Бейсенбі, 06 Наурыз 2025 11:32

Ауа тамшылы жұқпалардың алдын алу

Ауа тамшылы жұқпалар - бұл ауада қоздырғыштармен (микроорганизмдермен)  ластанған кішкентай тамшылар арқылы тарайтын инфекциялар. Бұл тамшылар әдетте науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немес сөйлегенде ауаға тарайды, осы кезде сау адамға жұғуы мүмкін. Мысалға ауа тамшылы жұқпаларға: тұмау,  жіті респираторлы вирустық инфекция, COVID 19 коронавирустық инфекция, көкжөтел, қызылша, қызамық т.б. инфекцияларды жатқызуға болады.

      Ауа тамшылы жұқпалардың алдын алу үшін бірнеше шараларды қолдануға болады.  Оның ішінде:

  1. Қолды жиі жуу: Күнделікті қолды сабындап, ағынды сумен кем дегенде 20 секунд бойы жуып отыру қажет.
  2. Маска тағу: жұқпалы аурулар таралмауы үшін маска тағу, әсіресе қоғамдық орындарда, өте маңызды.
  3. Әлеуметтік арақашықтық сақтау: Адамдар арасындағы қашықтықты кем дегенде 1 метр ұстап тұру, жұқпалы аурулардың таралу мүмкіндігін азайтады.
  4. Науқас адамдармен қарым қатынас жасамау: Суық тиюдің немесе басқа да жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдармен тікелей қарым-қатынас жасамау.
  5. Ауа алмастыру: Өзіңіз тұратын бөлмелерді жиі желдетіп тұру ауада бактериялар мен вирустардың таралауын азайтады.
  6. Дезинфекция: Тұрмыста жиі қолданатын есік тұтқалары, телефон, тұрмыстық техниканың қашықтықтан басқару тетіктерін және басқа да заттардың бетін дезинфекциялаушы заттармен зарасыздандырып отыруды.
  7. Иммундық жүйені нығайту: Вакцина арқылы басқарылатын жұқпалардан (көкжөтел, қызылша, тұмау т.б.) осы ауруға қарсы арнайы вакцинаны қолдануды. Сол сияқты, саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану және жұмыс пен демалыс ережесін сақтау, таза ауада жиі серуендеу адамның иммунитетін жақсартады.

          Бұл шаралар жалпы ауа тамшылы жұқпалардан қорғануға көмектеседі.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 348 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет