Алматы облысы әкімдігі жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жұмысын жалғастыруда. 2023 жылдан қалған және ағымдағы жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан жерлердің жалпы алаңы 345,1 мың га-ға (1182 жер учаскесі) жеткен. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 612,8 мың га-дан әлдеқайда төмен. Биылғы жылдың аяғына дейін облыс бойынша жалпы алаңы 70,0 мың га болатын жерлерді қайтару жоспарлануда. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 220,0 мың га жоспарының 102 пайызын орындаудың нәтижесінде қалыптасқан. 2024 жылдың басынан бері облыс аумағында…