Бейсенбі, 20 Сәуір 2017 10:19

Өзгерістер өміршеңдікке бастайды

Өткен аптада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрген болатын. Елдің болашағын бағдарлаудағы маңызды мәселелерді көтерген мақаладағы басым бағыттар мен негізгі міндеттер бойынша пікір бөлісу және алдағы атқарылар жұмыстарды айқындау мақсатында дүйсенбі күні аудан әкімдігінде аудан активінің отырысы өтті. Шараға аудандық мәслихаттың хатшысы Бекет Ахметов, әкім орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық кеңестің, ардагерлер ұйымының мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, округ әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Жиынды аудан әкімі Бинәлі Ысқақ кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

 

– Біртіндеп латын әліпбиіне көшу жұмыстарын бастау, жаңа гумани-тарлық білім, қазақ тілінде жарық көрген дүниежүзіндегі ең озық жүз кітап жобасын, жалпыұлттық патриотизмді дәріптейтін «Туған жер» бағдарламасын қолға алу, ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін әлемге паш етіп, Қазақстан-дағы бүгінгі даму  кезеңіміздегі жүз жаңа есімнің жобасын жүзеге асыруды Елбасы Н.Назарбаев тапсырып отыр – деп, тапсырмаларды іске асыруда бірігіп еңбек ету керектігін айтты Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Алғашқы болып баяндама жасау үшін мінберге көтерліген аудан әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов бағдарламалық мақаланың маңызды құжат екендігін атап өтті:

– «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала – еліміздің болашағына бағдар беретін, әрбір адамның өзін және айналасын тануға жол ашатын басты идеологиялық құжат. Бұл мақалада Қазақстан қоғамы мен әрбір қазақстандықтың мақсат-мүддесі қамтылған, қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды жобасы жасалған.

Мемлекет басшысы мақаланың кіріспесінде: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаң-ғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», – деп жазады.

Елбасы ұсынған жаңғыртулар қазақ-стандықтарды сан ғасырлық тарих пен мәдениеттегі, ұлттық сана-сезім мен білім саласындағы рухани реформаға бастайды. Өзіміздегі ескі қағидаттардан арылып, бүгінгі күннің арнасымен алға қарай ұмтылуымыз қажет. Осы орайда, бабалардан мирас болып қалған рухани құндылықтарды көздің қарашығындай сақтай жүріп, ұлттық рухты да жаңғырту керектігі күмән келтірмейді. Мақалада ұсынылған бастамалар ширек ғасырлық тәуелсіздігімізде орындалған рухани жаңғыртуларды толықтыра түседі – дей келе, ойын Елбасының: «Мен халқымның ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» – деген сөзімен түйіндеді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы айтқан әрбір азаматтың алдындағы мақсат-міндеттерге жеке-жеке тоқталды.

– Жаһандану кезеңінде, жұтылып кетпейтін білімді ұрпақ тәрбиелеп, білікті маман даярлау бәсекеге қабілетті қоғам құру, мерейлі мемлекетіміздің маңызды мұраттарының бірі. Осы ретте, Президент қоғамның және әрбір азаматтың алдында тұрған алты бірдей мақсат-міндеттерді атап берді.

Бірінші, бәсекелік қабілет. Бәсеке-лікті ең алдымен – сапалы білім, жауапты қызмет, зияткерлік өнім, табысты еңбек ресурстары деп білу керек. Біз жаңғыру жолында ұлттық салт-дәстүрімізбен ұштасқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз қажет.

Елбасы айтқандай, «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлы-ғыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа жол бермеу». Қоғамда ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Бұл мәселеде, әсіресе, мемлекет қызметкерлерінің  Әдеп кодексін ұстануы, сыбайлас жем-қорлыққа жол бермеуі, кәсіби шеберлігі шыңдалған маман болуы  керек екенін айта кетуіміз қажет.

Ұлттық бірегейлікті сақтау жолында Мемлекет басшысы: «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту», – дегенді ашық айтады.         

Төртінші, білімнің салтанат құруы. Табыстың кілті білімде екенін әркім терең түсінуі тиіс. Мемлекет жастардың білім алуына, білікті маман болуына барлық жағдайды жасады. Бұған дәлел, барлық өңірлерде ашылған өркениеттің бүкіл жетістіктерімен қамтамасыз етілген білім мекемелері, әлемдік жоғары мектеп тізіміне дендеп енген оқу ордалары. Ел ішіндегі еңсесі биік жоғарғы оқу орындарында білім алған, шетелдің алдыңғы қатарлы университеттерінде оқыған білімді жастар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, инновациялық технологияларды дамыта бастады.  Осы орайда, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік ғылым кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген мықты тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы жөніндегі тұжырымдар баршамызға ой салады. Елбасы күллі ХХ ғасырдың революциялық сілкіністерге толы болғандығы, ол барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерткендігі жайлы айта келіп өз ойын: «Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады. Әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі», – деп түйіндейді.

Алтыншы, сананың ашықтығы турасында, ол – зерденің үш ерекшелігін білдіретіндігіне  тоқталып өтеді. Бірін-шіден, ол дүйім дүниеде және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын анық түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Үшіншіден, бұл – өзге-лердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі – деді баяндамашы. Осы орайда, өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының ауданымызда іске асыуын, оның нәтижелі және тиімді болуын  басты назарда ұстауымыз керектігін жеткізді. Сонымен бірге, Елбасы атап өткен тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың осы бағыттарын жүзеге асыра отырып, жалпы ұлттық рухани жаңғыруға үлес қосу керектігін тілге тиек етті. Баяндама барысында Нұржан Құдайбергенов қоғамның назарындағы латын әліпбиіне көшу туралы ұлт Көшбасшысының тапсырмасын қолдайтындығын жеткізді:

– Президент алдымызға таяу жылдардағы орындайтын міндеттерді жүктеп, біршама нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттігін тапсырды. Соның бірі – латын әліпбиіне көшу. Латын әліпбиіне көшудің маңызы  зор. Тарихта латын жазуына көшу процесі ХХ ғасырдың І жартысында да қозғалған. Қазақ тілі – латын әліпбиіне лайық. Өйткені қазақ тіліндегі дыбыстар латын әріптерімен таңбалауда қиындық туғызбайды. Бұл – үлкен жаңалық. Латын әліпбиі арқылы жер бетінде тарыдай шашыраған қазақ халқы бір-бірімен емін-еркін тілдесе алады, дүниежүзінің ғылымына, біліміне ешбір кедергісіз жол ашылады.

Сондай-ақ, «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасын, «Туған жер» бағдарламасын енгізу арқылы патриотизмнің жарқын үлгісін, нақты нәтижемен көрсетуді міндеттеді. Бұл – мәдениетті өркендету мен өлкетану, елді мекендерді абаттандыру, туризмді дамыту және тағы басқа шараларды қамтитын  кешенді жоба.  Нақтырақ айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің қайнар бұлағы болуы тиіс. Елбасымыз «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп тегіннен-тегін айтпаса керекті. Президент қазақстандықтарды, әсіресе, жас ұрпақты жаңғырту жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенім артты – деген Нұржан Кеңесұлы мақалада атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында еңбек ету қажеттігін атады.

Келесі болып, өзінің пікірін ортаға салған еңбек ардагері, ауданымыздың құрметті азаматы Аянбек Дауытқұлов тағылымды әңгімесімен жиынға қатысу-шылардың жүрегіне ой салды. Прези-денттің мақаласы жайлы оң көзқарасын жеткізген ол бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығына тоқталды:

– Мемлекет басшысы бізге үнемі бәсекеге қабілетті болу керек деп айтады. Бұл – жай ғана сөз емес, ел дамуының баспалдағы. Қарапайым мысалмен түсіндірсек, ауданымыздың шығысында орналасқан Байсейіт ауылында он шақты мейрамхана бар. Барлығынан күндіз-түні адам қарасы үзілген емес. Олар ең алдымен тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алады, оған қоса, сапалы әрі арзан өнім ұсынады. Яғни, бәсекеге қабілетті – деген Аянбек ақсақал өткен тарихымыздан сыр шертіп, қазақстандықтарды адал, отансүйгіш болуға шақырды.

Елбасының мақаласына байланысты пікірді шешен-ингуш этно-мәдени бірлестік төрағасының орынбасары Зоя Магамадова жалғады. Ресми тілде баяндама жасаған ол еліміздің латын әліпбиіне ауысуын қолдайтындығын жеткізді:

– Мы видим, как бурно в последнее время развиваются все сферы  политической, экономической и социальной жизни нашей  страны. И  я, как школьный работник, с интересом ознакомилась  с программной  статьей  Президента  страны Нурсултана Абишевича Назарбаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».

Работая  заместителем директора по УВР в средней школе, я понимаю, что все эти изменения направлены на то, чтобы наше образование было успешным, поэтому доминирующее направление  в своей статье Глава государства отдаёт новшествам в образовании. Казахский язык сохранит свою доминирующую позицию. Большое внимание будет уделяться его дальнейшему развитию.

Создаются  учебники  нового поколения на казахском языке, реализуются  проекты, направленные  на формирование патриотизма, сохранение и развитие национальных духовных ценностей, идет перевод письменного казахского языка на латиницу.

Глава государства отметил, что до конца 2017 года должен быть принят единый стандартный вариант новой графики казахского алфавита, а начиная с 2018 года, следует приступить к подготовке специалистов, которые будут обучать новому алфавиту, а также вести выпуск соответствующих учебников для средних школ.

Президент страны в своей статье  изложил задачи на ближайшие годы, предлагая конкретные проекты, направленные на формирование основных принципов модернизации общественного самосознания, необходимые для того, чтобы мы достойно выдержали испытания времени.     

Как учитель средней школы, я считаю, что все положения, изложенные в этой статье, своевременны и, как практик школы, буду применять их в своей ежедневной работе. Поэтому полностью поддерживаю программу модернизации  предложенную нашем Президентом.

«Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов Елбасы мақаласында айтылған латын әліпбиіне ауысудың оңай болмайтындығын, алайда, бұл – еліміз үшін маңызды оқиға екендігін ашып айтты. Ол өз сөзінде:

– Жалынды жігер берер, рухымызды көтерер сөздер жолдады еліне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл жолы өзгеше де ерекше жолмен. Өзгеріс болмаса алға ұмтылмасақ, оқымасақ, дамымасақ, артта қаларымыз анық.

Көшбасшымыз осыдан көп жыл бұрын ойлаған ұзақ мерзімдік стратегиялық бағдарламада жазылып қойған дамуымыздың алғышарты рухани жаңғыруды жариялады.

Шынымды айтсам, осы кезеңді өз басым күтіп жүрдім. Экономикалық, саяси, әлеуметтік бағдарламалар қабылданып, көптеген реформалар жүргізіліп келеді. Ал адам жанын өзгертетін рухани даму кешеуілдеп қалмады ма деген ой да келетін еді, азды-көпті кездесулерде сұрақтар қойылатын еді оқырман қауымнан. Әрнәрсе өз кезегінде дегендей, Елбасымыздың ойынан бір сәт те кетпеген мәселе екенін, одан да анықтай түссек еліміздің рухани даму мәселесіне арналған жұмыстар жүргізіліп те жатқанын “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты Нұрсұлтан Әбішұлының мақаласынан, мақала деп аласартпай, бағдарламалық құжатынан көріп отырмыз.

Сол жаңғырудың негізгі бір бөлігі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі нақтыланды. Президентіміздің осы жарияланымындағы «таяу жылдардағы міндеттер» тарауында нақты жоспар мен орындалу кезеңдері көрсетілген.

Сондықтан бұқаралық ақпарат құралының өкілі ретінде рухани жаңғыру, латын қарпіне көшу мәселелерін қолдаймыз деп қолды қусырып қарап отырмай, белсенді істер атқаруды көздеп отырмыз. Тек қана кирилицадан латын әліппесіне көшу емес мақалада көтерілген ұлттық кодты сақтай отырып, жаңғырту, патриоттық тәрбие, туған жерді, туған елді дәріптеп насихаттау. Президентіміз бұған дейін біз қарап отырғанымыз жоқ, ауқымды істер атқарып жатырмыз деген сөздерді де айтып қалды. Айталық «мәдени мұра» аясында Есік қорық-мұражайы бой көтерді ауданымызда.

“Туған жер” бағдарламасын ұсынды Елбасы. Бұл бағытта ауданымызда да көптеген істер істелуде. Мен тек қана бір мысал: өзімнің әріптесім журналист, мемлекеттік қызметкер болған Әбілбек Айтақыновтың туған жердің табиғатын, озық азаматтарын насихаттаудағы үлгі аларлық жұмыстарын айтар едім.

Жалпы рухани жаңғыру бағытында атқаратын бағыттарға осында отырған аудан активінің, зиялы деген қауымның, білім мәдениет, ақпарат құралдары, басқа да салалардың атқарар міндеті ауқымды.

Басқа салалар қызметкерлері өз жұмысын біледі. Ал ақпарат жүйесі бойынша айтпағым, кейбір басылымдар, әлеуметтік жүйелер әңгімені байбаламнан бастағаны қынжылтады. «Ойбай, қаншама қаражат шығындалады, қаншама құндылықтар кирилицада қалып қояды» деген уәждері бар бұл авторларға қарсы қояр аргументімнің бір ғана мысалын келтіре кетейін. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соғыстың алдындағы, соғыс кезіндегі газеттерді оның ішінде өзіміздің “Еңбекшіқазақ” газетінің атасы “Үлгілі колхоз” газетінің тігінділерін ақтардым Кітап палатасы және  Ұлттық кітапхана архивтік қорларынан. Сондағы аңғарғаным 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келген латын қаріптерінен қазіргі кирилицаға көшу үдерісін өз көзіммен көргендей болдым. Ал ол кезең қиыншылығы қазіргіден анағұрлым көп емес пе еді?! Тек әріптің  өзін қорғасынға құйып дегендей бір-бірлеп теретін заман емес пе еді ол кез. Ал қазіргі техникалық мүмкіндігіміз, материалдық базамыз жүздеген есе артық десем айғайлап тұрған ақиқат! Мен осында отырған, елімізде ауданымызда тұрып жатқан аға буын өкілімін. Соған қарамастан Президентіміздің рухани жаңғыруға шақырған мақаласынан кейін жігерленіп, күш-қуат алғандаймын. Ал біздің редакциямыздағыдай алды отыздағы, қырықтағы кейінгілері жиырмадан жаңа асқан “сен тұр мен айтайын” деп жұлқынып тұрған жастарымыз секілді, алда болатын рухани жаңғыру кезеңіне қосар бүгінгі ұрпақ жүгі жауапты да қызықты. “Шегірткеден қорыққан егін екпейді” дегендей білекті сыбанып іске кірісейік. Рухани жаңғыруға шақырып отырған Елбасымыздың “Өмір сүру үшін өзгере білу керек“ деген сөздері ұранымыз болсын. Ойын осылайша жеткізген Хайролла Қасымұлы соғыс жылдарында әліпбидің ауысқандығын, ал осындай бейбіт заманда аса қиындық туғызбайтындығын айтты.

Жиналысты қорытындылаған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы ұлттық құндылықтарымызды түгендей отырып, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігін айтты:

– Қиын кезеңдерді бастан өткерген еліміз бүгінде етек-жеңін жиып, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылды. Ендігі мақсат – жастарымызға олардың аталарының кім болғанын ұқтырып, бабалардың ерлігін насихаттап, ұлттық тәрбиемен сусындатуымыз керек. Елбасы мақаласында осы мәселені қозғап өтті. Сонымен қатар, латын әліпбиіне біртіндеп көшуді тапсырды. Бұл дегеніміз – қазақ тілінің мәртебесін әлемдік деңгейге көтеру. Жұртшылық басқа тілдерді қалай меңгерсе, қазақ тілін солай меңгеруге жол ашу. Міне, негізгі саясат.

Ұлы қазақ даласының асты мен үсті байлықтарға толы. Осыны жаңа технологиялармен игеріп, ел игілігіне жұмсау – басты міндетіміз. Сондықтан Елбасы айтпақшы, болып жатқан жайттарды «терезеден бақылап тұрмауымыз» керек. Біз алпауыттардың ішінде болып, олардың тілін біліп, тәжірибе жинақтауға тиіспіз. Осылайша, ұлттық болмысымызды да сақтап қалуымыз қажет – дей келе қазақ халқы тектіліктің өрнегін көрсетуі керектігін алға тартты. Сондай-ақ, еліміздегі, оның ішінде, ауданнан шыққан отансүйгіш азаматтардың ерлігін жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды қолға алуды тапсырды:

– Біздің ауданымыздың бір өзінен 14 Кеңес Одағының батыры шыққан. Осы аталарының ерлігі – ұрпаққа мұра болуы тиіс. Оған қоса, Алхамбек Мәлкеев, Хұсайын Бижанов сынды еңбек ерлерінің еңбегін жастардың санасына сіңіру – біздің міндет. Жастарымыз аталарының текті, батыр, еңбекқор болғандығын біліп өссе, болашағымызға алаңдамасақ та болады – деп ұрпақ тәрбиесінің жайын сөз етті Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Жиын соңында Елбасының бағдарламалық мақаласымен толықтай танысқан аудан активі мақалада айтылған тапсырмалар мен мақсат-міндеттерді орындауда өзіндік үлестерін қосатындығын жеткізді.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2426 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет