Бейсенбі, 27 Тамыз 2020 17:17

Сенім сең бұзады

Әманда тобықтай сөздің түйінін кесіп айтатын көреген бабаларымыз «Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім» дейтін. Иә, сөзі мен ісі қабысқан, білім-білігі толысқан азаматтың соңынан елі ереді. Оны көпшілік қолдайды, сенім артады. Ал сенім сең бұзады.

Сенім дегеннен шығады, Елбасымыз, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жетекші партиямыз Nur Otanнан сайланатын әрдеңгейлі депутаттарды енді іріктемек. Яғни, жоғарыда аталған игі қасиеттерді бойына сіңірген нағыз көшбасшылар ғана енді елдің атынан сөз сөйлеу құрметіне ие болады. Бұл – заман талабы, көш-керуеннің бағдары. Осы турасында Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің 17 тамызда жариялаған Үндеуінде: «Депутаттар халықтың ортасында болып, елдің мұң-мұқтажын жеткізуге тиіс. Депутаттар міндеті – әрдайым ел мүддесін қорғау. Осыны ұмытпауымыз керек» деп мандаттың маңыздылығын шегендеп берді. Енді партия атынан депутаттық сайлауға тек мыңнан бірі ғана түсе алады. Оны таңдайтын – Nur Otanдықтар.

Бүгінде бәсеке бәсіне бәс тігіп, додаға түскен азаматтар қатарында мен де бармын. Осы уақытқа дейін аудандағы мемлекеттік қызметте еңбек еттім. Толысқан тәжірибем мен білім-білігімді ауданның тумасы ретінде өңіріміздің дамуына арнауды жөн санадым. Біріге іс қылып, биік белестерді бағындыру жолында еңбек етуге әзірмін. Себебі, бұл менің туған жерім, алтын тәжді атамекенім!

Бекет АХМЕТОВ

Оқылды 1713 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет