Бейсенбі, 18 Мамыр 2023 20:16

Дерматомикоздың алдын алу мен сақтық шаралары

Дерматомикоз – адамдар мен жануарларға ортақ, паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын жұқпалы аурулардың тобы. Бұл ауру тағы да «трихофетия» деген атаумен де белгілі. Жұқпа көзі – науқас адам, үй жануары мен жабайы жануарлар. Ауру қоздырғышы (саңырауқұлақтар) адамдар көпшілікке қызмет көрсететін мекемелерге барғанда (монша, қауыз, шаштараз, спорттық секциялар, т.б.), жеке бас гигиенасын сақтамағанда, науқас пайдаланған жеке заттарды (тарақ, сүлгі, бас киім, аяқ киім, т.б.) пайдалану кезінде,сондай-ақ үй  жануарлары мен қаңғыбас жануарларды ұстап, күтім жасау кезінде жұғады. Көбіне қабыну белгілері терінің ашық жерелерінде, бастың шаш өсетін бөлігінде, сыртқы жыныс органдарында, өкше терісінде дамиды. Тері мен бастың трихофетиясы негізінен балалар мен жасөспірімдерде байқалады. 

Аурудың алғашқы белгілері науқаспен немесе (қолданған затымен) жануармен қарым қатынастан кейінгі бір апта ішінде дами бастайды.

Дерматомикоздың негізгі белгілеріне:

- терідегі гиперемияланған (қызарған) жерлердің пайда болуы;

- аяқ-қол тырнақтары пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер;

- теріде қызарған дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;

- бөртпе, көпіршіктердің пайда болуы;

- базданудың пайда болуы;

- дененің қышуы, ашуы жатады.

Еңбекшіқазақ ауданында 2023 жыл басынан дерматомикоз қоздырғышын жұқтырған 26 науқас есепке алынған. Оның ішінде 22 жағдайында науқастар 14 жасқа дейінгі балалар болса, 2 жағдайда жасөспірімдер. Сырқаттанушылық өткен 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23 жағдайға өсіп отыр.

Дерматомикоз сырқаттанушылығының 18 жағдайы немесе 81,8%-ы мектеп оқушылары арасында тіркелген.  

Дерматомикоздың алдын алу мен сақтық шараларына:

- иммунитетті көтеру, дұрыс тамақтану;

- қоғамдық орындарда жалаң аяқ жүрмеу;

- бөтен адамдардың бас және аяқ киімдерін, іш киімдерін кимеу;

- бөтен адамдардың сүлгісін пайдаланбау;

- киімдеріңіз бен аяқ киімдеріңізді таза ұстау;

- табиғи матадан тігілген киімдерді кию;

- бөтен адамдардың маникюрге арналған заттарын, тарағын, шаш қыстарғыштарын пайдаланбау;

- қаңғыбас және таныс емес жануарларды ұстап, сипаламау;

- үй жануарларыңыздың денсаулығын үнемі қадағалап, тері жабындысын саңырауқұлақтық зақымдануға қарап тексеріп отыру.

Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігер      дерматологқа көрініп, тиісті ем алу керек екендігін есте сақтаңыздар!

Д.БАҚБЕРГЕН,

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

Оқылды 3754 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет