Бейсенбі, 14 Қараша 2024 14:54

Атқарылған жұмыстар сараланып, жоспарлар нақтыланды

Осы аптада Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің алқа отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Талғат Байеділов, мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, басқарма, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде бір мәселе қаралды – ауданның 2024 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 4 тоқсанға міндеттері. Осы бойынша баяндама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бейбіт Искаков әр сала бойынша атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп берді.              

Бүгінде ауыл шаруашылы-ғын дамыту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асуда. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 64,9 млрд теңге болған.

9 айда 56,6 мың тонна сүт, 19,5 мың тонна ет, 4 млн 628 мың дана жұмыртқа өндірілген. Қазіргі таңда ауданымызда 85 856 ірі қара, 276 789 қой мен ешкі, 26 205 жылқы, 130 бас түйе мен 804 мыңнан астам үй құстары бар.

– Ауыл тұрғындарының табысын арттыруда маңызды рөл атқаратын «Ауыл аманаты» бағдарламасына қысқаша тоқталайын. Бағдарламаның 1 кезеңі бойынша жалпы 417 жоба 2 млрд 840 млн теңгеге өтінім беріліп, 2 млрд 25 млн теңгеге 277 жоба қаржыландырылды, нәтиже-сінде 450 жаңа жұмыс орны құрылған болатын. Бүгінгі күнге «Ауыл аманаты» бағдарламасының 2 кезеңі бойынша жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 252 жобаның құжаттары жинақталып, комиссияның қаралуына жолданды. Жобалар аясында 302 жұмыс орнын ашу күтілуде. Оның ішінде 25 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, 639 млн теңгеге өтінім берген, – деді Б.Искаков.

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары да жү-зеге асуда. 50,6 мың гектар-ды құрайтын 207 ауыл шаруашылығы жер учаскелері анықталған. Қазіргі уақытта оның 7,1 мың гектары, яғни, 36 жер учаскесі мемлекет меншігіне  қайтарылған. Бей-біт Құлжамбайұлының айтуынша, бұл жұмыстарды жандандыру қажет.

Бүгінде аудан бойынша тұрғындардың жеке аулаларындағы малдарына қоғамдық жайылым жер қажеттілігі 205,4 мың гектарды құраса, қазір-гі таңда 171,4 мың гектар жайылым жер ортақ пайдаланымға бекітілген, яғни, 83,4 пайыз. Осы тұрғыда жайылым жетіспеушілігін пайдаланыл-май отырған жерлерді айна-лымға қосу арқылы қамтамасыз ету қажет.

Баяндама барысында бөлім басшысы кәсіпкерлік саласына да тоқталды:

– Ағымдағы жылдың 9 айында ауданда жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік нысандары-ның саны 26 055 бірлікті құра-ды, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 811 нысанға артқан. Оның ішінде шағын кәсіпорындар – 1803, жеке кәсіпкерлік – 14 229, шаруа қожалықтары – 10 023. Шағын және орта бизнес субъекті-лерімен 149 млрд 315 млн теңге көлемінде өнім өндіріліп, қызмет көрсетілген. Салада 40 435 адам жұмыспен қамтылған. Салық түсімі 12 млрд 39 млн теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд 676 млн теңгеге артық немесе 163,5 пайызды құрады. 2024 жылдың басынан ауданда жалпы құны 25 млрд 302 млн теңге болатын 39 жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылып, 209 адам жұмыспен қамтылды. Дегенмен де, көтерме сауда көлемі 15,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6 пайызға немесе 2,6 млрд тең-геге төмендеген. Сондықтан кәсіпкерлік бөлімі бөлшек сауда көлемінің төмендеу себептеріне талдау жүргізіп, көрсеткішті өсіру жөнінде ре-зервтерді пайдалана отырып шаралар қабылдауы қажет, – деді.

Баяндама сәйкес, ауданымызда құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 47,7 млрд теңге. Құрылыс жұмыста-ры көлемінің өсуіне «Жетісу вольфрамы» серіктестігінің вольфрам кендерін өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысы және жеке инвестор-лар есебінен салынған 3 мектептің, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында құ-рылысы жүргізіліп жатқан 4 мектептің (Қаражота, Алмалы, Сатай, Ащысай) құрылысы септігін тигізген. Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен іске асырылып жатқан жобалар да бар. Бүгінде 3 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, аудандық көпсалалы аурухананың күр-делі жөндеу жұмыстары, Есік қаласы мен Шелек ауылында 430 пәтерлі 9 үйдің құрылысы және 10 ауылдың ауыз су құбырларының құрылысы жүр-гізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының көле-мі 50 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда.

Елді мекендерді газдандыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінде 13 ауылда газ тарту жұмыстары жүргізілуде, тартылған газ құбырларының ұзындығы 877 шақырымды құрайды, қазіргі кезде аудан-дағы 61 мың ауланың 15 мыңы көгілдір отынмен қамтама-сыз етілген. Қазіргі уақытта, Масақ, Дихан ауылдарына газ тартуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамасы шыққан. Достық, Қорам, Қаражота, Қаратұрық, Нұрлы ауылдарының жобасы мемлекеттік сараптамада, ағымдағы жылдың желтоқ-санында сараптамадан өтеді. Мемлекеттік сараптамадан шыққан жобаларды 2025 жылдан бастап инвесторлар немесе бюджет есебінен жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты Бейбіт Искаков.

Ағымдағы жылы жолдар-ды жөндеуге 3 млрд 523 млн теңге қаражат бөлініп,  аудандық маңызы бар жол-дарға ағымдағы жылға жос-парланған 117 шақырымның 96 шақырымы жөнделген.

Бөлім басшысы әлеуміттік сала, білім беру мен денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларына да шолу жасады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша эконо-микалық белсенді халық саны 138 528 адамды құраса, жұмыспен қамтылғандар саны 131 881 адам. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 50 280 адам, орташа жалақы мөлшері 301 420 теңгеге жеткен. Былтырғы жылмен салыстырғанда 11,6 пайызға артқан.

– Жыл басынан жоспарлан-ған 10 388 жұмыс орнының 9 айда 7 257-сі құрылды. Мансап орталығына жүгінген 9 522 азаматтың 6 082-сі азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, 4 951 адам жұмысқа орналас-ты. Қайта даярлау курстарына 107 азамат жолдама алып, 85 азамат оқуды аяқтап, 50 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. 37 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа 850 азаматқа жолдама берілді. 83 азамат әлеуметтік жұмыс орындары-на жұмысқа орналастырыл-ды. 137 азамат жастар тәжі-рибесінен өтті. Жоғарыда баяндалғандай халықтың әл-ауқатын және қоғамдық саяси тұрақтылыққа тікелей әсерін тигізетін жұмыссыздық көрсеткішін жыл соңына дейін мейлінше төмендету бойынша аудандық Мансап орталығы мен ауылдық округ әкімдері кешенді шаралар қабылдауы қажет, – деді Б.Искаков.

Өз баяндамасында бар-лық саладағы атқарылып жат-қан жұмыстар мен жоспар-ларға жіті тоқталды Бейбіт Құлжамбайұлы. Жиын барысында аудан әкімі мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын күшейту қа-жеттігін атап өтті.

 

С.НҰРАДИН.ф

Оқылды 666 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жазушының шығармаларымен танысты Ұрпаққа тарту »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет