Сәрсенбі, 04 Тамыз 2021 11:56

COVID-19: Оқырманға сауал

Сөз үлкен күшке ие. Әсіресе, желдей ескен жалған сөздің жағадан алған жаумен тең екені жасырын емес. Дегенмен, дәлелденген дүниеден гөрі дәйексіз жел-сөздің жетегінде кетіп, кері пиғылдылардың қармағында қалатынымыз тағы шындық. Өкінішке қарай, осы қателік қазіргі қиын жағдайдан шығуға көп кедергі келтіріп-ақ тұр. Ал ол кедергіні жасаушы – өзіміз. Олардың арасында өзіңіздің бар-жоғыңызды білу үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз.

Шағын бір ауыл емес, бүкіл әлем коронавирустың зардабын көріп жатқанда «Бұл жалған. Коронавирус жоқ! Мемлекет оны қолдан жасап алды!» дегендер болды. Қазір болмаса да, былтыр сіз де солай ойлаушылар қатарында ма едіңіз, оқырман?

Одан кейін «Бетперде тақпаңдар! Олар уланған, халықты тұншықтыру үшін қолданып отыр» деген жаңсақ пікір қоғамда тез таралды. Осыны естіп, сіз де бетпердеден бас тарттыңыз ба?

Ал бұл сұмдыққа қарсы вакцина шыққанда оны адамзатты жою үшін ойлап табылған қару ретінде бағалап, екпенің төңірегінде айтылмаған сөз қалмады. Өкініштісі, ол сөздің бәрі де – жалған, дәлел мен дәйексіз айып пен күдік қана. Беймәлім дүниеге күдіктене қарау, оған жан-жақты сараптама жасау – саналы адамның әрекеті, әрине. Ал «Бұл вакцинамен мемлекет бізді улап өлтіреді, халықты түгел жояды. Екпе алған адам ұрпақ сүйе алмайды» деу саналы ойлауға жата ма? Бұл сұраққа сіздің берер жауабыңыз қандай?

Басқа елді білмедім, Қазақстанда екпе алғаш шыққанда азаматтардың қалауымен, дені сау, созылмалы аурулары жоқ адамдарға салынатыны, ал қарттар мен жүкті келіншектер, жүрек-қан тамыр аурулары барлар екпеден босатылатыны айтылды. Билік, шынымен, вакцинамен халықты қырып тастауды көздесе, екпені дені сау адамдарға салып, денсаулығы нашар халықты аман қалдырып қайтпек? Тұрғылықты халқы болмаса, мемлекеттің де мемлекет бола алмайтынын ойладыңыз ба? Қисынға келмейтін сөзді жұртқа жайып, байбалам салғанша, оны саналы түрде сараптап көрдіңіз бе? Осы сұрақтарға жауап беріңізші.

Иә, бастапқыда «тұрғындардың қалауымен салынады» делінген екпе бүгінде кейбір категориядағы азаматтарға міндеттеліп отыр. Оның басты себебі – қоғамдық иммунитетті қалыптастыру. Сол арқылы коронавирусты жұқтыру деңгейін бәсеңдетіп, эпидемиологиялық ахуалды жақсарту. Өйткені соңғы күндері еліміздің, Түркістаннан өзге, барлық өңірі «қызыл аймақта» тұр. Тіпті «қою қызыл аймақ» деген түсініктің де аракідік айтылып жатқаны жағдайдың мәз емесін ескертеді. Бір өкініштісі, жағдайды осы күйге түсіріп отырған – өзіміз, халық. Өзге елде вакцинаның жоқтығынан адамдар ажал құшып, вакцина бар жерде оған қол жеткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұрып жатса, біздің халық алдына әкеліп берген тегін екпеден қашып, орға қарай өздері жүгіреді. Карантин талаптарын бұзып, той-томалаққа барады. «Ұят болады» деген сылтаумен туған күн мен астан қалмайды. Әрі мұның бәрін жасырын жасап, өздерін-өздері алдап жүргендерін білмеген кейіп танытады. Өкініштісі, көпшілік жиналған мұндай жерлерде коронавирустың таралу қаупі де еселеніп өседі. Ал дос-жаранмен, туыс-туғанмен бас қосып, керемет өткізген бес сағаттың сол жақындардың өліміне себепші болуы мүмкін екенін ескеру неге қиын? Осыны ой елегінен өткіздіңіз бе?

Коронавирус жұқтырғандармен жұмыс жасап жатқан мамандардың айтуынша, бұл бәлеге бой алдырғандардың басым бөлігі түрлі басқосуларға, той-томалаққа барғанын мойындайды екен. Сіз де жақын күндері той мен асқа бардыңыз ба немесе өзіңіз өткіздіңіз бе?

Адам деген – қызық жаратылыспыз ғой. Былтыр коронавирус жаңа белең алғанда көпшілік: «COVID-19 шынымен бар болса, неге менің туыстарым ауырмайды?», «Таныстарымның бәрі аман, қайдағы вирус?» деген пікірлерді жиі естідім. Меніңше, мұндайда жақындарыңның дін аман екеніне тек қуану керек. Ал қазір, өкінішке қарай, бұл бәленің зардабын тартып жатқан жандар көп. Олардың арасында таныстарыңыз не жақындарыңыз бар ма?

Әрине, бұл тізімде туыс пен таныстың да, тіпті бейтаныс жанның да болмауын құдайдан тілейміз. Аты жаман аурудан бүкіл әлем тезірек арылса екен дейміз. Десе де, бір дүниеге сену үшін оның өз басымыздан өтуі міндетті ме?

Денсаулық сақтау министрлігінің 3 тамыздағы мәліметінше, Қазақстанда екпенің I компонентін 5 480 094, II компонентін 3 941 941 адам алған екен. Соңғы сұрағым болсын, сіз осы тізімде барсыз ба, әлде әлі жалған сөздің жетегінде жүрсіз бе?

Иә, күдік сейілу үшін оны сараптау маңызды. Тек сол сараптау саналы түрде, жан-жақта жасалса, пайдалы болмақ. Ал дақпырт пен бос сөздің өз кеңірдегімізге кезеген кездікпен тең екенін есте ұстайық.

 

Қуат Байғоджаев, «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Өкінішке қарай, халық арасында, әсіресе, әлеуметтік желілерде коронавирусқа, вакцинаға қатысты алыпқашпа әңгіме өте көп. Мұның бәрі де – арандатушылық мақсатта айтылған кері пиғылды саяси күштердің сөзі. Қарапайым халықтың осы қаңқу сөздің құрбаны болып, мәселенің мән-жайын жөнді бағамдай алмауы жаныңа батады. Сондықтан мұндай маңызды мәселелер туралы ақпаратты халық әлеуметтік желілерден емес, ресми ақпарат көздерінен алса, жалған ақпаратқа емес, дәлелді дүниеге мән берсе деген тілек бар. Кез келген мәселені зерделеп-зерттеп, халыққа шынайы ақпарат жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарының ролі ерекше деп білемін.

Кейбір елдер коронавирусқа қарсы вакцинаға жете алмай жүр. Бір мысал айтайын, менің туыс қарындасым мен күйеу балам Женевада тұрады. Вакцинаның кезегін бес ай күтіп, әрең салдырды. Ал біздің алдымызға вакцинаның төрт түрін әкеліп, «Таңдағаныңды салдырып ал» деп тұр. Ауыл-ауылда екпе салатын орталықтар ашылып, халыққа бар жағдай жасалып жатыр. Бірақ халық бұған күмәнмен қарап, әлі күнге дайын дүниеден қашып жүр.

Өз отбасыма келер болсам, біз бала-шағамызбен түгел мамыр айының басында-ақ екпені тұрғылықты жерімізге қарай дәрігерлік амбулаториямызда салдырып алғанбыз. Вакцина алған соң жарты сағат дәрігердің бақылауында болып, ары қарай іссапармен Шелек ауылына жол тартып кеттім. Екпенің ешқандай кері әсерін байқамадым.

Вакцинаны өз өмірім үшін және айналамдағы адамдардың қауіпсіздігі үшін салдырдым. Оқырманға айтарым, сіз де өзіңіздің және қоғамның өміріне жауапкершілікпен қараңыз!

 

Миржан Азербаев, Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

Эпидемиологиялық ахуалдың ауырлауына байланысты шектеу шараларын енгізіп жатқанына қарамастан әлі күнге жасырынып той жасап, ас беретін адамдар көп, әрі халық та ондайдан қалмай барады. Бетперде, әлеуметтік арақашықтық коронавирустан қорғанудың алғышарттары екенін түсінетін кез келді. Соңғы күндері елдегі эпидемиологиялық жағдайдың қайта ушығып тұрғанын баршаңыз білесіздер. Мұндайда қоғамдық иммунитетті қалыптастыру маңызды. Ал иммунитет қалыптастыру үшін вакцина салдыру керек. Вакцинаны өз денсаулықтарыңыз үшін салдырыңыздар! Мен де, қызметтестерім де алғашқылардың бірі болып екпе алдық. Үнемі жұмыс барысымен коронавирустың ошағында жүреміз. Сондықтан одан қорғану жолдарын жан-жақты жасау керек! Жыл басынан бері ауданда 2600 адам коронавирус жұқтырды. Ал қазіргі уақытта ауданда күнделікті 20-дан астам жаннан коронавирус анықталып жатыр.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Оқылды 964 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…
Қырқ 09, 2025

Бизнес форум с участием Алматинской…

Бизнес-форум с участием Алматинской области в МосквеИнвестиции, цифровые технологии и…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция…

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты…
Қырқ 09, 2025

Президент: Қазақстан міндетті түрде…

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек» «Қазақстан – әлем…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет