Бейсенбі, 12 Қазан 2023 14:47

Табиғат байлығының қамқоршылары

Елдің ырысы – табиғаттың байлығы.  Сол байлықты қызғыштай қорып, қамқорлығына алып, ерінбей еңбектеніп жүрген жандар – орман шаруашылығының қызметкерлері. Ал, орман шаруашылығы экономиканың бір саласы болып саналады. Орманшылар орманды зерттеу, есепке алу, ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерінен түрлі ағаштар өсіріп, орманға айналдыру, оны жаңартып, күту, сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу, арнайы тұқымбағында көшет өсіру, суландыру, орманды өрттен, зиянкестерден, түрлі аурулардан қорғау, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау, ағашқа және орман өнімдерінен халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру үшін орманды қамқорлығына алып,  ісін реттеу жұмыстарымен шұғылданады.

Табиғат байлығын көздің қарашығындай қорғап, орман шаруашылығын өркендетуді басты міндеті деп санайтын «Шелек орман шаруашылығы» мекемесінің директоры, аудандық мәслихаттың VІІ шақырылым депутаты болған Бекболат Алтаевпен әңгімелескенімізде: «Шелек өңірі шыбық қадасаңыз, шынар бой көтеретін, топырағы құнарлы, бұта түбі бір асым ет болған, ырыс-береке қонған, бабадан қалған бақ мекен ғой. Ауылдың жаз жайлауында таудың қоңыр аюы  мен кекілікті де көруге болады. Қырда елік пен қоян, қасқыр мен түлкі кездеседі. Даласында дуадақ, қаз, үйрек, бірқазан, орман-тоғайларында қырғауыл мекендейді. Өлкеміз сазды әрі құмды болғандықтан көкпек, жусан, изен, бидайық, қызыл мия, еркек шөп, теріскен, жантақ, адыраспан, жиде секілді көптеген өсімдіктер өседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген тораңғы мен сексеуіл де – даламыздың көркі» – деп бастады сөзін табиғаттың  сыйлаған  берекесін  бірінші тілге тиек етіп.

Шелек орман шаруашылығы 1948 жылы құрылып, алғашқы директоры болып О.Саурықов, одан кейінгі жылдары И.Орел, В.Цвелодуб, Н.Абиев, Қ.Жабықбаев, А.Көбенов, Ө.Маникеев, С.Құйқабаев, А.Жабықбаев, Т.Қадырбаев, қазіргі кезде Б.Алтаев басқарып,  бүгінгі күнге дейін өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Алтай Мұқаметжанұлы бұл салада қызмет етіп келе жатқанына 35 жыл болыпты. Шелек орман шаруашылығында орманшы, инженер, бас орманшы болып 5 жыл, Сарқан ауданындағы орман шаруашылығында мекеме директоры болып  7 жыл және «Іле Алатауы» МҰТП-да директордың орынбасары болып істеп, мол тәжірибе жинаған ол 2015 жылы Шелек орман шаруашылығын басқаруға қайта оралды. Ал 30 жылдай осы шаруашылықта қызмет етіп жүрген  Мұхит Палванов орынбасары, Мұхиттың орнына А.Мұқанов  бас инженер болып  іске бел буып кіріскен. Шелек, Іле, Табанқарағай, Жиделі орманшылығына  Е.Сарман, А.Садықбаев, Ғ.Давленов және М.Темірбаев орманшы болып, қарамағындағы қызметкерлерімен орман байлығын, табиғатын аялап, қорғап келеді.

Мекеменің жалпы жер көлемі 117 461 гектар, оның ішінде 48 810 гектары орманды алқап. Таулы аумақтарда орман ағаштарынан Тянь-Шань шыршасы, қайың, терек, тал, тоғайлыжазық аумақтарда орман ағаштарынан тораңғы, жиде, тал, сексеуіл өседі. Табиғи өсе беруге қабілетті бірден-бір жапырағы мол ағаш, ол – тораңғы. Ауа райының күрт жылуы мен суығына, желдің күші мен ылғалдылықтың тапшылығына қарамастан, шөл мен тұзға төзімді бағалы ағаш. Тамыр жүйесі жақсы жетілгендіктен 10 метр тереңдіктегі жер асты су көздерінен нәр алып, тіршілік етеді. Тораңғы ағашы орман шаруашылығында қоршаған ортаны қорғау, құрылыс индустриясы, өндірістік әртүрлі салаларда қолданылады. Ал, сексеуіл – діңі қатты, бұтақтары бұралыңқы болып келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын қатты ағаш.  Іле орманшылығының 3730 гектар жерінде ақ және қара сексеуіл өседі. Оған өздігінен өсіп, көбеюге жұмыс жүргізіледі. Сексеуілді рұқсаттыз кесуге үкімет тарапынан қатаң тыйым салынған. Орманшылар үгіт-насихат жүргізіп, бір бойынан бірнеше қасиет табылатын «шөл даласының падишасын» сақтап қалуға бүкіл қоғам болып атсалысуға шақырады.

Мекемедегі төрт орманшылық 48 айналымға бөлінген. Шелек орманшылығының жалпы аумағы 32 526 гектар, орманды алқабы 12 573 гектар, ормансыз алқабы 19 952 гектар, орманшылықта барлығы 16 айналым бар. Бүгінгі күнде орманшылықта 1 орманшы, 3 орман шебері, 16 орман күтушісі қызмет атқарады. Шелек орманшылығының аумағында орман қоры жерінен ұзақ және қысқа мерзімге келісім-шарт арқылы 67 орман пайдаланушылар бар. «Біздің алдымызда тұрған басты мақсат – еліміздің табиғат байлығын арттыру. Бізге сеніп жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқарып, көптің көңілінен шығып, адал қызмет ету» – дейді Шелек орманшылығының  қызметкерлері, алдағы күндерге зор үміт артып.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар сүрек, шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау  түрлері қолға алынған.

Шелек орманшылығындағы уақытша тұқымбақ Шелек орман шаруашылы-ғының №18 айналымында №3 орманның №20, 49 жер телімдерінде орналасқан.  Жалпы көлемі 5 гектар. Бұл тұқымдықта қылқан жапырақты қырым қарағайы, жай қарағай, биота ағаштары, жалпақ жапырақты өрік, долана, каштан, емен, қарағаш ағаштары өсірілуде. Сонымен қатар бұл жерде сәндік бұталы гүлдердің ақ сперия, сары сперия, дерн, қызыл барбарис, пузыреплодник, гибискус тәрізді 10 түрі бар. Оларды калемшелеу әдісі арқылы көбейту қолға алынған. Тұқымбақтың сеппе бөлімінде тұқымнан себілген 3 жылдық көшеттер 0,35 гектар жерге өсірілуде. Қалғанын екпе бөлімі құрайды. Орманды молықтыру және орман өсіру жөніндегі бас инженер Нүрлен Етекбаев: «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған  2021-2025 жылдар аралығында 2 миллиард ағаш көшеттерін отырғызу туралы тапсырмасын жүзеге асыруды мекеме ұжымы да қызу қолдады. Осы жылдың көктемінде жоспар бойынша 9,3 гектар жерге 41 100 дана қарағаш, 8,9 гектар жерге 29 860 дана жиде, 10,7 гектар жерге 36 мың дана өрік, барлығы 28,9 гектар жерге 106 960 дана ағаш, сонымен бірге мекеменің екпе ағаштарын толтыру үшін 7 мың өрік, жиде, қарағаш көшеттері отырғызылды. Тұқымбақ алқабына 4 700 дана кәдімгі қарағай, 1 500 дана қырым қарағайы, 2 500 дана шығыс биота ағаштары бапталуда. Басқа мемлекеттік мекемелерге, мектептерге, балабақшаларға мекеменің уақытша тұқымбағынан 77 700 дана әртүрлі ағаш көшеттері берілді. Тұқымбақтағы 0,53 гектар жер теліміне әртүрлі ағаш тұқымдары себіліп, күтіп-бапталуда» – деп атқарылған жұмыстармен таныстырды.

«Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер» дейді дана халқымыз. Жер қойнауында жатқан байлық – халықтың байлығы. Ата-бабаларымыз осы жерді қан төгіп, қорғап қалды емес пе?  Сондықтан оны халық мүддесі үшін пайдаланып, көздің қарашығындай қорғауды басты міндеті санайтын Іле орманшылығының жалпы орман қоры аумағы 50 257 гектар, оның ішінде орманды алқабы 23 345 гектар. Орманшылықта барлығы 16 айналым бар. Бүгінгі күнде орманшылықта орманшыдан басқа екі орман  шебері,  16 орман күзетшісі қызмет етеді. Іле орманшылығында ұзақ келісім-шарт арқылы 10 орман пайдаланушы 1 602 гектар жерді мәдени-сауықтыру, рекрациялық және спорттық мақсаттапайдаланса, «Манул» аңшылық және балық ұйым бірлестігі  жалпы аумағы 127 270 гектар жердің, оның ішіңде 1 602 гектар жерде өрт қаупі маусымында өз іс-жоспарлары бойынша жұмыстар атқарады. 2014-2021жылдары бұл орманшылықта 106 гектар жерге екпе ағаштары отырғызылды. Бүгінгі  таңда бұл жұмыс жалғасын табуда.

Туған жерін көркейтуде Табан-қарағай орманшылығында да жемісті жұмыстар атқарылып келеді.  Мұндағы жалпы орман қоры аумағы 21 733 гектар, оның ішінде 6 972 гектары  орман алқабы. Орманшылықта екі орман шеберлік учаскесі, 7 орман күтуші айналымы бар. Мұнда бір орманшы, екі орман шебері, жеті орман күтушісі жұмыс істейді. Мұнда да ұзақ және қысқа мерзімді 11 орман пайдаланушы бар. 2016 жылы орман орналастыру жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылдан бастап ерікті іріктеліп, ағаш кесу әдісі бойынша жұмыстар жасалуда. Жылда өртке қарсы минералды жолақтарды жаңарту жүргізіледі.

Төртінші орманшылық Жиделінің жалпы орман қоры аумағы 12 946 гектар, оның ішінде 5 920 гектары  орманды алқабы, 9 айналымы бар. Мұнда да бір орманшы, екі орман шебері, тоғыз орман күтуші, ұзақ және қысқа келісім-шарт бойынша 13 орман пайдаланушы жұмыс істейді. Орманшылықтың аумағында «Ақтоған» аңшылық шаруашылығы орналасқан және 0,5 гектар уақытша тұқым бағы бар. Жыл сайын екпе ағаштарын отырғызу, күтіп-баптау, өртке қарсы жұмыстар атқарылады. Барлық орманшылықта материалдық-техникалық базасы бар және арнайы құрылымдармен жаб-дықталған.

Шелек орман шаруашылық мекемесінде Шелек орман өрт сөндіру станциясы өрт сөндіргіш техникаларымен, алты адам түрлі құрал-саймандармен  қамтамасыз етілген.

– Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Қалың ағаш ішіндегі өрт тез арада өршіп, оңың ішіне техникамен ену де қиын шаруа. Сондықтан өрттің алдын алу керек. Биыл Абай облысындағы орманда алапат өрт шыққаны белгілі.  Бізде де ондай жағдайлар болып тұрады. Міне осындай қауіптің алу мақсатында биылғы жылы қосымша штаттар берілді. Нақты айтсақ, 1 заңгер, 1 мемлекеттік сатып алу маманы, 1 орманды молықтыру және орман өсіру жөніндегі бас инженер, 1 инженер лесопотолог, 4 орманшылар көмекшісі, 2  трактор жүргізуші, 4 өрт сөндіруші қосылды – деп түсіндірді директордың орынбасары  Мұхит Палванов.

Биыл жақсы жұмысымен Шелек орман өрт сөндіру станциясының басшысы Е.Артықбаев, өрт сөндіруші К.Дурсунов ерекше көзге түсіпті. Сондай-ақ, орман күтушілерден К.Иб-рагимов, Я,Давленов, Б.Станов, Жиделі орманшылығының күтушілері А.Щербанев, А.Таңқыбаев, жас орман шебері Алтынбек Әлібек, өрт сөнді-руші Е.Абдыкаримов, Іле орманшы-лығының орман күтушілері Б.Сұлтан-беков, А.Полысов, орман шебері Д.Мешимбаевтар іскерліктерімен еленген.

Мекеме қызметкерлері заң бұзушы-лықтарды бодырмау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп әрі өз міндеттерін зор жауапкершілікпен атқарып, қажырлы еңбек етіп, халыққа мінсіз де адал қызмет етіп келеді. Біз де оларға табыс тілеп, төл мерекелерімен құттықтадық.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 896 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кездесу Кедергісіз келешек »

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет