Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2024 09:29

Мемлекет қаржысының сақшысы

БИЫЛ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ АУМАҚТЫҚ ОРГАНДАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ОБЛЫСЫ МЕН АУДАН ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БАР. ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ  БАСҚАРМА ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ҚАРАЖАТ ТҮСІМДЕРІ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ ҚАЗЫНАҒА ТҮСІМДЕРДІ БӨЛУМЕН АЙНЫЛАСАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, НОРМАТИВТЕР МЕН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ БАҚЫЛАУ ШОТТАРЫН ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ЖӘНЕ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАЙДЫ. ҚЫСҚАША АЙТАҚАНДА, НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ ТОЛЫҒЫМЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ САҚТАУҒА ЖӘНЕ КӨБЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН. БҮГІНГЕ ДЕЙІН ОРАСАН ЗОР ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛЫНАН ӨТТІ ДЕСЕК БОЛАДЫ. ЖҮЙЕ ТЕК ДӘСТҮРЛІ БАҒЫТТАРДЫ ҒАНА ЕМЕС, ЗАМАН АҒЫМЫНА САЙ ЖАҢА ҮРДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДА ДА ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ИЕ.

Президенттің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен Қаржы министрлігі жанынан бюджеттік ұйымдардың шоттары бойынша банк операция-ларын жүргізуді алдын ала, ағымдағы және дәйекті бақылау функцияларын қабылдай отырып, бюджеттің кассалық атқарылуын жүзеге асыруға арналған бюджеттік жүйенің буыны ретінде Қазынашылықтың Бас басқармасы құрылды. Осы аралықта экономикалық және саяси реформалар барысында мемлекеттік қазынашылық жүйе дамып, нығайып үлгерді.Қазынашылық органдары қар-жыландыру жоспарлары мен анықтамалары, азаматтық құқықтық мәмілелерді тіркеу өтінімдері, төлеуге берілетін шоттар, төлем тапсырмалары және есептіліктерді беру сияқты барлық бизнес процесстер арқылы бюджет қара-жатын игеруге өз үлесін қосуда.

Әрине, әр саланың жүйелі жұмыс істеуі және оның дамуы кадрға тікелей байланысты. Осы орайда, қазынашылық саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, еселі еңбек еткен Несіпгүл Қырғызбаева жайлы айта кеткен жөн болар. Еңбекшіқазақ ауданының қазынашылық бас-қармасының алғашқы құрылған сәтінен бүгінгі таңдағы жаңа белестері мен  даму жолының куәсі болған бас маман-бас қазынашы Несіпгүл Садыққызы 1968 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1987 жылы Агропромбанктің Еңбекшіқазақ бөлімшесінде сарапшы-кассир болып бастаған.  1992 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Алматы есеп-кредит техникумын бітіргеннен кейін еңбек жолын бухгалтер, одан кейін аға бухгалтер, сондай-ақ Есік қаласы Ұлттық Банкінің есеп-кассалық орталығы бас бухгалтерінің орынбасары болып жалғастырды.

1998 жылдың қаңтарынан бастап бюджеттік банк таратылды, оның барлық функциялары қазынашылық басқармасына берілді. Бюд-жеттік банктен көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру және бюджеттің барлық түрлерінің кассалық орындалуының тех-нологиялық процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қазынашылық органдары ұлттық және шетел валютасындағы банк операцияларын орындауға ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясын алды. Сонымен бірге Несіпгүл Садыққызы Еңбекшіқазақ ауданы қазынашылық басқарма-сының операциялық сектор меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазіргі уақытта Несіпгүл Қырғызбаева Еңбекшіқазақ аудандық қазынашылық бас-қармасының бас маманы-бас қазынашысы лауазымын абыроймен атқаруда. Сала майталманы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Үлкен тәжірибе мен кәсіби біліктіліктің арқа-сында кейіпкеріміз мемлекеттік бюджеттің мақсатты пайдаланылуын бақылау бағытында алдына қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындап, әлеміздің экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосуда.

 

Л.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ,

Еңбекшіқазақ аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары.

 

Оқылды 384 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет