Дүйсенбі, 28 Шілде 2025 16:43

Дәнекерлеудің қас шебері

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген ғой, дана халық. Марат  Айнединов те әке жолын қуған еңбек адамы. Әкесі  Құрбан адал еңбегімен, іскерлігімен көпке танымал адам болған. Марат та әке жолын қуып, дәнекерлеуші болуды қалады.

Он бес жасқа толғанда Марат Шелек ауылдық кәсіптік-техникалық училищесіне қабылданып, үш жыл дәнекерлеуші мамандығын игеріп шығады. Алғашқы еңбек жолын «Авангард» кеңшарында бастап, онда дәнекерлеуші  болып жұмыс істей жүріп, мол тәжірибие жинап, өз ісінің қыры мен сырын толық меңгеріп алады.

Екі жыл әскер қатарында, Отан алдындағы борышын өтеп, онда да дәнекерлеушілігімен көзге түседі. Өзіне жүктелген жұмыстарды тиянақты орындауымен еленіп, алғысқа бөленеді.

   Әсекри қызметін өтеп келген соң, Шелек ауылындағы жолаушылар тасымалдайтын автопаркке жұмысқа қабылданып, 20 жылдан аса еңбек етіп мамандығының майталманы атанады. Онда тек дәнекерлеушілік жұмыспен ғана емес, слесарь, токарь, басқа да жұмыстарды аброймен атқарады.  Автокөлік қозғалтқышының ақауларын жөндеуші шеберлігімен де танылады.  Сол кезде Марат еңбек еткен бригада озаттар қатарынан көрініп, бұрынғы Шелек аудандық «Еңбек туы – Әмгек туғи» газетіне суретімен шығарғанын да есіне алды Марат. Автопарк жабылып, жекеліктің қолына өткенде де, Марат Кұрбанұлын жұмыстан қысқартпай алып қалады. Ол ондағы  ішкі жұмыстардың бәріне араласып, іскерлік танытты.

Шыны керек, бүгінгі кезде жұмысшы мамандығына сұраныс артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының қоғамда қашан да абыройлы, мәртебесі биік болу керектігін, мұндай адамдардың елге сыйлы азаматтарға айналуы қажет екенін атап айтты. Өйткені елдің әлеуетін көтеретін осы қарапайым жұмысшы азаматтар екені даусыз. Біздің кейіпкеріміз де соның жарқын бейнесі,

– Мен дәнекерлеуші мамандығын жүрек қалауыммен таңдадым. Әкем де қарапайым жұмысшы болып, кеңшардың  озат жұмысшысы болды. Мен де әкемді үлгі етіп, сол жолмен жүруге бел будым. Қарапайым жұмысшы болғаныма мақтанамын. Әрі өзім таңдаған мамандыққа әбден машықтанып алдым. Оны басқа кәсіппен айырбастағым да келмейді. Құдайға шүкір, табысым да жаман емес. Тапсырыстар да көп. Мені керек адамдар өздері тауып алады. Телефрнмен хабарласып, «Марат  мынандай жұмыстар бар еді, соны жасап бересіз бе?», – деп өтінеді. «Мен жұмыс таңдамаймын. Дәнекерлеу жұмысын да, құрылыс жұмыстарының да кез келгенін істеу қолымнан келеді», – деп  ағынан жарылды.

Шынында да, Марат Айнединовтың бір күні бос емес. Тапсырыстар үсті-үстіне түсіп тұрғаны. Ешкімге жоқ деп бұлданбайды. «Бәленбай күні барайын, қазіргі бастаған жұмысымды бітірісімен, сіздің өтінішіңізді орындап берейін», – деп, сыпайы жауап береді. Оның дәлелін мен үйімнің алдын қоршатқанда білдім. Маратқа жұмыс барысында қаншама адам тапсырыс беріп жатты. Бәріне уақыт тауып, қажетін өтеп беруге тырысып жүргені. Уақытпен санаспай, шамасы келгенше мойнына алған жұмысты сапалы әрі тапсырыс берушінің көңілінен шығатындай етіп орындаап, алғысқа бөленіп жүр.

Өткенде медициналық колледждің қосымша екі қабатты ғимаратын қалап беруді тапсырған екен, сол жұмысты баласы Данияр екеуі ай көлемінде тап-тұйнақтай етіп бітіріп беріпті. Күзде тағы жұмыстар шыққанда,  тапсырысты тағы да Маратқа беретінін айтыпты, колледж басшысы. Жаңа салынған үйге жылы еден жүйесін жүргізу, қабатты үйлерге сатының темірден қаңқасын дәнекерлеу, үйге жанама салынатын қалқа шатыр, қысқасы темірден жасалатын жұмыстардың бәрі осы Мараттың қолынан өтеді.

Әне, Марат бүгін де ертемен тапсырыс берген жерге асығып барады. Велосиепетіне қажетті аспаптарын тиеп алып, кетіп бара жатқанын көресің. Көресің де сүйсінесің. Адал еңбектен тапқан нанның дәмі де тәтті болады. Жұмыс жоқ деп қол қусырып, үйінде жатқан азаматтарға Мараттың еңбегі өнеге болса, игі. Жасы алпыстан асса да, баласын қасына алып, өмір сүруге тәрбиелеп, меңгерген тәжірибесін үйретіп , келешегін де ойлап жүр. Біз тек оның ісіне сәттілік тіледік.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 52 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 28, 2025

Батан деген кім?

Түрген сайы деп басы Асы жайлауындағы жүздеген тұма – бұлақтардан, биік тау басындағы…
Шіл 28, 2025

Бала тілі неге кеш шығып жатыр?

Бала – өмірдің мәні. Ұлттың келешегі де – бала. Әр отбасының бақыты осы бір кішкентай…
Шіл 28, 2025

Екі газетке де еңбегі сіңген

Егемендік алып, оңтайластыру кезеңі жүріп жатқан қиын кезде Шелек ауданын Еңбекшіқазақ…
Шіл 24, 2025

СПК «Қонаев» реализовала проект…

АО «СПК «Қонаев» совместно с партнером ТОО «DEL Construction» завершили строительство…
Шіл 24, 2025

Алматы облысында қолжетімді тұрғын…

«Қонаев» ӘКК» АҚ серіктесі «DEL Construction» ЖШС-мен бірлесіп, Іле ауданына қарасты…
Шіл 24, 2025

«Аким Алматинской области не знал,…

Заместитель премьер-министра РК Ермек Кошербаев прокомментировал скандал вокруг детского…
Шіл 18, 2025

Алматы облысында балабақшаларға…

Алматы облысында мектепке дейінгі білім беру саласы жаңа қаржыландыру жүйесіне көшіп…
Шіл 18, 2025

2025 жылы мал шаруашылығын…

Ағымдағы жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды…
Шіл 18, 2025

День металлурга в Казахстане — 20…

Сегодня металлургия является одной из ведущих и перспективных отраслей промышленности…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет