Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимараттардың да жағдайымен танысты. Жұмыс сапары Шелек ауылындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан модельді ауылдық кітапханадан бас-талды. Кітапхана 2025 жылға арналған мәдениет нысандарын жаңғырту жоспарына енгізілген. Ғимараттың жалпы аумағы – 524,4 шаршы метр. Былтыр ақпан айында «Consulting Company KZ» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, қаржы облыстық бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, су, кәріз жүйелері, газ қазандықтары орнатылған, едендер құйылып, электр желілері жүргізілген. Қажетті жиһаздар…