Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 12:08

Жаңа оқу жылында жаңалық көп

Алақай, Әліппе оралды қайтадан! Алақай, оқушы отырды партаға! Биылғы оқу жылының жағымды жаңалығы көп. Лайым осы қуаныш ұзағынан болса дейміз. «Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында өткен аудандық тамыз кеңесінде жаңа оқу жылына қатысты өзге де жаңалықтар жайын аудан әкімі Ә.Жақанбаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманова айтты.

Былтыр толықтай онлайн оқыған оқушылар алтын ұя – мектебін де, құрбы-құрдас – сыныптастары мен білім нәрімен сусындатқан ұстаздарын да сағынды. Бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус бала өмірінде мектептің алар орны қаншалық жоғары екенін аңғартқандай болды. Білім алып, оң мен солын тану үшін де балаға орта керек. Ал ол орта – мектеп. Яғни мектеп – тек білім ошағы емес, сонымен қатар балаға бағыт-бағдар беретін, әлеуметтік қарым-қатынас қабілетін шыңдайтын негізгі орын, тәрбие көзі. Онлайн өткен былтырғы оқу жылында балаларға мектептің осынау рөлі жетіспеді. Достарымен ойнап-күліп, сабаққа бірге дайындалатын балалар психологиялық тұрғыда ауыр соққыға тап болды. Бұл сөзімді «оқушылар ғана емес, ата-аналар да» деп түзетсем, артық айтпаспын. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары мектеп табалдырығын қайта аттағандай күй кешіп, оқу бағдарламасын тағы бір қайталадық. Жасыратыны жоқ, арасында есепті өзіміз шығарып, жазуын да жаздық. Балаларымызға деген бұл «көмегіміз» олардың білім деңгейін біраз ақсататынын аңғарсақ та, амалымыз қанша? Жұмыстан шаршап келгенде балалармен отырып, алты сағаттан сабақ оқу былай тұрсын, шай-тамағын дайындап беруге уақыт әрең табылады. Әупірімдеп жүріп, былтырғы онлайн оқуды аяқтаған соң биыл оқушылардың қайта партаға отыруы – әрине, үлкен қуаныш. Ал бұл қуаныш ұзаққа созылуы үшін қазіргі уақытта карантиндік шараларды қатаң сақтау өте маңызды. Бұл мәселе тамыз кеңесінде жіті талқыланды. Мектептерде күнделікті термометрия, желдету, дезинфекция сынды санитарлық-гигиеналық жұмыстар жүргізіліп, «Ashyq» жүйесі қолданылады. Мұғалімдер мен қызметкерлер өздері мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін ковидқа қарсы екпе алып, биылғы оқу жылына сақадай сай.

Жаңа оқу жылының тағы бір қуанышы – мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушыларға А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Бұл идея былтырғы тамыз кеңесінде айтылған болатын. Көтерілген мәселе көп күттірмей, шешімін тапқаны қандай жақсы?! Бұдан бөлек бірінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі. Ал 5-11 сыныптың оқу бағдарламасы «Жаһандық құзыреттіліктер» сынды таңдау курстарымен толықты. Бұл курстар оқушы бойында қазіргі қоғам талаптарына сай білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрине, уақыт көшінен қалмай, тың жаңалықтар жасап отыру – дамудың негізгі талабы. Бұл талап баршаға ортақ: мектепке де, балабақшаға да. Осыны ескере отырып, бүгінгі күнде мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертіліп, үлгілік оқу бағдарламасы қайта қаралып, мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жаңа моделі әзірленген. Жаңа модель жаңа оқу жылынан бастап енгізілді. Білім бөлімінің басшысы Б.Аманова: «Балаларды ерте жастан дамыту мәселесі біз үшін ерекше маңызға ие. Бүгінгі күнге дейін бізде балаларды балабақшамен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, сапа мен мазмұн мәселесіне қажетті деңгейде назар аударуға мүмкіндік болмады. Енді біз сан емес, сапа мәселесіне назар аударуымыз қажет», – дейді. Бүгінде ауданда 30 мемлекеттік, 129 жекеменшік, 14 шағын орталық – барлығы 173 мектепке дейінгі ұйымда 10 455 бала оқу-тәрбие ісімен қамтылған. Бұл көрсеткіш балаларды балабақшамен қамтудың 99,7 пайызын құрайды.

Ал аудан мектептері 2021-2022 оқу жылын 57 080 білім алушымен бастағалы отыр. Оның ішінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалар саны – 5380. Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беру мақсатында жалпы орта білім беру мекемелерінде 5500 педагог жұмыс істейді. Оқу мазмұнының күрделігін ескере отырып, ұстаздардың апталық жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа қысқартылды. Сондай-ақ биылғы жаңалықтың бірі – сабақ ұзақтығы 45 минут болып қайтарылды.

«Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігіне ие болып, мектептердің академиялық таңдау еркіндігі артты. Сонымен қатар «Ең бастысы, ұлттың бәсекеге қабілетті болуы үшін ұстаздардың мәртебесі биік болуы қажет» деп Елбасы айтқандай, биыл «Педагогтердің мәртебесі» заңының аясында ұстаздардың құқықтары, жалақылары артып мұғалімдік мамандыққа бетбұрыс байқалды. Бүгінгі күнде әр мектепте комиссия құрылып, Еңбек туралы заңның 139-бабына сәйкес және жас мамандарды квалификциялық тестілеу арқылы жұмысқа қабылдау жүргізіліп,  нәтижесінде 354 жас маман жұмысқа қабылданды. Алайда орыс тілінде оқытылатын сыныптарда мамандардың жетіспеушілігі әлі де толастамай тұр», – деген білім бөлімінің басшысы қазіргі таңда 59 маманның орны бос екен айтты. Сонымен қатар Б.Аманова: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен қызметке тағайындау тәртібі, біліктілікті арттыру жүйесі, еңбекақы төлеу және мектеп директорларын аттестаттау рәсімі қайта қаралуда, сондай-ақ оларды ротациялаудың жаңа институты енгізілуде. Басшылықтың жүгі өте ауыр екені және ол қолдауды қажет ететіні анық. Биылғы оқу жылындағы тағы бір тың жаңалықтың бірі – алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларына біліктілік санатын бере отырып, аттестаттау енгізіледі», – деді. Берілген санатқа байланысты директор немесе оқу ісінің меңгерушісі біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақыдан 30%, 70%,100% мөлшерінде ай сайын қосымша ақы алатын болады. Бұдан бөлек мектеп әкімшілігінің лауазымдық жалақысын көтеру және көтермелеу жұмыстарының механизмі реттеліп жатыр. педагогтер үшін тағы бір жақсы жаңалық – жалақының 25% -ға өсетіні. Бұл шаралар кезең-кезеңмен іске асырылады.

Тамыз кеңесіндегі баяндама барысында Бәтес Маратқызы былтырғы оқу жылында аудан оқушыларының білім мен спорт саласында облыстық, республикалық, тіпті халықаралық жарыстарда оқ бойы оза шауып, жүлделі орындардан көрінгенін ерекше мақтанышпен жеткізіп, әріптестерінің жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар оқушылардың білімін шыңдауда дебаттық клубтардың үлесі зор екен және аудан мектептерінде жұмыс істеп жатқан осындай клубтар жайлы сөз қозғады.  Пандемияның оқу-тәрбие ісіне тигізген кері әсерін тілге тиек етіп: «Білім сапасы арқылы ауданның оқу-тәрбие үрдісінің  жай-күйінің ұйымдастырылуының қандай деңгейде екенін көруге болады. 2019-2020 жылдың 16 наурызынан бүкіләлемдік пандемия жағдайында 4-тоқсанды бітіруге тырысқанымыз баршамызға мәлім. 2020-2021 жыл оқу жылында мемлекет тарапынан мол қамқорлық пен төтенше жағдайдағы көмектер ұйымдастырылды. Қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың, білім сапасы 65-67 пайыз құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 18-20 пайызға бірден құлаштай көтердік. Осы қойған бағамыз бен берген сапамыз қаншалықты әділетті?! Болашақ ұрпаққа қиянат жасамадық па?! Білім сапасы көтерілгенімен оқушылардың білімі мен тәрбиесіндегіндегі олқылықтардың орнын толтыру ұстаздар қауымының міндеті деп ойлаймын. Осыған байланысты мектеп басшылары, сіздерге әр пәннің бағыттары бойынша жобаларды ойластырып,  оқу-тәрбие үрдісіне енгізуді жүктеймін. Үлгерімі нашар оқушылардың білім деңгейін қалыптастыруды, басты назарда ұстау керектігін ескертемін», – деді бөлім басшысы. Биылғы жылы ауданда мектеп бітірген 2042 түлектің 143-і «Алтын белгімен» аяқтаған. Жаңа оқу жылында «Алтын белгі» алудың талаптары да күшейген екен. Мысалы, оқушының  5-11 сыныптағы тоқсандық бағаларының үздік болуы және мемлекеттік емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады. Осындай басты жаңалықтың  бірі – білім мекемелерінде Білім және ғылым министрлігінің тарапынан 4, 9 сынып оқушыларының білім жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі және білім мекемелерін аттестаттаудың жүйесі өзгеріп, қайта оралады.

«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек дей келе аудандағы талантты, жалынды жастарға сапалы білім беріп жүрген ұлағатты ұстаздар еңбегіне табыс тілеймін. Жаңа оқу жылы сәтті басталсын!», – деп Б.Аманова баршаны жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Тамыз кеңесі барысында BilimLand  компаниясының бас маманы Перизат Нұролдинова, kundelik.kz ЖШС-нің директоры Мұхтар Ильясов және бірнеше мектеп директорлары білім саласына қатысты баяндама жасап, ойларын ортаға салды.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 839 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет