Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2022 14:26

Экстремизм – ең қауіпті бүлік

Барлық мақтау мен мадақ күллі әлемнің Раббысы болған Аллаға тән.

Оның салауаты мен сәлемі барлық пайғамбарлардың соңы әрі сардары болған Мұхаммедке, әулетіне, ардақты сахабаларына болсын. 

Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта асыл дінімізге көптеген күйе жағылып, түрлі жалаларды телу үрдісі белең алып келеді. Соның ішінде діни экстремизм мен терроризм деген түсінік пайда болып, оны ислам дінімен байланыстырғысы келетіндер көбейді.

Ата-бабаларымызға рухани азық болған, айнымас темірқазығы болған ислам – аты айтып тұрғандай бейбітшілік діні. Мейірім мен махаббат діні. Оған ешбір қатаңдық, қатігездік пен мәжбүрлеу тән емес. Десе де, елмен етене жұмыс істейтін дін қызметкері болғандықтан өз хәлімше экстремизм туралы, оның қаупі мен қатері жайлы айтпай кетуді ар санадым.

Экстремизм француз және латын тілінен аударылғанда «шеттеу», «шектен шығу» деген мағына береді.  Терминдік тұрғыдан түсіндіргенде «тәртіпке бас имейтін», «өз ойымен ғана іс-әрекет етуші» дегенді білдіреді. Аталған ұғым XX ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысты болғандықтан халық арасында кеңінен танымал бола бастады. Жоғарыда айтқандай экстремизм бастауы дінде емес, саясатта болғандықтан асыл дінімізге тиісуге болмайды.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 190 аятында «Шектен шықпаңдар. Негізінде Алла шектен шығушыларды жақсы көрмейді» деп баяндаған болатын. Онымен қоса «Ағраф» сүресінің 56 аятында «Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүлінушілік қылмаңдар» деп мәлім еткен. Сол секілді Алланың сүйікті Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Мейірімді болмағанға мейірімділік көрсетілмейді» деп біз секілді үмметіне өсиет қалдырған. Ибн Аббастан жеткен тағы бір хадисінде «Мейірімді, жұмсақ жүректі болмайынша толық иман келтірген болып саналмайсындар» делінген.

Ислам тарихына үңілсек дінді жаю мақсатында соғыс ашылып, жиһадтар жарияланған. Алайда, ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешіті бар ауылға соғыс ашудан қайтарған. Соғыс ашылған күннің өзінде қару көтеруге қауқарлы жандармен ғана шайқасқан.  Қарияларды, әйелдерді, балаларды  өлтіруге, құлшылық орындарын қиратуға қатаң тыйым салған.  Бірде үлкен жорықтан келе жатқан сүйікті Расулулла мұсылмандар үшін үлкен жиһад бар деген. Онысының мәнін сұраған сахабаларына адамның өз нәпсісімен күресуі өте маңызды екенін түсіндірген.

Қазіргі уақытта да Ислам дінін қарудың күшімен жайғысы келетіндер жоқ емес. Тіпті өздерін құрбан етіп, қаншама адамның өмірін жалмайтындар жеткілікті. Ешбір білім алмастан, сенімді дереккөздерге үңілместен өздерінің көсемдеріне көзсіз еретін, қан төгуді көздейтіндердің барлығын адасқан діни ағымдарға ерген адам деп бағалауымыз керек.

Қазақстан Республикасы – көптеген ұлттарға алтын бесік болған ел. Әрбір азаматтың бостандығы мен құқықтары Ата Заңмен бекітілген. Тәуелсіздік алған жылдардан бері мешіттер мен медреселер, құран жаттау орталықтары мен университеттер ашылды. Сондықтан еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау барша отандастың асыл міндеті. Өйткені дүниеде тыныштықтан артық жақсылық жоқ. Керек десеңіз ол ас пен судан қымбат. Сол себепті болар Ибраһим пайғамбар (Оған Алланың сәлемі болсын) мұсылмандар үшін қастерлі Қағбаға қарап тұрып: «Уа Алла Тағала! Бұл елді қауіпсіз ет, әрі иман келтірген құлдарыңа мол ризық нәсіп қыл», – деп дұға қылған. Бұл туралы Құранның Бақара сүресінде айтылған. Осыны жақсы білген ата-бабаларымыз бізге «Асым аз болса да, басым тыныш болсын» деген  нақыл қалдырған.

Құдайға шүкір, қазіргі таңда лаңкестік пен экстремизмге,  радикализм мен сепаратизмге қарсы жұмыстар күшейтіліп, ахуалымыз жақсарып келеді. Оған ұдайы тыныштық туралы, мейірімділік пен жұмсақтық жайлы уағыз айтып жүретін ҚМДБ қарасты мешіт имамдарының үлкен үлестері бар деп есептеймін. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстар күшейе түспесе, әсте әлсіремейді.

«Тауық сойса да қасапшы сойсын» деген бар. Бес парызын түгендеп, мұсылманшылықты терең түсінгісі келген әрбір жан мүфтиятқа  қарасты мешіттің имам-молдаларына жүгінгені жөн. Сонда ғана діни сауатымыз артып, дұрыс бағыттағы жолға түсетін боламыз. Әсіресе, әлеуметтік желіде кез-келген уағызды тыңдаудан аулақ болғанымыз абзал. Осындай қадамдар жасалғанда ғана елімізде экстремизмге, тағы басқа қауіпті бағыттарға тосқауыл қоюға болады.

Сан ғасырдан асыл дінді ұстанған аталарымыз ұрпағын ұят болады, обал болады деп тәрбиелеген. Соны тұшынған балалары білімді, қайраткер, арлы азамат болып, біздерге бейбіт өмірді сыйлауға себеп болды. Осы жолды жалғастыра алсақ, айымыз оңынан туатыны анық.

Сапархан АЙДАРХАНҰЛЫ,

ауданның бас имамы.

Оқылды 7575 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет