Сәрсенбі, 04 Қараша 2020 10:42

Меритократия қағидаты – мансаптық өсудің кепілі

Меритократия қағидаты – мансаптық өсудің кепілі Сурет интернеттен алынды

Алматы облысында соңғы бес жылда 1200-нан астам мемлекеттік қызметкер мансаптық көтерілуге қол жеткізген. Бұл өңірде 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының сәтті жүзеге асуының дәлелі.

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары бүгінгі таңда «меритократия қағидаты» негізінде үлгілі қызметкерлердің мансаптық көтерілуі, мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық жоғарылау бағытын сапалы түрде жүзеге асырып келеді.

Ағымдағы жылдың 9 айында өткізілген ішкі конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметке тағайындалушылар саны 230-ға жуық адамды құраса, оның 74 пайызы жоғары мансапқа ие болған.

Олардың 94,2% (162 бірлік) жоғары білімі бар қызметкерлер. Қалған 5,8% (10 бірлік) орта-кәсіби білімді қызметкерлер (ауылдық деңгейдегі лауазымдар).

Қуантарлығы, меритократия жастар арасында көрініс тауып отыр. Олардың 35% (61 адам)30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметте7 жылғадейін тәжірибесі бар жас мамандар.Бұл сапалы құрамның деңгейіне оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар өңірдің нәзік жандылары бәсекеге қабілетті болып шықты. Төменгі қызметтен жоғарыға көтерілген 172адамның 43 пайызы ер азаматтармен қатар қызмет атқарған әйел адамдар.

Бұл орайда мемлекеттік қызметте орын алып жатқан оң өзгерістер жайлы айта кетпеске болмас,жаңа талаптар белгіленіп, сәтті жүзеге асырылуда, мысалы, алғаш рет қабылданғандар үшін сынақ мерзімінен және тәлімгерлік институтынан өту, мансаптық өсу үшін міндетті шарт -мемлекеттік қызметті төменгі лауазымдардан бастау, ол мансаптық үлгінің басты қағидатына сәйкес келеді.

Сондықтан, мемлекеттік қызметке алғаш рет түскен әрбір қызметкер өзін-өзі дамытумен айналыса отырып, өз кәсібилігі мен тәжірибесін көрсету және қолданумүмкіндігіне ие, бұл меритократия қағидаты бойынша кезең-кезеңмен мансаптық өсуге алып келетіні сөзсіз.

Бұл біріншіден басшылардың кадр мәселелеріне тиісті көңіл бөлуге қатысты, өз қызметкерлерін жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін, оның қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес, төменгі лауазымдарда міндетті жұмыс тәжірибесін ескере отырып, жоғары лауазымдарға іріктеу болып табылады. Өйткені мемлекеттік органдардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың тиімділігі мен нәтижесі кәсіби қызметкерлерге тәуелді.

Ал, мемлекеттік қызметте іріктеудің объективтілігі мен ашықтығы үміткерлермен өткен әңгімелесу отырыстарының барлығы сарапшылар мен байқаушылар қатысуымен қамтамасыз етіледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Байқаушылардың ішінде жергілікті мәслихат депутаттарының (24,6%), БАҚ өкілдерінің (24,2%) белсенділігі байқалады.

Облыс орталығында орналасқан мемлекеттік органдармен өткізілген конкурстарға 100% ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттің қызметкерлері байқаушы болып қатысып келеді.

Атап өтетін маңызды мәселе, қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 99-бабы, 1-тармағына сәйкес, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға (конкурстық комиссия мүшелеріненемесе персоналды басқару қызметіне) он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (41670) теңге айыппұл салуға әкеп соғады.

Биылдың өзінде-ақ конкурстық рәсімдерді бұзғаны үшін 5 әкімішілік іс қозғалып, жауапты тұлғаларға айыппұлдар салынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерді төменнен жоғарыға сатылап көтеру мекемелерде кәсіби мамандардың еңбек етуіне мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде халық игілігіне бағытталған мақсат жоспарларды жүзеге сапалы және тиімді асырудың кепілі.

 

А.Стамбекова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы

Оқылды 1798 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет