Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 21:26

Қайраткер жолы - ұрпаққа үлгі

Жақында Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектепте қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы саласының үздігі, үш дүркін «Құрмет белгісі» орденінің иегері Инаш Қазбекұлы Шормановтың туғанына 110 жыл және мектепке есімі берілгеніне 25 жыл толуына орай «Еңбегімен елге еленген» тақырыбында еске алу кеші өтті.

Оқушылардың бойында ұлтжандылық, отан-сүйгіштік қасиеттерді қалып-тастыру мақсатында өткен шараға мектеп ұжымы түгел атсалысты деуге болады. Мектеп оқушылары мен мұғалімдерден бөлек, ауыл тұрғындары, Инаш Шормановтың ұрпақтары қатысқан еске алу кеші ресми ашылғаннан кейін, бірнеше сыныптарда іс-шаралар өтті.

«Ақылгөй дана – Дәния» атты еске алу кешінде Инаш Шормановтың жұбайы, бес баланың анасы, білім беру ісінің үздігі, тыл ардагері Дәния Хакимқызының өмір жолы  туралы айтылды. Жарты ғасырға жуық ұстаздық еткен әжейдің өмірі өнегеге толы. Іс-шара барысында 2007 жылы Инаш Қазбекұлының 100 жылдығы тұсында дүниеге келіп, қоғам қайраткерінің құрметіне Инаш есімін алған бала ортаға шақырылып, қайраткердің ұрпақ-тары оған планшет тарту етті.

Еске алу кешінің бағдар-ламасына сай 9-сынып оқушы-лары «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында кездесу өткізді. Оған белгілі ақын, жазушы, журналист Шаяхмет Құсайын-ұлы қатысып, өлеңдерін оқып, оқушылармен ел, жер, отан-сүйгіштік, Инаш Қазбекұлының туған жеріне жасаған еңбектері туралы әңгімелесті.

«Туған жерге тағзым» атты дөңгелек үстелде 8-9 сынып оқушылары өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін білдіріп, пікір алмасты. Тарих пәнінің мұғалімі М.Нарынбаева ауылдан шыққан өнегелі аза-маттардың өмірін оқушыларға үлгі етіп, балалар сол азаматтардай адал, еңбекқор, елін сүйетін азамат болып өсетіндерін жеткізді.

Аталған іс-шаралардан соң «Еңбегімен елге еленген» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өтіп, Шормановтар әулеті шараға қатысушыларды сый-сияпаттармен марапаттады.

Еске алу кешінде Инаш Қазбекұлы Шормановтың ауыл-дың көркеюіне қосқан үлесі, оның еткен еңбектері ұрпаққа үлкен өнеге болды. Балаларды патриоттық рухта тәрбиелеуде мұндай іс-шаралардың алар орны зор.                 

Н.КАМАЛ

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 21:13

На страже природы

Орден «Еңбек даңқы» III степени – таково признание государством заслуг   директора Тургенского филиала государственного национального природного Иле-Алатауского парка Иманали Сарсенбаев. ПоУказу Президента РК от 5 декабря высокая награда в честь Дня Независимости Казахстана была вручена Иманали Касанбаевичу первым заместителем Премьер-Министра РК  в Астане.

Охране природных богатств Жетысу Иманали Сарсенбаев посвятил свыше 35 лет. Уроженец с.Маловодное (ныне с.Байдибек би) после окончания  Казахского сельскохозяйственного института  в 1981 году вернулся домой и начал свой трудовой путь в Маловодненском  лесничестве Тургенского лесхоза, где трудился 32 года. На дальнем кордоне, без электричества и прочих благ цивилизации, Иманали Касанбаевич  трудился 12 лет  мастером лесного хозяйства. А затем  два десятка лет руководил лесничеством, оберегая  уникальный растительный и животный мир Иле-Алатау   от браконьеров и пожаров. Лишь на короткий срок в 2011 году  он был переведен в урочище Медео восстанавливать пострадавшие от стихии  ельники. Последние три года И.Сарсенбаев трудился на должности заместителя директора Тургенского филиала ГНПП, а недавно был назначен руководителем филиала.  Но, несмотря на «руководящее кресло», Иманали Касанбаевич не стал кабинетным  начальником. Его рабочий день начинается с объезда лесных кордонов, нередко он сам возглавляет оперативные группы по выявлению и задержанию браконьеров. В 2017 году в суд было передано несколько дел на любителей незаконной охоты. Иманали Сарсенбаев не только администратор, но и человек науки.  Вместе с казахстанскими и зарубежными учеными и сотрудниками ГНПП он ведет мероприятия по сохранению «прародительницы» всех яблонь планеты – яблони Сиверса. Изначальный, не тронутый мутациями  генофонд яблони Сиверса сохранился  лишь у нас, на крохотной площади 30 гектаров. Иманали Касанбаевич организовал яблоневый заповедник, где яблоня Сиверса  будет защищена от перекрестного опыления  и сохранит для науки  свой генофонд таким, каким он был миллионы лет назад. Хотим пожелать ветерану лесного хозяйства страны   успеха в науке и повседневном труде!

И.ВИКТОРОВ

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 20:46

7 января – День Рождества

Дорогие друзья!

Примите сердечные поздравления  с великим христианским праздником Рождества Христова!

Тихий свет этого праздника радости и надежды  из года в год  неизменно вселяет в сердца наши веру в вечное добро, в вечную и неизменную истину. Вот уже более двух тысячелетий Рождество Христово объединяет людей, собирает у семейного очага, побуждает к искреннему милосердию и нелицемерной благотворительности. Рождество напоминает, что в жизни всегда есть место чуду, а вместе с тем призывает и каждого из нас ежедневно творить малые чудеса – дарить любовь и близким, и незнакомым людям, быть терпимее, добрее, мудрее.

Отзываясь на этот призыв из глубины веков в наше время, вспомним и то, что только совместными усилиями мы сможем утвердить в обществе истинные ценности и традиции, только вместе  сможем развивать отношения мира и добрососедства.

Пусть  праздник Рождества Христова  подарит каждому дому, каждой семье мир и благополучие. Пусть согревает вас любовь родных, и ваше неравнодушие к каждому, кто нуждается в помощи. От всей души желаю, чтобы тихая Рождественская ночь вновь и вновь помогла утвердить и приумножить всё доброе, что есть в наших сердцах.

С Рождеством Христовым!

О.Игнатий,

настоятель Свято-

Покровского храма г.Есика.

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 20:42

Аударма шебері атанды

Заң тілі қазақша сөйлемей мемлекеттік тіл өз тұғырында нық тұрмақ емес. Сондықтан да, қазіргі уақытта сот тілін қазақшалауға, құқық қорғау органдарының жұмысын мемлекеттік тілде жүргізуге басымдық берілуде. Бұл істі жүзеге асырудағы маңызды алғышарттардың бірі – мамандардың білімі мен білігі.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Мақпал Өскенбайқызы Бөкенова өзінің мемлекеттік тілді де, ресми тілді де жетік білетін білікті кадр екенін дәлелдеді. Ол алдымен қазан айында Алматы облыстық сотында өткен «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» байқауының облыстық кезеңінде бас жүлдеге ие болды. Алматы қаласы және облыс аудандарының сот қыз-меткерлерінің ішінде үздік шыққан Мақпал  қарашаның соңында Астана қаласында өткен республикалық кезеңде де алдыңғы қатардан көрініп,  «Аударма шебері» номинациясына ие болды. Алғыс хатпен және елу мың теңгенің сертификатымен марапатталған ол конкурстың жоғары дәрежеде ұйымдасты-рылғанын атап өтті.

– Конкурс үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде ресми хатты орысшадан қазақшаға аударуға 45 минут уақыт берілді. Ал екінші кезең – сот актісін аудару.  Екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік шыққан он бес қатысушы үшінші кезеңге жолдама алдық. Онда бейнетаспада сот процесі көрсетіліп, процесті қазақшадан – орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасадық. Соның ішінде жеті адам жүлдегер атандық, – дейді Мақпал Өскенбайқызы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін 2008 жылы заңгер мамандығы бойынша бітіріп, 2009 жылдан бері аудандық сотта еңбек етіп келе жатқан маман соттарда жылдан-жылға мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келе жатқанын айтады.

– Қазіргі кезде де сот процес-терінің көбісі орыс тілінде жүреді. Дегенмен, қазақ тіліндегі талап-арыздар көбеюде. Талап-арыз орыс тілінде түскеннің өзінде істі екі тілде бірдей жүргізуге тырысамыз. Тараптарға хат жазғанда, мемлекеттік органдарға сұраныстар жібергенде екі тілде жібереміз, – дейді аудандық соттың бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, мемлекеттік тілде іс жүргізуде республикада үздіктер-дің қатарынан көрінген Мақпал Бөкенова.

Біз оны жеңісімен құттықтап, мемле-кеттік тілді дамытуға қосқан еңбегіңіз жемісті болсын, дейміз.

 

Нұрбану КАМАЛ.

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 20:33

Құрметке лайық Азаматтар

Елбасының «Болашаққа бағ-дар: Рухани жаңғыру» бағдарла-малық мақаласындағы «Туған жерге тағзым» атты іс-шара аясында жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Бинәлі Ысқақ ауданы-мыздың дамуына зор үлестерін қосқан азаматтардың кеудесіне «Еңбекшіқазақ ауданының құр-метті азаматы» төсбелгісін тақты.

Жамбыл атындағы жастар саябағында өткен шараға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, округ әкімдері, қала тұрғындары мен жастар жиылды. Құттықтау сөз сөйлеген Бинәлі Әбдіқапасұлы көпшілікті жаңа жылмен құттықтай отырып:

– Өтіп бара жатқан 2017 жыл ауданымызда іргелі істермен айшықталып, әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар жүзеге асырылған үлкен жетістіктер мен серпінді дамудың оң қорытындыларына ие болды. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың арқасында ағымдағы жылы ауданда бірқатар жаңа нысандар ашылып, әлеуметтік мәселелер шешімін тауып, экономикамыздың тұрақты өсу қарқыны сақталды – деп, өткен жылы аудан аумағында жүзеге асқан жүйелі жұмыстарға тоқталып өтті. Кейіннен, Бинәлі Әбдіқапасұлы және Бекет Ахметов аудандық мәслихат депутаттары құптаған 10 азаматқа «Ауданның құрметті азаматы» куәлігін табыс-тап, төсбелгісін тақты. Айта кетейік, жақында ғана джиу-джитсудан үшінші рет әлем чемпионы атанып, көк Туымызды әлемдік бәсекеде желбіреткен жерлесіміз Қанат Жақыпбаев та аталған марапатқа қол жеткізді. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаң-ғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер – алтын бесік» атты үздік жоба байқауында жеңіске жеткен және белсенділік танытқан округтерге Алғыс хаттар табысталды. Марапаттау соңы мерекелік концертке ұласты.

 

С.НҰРАДИН.

Рубасылары мен тайпа көсемдерін өздері сайлап, әр ру өз алдына әскер жасақтарын құрған көшпелі қазақ әу баста өзін-өзі басқаруға, ел ішіндегі мәселелерді өз бетінше шешуге қауқарлы еді. Әрдайым жоғарыдан бұйрық күтетін, пәрмен болмаса аузына түскен асын жұтуға қорқатын жалтақ қасиет қанымызға орталық-тандырылған басқару жүйесі мықтап енгізілген бодандық жылдары сіңді десек, қате айтқандық емес. Енді осы бір қисық мінез түзетіліп, жергілікті басқару жүйесін дамытуға үлкен жағдай жасалып отыр. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігі бұл бағыттағы негізгі реформалардың бірі. Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Бақыт Есенханұлы Жексембиев аталмыш жаңалық жөнінде, бюджет саласындағы өзге де мәселелер туралы әңгімелеп берді.

– Бақыт Есенханұлы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамында «селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі» деп атап көрсетілген еді. Келер жылы жүзеге асырылғалы отырған осы реформаға дайындық қалай жүргізілді?

– Негізінде бұл мәселені жан-жақ-ты зерттеу, талқылау одан да әріден басталған еді. Алғашқы ресми құжаттардың бірі – ҚР Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығы. Үкімет, министрлер тарапынан да бірқатар құқықтық актілер қабылданды. Бұқаралық ақпарат құралдарында да жиі талқыланып келді. Нәтижесінде, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 98 қадамында бұл мәселе нақты айтылды. Осы жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №90-VI Заңы қабылданды. Сол арқылы бірнеше заңнамаларға – Азаматтық, Бюджеттік, әкімшілік жауапкершілік туралы кодекс-теріне, «ҚР жергілікті мемлекеттік бас-қару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жарнама туралы», «Кәсіподақтар туралы» заң-дарына  бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұлардың бәрінде аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдіктерінде  дербес төртінші деңгейдегі бюджет және ком-муналдық мүліктің дербес үшінші деңгейін енгізу туралы мәселелер қаралды.

– Бұл  ауыл әкімдерінің жұмысына қандай өзгерістер әкеледі?

– Қазіргі уақытта ауылдық әкімдіктер-дің кірістері мен шығыстары, сондай-ақ, теңгерімдеріне бекітілген мүліктері  аудандық бюджет пен аудандық коммунал-дық мүлікке қарасты. Яғни, қандай да бір шығыстарды жүзеге асырғанда қаржы ауданның қазынашылықтағы бірыңғай есепшотынан беріледі. Сондай-ақ, ауыл-дық әкімдіктер  коммуналдық мүліктің меншік иесі емес теңгерімұстаушысы болып есептеледі және аудан әкімдігі белгілеген мөлшерде ғана басқара алады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  тұрғындар саны  екі мыңнан асатын аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерде бөлек есепшоттар ашылып,  өздерінің барлық шығындарын,  соның ішінде әкім аппараттарын, оларға бағынатын басқа мемлекеттік заңды тұлғаларға, құрылыс, жөндеу, абаттандыру, өзге жергілікті мәселелерді қаржыландыруға мүмкіндік заңмен берілген. Жаңа заңмен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес коммуналдық мүлікті басқаруы барысында әкімдерге кең көлемді уәкілеттер беріледі.  Мысалы, қазір әкімдіктер мүлікті тек қана кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға беретін болса, 1 қаңтардан бастап басқаруындағы мүлікті сатуға, яғни, жекешелендіруге, кейіннен сатып алу құқығымен жалға, сенімгерлік басқаруға беруге, коммуналдық меншікке алу мен шығаруға, оларға бағынатын мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімдеріне бекі-туге немесе алуға, сонымен қатар, жаңа мемлекеттік коммуналдық заңды тұлға-ларды құруға құқылы болады.

– Жергілікті  шығындарды дербес бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту деген мәселе пайда болады. Бұны реттеуге ауыл әкімдерінің іскерлік қабілеті, өз шығынын өзі жабуға ауылдардың экономикалық әлеуеті жете ме?

– Әрине, алғашқы жылдары аудан бюджеті бұл мәселеде оларға көмектесіп тұрады. Бірақ, әрдайым солай болады деп ойламаймын. Сондықтан, ауыл әкімдері қазірден бастап өз бюджеттерінің кіріс бөлігін толтыру жолдарын ойлауы қажет. Бұл реформаның алдымен тұрғындар саны екі мыңнан асатын ауылдық округтерден басталуының да мәні сонда деп білемін. Тұрғындар саны көп ауылдарда шағын және орта бизнесті дамытуға, сол арқылы салықтық түсімдерді арттыруға болады. Дербес бюджеттің кіріс бөлігі тек қана салықтық және салықтық емес түсімдермен шектелмейді. Жоғарыда айтқанымдай, дербес коммуналдық мүлікті басқарудағы уәкілеттіктер де ауыл әкімдерінің кіріс кіргізуіне мол мүмкіндіктер береді деген ойдамын. Ал әкімдердің іскерлік қабілеті дегенге келсек, ауылдық әкімдіктерде бұған дайындық жұмыстары әлдеқашан басталды. Жергілікті деңгейде осы мәселе бойынша әртүрлі семинар-кеңестер өткізілді.  Ауыл әкімдері мен мамандар арнайы оқу курстарына қатысты. Республикалық деңгейде биыл барлық өңірлерді қамтитын төрт үлкен форум өткізілді. Жақында Шымкент қаласында өткен осындай форумға ауданымыздан төрт ауылдық округтің әкімдері қатысты. Оған қоса, ауылдық округ әкімдіктерін кезең-кезеңімен дербес бюджетке өткізуге үйрету мақсатында соңғы екі жылда оларға қазынашылықтан ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттары ашылды. Аталған уақытша шоттарға түскен түсімдер әкімдіктердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған. Мәселен, көшелерді жарықтандыру, оқушыларды тасымалдау, ауылдарды абаттандыру т.б. Әрине, бұл шығындарды олар жергілікті қауымдастықпен келісе отырып жүзеге асырған. Сондықтан, ауыл әкімдерінде  бұл мәселе бойынша ақпарат жеткілікті деп ойлаймын.

– Реформаның жай-жапсары туралы бірталай мәлімет бердіңіз. Осы орайда, «аудандық бюджеттің жай-күйі қалай?» деген сауалдың оқырмандарымызды ойлантатыны сөзсіз...

– Аудандық бюджеттің жай-күйі жақсы. Соңғы бес жылда екі есеге жақын мөлшерде өсіп, бүгінде 20 млрд. теңгеден асты. Осы жылдың он айының қорытындысы бойынша аудандық бюджет 98,9 %-ға, жылдық жоспар 79,9 % -ға, ал, кіріс бөлігі 100,6% - ға орындалды. Жалпы, өткен жылдың осы кезеңге дейінгі көрсеткіштерімен салыстырғанда бюджеттің орындалуы бойынша оң динамикасы бақылануда.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Нұрбану КАМАЛ.

Мәдени, оның ішінде сакральді туризмді дамыту қазіргі таңда еліміздің мәдениет саласында баса назар аударылып отырған салалардың бірі. Сала мамандарының алдында мәдени-қорық мұражайлардың жұмысын жандандырып, туристік орынға тайналдыру міндеті де тұр.

Осы бағыттағы жұмыстармен танысу мақсатында «Есік» тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры, аудандық мәслихат депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлмира Райылқызы Мұхтаровамен әңгімелескен едік.

 

– Гүлмира Райылқызы, өзі-ңіз басқарып отырған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы еліміздегі туристік әлеуеті жоғары орындардың бірі. Осыдан үш жыл бұрын қабылданған ҚР Мәдени саясатының  тұжы-рымдамасында қорық-мұра-жайлардың жұмыс істеу тұжы-рымдамаларын  қайта қарау қажеттігі айтылған болатын. «Бұл бірегей объектілер мәдени туризмнің әлемдік орта-лықтарына айналуға тиіс», – деген міндет қойылған еді. Осы бағытта қандай жұмыстар атқа-рылуда?

– ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының осы қызметке келгендегі алғашқы қадамдарының бірі тұжырымдаманы қабылдау және қорық-музейлердің статусын көтеру болды. ҚР Мәдени саясатының  тұжырымдамасында қорық-мұражайлардың ғылыми мекеме ретінде дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Осыған байланысты, 2015 жылдардан бастап еліміздегі қорық-музейлерге ғылыми мекеме ретінде аккредитациядан өтуге және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге  лицензия алуға міндеттелді. Ал біз, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы республикамызда алғашқылардың бірі болып 2012 жылы ғылыми мекеме ретінде аккредитациядан өттік. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге 2011 жылы лицензия алған едік. Республикалық деңгейде 9 қорық-мұражай бар. Соның ішінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ең жас мұражай, 2010 жылы ашылды. Соған қарамастан, біз осындай ғылыми жолға түстік. Қорық-музей 2011 жылдан бастап, «Есік қорғаны және Жетісу сақтарының мәдениеті мен  тарихы», «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» деп аталған екі ғылыми-қолданбалы жобаны жүзеге асырып отырмыз. Аталған жобалардың аясында ең алдымен  Жетісу жеріндегі Сақ кезеңіне жататын обалардың тізімін, паспортын жасау, сақталу, қорғалу деңгейлерін анықтау жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде құрып кету алдында тұрған апатты қорғандарға  қазба жұмыстарын жүргіздік.

– Бұл жұмыстар осы қорық аумағындағы жерде  жүргізілді ме?

– 2013 жылы «Есік» қорық-музейінің қорғау аумағы бекітілді. Оған 80-нен астам сақ қорғандары кіреді. Бірақ ол қорғандарды қазуды жоспарлап отырған жоқпыз. Ол қорғандарды біз мейлінше сақтауды көздеп отырмыз. Зерттеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде республика көлемінде қазба жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін, әрі мерзімі шектелмеген лицензияға ие болдық. Сонымен қатар, қазба жұмыстарын жүргізуде шет елдермен тығыз байланыстамыз. 2013 жылы Оңүстік Корея еліндегі тоғыз ғылыми-мекемемен келісім-шартқа отыр-дық. Солардың төртеуімен  бірлесе отырып 2016 жылы Өрнек қорымында  құрып кету алдында тұрған екі қорғанды қаздық. Биыл сол мамандармен Рахат шатқалындағы екі қорғанды қазуға кірістік. 2015 жылы ҚХР-дағы ең ірі археологиялық ғылыми-зерттеу мекемесі – Шәнси провинциясының Археология институтымен 5 жылға келісім-шартқа отырдық. Соның нәтижесінде биыл Рахат қалашығын зерттеуге кірістік. 2013 жылы Дания мемлекетіндегі Копенгаген университетінің Геогенетика орталығымен танысуға мүмкіндік туды. Арадағы келіссөздер нәтижесінде аталмыш орталықтың жас маманы Петер Даамгард «Алтын адамның» қаңқа сүйектерінің және басқа да зерттеу нәтижесінде табылған адам және жануар сүйектерінің үлгісін алып кетті. Қазір бұл сүйектердің зерттелу нәтижесі бойынша үлкен ғылыми мақала баспасөзге дайындалуда.

– Зерттеулер нәтижесінде қандай жаңалықтар ашылды? Обалардың қандай тылсым құпиялары бар екен?

– Сақ дәуіріне тән қорғандардың құпиялары, тылсым сырлары өте көп. Есік қаласының төңірегінде КСРО-кезеңіне дейін 600-ден астам оба болған, қазіргі күнде соның 150-дейі ғана қалды. Сол 150-дей обаның 83-і біздің қорғау аумағымызға кіреді. Қалғанының бәрі саяжайлардың ішінде қалып кеткен. Бір қорған бір қорғанға ұқсамайды. Оның әрқайсысы бір жатқан құпия, жаңалық. Тіпті ішкі құрылымы, жерлеу тәсілі, заттардың түрлерін айтпағанда, әр қорғанның үстінде өсіп тұрған  шөптердің өзінің бірін-бірі қайталамайтыны таң қалдырады.

– Қазылған обалардың бәрінен де сүйектер, бұйымдар табылып жата ма?

– Әрине. Бұл обалардың бәрі тоналған обалардың қатарында. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын, сонау Сақ дәуірінде жерленген кезінен бастап тоналып келген. Соның өзінде де, біз осы қазба жұмысы нәтижесінде табылған заттар арқылы қорымызды жылдан жылға толықтырып келеміз. Тіпті қазба жұмысы нәтижесінде арнайы экспозициялық археологиялық зал аштық.  1970 жылдары табылған «Алтын адам» да сондай тоналған деп есептелген обадан табылған.

«Алтын адам» табылғалы бері 45 жылдан астам уақыт өтсе де оны зерттеу жұмыстары толастамай, тіпті шетел ғалымдарының қызығушылығы жыл санап артуда. Дегенмен, Еліміздің Тәуел-сіздігінің символына айналған, Нью-Иорк қаласындағы штаб-пәтерінде, ҚР Президентінің  резиденциясында, ҚР Ұлт-тық банкінде, Ұлттық, Орталық музейлерде  орын алған  «Алтын адамның» айналасында әлі күнге дейін жауабы табылмаған сұрақтар аз емес. Оның шығу тегі, жасы, жынысы, әлеуметтік дәрежесі, киіміндегі алтын әшекейлердің орналасу тәртібі мен мәні және т.б. төңірегінде айтыс-тартыстар көп. Тек бір қаңқа сүйегі бойынша қаншама жұмбақтар бар.

2011 жылдан бастап «Есік» қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері осы сұрақтарға жауап іздеп зерттеу жұмыста-рын бастады. Нәтижесінде,  біріншіден, зерттеу барысында 1969-1970 жылдардағы экспедиция мүшелері мен куәгерлерден сұхбат алынды, мұрағат құжаттары мен деректі фильмдер зерттелді. 2016 ж. «Тайны Золотого человека» атты жинақтың баспасөзде жарық көруі сол еңбектің жемісі. Екіншіден, осыған дейін із-түзсіз жоғалып кетті деп есептелген «Алтын адамның» қаңқа сүйегі  2013 жылы «Есік» қорық-музейіне қайтарылды.  Қорық-музей қызметкерлерінің қуанышы, ендігі кезде қаңқа сүйекті зерттеу арқылы бастапқыда айтылған  сұрақтарға жауаптар іздеу сынды жауапкершілігі үлкен жүкті атқарумен ұласты. Ең алдымен қаңқа сүйектің «Алтын адамға» тиесілі екендігін дәлелдеу, дәлелденген жағдайда сараптама жұмыстарын жалғастыру мәселесін шешу керек еді.  Өкінішке қарай, сүйектердің арасында бас сүйегінің болмауы мүмкіншіліктерді шектеді. Табылған қаңқа сүйек, «Алтын адамды» алғашқы тапқан ағамыз Б.Нұрмұханбетовке, кезінде археолог-студент ретінде экспедицияға қатысқан, қазіргі кезде сақ тақырыбын жан-жақты зерттеп жүрген, білікті маман А.Акишевке көрсетілді. Олар мойын-даған қаңқа сүйек белгілі антропологтар О.Смағұлов пен А.Смағұловаға көрсетілді. Ғалымдар қаңқа сүйектерінің сақталу жағдайының нашарлығын айта отырып, жасы шамамен 17-20 жаста, ер адамның сүйегі деген  алғашқы сараптама қорытындысын берді. 2015 жылдың маусым айында «Есік» қорық-музейіне келген венгрлік антрополог ғалым Андраш Биро  «Алтын адамның» иық және жамбас сүйектерін мұқият қарап, оның жетіліп келе жатқан, 16-18 жастағы бозбаланың сүйегі болуы мүмкін деген қорытынды жасады. Сүйектерінің жіңішкелігі оның ақсүйектер әулетіне жататындығынан деп атап көрсетті.

Ендігі кезекте «Алтын адамның» бас сүйегін іздестіру, қаңқа сүйегін зерттеу жұмысын аяқтау, оны жер қойнауына тапсыру сияқты күрделі де жауапты жұмыстар күтіп тұр.

– «Алтын адамның сүйегі» жер қойнына тапсырылса, бұл алдағы уақытта киелі, туристік орынға айналады ғой?

– Әрине, өздеріңіз білесіздер, киелі орындар  мәселесіне соңғы уақытта баса назар аударылуда. Алтын адамды жерлеп, оның үстіне қорған салатын болсақ, ол да бір қасиетті орынға айналатыны күмәнсіз.

– Сақ дәуірінің бай тарихынан мол хабар беретін «Алтын адам» жетпісінші жылдары табылды. Бірақ, белгісіз себептермен ол жоғалып қалды, дұрысырақ айтқанда, әлдеқалай бір қораптың ішінде елеусіз қалып кетті. Бұл сол кездегі мамандардың салғырттығынан болды ма, әлде мұнда қандай да бір саяси астар  бар ма еді?

– Меніңше, бұл саяси мақсаттардан гөрі салғырттықтан болған жәйт. Әрине сол кездегі жағдайды да ескеру керек.  Төрт мыңнан астам әшекей бұйыммен бірге жерленген «Алтын адамның» табылуы күтпеген жағдай. Алтын әшекейлерді зерттеуге баса көңіл бөлініп, қаңқа сүйекті зерттеу мәселесі  екінші кезекке қалып қойған болса керек. 

– Байқап отырсақ, қорық аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық барлау жұмыстарының бәрі де шетелдік, соның ішінде қытайлық, кореялық мамандармен бірлесе жүргізілуде. Біздің жеріміздегі мұраны қазып, зерттеуден  олардың ұтары не?  Ал біздің мақсат, тек археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде шет елдік озық тәжірибені үйрену ғана ма?

– Олар үшін де, бұл – тәжірибе алмасу. Олар бізде ғана қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ. Моңғолия, Өзбекстан, Жапония сияқты елдерде де зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелерін салыстырып, өз беттерінше қорытынды жасап жатыр. Бір сөзбен айтқанда, біз шет елдік мамандармен бірлесе жұмыс жасап, әлемдік тәжірибеге өз үлесімізді қосып отырмыз. Екіншіден, Оңтүстік Корея ғалымдары бізбен арғы түп атамыз бір деп есептейді. Олар да өздерінің тарихын ғұндармен, үйсіндермен байланыстырады. Сондықтан, олар да бұл зерттеуді өздерінің  ата-бабаларының тамырын зерттеу деп біледі. Ал біздің корей және кытай археологтарынан  үйренеріміз көп.  Оны мойындауымыз керек.

– «Алтын адам» тәрізді еліміздің ең әйгілі археологиялық олжасы табылған тарихи орынға деген өз жерлестеріміздің қызығушылығы қандай?

– «Есік» қорғанынан табылған «Алтын адам» тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін баға жетпес құндылық. Арнайы зерттеулер, қайта қалпына келтіру жұмыстары нәтижесінде оның  маңыздылығы күннен күнге артып, біздің сана сезімімізге, дүниетанымымызға әсері күшейе түспек. Қызығушылықтың бір дәлелі алтын адамның табылған жерінен республикалық қорық-музейдің ашылғандығы. Жергілікті тұрғындар «Алтын адам» табылған жерде өмір сүріп жатқандықтарын мақтаныш етеді.

– Тұжырымдаманы жүзеге асы-рудың бірінші кезеңінің түйінді индикаторының бірі  «мұражайларға келу санын 3 есе ұлғайту» болып отыр. Бұл үшін, әрине, музейлеріміздің «ғылым, білім, коммуникация, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновациялар орталығы» деңгейіне көтерілуі қажет. Материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары қалай болып жатыр?

 – 2015 жылы жыл бойына келушілер саны 300-400 адам болса, қазір жылына 17 мыңға дейін жетеді.Алайда, былтырғы 17 мың келушінің 3 пайызы ғана жергілікті халық. Біз 3 жыл қатарынан қорық-музейде «Музей түні» іс-шарасын өткізіп келеміз. Сол күні келушілер саны 4 мыңға дейін барады және келушілердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар. Қаржыландыру мәселесіне келетін болсақ, әрине мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді.  Қорық-музей қазыналық мекеме ретінде кіріс табуы  да қажет. Кірісіміздің бір бөлігі   материалдық-техникалық базамызды дамытуға жұмсалады. Дегенмен қаражат мәселесі өзекті. Әлі де болса өмірдің талабына сай қорық-музей  құру жолында қаражат тапшылығын сезінеміз. Биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған рухани жаңғыру міндет-терін жүзеге асыру мақсатында Қазақ-станның киелі жерлерінің географиясын әзірлеу шараларына кірісіп кетті. Осы бағдарлама аясында бірқатар республикалық музей-қорықтардың қор-ғауына алынған ескерткіштердің тартымды туристік нысандарға айналдыру мақсатында оларды зерттеу, дамыту, насихаттау ісіне қолайлы жағдай жасайтын Сапар орталықтарын салу жұмыстарын жоспарлап отыр. Олардың қатарында Есік қорық-музейі де бар. Алдағы жылдары материалдық-техникалық базамыз жақсарады деген үміттеміз.

– Ұлттық мәдени-тарихи мұрала-рымызды сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу үшін қол ұшын беріп, мате-риалдық немесе моральдық тұрғыда қолдап жүрген азаматтар бар ма?

– Қазір Үкімет тарапынан меценат-тардың көмегін көрсету мәселесін заңдастыру қарастырылуда. Бұл мәселе Үкімет тарапынан реттелсе бізге де оңай болар еді. Себебі, кейде  көмек көрсетудің өзі  қағазбастылықтың салдарынан қиын болып жатады.  Дегенмен, қорық-музейге азды-көпті көмек көрсететін адамдар жоқ емес. Мысалы, қорық-музейдің территориясын абаттандыру түгелге дерлік осы демеушілердің көмегімен іске асты. Қорық-музейдің алдында  Ж.Набиев сынды азаматтың көмегімен құрылған 12 қанатты стационарлы киіз үй бар. Ол үйде біз конференциялар, семинарлар өткіземіз. Кейде, тіпті, экспозициялық көрме ретінде пайдаланамыз. Кездейсоқ табылған артефактілерді сыйға беріп кететін азаматтарда кездеседі. Мұның өзін үлкен демеушілік қолдау деп білеміз.

– Жалпы, мәдени саясатты реформалауда кадр саясатының дұрыс жүргізілуі ауадай қажет. Мәдени мұраларымызды  сақтау ісіне жас, білікті кадрларды тарту жағы қалай болып жатыр?

– Өзіңіз білесіз, елімізде музей ісі мамандарын ұлттық университетімізде бір ғана кафедра дайындайды. Музейтанушы, жалпы, музей саласын бітірген мамандарға тапшылық бар. Сондықтан да біз көбіне тарихшыларды  қызметке аламыз. Мамандардың ішінде ағылшын тілін білетін тарихшылар жоқтың қасы. Жергілікті білікті мамандарды табу одан да қиын. Қазір қорық-музейіне Алматыдан 4 маман, Қарағанды қаласынан 1 маман тартылған. Қытай және түрік тілінде жетік сөйлейтін мамандарымыз бар. Қазақстанның киелі жерлерінің қатарына Алматы облысының Таңбалы петроглифтері, Есік қорымдарының кешені, Үңгіртас секілді ескерткіштермен қоса халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Талхиз қалашығы енгізілді. Осы орайда, Талхиз қалашығын қорғау, сақтау, пайдалану және басқару мәселесінің бірден-бір тиімді жолы ретінде ескерткішті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қарауына заңды түрде беру мәселесі пысықталды. Демек, жұмыс ауқымы да үлкейеді. Бүгінгі таңда, Есік қорық-музейі қызметкерлерінің саны көбейіп, Талғар қалашығын зерделеу, қорғау және насихаттау ісімен айналысатын арнайы  мамандар тартылады.

Сұхбаттасқан Нұрбану КАМАЛ.

Суреттерді түсірген Күнқожа ҚАЙРОЛЛА.

Әсілінде, қазақ тобықтай сөзге тоқтаған, жауға үшкір қару, дауға ұшқыр қалам тосқан дана халық. Иен далада қыран баптап, тазы жүгірткен, асауды ноқталап, өрнекті өлеңімен өсиет айтып, әуезді әнімен таң атырған дара халық. Иі, қайсарлығы қара тасты үгіт кен, бауырмалдығы қатпар тоңды жібіткен, қаһарынан дұшпан аты үріккен Ұлы Дала Елінің бүгінгі ұландары Сіз бен Біз. Білегінің күші алтын, найзасының ұшы алтын есіл Ерлеріміз елінің ертеңі үшін аттан түспеді. Енді біздің майдалануға хақымыз жоқ. Тіпті, тағдырымызды тасқа қашап қалдырған баһадүрлеріміздің арман-мұратын Елбасымыз орындап, бағытымызды белгілеп, жолымызды анықтап берді. Экономикалық кеңістікте көшіміз көлікті болы. Кеңес тұсында кеткен «көзірлерімізді» қайтарып, қазір асығымыз алшысынан түсіп келеді. Шүкір дейік. Енді тек, санамыз ісімізден озғандығы маңызды. Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген егемен елдің ендігі буыны рухани құндылықтарын жұқартпай, тамырымызды тарихымызбен, салт-дәстүрімізбен суаруымыз керек. Себебі, «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай» деп өсиет еткен Тоныкөк бабамыз. Демек, «Рухани жаңғыруымыз керек» деген жылтырақ сөз  Көшбасшымыз айтпақшы жаңғырық боп қалмасын. Елбасы мақаласының жарық көргеніне де 7 айдың жүзі болды. Не істелді, нендей жоспар? Ендеше, байыппен бағдарлап көрелік...

Аудандық мәслихат депутаты

Айдар Даутқұлов:

Бәсекелестік – сананың жаңғыруына жол ашады

Елбасымыз бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың алты жолын айғақтап бергенін білеміз. Мен ондағы екінші – бәсекелестік және үшінші прагматизм туралы айтқанды жөн көріп отырмын. Себебі, бәсеке бар жерде үздіксіз ізденіс пен даму бар. Былайша айтқанда, бәсекелестік – белгілі бір жетістікке жету үшін жүріп отыратын үздіксіз жарыс. Ол экономикалық тұрғыдан болсын, рухани тұрғыдан болсын көрініс береді. Бәсекелестікті ғылыми тұрғыдан қарасақ, жаңалықты ендіру, өндірістің өсуі, сол арқылы кемелдену, төртіншісі – ескіру. Міне, бұл экономикалық, рухани тұрғыда да пайдалануға болатын фактор. Яғни, Елбасымыз «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» деді емес пе мақаласында. Бұл –прагматизм. Яки, бәсекелестік – прагматизмге, сананың жаңғыруына жетелейді. Елбасымыз прагматизмнің тамаша анықтамасын берді: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу» деді.

Қазіргі заман білім бәсекесінде. Үздіксіз ізденіс пен үнемі еңбек – жеңіске жол ашады. Осыны жас ұрпақ ұғынғаны дұрыс.

 

ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы

Балтабай ЫБЫРАЕВ:

Ұлттық өнерлерімізді өркендету керек!

Қазақтың музукалық фольклорлық мұра-сы ұлттық тәлім-тәрбие негізінің бастау бұлағы десек, бүгінгі таңда жыраулық, әншілік, күйшілік өнерімізге құрмет тұтып қарауымыз заңды. Атадан балаға жалға-сып, ғасырлар бойы тұтас өнер есебінде бағасын жоймай, бүгінгі ұрпаққа жеткен жырау-лық өнер, оның мұрагерлері жас жырау, термешілерді тәрбиелеу ауданымыздағы бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мәселесі боп тұр.

Хат сақтамай, ат сақтаған, тарихын, өсиетін тасқа қашап қалдырған ата-бабаларымыздың сан ғасырлық саналы ғұмырында өміршеңдікпен көрегенділікке толы терме-толғаулары, жыр-дастандары мен мысал, айтыстарын ұлттың рухани жаңғыруына, тәлім-тәрбие берудің маңызды бағыты есебінде тұруы тиіс. Музыка мектептерінде, колледжде-рімізде орта мектептердің үйірмелерінде, сыныптан тыс сағаттарда жүйелі түрде ата өнерімізді ұтымды пайдаланар болсақ, бұл жан дүниемізді жаңғырту емес немене? Жырау-лық дәстүрдің атасы Қорқыт заманында қобызбен күй тартып, жыр жырлап, өз кезеңіндегі қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге белсене араласып, данышпандық танытып, кейінгі ұрпақ санасына теңдесі жоқ ұлағатын сіңірген. Орта ғасырдағы Қазанғап, Қазтуған, Үмбетей, Теліқара, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жыраулар егеуле найза қолға алып, елі үшін қылша мойнын талша қиып, азаматтық борышын биік адамгершілік рухта атқарып, өткен тарихымызды бүгінге жеткізді. Осындай арыстарымыздың өрелі ойларынан жас ұрпақ үлгі алса, бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік, елге, жерге деген риясыз құрмет түлемей ме. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиеті-міз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс» деді емес пе Елбасымыз өзінің мақаласында.

Әрине, ғасырдан-ғасыр жылжып, ілгері қадам басқан сайын исі түркі тектес халықтың ата өнері жыршылардың да атқарар қызметі, әлеуметтік, қоғамдық үлес салмағы айқын-дала берді. Бүгінгі таңда жырау-термешілердің тек орындаушы-лық деңгейде көрініс беруі де сол заман ағымының кері әсерінен туындаған ұлттық қасіретіміздің бір тарауы. Рухани жаңғыру үшін рухты жырларымыз бен ер рухын көтеретін ұл-қыздарымызды дұрыс тәрбие-лейік, ағайын!

Біз өнерге бір күнде және бір күнге келгеніміз жоқ. Ұлттық өнеріміздің тағы бір тармағы саятшылық, ұсталық, зергерлік. Бұл өнеріміз де жеке бір адамдардың қызығушылығымен ғана жүретін болса, алар асуы асқақ болмайды. Қысқасы, атал-ған өнер түрлері бізде әлеуметтік жағынан қорғалмаған. Оларды дамыту үшін қолдау керек. Өйткені, ата өнерімізді адастырмай, тура жолға салу, оны дамытып, биік тұғырына тұрақтату арқылы қазақ руханиятын биік белеске көтере аламыз.

 

Қазақстан округінің әкімі  Марат СҮГІРБЕКОВ: 

Туған жерге туын тікті

Бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын жүрісі жылдам дәуірде жылтырақ сөз емес, нақты атқарылған жұмыспен өрлейтін кезеңде өмір сүріп келеміз. Осыны әрбір азамат жіті ұғынуы керек. Бұл турасында Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «»Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді» деген еді. Осы ретте Ащыбұлақ ауылында облысымыз бойынша, тіпті республика бойынша алғашқы боп Елбасымыздың «Туған жер» идеясын іске асыруға бар күш-жігерімізді салдық. Талай жылдан бері Ащыбұлақ ауылындағы түгі шығып жатқан паркті «Амал Био» ЖШС басшысым Асқар Сабиров өз күшімен абаттандырып берді. Тамыз айында өткен салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ арнайы қатысып, тұрғындар қуанышына ортақтасты. Жалпы көлемі 1 гектар болатын саябаққа жаны жомарт азамат 30 млн теңге қаржы жұмсады. Онда қазір шағын футбол, стритбол алаңдары, 2 балалар ойын алаңы, 120 адамға арналған орындықтар, дене жаттығуына арналған түрлі спорттық құралдар бар. Тіпті, қоқыс жәшіктері де заман талабына сай қойылды. Осындай игі шарадан кейін еліміздің түпкір-түпкірінен кәсіпкерлер бой көтерді. Қазір мұндай абзал ағаларымыз ауданымыздың аумағында да өз туған жерлеріне туын тігіп жатыр. Бұл үшін қуанамыз әрі өз жерімізге, елімізге не істей аламыз деген іштей ой пайда болғаны да ақиқат. Осы бағытта әлі де жұмыс істейміз.
Қазақтың 

 

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Салтанат БЕСПАЕВА:

Қолдау болса – қозғалыс бар

Мәдениет – рухани бітім-болмысымыз. Сондықтан Елбасымыз бұл саланы тәуелсіздік алған тұстан бері ақсатқан емес. «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғаты мен мәдениетін танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деген сөзі ойымның айғағы. Ал «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы арқылы мәдениетімізді жаңа қырынан түлетуге жол ашты әрі осы салада еңбек етіп жатқан азаматтарға айрықша жауапкершілік жүктеді. Енді жоғымызды түгендеп, мәдени, әдеби, ата-дәстүр болмысымызды қайта түгендеуге толық мүмкіндік туып отыр. Дұрыс айтасыз, жылтырақ сөзден арылып, жұмыр іске жұмылатын кез келді. Аудан әкімінің ұсынымы-мен болашақ жоспарға Бәйтерек, Балтабай, Қорам, Саймасай, Қаратұрық, Көктөбе сынды ауылдық округтерге мәдениет үйлерін салу  қойылып, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сұраныстар берілді. Есік қаласы және Көлді ауылдарындағы мәдениет үйлерін, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарындағы клубтарды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаға 2018 жылға қаражат сұрадық.

Облыстан қолдау тауып, 2017 жылдың тамыз  айынан Қаракемер ауылдық мәдениет үйіне балалар театрына үш штат бірлігі берілді. 2018 жылға аудандық мәдениет үйіне шаруашылық қызметке екі штат бөлініп отыр. Бағдарлама аясында осындай игілікті істер жалғасын табады деп сенеміз. Шешімін тапса, рухани жаңғыруымыздың алтын қазығына айналар еді. Осы күнге дейін ештеңе істелмеді дегеннен аулақпын. 21 мәдениет үйі, Халықтық атағы бар «Жібек жолы» ұлттық фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ұлттық халықтық аспаптар» оркестрі, «Улыбка», «Ирада» би ұжымдары және «Сувенир» цирк тобы, «Есік археологиялық-өлкетану», «Шелек өлкетану» және «Ұста Дәркембай» атындағы қолөнер музейлері тәуелсіздігіміздің, осындағы билік тізгінін ұстаған білікті басшыла-рымыздың ерен еңбегі. Ендігі мақсатымыз – ентігіп тұрған рухани мұраларымызды түлету.

Екіншіден, аудан бойынша қазіргі уақытта 1500-ге жуық көше бар. Соның  358-нің атауы кеңестік дәуірге сай, ескі идеологияда. Бұл тұрғыда Елбасымыз: «Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген еді бағдарламалық мақаласында. Мәселен, Есік қаласында – 76, Шелекте – 65, Бәйдібек биде – 38,  Бәйтеректе – 33, Бөлекте – 30, Көктөбеде – 16, Балтабайда –16, Ташкенсазда – 12, Саймасайда – 10 көшенің атауы ескірген, әлі күнге Кеңес дәуіріндегі атаулармен аталып келеді. Мұндай көшелері аз ауылдық округтер – Қаракемер, Малыбай, Бартоғай. Ал идеологиялық тұрғыда ескірген атаулармен аталатын көшелер мүлдем жоқ ауылдық округтер – Қазақстан, Қаражота, Қырбалтабай, Масақ, Сөгеті және Тескенсу.Кеңес дәуіріндегі атаумен аталған және қайталанатын көше аттарын тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен атау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.  ҚР Президенті  әкімшілігінің жетекшісі Ә.Жақсыбековтың 2017 жылғы ақпан айында жолдаған хатын басшылыққа ала отырып,  қала және ауыл-дық округтердегі жергілікті қоғамдастық мүшелері, көнекөз қариялармен, ақсақалдармен кеңесіп, кездесулер өткізілді. Өзгерту жұмыстарын жаппай жүргізу үшін қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Түйіндесем, «Ұлттық мәдениетімізді өркендету – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деді Көшбасшымыз. Және бір сөзінде: «Мәдениет – елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы. Қайсы елдің мәде-ниеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі биік, рухы да жоғары», – деді. Демек, адамзаттың рухани айнасы болған өнерімізге, тілімізге Елбасы мақаласы қайта жан бітірді. Енді күн-түн демей жұмыс істеу – біздің міндет.

Баспаға әзірлеген Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жексенбі, 10 Желтоқсан 2017 21:21

«Бар жетістік кілті – ынта мен еңбек»

«Алып ауданның келешегі кемел». Иә, бұл сөзді ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысқан әрбір адамның аузынан естиміз. Ауылшаруашылығы дамыған, кәсіпкерлігі көгерген ауданымыз кез-келген салада талайды шаң қаптырады. Тұмса табиғаты көз тоймас сұлулығымен де талайды баурап алады. Сондықтан болар, тұрғындардың саны күн санап артып, демографиялық өсім де қалыпты жүзеге асуда. Барлап қарасақ, бүгінгі таңдағы аудан тұрғындарының саны 300 мыңнан асыпты. Осы тұста,бүтін бір облыстың халқымен пара-пар осыншама адам қауіпсіз әрі сапалы жолмен, тұрғын үймен және оны салатын жер учаскелерімен толықтай қамтылып жатыр ма деген сұрақ туындайды. Жоғарыда айтылған сұрақтарды жинастырып, сондай-ақ, төтенше жағдай мәселесін де көтеріп, аталған салаларға жетекшілік ететін аудан әкімінің бірінші орынбасары ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Нұржан Кеңесұлына кірген болатынбыз.

– Нұржан Кеңесұлы, ауданы-мыздағы ірі салалардың бірі – құрылыс саласына жетекшілік ететіндігіңіз бізге мәлім. Соңғы жылдардағы ауданымыздағы құрылыс қарқыны қалай?

– Өзіңіз білесіз, ауданымыз қай саладан алып қарасаңыз да облыста көш бастап тұр. Сондықтан, осындай алып аумақта нысандардың құрылысы тоқтаған емес. Биылдың өзінде құрылыс саласына 3 млрд 195 млн теңгеден астам ақша бөлінді. Қаржыға Есік қаласы мен Шелек ауылындағы жаңа мектептер құрылысының екінші кезеңі жүргізілді. Сонымен қатар, Ават ауылындағы мектепке қосымша ғимарат құрылысының да екінші кезеңі аталған қаражаттың есебінен аяқталуға жақын. 

– Еліміздің келешегі – бала-лардың сапалы білім алуына жағдай жасауды тапсырған болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Осыған орай, аудандағы білім беру мекемелеріне тоқталып өтсеңіз.

– Оныңыз рас, балалар – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы, ел келешегін жарқын етер азаматтар. Олардың алаңсыз білім алып, емін-еркін өсуіне жағдай жасау – біздің парызымыз. Бүгінде аудан тұрғындарының саны артып, демографиялық өсім қарқынды жүзеге асуда. Қуанарлық жайт, әрине. Алайда, оларға жағдай жасау керек. Осы орайда, жоғарыда атағанымдай, Есік пен Шелекте әрқайсысының көлемі 8 486 шаршы метрден астам болатын 600 орындық мектептер қыркүйек айында пайдалануға берілді. Бұрындары сая-жайдан Есікке қатынап, жол қиындығын көретін саяжайлық оқушылар бүгін заман талабына сай зәулім оқу ордасында білім алуда. Шелектегі де үш ауысымды мектептердің түйіні шешіліп жатыр.

Аудан әкімінің тікелей араласуымен аудандағы апатты жағдайда тұрған мектептер мәселесі де оң шешімін табуда. Іргетасы жерге сіңіп, қақырап тұрған Жаңашаруа ауылындағы мектептің жанынан сметалық құны 456 млн 674 мың теңге болатын жаңа мектеп бой көтеруде. Ауданымыздың батыс шекарасында орналасқан Алға ауылындағы орта мектеп ғимаратының сапасы сын көтермейтін. Бұл олқылықтың да орны толады. Бюджеттен 815 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 300 орындық мектеп салынуда. Жалпы ауданы 4979 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 50 балаға арналған шағын орталық болады.

Сондай-ақ, бірер жыл бұрын Есік пен Шелекте 280 балаға арналған жаңа балабақша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Ташкенсаз, Достық ауыл-дарындағы ескі мектептің ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде жаңарған балабақша тұрғындар игілігіне қызмет етуде.

– Денсаулық сақтау және әлеумет-тік нысандар да жаңартылған болар.

– Әрине, тұрғындардың саулығы әр-қашан бірінші орында. Осыған орай, қазіргі уақытқа дейін Қазақстан, Ащыбұлақ, Түрген, Таусүгір, Ақши, Ташкенсаз сынды ауылдарда жаңа амбулаториялар бой көтерген болатын. Қазіргі таңда көптеген ауылдарда денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараты ескірген. Көктөбе округіне қарасты Алмалы ауылында ғимарат мүлдем болмаған. Ақ халаттылар мектептің бір бұрышын паналауға мәжбүр еді. Бұл мәселенің түйіні осы жылы шешілді. Алматы облыстық құрылыс басқармасының тапсырмасымен Алмалы және Алға ауылдарында дәрігерлік емханалар салынып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да апатты жағдайда тұрған ғимараттардың санын азайтып, әлеуметтік нысандар салуды жоспарлап отырмыз.

– Аудан аумағында көпқабатты үй, жалпы тұрғын үй салу туралы айтып берсеңіз.

– Соңғы бірнеше жылда ауданымызда көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп жатқан жоқ. Алайда, алдағы уақытта Есік қаласындағы 3, 4 ықшам аудандарда 30 және 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Біз жер мәселесін шешуді мықтап қолға алдық. Шелек, Қорам мен Қырбалтабай ауылдарының аумағын кеңейтіп, 100 гектарға жуық жерге инфрақұрылым жасадық. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Ақши ауылына 90 гектар, Шелекке 237 гектар, Ж.Қайыпов ауылына 22 гектар жер учаскелеріне жекеше тұрғын үйлер үшін инженерлік инфрақұрылымдарының жобасын жасауға конкурс өткізілуде.

– Есік қаласындағы көру қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттың жанындағы қаңқасы ғана қалған ескі ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылды. Жөндеуден өткізіп, тұрмысқа жаратуға бола ма?

– Құрылысы аяқталмаған ғимарат тоқырау жылдары жеке меншікке өтіп кеткен. Алайда, бірер жыл бұрын аудандық прокуратурамен бірлесе отырып, сот арқылы нысанды мемлекет меншігіне қайтардық. Бүгінгі күнде нысанды реконструкциялап, құрылысын аяқтау жұмысына жоба жасалуда. Жобалау жұмыстары аяқталса, күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға беріледі.

– Елді мекендердің арасын жалғап отырған қарым-қатынас көзі – жол мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Биыл аудандағы тас жолдарды жөндеуге қанша қаржы бөлінді? Қалай игерілді?

– Аудан бойынша автомобиль жолда-рының жалпы ұзындығы 2127 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар 234 шақырым, 689 шақырымы облыстық маңызы бар автомобиль жолдар. Аудандық маңызы бар жолдар 852 шақырым болса, қалған 352-сі ішкі шаруашылық жолдарды құрайды. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және елдімекендерде асфальтталған жолдардың үлесін арттыру үшін жыл сайын ағымды жөндеумен қатар Есік қаласы мен ауылдарда 1-2 көшеден асфальт төсеу жұмыстары қолға алынуда. Осылайша, жыл сайын ауданда 40-50 шақырым жолға жаңа асфальт салынуда. Өткен жылы тек аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламалары шеңберінде 1 млрд. 23 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржыға Есік қаласы мен 42 елдімекеннің 175 көшесі жөнделіп, асфальтталды. Көшелерге жаңа салынған асфальт ұзындығы 55 шақырымды құрады. Аудандық маңызы бар 852 шақырым жолдардың 512 шақырымы асфальтталған, қанағаттанарлық деңгей-де. 176 шақырымына құм-тас төселінген, ал қалған 164 шақырымы топырақ жолдарды құрайды.

Ағымдағы жылы Қаракемер ауылының 27 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына алғашқы 300 млн теңге бөлінді. Жалпы құны 774,4 млн теңгеге жалпы ұзындығы 15,1 шақырымды жол жөнеделеді. Мем-лекеттік сатып алу конкурсын ұтып алған жергілікті мердігер мекеме «ДСУ-13» АҚ жұмыстарды жүргізуде.

Көп жылдан бері шешімін таппай жүр-ген Малыбай ауылдық округіндегі Көктерек бөлімшесіне апаратын 3 шақырым жолды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) дайындалып, жалпы құны 181,2  млн теңгені ұтып алған «ДСУ-13» АҚ  жөндеу жұмыстарын жүргізді. Оған қоса, 12 ауылдың көшелерін ағымды жөндеп, асфальттауға бөлінген 100 млн теңге толықтай игерілді. Бюджеттен бөлінген 18 млн теңгеге саяжай аумағында пайдалануға берілген жаңа мектепке кірме жол мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолағы сызылды. Осыған орай оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуі үшін жер үсті өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 8,5 млн теңге қаржы бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Алға, Жаңашаруа, Шелек ауылдарындағы жаңа салынып жатқан мектептерге де кірме жолдарды жасауға 37,8 млн теңге қарастырылды. Есік қаласының көшелерін ағымды жөндеуге 8 млн теңге бөлінді.

Аудан аумағындағы облыстық маңызы бар 689 шақырым жолдың 275 шақырымы күрделі, 200 шақырымы орташа жөндеуді қажет етеді. Бүгінде Қорам ауылына кіре-берістегі 5 шақырым жолға орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Есік-Бөлек-Аймен жолының 9,2 шақырымына, Есік қаласынан 10, Төле би, Түрген ауылынан түскендегі 3 көпірге күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлік үстінде.

Өткен жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарына 150 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 59,8 шақырым жол ағымды жөндеуден өтті. Сонымен қатар, көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Есік-Қырбалтабай-Жетіген тас жолының 26-37 шақырымы аралығына (Қырбалтабай ауылынан Ақжал ауылына қарай) күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы 11 шақырым жолды күрделі жөндеуге қомақты қаржы бөлініп, қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жол пайдалануға берілді.

– Талғар – Есік – Бәйдібек би тас жолы Азат ауылынан Түргенге дейін жаңартылды. Қалған бөлігіне күрделі жөндеу қашан жүргізіледі?

– 2015 жылы республикалық маңызы бар Талғар – Есік – Бәйдібек би тас жолының 45 пен 61-шақырымы аралығы орташа жөндеуден өтіп жолдың асфальт қабаты толықтай жаңартылған болатын. Қазіргі күні Түрген ауылынан Бәйдібек би ауылына дейінгі, яғни 61 мен 78 шақырымы аралығы  күрделі жөндеуді қажет етіп отыр. Бұл жолды күтіп ұстау, жөндеу жұмыстары «Қазавтожол» ҰК АҚ  Алматы облыстық филиалының құ-зырында болғандықтан мәселені шешу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан  ұсыныс жіберілген. Қазіргі күні мекеме басшылары осы жолдың жөндеу жұмыстарына өтінімді 2018 жылдың бюджетіне енгізетіндігін жеткізді.

– «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің құрылысын жүргізіп жатқан жүк көліктері жүздеген шақы-рым жолды жарамсыз етті. Мердігер компания қайта қалпына келтіреді ме?

– Аудан аумағында 2014 жылдан басталып жүзеге асырылып жатқан халықаралық маңызы бар ірі жобалардың бірі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» авто-көлік магистралінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға берілмекші. Құрылысты негізінен бас мердігер «Догуш Гюльсан» біріккен кәсіпорны мен италияндық «Тодини» компаниясы жүргі-зуде. Бұл жобада 620-дан аса техника құралдары жұмыс жүргізсе, 1500-ге жуық жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. Жолдың аудан аумағындағы ұзындығы 157 шақырымды құрайды.

Алайда, жол құрылысы барысында бас мердігер «Догуш Гюльсан»  және «Тодини» компаниялары Бәйтерек, Ават, Бөлек, Түрген, Балтабай, Шелек, Нұрлы ауылдарының маңындағы карьерлерден ауыр жүк көліктерімен инертті материалдарды толассыз тасымалдау салдарынан аудан бойынша ұзындығы 95,1 шақырым болатын 22 жол учаскесінде асфальтты ой-шұңқырға айналдырып, кей жерлерде асфальтты мүлдем қопарып тастаған болатын. Осыған орай,  2016 жылы аудан әкімдігінің бастамасымен Алматы облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасы тарапынан  «Догуш Гюльсан» біріккен кәсіпорнына сотқа шағым түсіріп, соттың шешімімен 91,6 шақырым жолдарды толықтай қалпына келтіру міндеттелген. «Догуш Гюльсан» мекемесі учаскедегі бүлінген жолдарды қалпына келтіріп, кейбір учаскелері толықтай жаңартып, көлік қозғалысы қауіпсіз жүзеге асырылуда.  Қазіргі күні «Тодини» мекемесі тарапынан бұзылған Нұрлы ауылының 3,5 шақырым жолын жөндеу мәселесін шешу үшін «Алматыжоллабораториясы» мекемесімен жұмыстар жүргізілуде.

– Сіздің төтенше жағдайлар бөліміне жетекшілік ететіндігіңіз бізге мәлім. «Жаман айтпай, жақсы жоқ». Оқыс оқиға орын ала қалса, төтеншеліктердің дайындығы қай деңгейде? Материалдық-техникалық база талапқа сай ма?

– Төтенше жағдайлар бөлімі ауданда-ғы оқыс оқиғалардың барлығын жіті бақылауда ұстап отыр. Осы жылдың 11 айында 185 төтенше жағдай тіркелді. Негізі-нен, өрт оқиғалары болғандықтан, бөлім қызметкерлері өртке қарсы науқандар ұйымдастырып, арнайы парақшалар таратуда.

Жаз маусымында төтеншеліктер су қоймаларының, әсіресе, Д.Қонаев атын-дағы Үлкен Алматы каналының (БАК) маңында «Шомылуға тыйым салынады» деген тақтайшаларды қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Алайда, барлық адамдар бірдей ескертуге құлақ аса бермейді. Нәтижесінде, шомылу маусымында 11 қайғылы оқиға тіркелді.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы төтенше жағдай және эвакуация кезіндегі сирена жүйесі толықтай жаңартылды. Бұрындары тұрған П-160 құрылғысының орнына цифрлық АСО-8-3М құрылғысы орнатылды. Қала тұрғындары тарапынан сиреналар неліктен жиі қосылады деген сұрақ туындауы мүмкін. Бір әр айдың 20 жұлдызында дабыл жүйелерін қосып, тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Сондықтан, алаңдайтын ештеңе жоқ.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Сұхбаттасқан

Сардарбек НҰРАДИН.

Қазақстан өз алдына тәуелсіз ел болғалы бері де 26 жылдың жүзі болды. Алғашқы тәй-тәй тұрып, қаз-қаз басқаннан бүгінгі асау атты үйретіп, тізгіндеген, нағыз кемеліне толған жасқа, яғни екі мүшелден үшінші мүшелге аяқ басқан нар тұлғаға айналды. Осы ширек ғасырда Қазақстанды бүкіл жаһан танитын, еліміздің өмірін түбегейлі өзгерткен үлкен істер атқарылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз сөзімен айтқанда: «...Біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық. Алдымен, нарықтық экономикаға негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрдық. Екіншіден, «Қазақстан – 2030» стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық. Ал, қазір кезекті маңызды белестің алдында тұрмыз». Ия, ол белес Қазақстанның үшінші жаңғыруы – келешекте көркеюдің кепілі болатын жаңа белес, ол еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттырудағы  болашаққа бағыт болатын.

Назарбаев десе Қазақстан, Қазақстан десе Назарбаев деп танитын ел болып, «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырып, озық 50 елдің қатарына қосылып, көрсең көз сүйсінтетін асқақ Астанасын салып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке қабылдандық. Алматыда «Универсиада – 2017» спорт ойындары өтіп, оған 57 мемлекеттен екі мыңнан астам спортшы мен мелегация мүшелері қатысты. Ал, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізілді. Ендігі мақсат – Қазақстан мәңгілік ел болып қалыптасу жолында жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайына қарсы нақты іс-қимылмен жауап беру. Бұл тұрғыда Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түсуде. Енді үшінші жаңғыруды Елбасы: «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан – 2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде  ілгерілеуге  лайықталған.» деп атап айтты.

Бұл Жолдаудағы жаһандық қабілеттілікке бастайтын бес басымдықтың біріншісі – экономиканың жеделдеген технологиялық жаңғыртылуы, екіншісі – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, үшіншісі – макро экономикалық тұрақтылық, төртіншісі – адами капитал сапасын жақсарту, бесіншісі – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бағыттарда жұмыс жүргізу көрсетілген. Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз дағ стратегиялық маңыздылығын, белгілі бір мерзімге нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Президенттің бұл Жолдауы ерекше жаһандық бәсекеге қабілетті жаңғыру кезеңінің алдағы атқарылар мақсаттарын айқындап беруімен құнды. Жаһандық экономиканың қауіп-қатерлеріне төтеп беретін жаңа модельді ойлап тауып, алдағы уақытта шикізаттық бағыттан индустриалды бағытқа бет бұрып, банктік секторлар арқылы жекеменшік секторларды дамыту арқылы табысқа жетуді қамтамасыз ету көзделген.

Әрине, экономиканың өсімі адам капиталының дамуынсыз іске аспайтыны белгілі. Экономикалық бағыттың әлі де алынбаған белестерінің ішінде индустриялық-инновациялық бағытта жаңа технологияны, шағын және орта бизнесті  дамыту, аргоөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салаларына ерекше көңіл бөлу керектігіне баса назар аудартты. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау – ең негізгі стратегиялық шаралардың жүйесіне негізделген. Білім саласында үштілділік, денсаулық саласында медициналық сақтандыру бойынша біраз жұмыстар атқарыла бастады. Оның ішінде халықтың мәртебесін анықтау сияқты жұмыстар да қолға алынды. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 20%-ға арттырылса, 2018 жылдың 1 шілдесінен жаңа әдістеме бойынша базалық зейнетақы тағайындау жүзеге асырылмақшы. Ал, бала туғанда берілетін жәрдемақы да 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 20 %-ға өсіріліп, ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керектігі айтылған.

Ынтымақ, достықты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында шексіз табыстарға қол жеткізіп келеді. Мемлекетіміздің тұрақты әрі қарқынды дамуы – Елбасының оңтайлы саясатының арқасы. Жолдауды халық арасында түсіндіру барысында Шелек өңірінде бірнеше кездесулер өтті. Мәселен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының атынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нурумов, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Сабырбаев, «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» директорының орынбасары Жанат Садеков, сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР Ғылым  Академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Асылы Осман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Валиевалар халықпен кездесіп, Жолдаудың әр бағытын жеке-жеке талдап, түсіндіріп, ой бөліскен еді жыл басында.

Жолдау тармақтарын орындау мақсатында ауданның шығыс өңіріндегі 11 ауылдық округтің ішіндегі 34 мыңдай тұрғыны бар ең ірі округ Шелек әкімдігіндегі атқарылған істерге тоқталған жөн. Ауқымды істер легі атына заты сай «Келешек» балабақшасы, сондай-ақ, жаңадан салынған 600 орындық мектеппен басталды. Осы ғимараттар орналасқан аумақтағы жаңа мөлтек ауданда жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде. Осы аумақтың үсті жағынан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» авто жолы салынып, тіршіліктің қайнар көзіне айналмақшы. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз ету жұмыстары да қолға алынды. Ауылда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде  кәсіп ашамын деушілерге жағдай жасалуда. Айталық, округте жалпы кәсіпкерлікпен айналысушылар саны 1346 адамнан асты. 370-тен аса шаруа қожалығының иелігіндегі 3190 гектар егістік жерлерге көкөніс, жүгері, май бұршағы, көп жылдық шөп және басқа да дәнді дақылдар өсірілуде. Шаруа қожалықтарын ірілендіру мақсатында «Авангард» өндірістік кооперативі құрылып, оған 141 ұсақ жер иелері топтасты. Мал шаруашылығында ірі қара саны 4700, жылқы 1060, қой-ешкі 8250-ден асты. Мал тұқымын асылдандыру да қарқынды жүргізілуде. Үмбетәлиевтің «Феникс» шаруа қожалығы күніне 70 бас ірі қара, 150 бас ұсақ мал союға арналған алаңды, тәулігіне 2 тоннаға дейін ет өңдейтін цехты іске қосты. Өсекбаевтың «СВХ», Қайнарбековтың «Ақ жол», Медетованың «Мұрат», Ермұхамбет Алуаштың «Айдын» шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдандыруды қолға алған.

Ауыл күннен-күнге үлкейіп келеді. Бүгінгі күні округ бойынша 1330 адам жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер телімінің кезегінде тұр. Осы мәселені шешу мақсатында Май ауылы жақтан 100 гектар жерге инфрақұрылым жүргізу үшін қаржы бөлу көзделуде. Бұдан басқа да көптеген игі істер атқарылуда.

«Нұр Отан» Шелек бастауыш партия ұйымының мүшелері жыл басынан Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын талқылаудан бастап, «Нұр Отан» партиясының жеті партиялық ірі жоба аясында 2017 жылы форумдар, акциялар, семинарлар және түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Атап айтсақ, «Ардагерлерді аялайық» жобасы аясында Ұлы Жеңістің 72 жылдығындағы мерекелік шарада Ұлы Отан соғысының ардагерлері Василий Щеглов пен Петр Чебоненкоға құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстады . Сондай-ақ, « Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қарттарым аман-сау жүрші» атты акция өткізді. Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ядролық қарусыз әлем» атты тарихи-танымдық шара өткізді.

Бүгінгі таңда Шелек ауылдық округінде 9021 жас болса, жұмыспен қамтылғандары – 1212, оның ішінде мемлекеттік қызметте 15, бюджеттік мекемелерде 317, ірі, орта кәсіпорындарда 449, ал  басқа салаларда 431 жас жұмыс істейді. «Жастар Отанға» жобасымен Рәміздер күні патриотизмді қалыптастыру, рухани адамгершілік құндылықтарын түсіндіру мақсатында бастауыш партия ұйымы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен акция, халықтар бірлігі күні мерекесінде «Халықтар достығы» атты мерекелік концерт, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» деген тақырыпта әдеби кеш, жас таланттарды қолдау шаралары, «Мен еліммен мақтанамын» атты жастар форумы өткен. Тазалық айлығы барысында Шелек бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен округ жастары қоқыстардан арылту, ағаш көшетін отырғызуды қолға алды.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Астана қаласында өткен «ЕХРО-2017» көрмесін тамашалауға жіберді. Балаларды қорғау күні 20 мүгедек балаларға арнап арнайы концерт ұйымдастырып, сыйлықтар табыстады. Округтегі бес мүгедек азаматтар арнайы курста дәнекерлеуші. шаштараз, ЭВМ операторы кәсібін меңгеруде. Ал, «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы бойынша жаңадан салынған №1 мектепте 574 оқушы білім алуда, оның 61-і бастауыш сыныбының табалдырығын аттады. «Мектепке жол» акциясы барысында  тұрмыс жағдайдайы нашар отбасының 40 баласына демеушілердің көмегімен киім-кешек, оқу құралдары табыс етілді. «Сәтті қадам» жобасы негізінде бастауыш партия ұйымы колледж студенттері мен жас мамандар арасында «Болашақ мамандық иесі» атты тәжірибелік байқау өтті. Сондай-ақ «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасы бойынша да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ауыл тұрғындарымен, мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлерінің, жастардың басын қосып, әр түрлі тақырыпта үш семинар-кеңес және халыққа қызмет көрсету орталығы цехтық партия тобының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамыздың міндетіміз» деген тақырыпта дөңгелек үстел,  құқық бұзушылыққа жол бермеу, азаматтарды тазалыққа шақыру мақсатында «Таза аула» акциясы ұйымдастырылды. Жалпы Шелек бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен биыл 19 шара өткізілген.

Қазіргі заман талабы – ұлы көштен қалмай, еліміздің ұлттық технологиялық негізін қалауға қадам басу. Елбасы елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Мұндай батыл бастама, іскерлік ұмтылыс  келешекте Қазақстанның көркейіп, озық 30 елдің қатарына қосылуының кепілі.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Мам 06, 2025

Бруцеллездің алдын алу бойынша…

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллез…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…
Мам 06, 2025

Бывшие студенты военных учебных…

Бывшие студенты военных учебных заведений могут подать заявку на восстановление в учебном…
Мам 06, 2025

Әскери орындарының бұрынғы…

Әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына түсу үшін үйден шықпай-ақ оқуға…
Мам 06, 2025

Китай, Россия и Италия — лидеры во…

В 2024 году Казахстан продемонстрировал стабильный рост внешнеэкономической активности,…
Мам 06, 2025

Қытай, Ресей және Италия –…

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі…
Мам 06, 2025

Правовое просвещение студентов

В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» состоялась встреча прокурора города…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет