Алматы облысы COVID-19 вирусының ықтимал екінші толқынына дайындықты күшейтті. Өңірде соңғы аптада вирустың өсу қарқыны 0,2% құрады. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда стационарлық емдеуде барлығы 149 адам бар, оның ішінде 33 адам инфекциялық стационардың 1 деңгейінде, 109 адам инфекциялық стационардың 2 деңгейінде ем қабылдап жатыр. «Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны тәулігіне де, соңғы аптада да 0,2% құрады. Жалпы COVID-19 вирусын жұқтырған 5204 науқас тіркелді, оның 4872 - і сауығып…