Дүйсенбі, 28 Шілде 2025 16:41

Екі газетке де еңбегі сіңген

Егемендік алып,  оңтайластыру кезеңі жүріп жатқан қиын кезде Шелек ауданын Еңбекшіқазақ ауданына біріктірді.  Мекеме, кәсіпорын біткеннің бәрі жабылып, қайта құрылып жатты.  Осы кезде «жүргенге жөргем ілінедінің» жолымен күнін көріп жүрген журналистерге де жұмыс тауып, отбасын асыраудың өзі өзекті мәселеге айналды. Әйтеуір  екі қолға бір күрек табылса, қуанатын кез еді.

Аудан таратылған соң, оның – «құлағы мен көзі, тілі» болған «Еңбек туы – Әмгәк туғи» газеті де өз жұмысын тоқтатты. Мен болсам, аудандық газет жабылардан бірер жылдай бұрын аудандық тұтынушылар қоғамдарының одағына аудармашы маман керек болып, шақырған соң,  жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Одан Шелек аудандық әкімдігінің бұйрығымен аппараттың ішкі саясат бөліміне аудармашы-бас маман болып орналастым. Аудан әкімдігінде қызметке кіріскеніме тура бір жыл толғанда, аудан таратылды.

Бәріміз жаңа жұмыс іздеп, бас-басымызға кеттік.  Газетіміздің фотографы Баянды Зәкіров Есік қаласындағы «Еңбекшіқазақ» газетіне жұмысқа орналасты,  Қуат Құдайбергенов  мектептен орын тапты. Мен қалаға мебель жасайтын цехта біраз уақыт істеп, А.Розыбакиев атындағы мектепке қазақ тілі пәнінен мүғалім болып орналастым.

   Ал «Еңбек туы – Әмгәк туғи» газетінің ұйғыр бөлімінде істейтін тілшіміз  Хаким Хелилов «Еңбекшіқазақтан» ұйғыр тілінде жазатын тілші болып, қабылданды. Кейіннен  ол штатта қысқартылып,  оың орнына  тәжірибесі толысқан Ескендір Рақымбайұлы жұмыс істеді. Ал ол кісі зейнетке шыққанда,  оның орнына мен бардым. Тағдырдың жазуы ғой. Жоғарыда аты аталған қаламгерлердің бәрі – Баянды да, Қуат та, Хәкім де, Ескендір аға да марқұм болып кетті.

Менің айтпағым, Ескендір Рақымбайұлының «Өлеңім – менің тұмарым» атты кітабын оқи отырып, ол кісінің Баянды Зәкіровтың 60 жылдығына арнаған өлеңіне көзім түсті. Онда «Еңбек туы – Әмгәк туғи» газетінде қызметтес болған әріптестерін мысалға  алып, еске аларлықтай арнау ода жазыпты.  Аудандық газеттің 95 жылдығында, екі газетте де  бұрын істеген әріптестердің аттарын тағы бір еске салу мақсатында, Есікеңнің осы туындысын арнайы жазуды дұрыс деп ойладым.

Банянжан – ау, Баянжан,

60-қа жас таянған.

Ауданыңды таратып,

«Еңбек туын жаптырдың.

«Еңбекшіқазаққа» ауысып,

Бастық болуға шақ тұрдың.

Сұлтанәлі Қуаныш,

Сқабаев Әлиді

Қызметтес достарың,

Иісі қазақ таниды.

Кім біледі, уа, Бәкеш,

Бөпебаев ағаңды.

Ащы-тұщы аралас,

Бөліп жеген тағамды.

Мұқаш атты бір көкең,

Өтіп кетті өмірден.

Бар жанрды тауысып,

Фельетонды «кемірген».

Есіңде болар, Бәкежан,

Ақпанбетұлы Құлахмет.

Марқұм болып кетсе де,

Демеуіне дерсің  рахмет.

Ақылшы ағаң еді ғой,

Үмбетәлі Иемберген.

Бозбалалықтың буымен,

Сүрінсең сүйеп жіберген.

Бастық болды бақилық,

Өтелбайұлы Барқытбай.

Аман жүр әне Аманбек,

Көнеден қалған сарқыттай.

Жадыңда сақта әрқашан,

Батталғазы Әлтанды.

Жақсы іске баулып жастарды,

Қарсы алған әр кез әр таңды.

Әріптес, әрі достарың,

Қалмұрат пен Саламат.

Өтерінде өмірден,

Тапсырған болар аманат.

Мәңгі ұйқыда қос досың,

Хәкімің мен Сейітің.

Раяға құран бағыштап,

Тазалап қойшы бейітін.

Ақ көңіл еді аңқылдақ,

Әбітжанұлы Алтынбек.

Өтіп кетті өмірден,

«Айшаның алдында алсын»  деп.

Қиялы ұшқыр қаламгер,

Құдаң еді Қуатың.

Көзі тірі кезінде,

Жаныңда әркез тұратын.

Тұқатайың емес пе,

Ұрпағыңның апасы.

Қол ұстасқан жасыңнан,

Ғұмырыңның бір парасы.

Махаметжан, Алымжан,

Жүр әне ұйғыр достарың.

Өзіңнен бөлек бөлініп,

Жыраққа тікті қостарын.

Бортников, Юричкин,

Степан, Гена – «бауырың»,

Кәмила мен Оразхан,

Жеңгелерің – тәуірің.

Жастығыңның куәсі,

Күлғайша мен Гүлбаршын,

Айшахан, Нүрия баспагер,

Қуаныштан  қалай құр қалсын.

Рәнәгүл мен Нұрбүбі,

Дүрияны ұмытпа!

Шау тартқан мынау шағыңда,

Арыңа, Ораз, кір жуытпа!

«Еңбек туын» басқарған,

Әріптесің Әбілбек.

Анарбек пен екеуі,

Ат-шапан отыр әзірлеп.

Бауырдайсың, сыйлассың,

Кейінгі Күләш, Игорьмен.

Сулұлармен сырлассың,

Компьюторды игерген.

Бастығың болса Хайролла,

Есепшің еді Раушан.

Ескі жұртқа – елге кел,

Мойныңды егер бұра алсаң.

Қырық жыл бойы суретпен,

Келесің әлі «қырқысып».

Баянды болсын Баянжан,

Қызметің – жұрт үшін.

Білеміз, Баяш, білеміз,

Білінді «Бөрік» екенің.

Жақыпжан жақын болған соң,

«Жетісу» болды мекенің.

Ақ тілекті қабыл ал,

Ғұмыр кеш Бәкеш, керемет.

Өмір атты өзенді,

Жүзе-жүзе жүзге жет.

 

Қайтыс болғандардың жандары жаннатта болсын!

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 238 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет