Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2022 10:08

Мақсат – жемісті еңбек ету

Қыркүйектің алғашқы күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жолдау қазақстандықтардың жүрегіне үлкен үміт ұялатты, ендігі міндет – Жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыру. Осы мақсатта аудан әкімі Алтай Досымбаев аудандық басқарма, бөлім, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, Есік қаласы және ауылдық округ әкімдері, саяси ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен Жолдаудағы айтылған бағыттарды талқылау мақсатында арнайы жиын өткізді.

Жиынды жүргізген аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов:

– Мемлекет басшысының Жолдауы айқындаған стратегиялық бағыттарының негізінде азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға ықпалын тигізетін болады. Аталған ұсыныстар мен бастамалар жалғасын тауып, қоғамның дамуы үшін алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар көрсетіледі, – деп жиынның мәнімен таныстырып, Алтай Машикұлына сөз кезегін ұсынды.

Аудан әкімі өз кезегінде:  «Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі», – деп ҚР Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталған ел өміріндегі аса маңызды референдумнан кейін, жаңғырудың жаңа көкжиектерін ашып, іргелі процестерді жүйелі түрде жүзеге асыруға арналған Жаңа Қазақстанның жаңаруы мен жаңғыруы жолында еңбек етіп жатқанын жеткізді. Соның айшықты көрінісін Президентіміздің Қазақстан халқына арналған Жолдауынан аңғарса болады. Президент ел көкейіндегі мәселелерді дөп басып айтып, орынды реформалар мен жоспарларды ортаға салды. Жолдаудағы бес негізгі бағдар реформалар бағытының дәйектілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді. Жолдауда алдымызға қойған белестерді іске асыру бойынша бес негізгі бағдарға топтастырылған  нақты жұмыстар мен басымдықтар айқындалған болатын.

Аудан әкімі Алтай Досымбаев Жолдаудың қысқаша мазмұнымен таныстырып, бағыттар бойынша ауданымыз-ың алдағы кезеңдегі  экономикалық-әлеуметтік даму үрдісіне негізделген міндеттері мен жоспарларына тоқталды.

– Жолдаудың бірінші бағдары, экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты, сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделген жаңа экономикалық саясатқа арналып отыр. Онда жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту, ұлттық табысты әділ бөлу негізгі басымдықтар ретінде қарастырылып, кезек күттірмейтін 9 негізгі міндет бойынша жұмыс атқару қажеттілігі атап айтылғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Осы негізгі міндеттердің аудан аумағында сапалы жүзеге асырылуына жауапкершілікпен қарауларыңыз қажет екендігін атап өткім келеді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 35 977,5 млн теңгені, нақты көлем индексі 130,5 пайызды құрады.

Сонымен қатар, 2022 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша ауданда шағын орта кәсіпкерлікпен 19 836 субъекті айналысады. Өндірген өнімінің көлемі 59,1 млрд теңгені құрады, бюджетке 3,7 млрд теңге салық төленді. Жұмысшылардың жалпы саны 35,5 мың адамды құрады.

Жолдауда аталған міндеттердің бірі кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды көздейді. Осы орайда, аудан экономикасының басым бағыттарына жататын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша назар аудару қажеттігін айқын аңғаруға болады.

Сондай-ақ, экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне тікелей байланысты. Саланы қайта жаңғырту үшін Президент 2023 жылы жаңа Салық кодексін әзірлеуді жүктеген болатын.

Осы орайда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ауданға 13,8 млрд теңге салық түсімдері түсіп, болжамға қарағанда өсу қарқыны 7,4% болды.  Бұл  2021 жылға қарағанда (10,7 млрд теңге) 28,7%-ға артық. Бұл көрсеткіш те аудан экономикасына тікелей әсер ететіні белгілі.

Жолдаудың екінші бағдары нақты секторды дамыту мәселелеріне негізделіп отыр. Осы арқылы инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу, мемлекеттің экономикаға араласуын біртіндеп азайтуды жалғастыру, еліміздің транзиттік қуатын арттыру, автожол құрылысы мен сәулет-құрылыс қызметін жақсарту көзделуде.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамытудағы проблемаларды, жер мәселесін шешуде негізгі міндеттердің бірі ретінде нақты бекітілді.

Еңбекшіқазақ ауданында  автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2555 шақырым. Жол – экономиканың күретамыры десек, бұл мәселеге бейжай қарауға әсте болмайды. Осы бағытта соңғы жылдары бөлінетін қаражат көлемінің ауқымы артып отыр, сондықтан жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру және бақылауды күшейту қажет.

Ал, ауыл шаруашылығы – ауданымыздың экономикасының негізгі драйвері болғандықтан, бұл саладағы ахуал азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні айдан анық. Аудандағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2022 жылдың 1 жарты жылдығында 37,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,8 млрд теңгеге артық.

Жолдаудың үшінші бағыты ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция ретінде бекітілді.

Осы орайда, ауданымыздағы денсаулық сақтау, білім салаларының және жалпы әлеуметтік салада ауқымды өзекті мәселелердің бар екендігі айқын, сондықтан туындаған түйіткілдерді шешуге қажетті қаржыландыруға қол жеткізу үшін барынша білек сыбана жұмыс істеп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез туды деп ойлаймын.

Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданында жалпы 77 денсаулық сақтау мекемесі бар. Осы бағытта 2000-нан астам адам азаматтарымыздың денсаулығына барынша жағдай жасау мақсатында еңбек етуде.

Ағымдағы жылы 6 ауылда:  Лавар, Май, Базаркелді, Шалқар, Ақжал, Екпіндіде медициналық пункт және Көлдіде ФАП ашуға 350 млн теңге, сондай-ақ Қызылжар, Қайназар ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 354,6 млн теңге бөлінді.

Демографиялық өсу мен көші-қонды ескерсек, ауданымыздағы балаларды оқу орындарымен қамтамасыз ету мәселесі әрдайым алдыңғы орында. Бүгінде ауданда үш ауысымда оқитын 5 мектеп бар, тағы 7 мектепті көшіру қаупі тұр.

Есік қаласында үш ауысымда оқытуды жою мақсатында 1500 оқушыға арналған орта мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ташкенсаз ауылындағы Х.Абдуллин атындағы орта мектептің және Қазақстан ауылындағы Қайыпов атындағы орта мектептің жанынан жалпы сметалық құны 2,6 млрд теңгеге 300 орындық жапсаржайлардың құрылыс жұмыстары аяқталды.

Дегенмен, осы бағыттағы жұмыстар бойынша сөз жүзінде емес, іс жүзінде шешілуге тиіс біраз мәселелер бар екенін атап өткен жөн. Бүгінде бейімделген 18 мектепке жаңа ғимарат салу және 25 білім ордасын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі тұр.

Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет екендігін ескерген Мемлекет басшысы, төртінші бағдарды мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғыртуға арнады.

Аудан бойынша Президент тапсырмасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге және жаңаша жандандыруға айрықша назар аудару қажет.

Сондай-ақ, саяси құжатта тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру, құрылыс мәселесін қолға алу керектігі сөз болды. Бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде 4000-нан астам адам тұр. Халық санының жылдан-жылға артып келе жатқанын ескере отырып, ауданда инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына мән беруіміз керек.

Жолдаудың соңғы және қорытынды бағыты азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделеріне бағытталған заң және тәртіп саласында өрбіді. Мемлекет басшысы сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын реформалауды ғана емес, ел бірлігін сақтаудың маңыздылығына тоқталды, – деген Алтай Машикұлы жоғарыда аталған Мемлекет басшысы міндеттеген алдағы реформалардың бағыт-бағдары бойынша ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне негізделген бірқатар міндеттерді орынбасарлары мен қала, округ әкімдеріне, басқарма бөлім басшыларына жүктеді.

Аталған жиында Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Абдыхалиев пен «ЮиТ» газетінің редакторы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Айгүл Габсаттароваға сөз ұсынылды. Олар Мемлекет басшысының ел тынысына жаңа серпін берген Жолдаудың бағыт-тарына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 906 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет