Бейсенбі, 27 Шілде 2017 10:39

Тірек ауылының тынысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Зағипа Балие-ва халықпен кездесу сапарын ауданымыздың Есік өңіріндегі бірнеше елдімекендерді аралаудан бастап, кейін 34 мың тұрғыны бар ең үлкен әрі дамуға жағдай қарастырылған тірек ауылына ат басын тіреді.
Жаңа салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы Шелек ауылының батыс, кіре-беріс жағынан жаңа құрылыстар бой көтерген «жаңа тұрмыстың» сәніне сән, көркіне көрік қосқандай. Ауылға бастайтын жаңа жол айналмасынан өткен көлікпен кетіп бара жатқан адамға бой түзеген құрылыс нысандары алыстан менмұндалап, көркімен арбап тұрғандай. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев және облыстық мәслихаттың депутаты Жангелді Осан бастап келген халқының қалаулы қызы Зағипа Яхьянқызы Шелектегі жаңа тұрмыстың шырайы болған «Келешек» балабақшасын аралаудан бастады. Бұл балабақша сырт көрінісімен ғана емес, ішкі көркімен де, заманауи құрылымымен де келешектің балабақшасы екеніне көз жеткізіп, таңдай қақтырады.
Қонақтарды қарсы алған балабақша меңгерушісі Қарлыға Жүнісова мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Қазіргі таңда 1,5 – 6 жас аралығындағы 267 бала 12 топқа бөлініп тәрбиеленуде. Оларға 62 қызметкер, оның ішінде 32-сі жоғары білімді мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу маманы жұмысқа тартылған.
– Балабақшамыз қосымша заманауи кабинеттермен жабдықталған. Міне мынау «Эбру» су бетіне сурет салу әдісі, мынау кинетикалық құм, құм терапиясы, – деп үлкен жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, көрсетті.
Мұнда қосымша би және ұлттық аспаптар ансамблі де жұмыс істейді екен. Балалар қонақтарға өз өнерлерін көрсетті.
Оған қоса биылғы жаңа оқу жылынан бастап ментальды арифметикамен қосымша сабақтар жүргізілетінін айтып, екі тәрбиеші қурсқа оқуға жіберіліпті. «Г.Доманның тәсілдерін қолдану арқылы балаларды тез оқытуға үйрету әдісін пайдаланамыз» – деп Қарлыға Асанқұлқызы келесі кабинетке бастады. Заман талабына сай спорт құралдарымен жабдықталған қосымша дене шынықтыру залы да таңдай қақтырды. Әлемдік ағылшын тілін үйрету кабинетінде депутат оқытушымен ағылшын тілінде сұрақ қойып, жауап алды. Бинәлі Әбдіқапасұлы да «Қарлығаны ағылшынша сөйлей білетіндіктен осы балабақшаға тағайындадым» деп мән-жайды түсіндірді. «Мынау ертегідегідей ғой, мынандай мекемеде тәрбиеленіп жатқан қазіргі балаларда арман жоқ» – деп Зағипа Яхьянқызы да өз ризашылығын білдірді.
Келесі бағыт – осы аумақтан жаңадан салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысы. Мұндағы құрылыс басшыларымен кездескен депутат: «Ауылға кіре-беріс жақтан керемет көрінеді екен, нысанның сыртын мынандай бояумен әрлесең тіпті әдемі» – деп өзара пікір алмасып, іске сәттілік тілеп аттанды.
Келесі бағыт – қызметкерлерінің көңіліне кірбің ұялатқан облыстық мамандандырылған балалар үйі. Алайда, ақ халат киген ұжым күлімдеп қарсы алды. З.Балиева оларға көңіл жұбататын сөздер айтып, ешкім жұмыссыз қалмайтынын, мына ғимарат адам құқығын қорғау орталығы болуы мүмкін деп мән-жайды түсіндірді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз-де қолға алынған жақсылықтарды баяндап, қарапайым мысалдармен түсіндіріп берді. Кездесушілердің ризашылығына бөленген депутат олармен естелікке суретке түсіп, амандықта кездескенше саламат тілеп, «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиалында халықты қабылдауға асыға аттанды.
Анарбек БЕРДІБАЕВ.

***
«Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракция мүшесі З.Я.Балиева қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет-тілік» атты халыққа Жолдауын, Елбасы мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», бес институционалдық реформа аясында Парламент қабырғасында Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» жүйесі жайлы түсіндіріліп, қабылдауға келген азаматтар өтініштеріне нақты кеңестер берілді. Қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Б.Т.Ахметов, «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев, Алматы облыстық мәслихат депутаты Ж.Қ.Осан, Есік БПҰ төрағасы және аудандық филиалының қызметкерлері қатысты.

Қамажай Еркебаева.

Оқылды 1916 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет