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Сұлтан ТОЙҒАНБАЙ,

жастар ресурстық орталығының маманы.

 

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Бывшие студенты военных учебных…

Бывшие студенты военных учебных заведений могут подать заявку на восстановление в учебном…
Мам 06, 2025

Әскери орындарының бұрынғы…

Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына түсу үшін үйден шықпай-ақ оқуға…
Мам 06, 2025

Китай, Россия и Италия — лидеры во…

В 2024 году Казахстан продемонстрировал стабильный рост внешнеэкономической активности,…
Мам 06, 2025

Қытай, Ресей және Италия –…

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі…
Мам 06, 2025

Правовое просвещение студентов

В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» состоялась встреча прокурора города…
Мам 06, 2025

Студенттерге құқықтық білім беру

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуроры Ерлан…
Мам 06, 2025

Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында…

2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет