Дүйсенбі, 09 Тамыз 2021 14:41

Өмірі елге өнеге

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өз заманында ел басына күн туғанда ер-азаматтармен қатар туған ауылының жан-жақты көркеюіне өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен таныла білген, жеңісті бір табан жақындатуға атсалысып, жастар тәрбиесіне үлкен мән берген Керімхан Махатовадай аналардың өмірі – бәрімізге үлгі, өнеге.

Халқымыздың дәстүрінде жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады.  Ол кісі сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ата-баба дәстүріне сай, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы  Рахат ауылының  сыйлы үлкендері 1921 жылы 15 тамыз күні дүниеге келген Мақатай қызына Керімхан есімін сыйлаған екен. Керімхан 1930 жылы 1 сыныпқа барып, 1937 жылы 7 сыныпты үздік бітірген. Колхоз  басқармасы  білімді, алғыр, еңбекқор, ақылына көркі сай жас Керімханды жастармен жұмыс жасау үшін колхоздың комсомол ұйымына хатшы қызметіне ұсынады. Керімхан Мақатайқызы бес жыл ауылдың жастарымен жұмыс жасай жүре колхоз шаруашылығында есепші, бригада жетекшісі қызметтерін де атқарған.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, ер азаматтар Қызыл Армия қатарына шақырылып, елді фашизмнен азат етуге майданға аттанады. Әкесі Мақатай, аға-інілері, жолдасы Надырбек те соғысқа кетеді. Осыдан кейін өмірдің барлық тауқыметі өз басына түседі. Белді бекем буып, ер-азаматтар қатарында еңбек еткен.Үйде кәрі әкесі Мақатай, шешесі Бұзаухан, жеңгесі Тұқан, кіші іні мен сіңілілеріне бас-көз болып қалады. Ертемен колхоз жұмысына барады. Кеш болғанда майдандағы азаматтарға арнап қолғап, фуфайка, жылы киімдер тоқуға әйелдерді ұйымдастырып, колхоз шаруашылығын жүргізуде жиналыстарға қатысады.

Колхозда жұмысшы қолы жетіспейді. Жеңгесі Тұқан мен сіңілісін бүкіл ауылдың кішкентай балаларын бағуға көндіріп, шағын ғана үйін балабақшаға айналдырып, колхоз жұмысына әйелдерді жұмылдырған.

1942 жылы Алматы партия мектебінде 6 айлық курста оқып, партиялық қызметке ауысады. 1942-1952 жылдары 10 жыл бойы «Путь Илича» колхозында бастауыш партия ұйымын басқарған.

Жолдасы Надырбек 1947 жылы майданнан аман-есен жеңіспен оралады. Ағаларының соғыс-тан қайтпағаны өте ауыр тисе де, інісінің аман-есен келгеніне шүкіршілік қылған еді. Тағдырдың жазуына кім де болса көнеді.

Мақатайқызы Керімхан 1952-1966  жылдары Рахат ауылы «Путь Илича» колхозында балабақша меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Ауылда өткізілетін барлық іс-шараларды ұйымдастырып, жастарға тәлім-тәрбие беруге белсене араласатын. Өзі де халық әндерін нақышына келтіріп айтатын әнші, сөйлегенде қазақтың мақал-мәтелдерін орынды пайдаланатын қара сөздің қас шебері, тойбастарда айтысқа да шығып, алдына жан салмайтын өнерлі адам болған.

Антропонимика саласында ғалымдардың зерттеуінше адам аты оның өміріне, тағдырына, болмысына айтарлықтай әсер етеді. Баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделеді. Бұдан бір ғасыр бұрын жаңа дүние есігін ашқан сәбиге Керімхан есімін берген, болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген Рахат ауылының үлкендерінің үміттері өмірде толығымен ақталды деуге болады.

Керімхан Мақатайқызы «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері»,  «1941-45 жылдар-дағы еңбегі үшін», «Жеңістің 45, 50, 55, 60, 65» жылдығы медальдарымен марапатталған.

Керімхан Мақатайқызы қолынан келгенше,  мүмкіндігіне қарай  өз өмірінде адам баласына жақсылық жасап өткен қарапайым адам болды. Жақсылық – кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі ғой.  Қыздары Гүлпарам, Гүлпаш, ұлы Арман: «Әкеміз Надырбек Әбілдаев анамызды қатты сыйлайтын, құрметтейтін, көңіліне бір қаяу түсірмеген жар еді. Ата-анамыз бізді адамгершілікке, бауырмалдыққа, тазалыққа үйретті» –дейді. Дана халқымыз: «Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады» – деген екен. Көзі тірі болса,  Керімхан Мақатайқызының 100  жылдық мерейтойын  ауылдастары, туған туыс-қандары немере, шөберелері бас қосып тойлар еді.

 

Нұрлан  ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ

Оқылды 1132 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет