Жексенбі, 28 Мамыр 2023 20:41

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды

Қоғамда тамырын тереңге жайып, өкінішке қарай, көптеген тың бастамаларға тұсау болып, әр отбасының әл-ауқатына, мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік дамуына, кез келген салада жетістікке жету жолындағы ең үлкен кедергіге айналып, кері әсерін тигізетін мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Яғни, бұл – қоғам дерті.

Аталған қылмыс түріне бару – болашаққа балта шауып, Отанға опасыздық жасаумен тең. Өйткені жең ұшымен жалғасқан жемқорлық бар жерде ұлттық қауіпсіздікке де үлкен қатер төніп тұрары сөзсіз. Сондықтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы індетпен халық болып күресу. Жемқорлық сынды жымысқы әрекетке бару ең алдымен адами фактор, яғни әр азаматтың таным-түсінігіне, рухани кемелділігі мен ой-өрісі, сана-сезіміне тікелей байланысты болғандықтан жемқорлықпен күресте негізгі тетік – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру екені анық. Бұл – дамыған елдердің тәжірибесінде оң бағаланған, нәтижелі әдістің бірі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананың өзгеруіне түрткі боламыз. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.

Жоғарыда айтқанымдай, сыбайлас жемқорлық – қоғамның дерті. Ал қоғамды құрушы – адамдар, яғни біздің әрқайсымыз. Демек, бұл дертпен күресуде әрқайсымыздың рөліміз, әрқайсымыздың әрекетіміз маңызды. Моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеп, құқықтық сауаттылық негіздерін, мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті, өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу абзал. Сондықтан жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция әрбірімізде болуы керек. Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жол ашады. Әрине, бұл жерде ашықтық пен жариялықтың да орны маңызды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңында «Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» деген ақпарат берілген. Осы орайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуда мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғалардың тікелей байланысын азайту мақсатында соңғы жылдары электронды қызмет көрсету форматы кеңінен өріс алды. «Ашық әкімдік», «Адалдық алаңы» сынды жобалардың да көздегені – сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін жойып, халыққа адал қызмет көрсету. Электронды мемлекеттік қызмет форматы арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапалы, тиімді, әрі қолжетімді болды. Ғаламтор жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сыбайлас жемқорлық бағытындағы заң бұзушылықтардың көлемін біршама азайтатынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – үлкен мөлшерде енетін ауру және одан емделіп шығу ұзаққа созылады. Оған қарсы күшті дәрі қолданбаса, жемқорлықтан арылу мүмкін емес. Сондықтан біз барлық қажетті шараларды жалғастырамыз!» демекші, қоғамдағы осынау орасан күшке ие жемқорлықпен күрес дамылсыз жалғаса бермек. Оны жеңу сіз бен бізге ғана байланысты екенін естен шығармайық!

А.ДОСУМБАЕВ, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі.

Оқылды 3497 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет