Жұма, 19 Мамыр 2023 18:05

«Пациенттермен жұмыс істеу кәсіби шеберлікті қажет етеді»

Алматы облысының жедел жәрдем станциясының мамандырылған реанимациялық бригадасының фельдшері Өміржан Қуаныш аталмыш салаға соңғы 9 жылын арнаған. Оның айтуынша, мамандыққа жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені адам тағдырына қатысты шешуші сәтте әр минут санаулы, әр секунд қымбат.
Өміржан 2014 жылы оқу бітірген соң еңбек жолын Іле аудандық орталық ауруханасында бастаған. Кейін медициналық жедел жәрдем көрсету станциясында фельдшер болып жұмыс атқарған.
«Жалпы фельдшер мамандығы қызық. Ал қиындығын тек қана жедел жәрдемде істейтін адамдар ғана түсінеді. Көбісі бағаламайды. Науқастың жағдайына дер кезінде баға беру үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді», - дейді Өміржан Қуаныш.
Маманның айтуынша, қоғамға қауіпті саналатын пациенттерден де шақырту түседі. «Көктем кезінде психологиялық ауытқуы бар науқастардан жиі шақыртулар түсіп тұрады. Ондай кезде біз 102 қызметімен бірге барып көмек көрсетіп, тиісті органға жеткіземіз. Өйткені олар қоғамға, басқа ортаға қауіпті болып саналады», - дейді Өміржан Қуаныш.
Сонымен қатар, ол өліммен бетпе-бет келетін кездер болатынын жасырмады. Айтуынша, арнайы бригада болған соң есінен тану, жүрек соғысының тоқтауы болған жағдайда, жол апаты сынды жерлерге шақыртуға барады. «Әр фельдшер жұмыс барысында түрлі жағдайларды көріп, қатаяды. Бастапқы кезінде өте қиын болды. Адам қолыңда жан тапсырған кезде, өзімді кінәлі санаған кезім болды. Өйткені қанша көмек көрсеткенмен, кейде пациенттің жүрек соғысын қалпына келтіру мүмкін болмай қалады», - деп толықтырды Өміржан Қуаныш.
Сондай-ақ, ол сегіз жыл бұрын болған оқиға қанша уақыт өтсе де, есінде мәңгі сақталып қалғанын атап өтті. Айтуынша, жаны қалаған жұмыстың әр сәті жадында жатталып қалуы заңдылық дейді.

Оқылды 2242 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет