Сейсенбі, 01 Ақпан 2022 11:09

Оқуға құштар мектеп

ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «КІТАП ОҚУ – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУДІҢ КӨЗІ. ҚАЗІРГІ УАҚЫТ – СЕКУНД САЙЫН ЖАҢАРҒАН АҚПАРАТ ЗАМАНЫ. АЛТЫН УАҚЫТЫМЫЗДЫ ПАЙДАЛЫ ІСТЕРГЕ ЖҰМСАҒАНЫМЫЗ ЖӨН», – ДЕГЕН БОЛАТЫН. ОСЫҒАН ОРАЙ, ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒЫП ОҚИТЫН КІТАПТАРДЫҢ САНЫН КӨБЕЙТІП, АЛЫС АУЫЛДАРДАҒЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ТАРАТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ АЯСЫНДА ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ САЛАСЫНДА «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ.

Жоба аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде кітап оқудағы ата-аналар белсенділігін арттыру мақсатында «Отбасылық оқулар» мен төменгі сынып оқушыларын кітап оқуға тартудың бір әдісі ретінде «Кітап - сәуле нұр берер» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Бұл  шараның мақсаты – оқушылардың сөздік қорының дамуына үлес қоса отырып, білім көкжиегін кеңейту. «Отбасымен бірге оқимыз» атты  отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту аясында ұйымдастырылған іс-шара кейінгі жастарға отбасылық ынтымақ пен татулықты дәріптеу арқылы жеткізуді көздейді. Жобаны насихаттау, жүргізу барысы мектептің инстаграм, фейсбук парақшаларында үздіксіз жарияланып отыруда. Демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Book Rossing» жобасы қолға алынып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған туындыларын жолдады. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, оқушылармен бірге «Кел, балалар, оқылық!» атты көрме ұйымдастырылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы сәтті жалғасын тапса, еліміздегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып, ел арасына кең тарайтын болады. Алдағы уақытта «Оқуға құштар мектеп» жобасы кітапқұмар ұлт деген мәртебелі атымызға  сай игі бастама болатынына кәміл сенемін!

А.БАЙШИГАШЕВА,

мектеп кітапханашысы.

 

Оқылды 3151 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет