Облыста мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемдену мен жалған құжаттар ұсыну арқылы жасалған 6 қылмыс тіркеліп, жалпы шығыны 653 миллион теңгені құрады. Бұл туралы экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Данияр Қыдыралиев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, тексеріс барысында агроөнеркәсіп кешенінде мемлекет қаражатын жымқырудың жүйелі схемалары анықталды. Мәселен, ет өңдеу зауытының жобалау-сметалық құжаттарын қолдан жасау арқылы 205 миллион теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сол серіктестік жалған құжаттар арқылы құрылғының өндірістік қуаты туралы…