Жұма, 23 Сәуір 2021 12:20

Жарылыстың жаңғырығы құлағыман кетпейді

Адам ғұмыры озған сайын өткен күндердің  қызық пен қиындыққа толы сәттерін жиі есіне алады екен. Мен өткен өміріме зер салсам, кейде қуанышқа, кейде қайғыға тап болам. Әсіресе, жаныңа жара салған сәттер әсте ұмтылмайды екен.  Соның бірі өзім куә болған Чернобыль АЭС апаты болатын. Жойқын жарылыстан күйреген елді мекендегі күйзелісті өмір елесі  әлі көз алдымда.

Ол кезде мен отыздан асып, екі баланың әкесі атанып, бейбіт өмірде берекелі күн кешіп жатқан едім. Бір күні аудандық әскери коммисариттан шақыту алдым. Бұл, сірә, 1988 жылдың күзі болса керек. Міне солай, Еңбекшіқазақ ауданынан қазақ, орыс, неміс ұлтынан құралған 10 адам Украина  жеріне жол тарттық. Онда табиғаты тамаша Припять қаласының жанындағы Зелёный мыс және Лесной ауылына келдік. Жап-жасыл елдімекенді АЭС жарылысынынан зардап шеккен дегенге сенгің келмейді. Бірақ сол жайқалған орманың «өлім» әкелетін «Көк сәулеге» оранғанын кейін білдік. Сол себепті арнайы жүруге белгіленген жерлермен ғана жүрдік. Ондағы елсіз мекенде қалған, аяғы жоқ, көзі жоқ үй жануарларын көріп зәреміз ұшты. Радиация әсерінен көктеген алып асқабақтарды кездестіріп, жағамызды ұстадық. Біздің де денеміздегі радиация мөлшері ұдайы өлшенгенмен, оның нақты көрсеткіші құпия күйде қалды. Қарулы қақтығыстарда адам ғана шығындалса, Чернобыльдегі АЭС апатынан барша жаратылыс әлемі жапа шекті. Мен де 6 ай мылтықсыз майданда арпалысып, елге қайттым. Бүгінде сол алапат АЭС апатын ауыздықтауға аттанған 10 адамннан тек екеуі ғана жер басып жүр. Құдайға шүкір, балалардың қызығын көріп, немере сүйіп, бақытты күн кешіп жатқан жайым бар. Уақыт алға озса да жарылыстың жаңғырығы құлағымнан кетер емес. Биыл 26 сәуірде Чернобыль АЭС апатына 35 жыл толады. Мен апат зардабын жою жолында Отан алдындағы борыштарын орындауға жанын құрбан еткен  ардагерлердің рухына үнсіз тағзым еткім келеді. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын!                                               

Алжомарт ҚАСЫМБЕКОВ,

Чернобыль ардагері.

Оқылды 987 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Через 20 лет... Қарусыз майдан батыры »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет