Жұма, 17 Ақпан 2023 09:40

ҚАНМЕН келген ҚАСИЕТ немесе сынықшы – бойына болмысынан дарыған дарын иесі

Жақында шетелде тұратын немерем ойнап жүріп, ыңғайсыз құлап, бұғанасын сындырып алыпты. Дәрігерлер рентгенге түсіріп, жас балаларда мұндай жағдай жиі кездесетінін, олардың сүйектері толық қатаймағанын айтып, қолын таңып беріпті. Мұндай жағдай менің басымнан да өткен. Мына жайсыз жағдайды естіп, сол кездегі  оқиға есіме түсті.

Отан алдындағы  борышымды өтеп, әскер қатарынан босап, елге оралған кезім. Таныс баланың велосипедін сұрап мініп, бір жұмыспен көрші ауылға жолға шыққанмын. Әлгінің алдыңғы доңғалағындағы балшықтан қорғайтын темірі (крылосы) ортасынан бөлініп сынып, оны жіппен байлай салғанын байқамаппын. Сол шығып кетіп доңғалаққа кіріп кеткен ғой. Содан рөлі кілт бұрылып кетіп, мен алға қарай «сальто» жасап, құлап, оң жақ иығымның бұғанасын сындырып алған едім. Әкем мені жетектеп, ауылдағы сынық салатын Ибатжан атаға алып барды. Қолымды сыртынан сипап ұстап көрген ол: «Ой, жолың болғыр! Бұғанаң сынып, қолыңның қос сүйегінің бірі шытынап кетіпті», – деп, жұмыртқаны жарып, сүйектің сыртынан жағып, таңып берді. Содан қозғалта алмай қиналып жүріп, бір айдан кейін қолым өз «міндетін» атқара бастады. Марқұм, сол сынықшы ата көлік қағып, аяқ сүйегі уатылып кеткен кісінің сүйегін, епті қолымен әр бөлшегін орын-орына салып беріп, қайта жүргізгенінің де куәсі болғанмын.

Негізінен тұқым қуалайтын емшіліктің әрі сирек кездесетін мамандықтың бірі – сынықшылық. Сынықшылар арнайы білім алмай-ақ сүйегі сынған адамдарды емдеудің құпиясын меңгерген тума талант иелері. Халық медицинасындағы сынық салу – атадан  балаға дарып келген, қанмен келетін қасиет. Мұндай кісілер бүгінгі таңда ілуде бірнеше мыңның бірінде ғана кездеседі. Бір өзі хирург, травматолог, нейрохирургтің қызметін атқаратын сынықшыларды табу қиын бүгінгі таңда.

Шындығын айту керек, қазіргі хирург – дәрігерлердің сынған сүйекті өз орнына жайғастырып салатын тәжірибесі жоқтың қасы. Сол себепті де сүйектің дұрыс салынбай, гипстеп немесе шпинаттап тастағанмен қисық бітіп жататыны. Қазіргі медицина мықты дамыды десек те, халықтық емдеудің бір тармағы саналатын сынықшыларға деген елдің ықыласы ерекше. Оған бір мысал келтірейін.

Мен сөзге арқау еткен сынықшы қарияның бойындағы осы қасиеті Нүсіпжан деген ортаншы баласына дарып, бүгіндері еліне танылған тұлғаға айналған.  Жастайынан атасының жанында жүріп, 13 жасқа толғанда сынық салуды қолға алыпты. Атасы 90 жасында иненің көзіне жіпті өзі өткізе алатыны жанарының жақсы көруінен емес, қолының сезімталдығынан болса керек. Әйтпесе, жасамыс адамдардың өзі ине сабақтай алмайды емес пе? Сол ерекше қасиет атадан балаға дарыған. Бірде Құдай аузына сөз салды ма, «Сынықшы Ибатжан деген кісінің үйі осы ма?» – деп сұрағысы келген емделуші: «Сынықшы Нүсіпжанның үйі осы ма?» – деп келген екен. Алла өз қалауын осылай жеткізіп тұрған шығар деген ой келеді, ақсақалға. Онда баламның жолын ашайын деген тұжырым жасайды. Содан бастап ақсақал баласына ақ батасын беріп, сырттай бақылап, қажет кезінде ақылын айтып жүреді. Сыннан солай өткен Нүсіпжан танымал сынықшы атанады.

Қанмен келген қасиеттің бірі – омыртқа жарығы, бел ауруларын емдеу. Сынық салумен қатар, Нүсіпжан бұл ауруларды да емдей алатынымен де ерекшеленеді. Төсек тартып, тұра алмай қалған талай адамдарды да тұрғызып, өздігінен жүретін халге жеткізген. Жарыстарда жарақаттанып, буыны шыққан не сүйегі сынған спортшылар да осы Нүсіпжаннан ем алады. Бокстан ел атын шығарып жүрген Серік Қонақбаев, Болат Манкеев, тағы басқа спортшылар сынықшының алдынан талай өтіпті. Өз кезінде ел Президенті болған Н.Ә.Назарбаев та Нүкеңе келіп, бел омыртқасын емдетіпті. Сондай-ақ, елге танымал тұлғалар – генералдар Амангелді Шабдарбаев, Мұхтар Алтынбаев, тағы басқалар Нүсіпжаннан емделіп, кеңес сұрап, хабарласып тұрады екен. Еліміздің әр аймағынан ғана емес, басқа мемлекеттерден арнайы іздеп келіп, емделушілер де жетерлік көрінеді. Оны емшіге алғыс айту дәптерінен оқып, көз жеткіздік. «Сынық сипағанды жақсы көрмейді» демекші, емделуге келген еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейінгілерді жылы сөзбен жұбата отырып, сынған сынықты қиыстыра қойып, шыққан буынды орнына салып береді, ешқандай психологиялық тренингсіз-ақ. Сондай-ақ, ешқандай отасыз-ақ қазіргі кезде көп кездесетін омыртқа жарығын (грыжа) емдеп, ел алғысын алып жүр. Төсек тартып, жатып қалған талай адамдар Нүсіпжаннан ем алып, жазылып кеткен. Дәрігерлерден емделіп, қисық біткен қаншама адамдардың сүйектерін жылқының майын жағып босатып, қайта салып, алғысын арқалағаны бір төбе.

Ал көптеген аурулардың түрін шөп дәрілер жасап емдеуді ұстазы, халық емшісі Болатбек Нұрхалықұлынан үйреніпті. Тіпті, қай шөптің қандай емге дәру, қай шөпті қашан жинап, қалай кептіру керектігін де жетік меңгеріп алған. Жас кезінде медреседе білім алғанының тағы бір пайдасы – қасиетті дұға, аят-сүрелерді де оқып дем салады. Жоғарғы үш оқу орнын бітірген, невропатолог дәрігер. Яғни әкесінен дарыған қасиетін халықтық емшілікпен ғана емес, медициналық тәсілмен де ұштастырып емдейтін дәрігер. Невропатолог мамандығы бойынша дипломы және бірнеше «халық емшісі» деген сертификаттары бар. Жақында ғана алпыс жасқа толған Нүсіпжан Омаров бес бала тәрбиелеп, өсірген ардақты әке. Осы балаларының ішінде Абдуахат пен Абдусамат атты егіз ұлдары – әке жолын жалғастырушы шәкірті. Өзінің жеке емханасы бар. Ем іздеп келушілер өте көп, таңғы сағат 5.00-тен бастап кезекте тұрады. Адамның күні адаммен. Қиналғанға қол ұшын беру – адамгершілік парыз емес пе?! Сынықшы сиқыршы емес, болмысынан бойына біткен қасиетті талант иесі.

Көбінесе дәрігерлер дұрыс салмай, сүйектің қисық бітетіні жасырын емес. Медицина мықты дамығанымен, жарақат алған жандардың сынықшыға барғанды жөн көретіні де сондықтан. Сынықшылықты кез келген адам үйрене алмайды. Оның сыры, қан жүйесінің қозғалу бағытын, тамыр соғысын сынықшылық қасиет бойына дарымаған жанға, ол қанша мықты дәрігер болсын, оны үйрену мүмкін емес. Сынықшы туралы сөз еткенде, мемлекеттік емдеу мекемелерінде хирург-дәрігерлерге сынық салу кезінде сынықшылармен неге біріктірмеске? деген ой келеді. Бұрындары бір ауылдан бір сынықшы кездессе, қазір олар мүлде азайып барады. Сондықтан да мемлекеттік емдеу мекемелерінде сынықшылармен бірігіп жұмыс жүргізіп, сынықшылық мамандығының дамуына мүмкіндік туғызса, дұрыс болар еді. Соңғы кездері ресейлік мамандар да сынықшылыққа қызығушылық танытып жүрген көрінеді. Негізінен сынықшылық қазақ халқына тән қасиет. Барды бағалай білу, кейінгі ұрпақ пайдасына жаратуды алдағы іске асырар міндет етіп қоюымыз қажет. Сонау қазақ хандығы құрылған кезде Өтей-бойдақ бабамыздың қазақи медицинасын жаңғыртып, қазаққа тән сынықшылық мамандықты ұлттық брендке айналдырғанымыз абзал.

PS: «Жақсылық қылсаң жасыр, жақсылық көрсең асыр» демекші, сауап жолындағы сынықшы өзі жасаған жақсылығы мен қайырымдылығы жайлы айтпаса да, оның жақсылығын көргендер жар салып айтып жүр. Былтыр өзі туып-өскен Қаратұрық округіне қарасты Достық аулына Марлан деген азаматпен бірігіп жаңа мешіт және имамға арналған үй салып, пайдалануға беріпті. Жас жеткіншектерге жақсылықты үйреніп, жамандықтан жиренетін діни сауат ашуға да мұрындық болған екен. «Жақсылық зая кетпейді» деген осы. Нүсіпжан Ибатжанұлының ардақты жас – алпысқа толғанын ауылдастары ат шаптырып, көкпар тарттырып, той иесіне ат мінгізіп, шапан жауып, зор құрметке бөлеп, атап өтті.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 2645 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет