Жұма, 21 Шілде 2017 09:18

Депутаттар ауылдар тіршілігімен танысты

 

Жақында ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері Қуаныш Сұлтанов пен Зағипа Балиева келіп, тұрғындармен жүздесті. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ бастаған халық қалаулылары ауданды аралап, бірқатар құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысты.

Мәжілісмендер алдымен Қаракемер ауылында өтіп жатқан дүбірлі тойға қатысты. Ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Ауылым – алтын бесігім» атты мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқауды тамашаламас бұрын, қонақтар Қаракемерден шыққан Кеңес Одағының қос батыры Қашаған Жаманқараев пен Рақымжан Тоқатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Кейіннен, алаңдағы балуандардың белдесуін тамашалап, жеңімпаздың иығына алтын зерлі шапан жапты. «Құтты қонақ келгенде, қой егіз табады» – деген нақылға сенген қаракемерліктер құтты қонақтармен бірге жаңа туылған сәбиді бесікке бөлеп, «тыштымадан» дәм татқызды. Байқаудың екінші бөлімі де жоғарғы деңгейде өтті. Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарламада көрермендер Қаракемердің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін видеоролик арқылы тамашалады. Концерттің шымылдығы Арайлым Мамырбекқызының орындауындағы «Керімайдай» әнімен түрілді. Ауылдың өнерпаздары әуелете ән салып, ауылдың алты ауызын тамылжыта орындады. Концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе, Қуаныш Сұлтанов «Інжу-маржан» әжелер ансамблінің орындаған Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін қосыла шырқап, өнерлеріне тәнті болды. Шара соңында сөз алған байқаудың қазылар алқасының төрағасы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров шараға арнайы қатысып отырған халық қалаулыларына алғысын білдіріп, соңғы жылдары мәдениет саласына жасалып жатқан қамқорлықты сөз етті. Айтуынша, қазылар алқасы әр ауданның екі мәдениет үйінде болып, тақырыптық концерттерін тамашалап, құжаттарын, тұрғындармен қарым-қатынасын тексереді. Тіпті, ғимараттың ішкі-сыртқы тазалығы да ескеріледі. Қорытындысы қазан айында белгілі болады.

Шара соңында ұйымдастыру-шыларға ризашылығын білдірген мәжілісмендер Қаракемер округінің әкімдігінде аудан активімен кездесу өткізді. Жиынды жүргізген Бинәлі Әбдіқапасұлы жиылғандарға құрметті қонақтарды таныстырып өтті. Алғашқы болып сөз алған Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіре келе, осы төңірегінде ұсыныс-пікірлерді тыңдау мақсатында келгендіктерін айтып өтті:

Елбасының саясаты 25 жыл бойы нәтижелі жемісін беруде. Әрине, мұның барлығы халықтың қолдауының арқасында. Барлығына жеке-жеке тоқталмасақ та, күнделікті тұрмыста байқап жүрміз. Тәуелсіздікпен құрдас бүгінгі жастарымыз біздің өткен қиындықтарымызды білмеуі мүмкін. Бірақ, қайдан, қалай шықтық, кімбіз, кім боламыз? Міне, Елбасының рухани жаңғыру туралы мақаласында елді кемел келешекке жетелейтін осындай ойлар қозғалған, – деп бағдарламалық мақаланың мән-маңызына тоқталып өтті. Сонымен қатар, жаңғырған Астана мен «ЕХРО-2017» көрмесі жайын да ұмыт қалдырмады:

Елордамызда тәуелсіздік алған жылдары Астанадағы халықтың 7 пайызын ғана қазақтар құрайтын. Қазір елордалықтардың саны күн санап артып, қаракөздер 70 пайызға жетті. Сол уақыттағы ескі қала, бүгінде толықтай жаңарып, жаңғырды. Әрине, мұның барлығы Елбасының еңбегі, еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, биыл бой көтерген ЕХРО қалашығы да өз алдына бір қала. Бұл маңызды шараға әлемнің түпкір-түпкірінен 115 мемлекеттің өкілдері қатысып, еліміздің қарыштап дамуын көріп, таңданыстарын жасыра алмай отыр, – деген Қуаныш Сұлтанұлы ырыс түбі – ынтымақ екендігін ерекше атап өтті. Айтуынша, қазақстандықтар әрдайым бір-бірімен тату болып, бірлікті ту етсе, біз үшін алынбайтын қамал жоқ. Қазіргі заманда кедергілерге осылайша төтеп бере аламыз.

Келесі болып сөз тізгінін алған Зағипа Балиева ә дегеннен әңгімесін рухани жаңғырудан бастады. Сөзіне сүйенсек, әлемді өзгертуді әр адам алдымен өзінен бастауы керек:

Елбасы айтқан кемел келешекке қол жеткізіп, дамыған елдердің қатарына ену үшін өзімізді өзгертіп, өзгені сыйлай білуіміз керек. Қарапайым мысал, жаз мезгілінде ауылдарда немесе кіші қалаларда ауыз су мәселесі туындап жатыр. Себебі, жоғары жақта тұратындар бақшаларына қарай суды ағызып қояды. Бұл біріншіден, ысырап, екіншіден, басқа тұрғындардың құқығын таптау болып есептеледі. Сондықтан, біз балаларымызды, жастарымызды әрдайым елді сыйлауға, адамгершілікке, тазалыққа, қоршаған ортаны, табиғатты аялауға шақыруымыз керек. Рухани жаңғырудың алғашқы баспалдағы осы, – деген Зағипа Яхянқызы қабылданған заңдар төңірегінде әңгіме өрбітіп, 1 шілдеден жәрдемақы мен зейнетақы көбейетіндігін, 1 қаңтардан мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артатындығын айтты.

Сонымен қатар, 2020 жылы барлық қазақстандық балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылатындығын жеткізіп, жиылғандарға әлеуметтік медициналық сақтандыруды тағы бір мәрте түсіндіріп өтті:

Медициналық сақтандыру – дамыған елдердің барлығында жұмыс істейтін жүйе. Бізге де бұл жүйе міндетті түрде керек. Сондықтан, қазірден бас-тап барлығымыз медициналық сақтандыруға тіркелуіміз керек. Қарапайым тілмен түсіндірер болсақ, келер жылдың 1 қаңтарынан медициналық мекемелерде сақтандырылмаған азаматтарды ақылы түрде қабылдайды. Ал медициналық сақтандырудан өтсеңіз сіз сапалы әрі тегін ем қабылдап, өз құқығыңыздың тапталуына жол бермейсіз. Бұл – заман талабы.

Мәжіліс отырысында қабылданған заңдарға қысқаша тоқталып өткен Зағипа Яхянқызы ауылшаруашылық саласындағы тиімді тұстарды атай отырып, осы салада қабылданған заңдарды қысқаша түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, жайылым туралы заңда да әрбір қазақстандықтың, әрбір шаруаның құқығы қорғалғандығын мәлімдеді. Кооперация құрудың тиімділігін де қарапайым мысалдармен келтіріп өтті.

Еліміздегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалған Зағипа Яхянқызы осы уақытқа дейін бірнеше игі істердің басын қайырды. Солардың бірі – құқығы тапталған немесе зардап шеккен балаларға арналған Call Centr ашқан. Енді кез-келген бала 111 нөмірін теру арқылы тәулік бойы тегін қоңырау шалып, өзінің қиындықтары туралы баяндап бере алады. Оның мәселесін шешуде барлық мемлекеттік органдар аянбайды. Еліміздегі бес жарым миллион баланың құқығын қорғауда осындай әдіс қолданылуда. Жұртшылыққа аталған орталықтың жұмысын жеткізген мәжілісмен мейлі мүгедек болсын, мейлі жағдайы нашар немесе бай болсын, әрбір баланың құқықтары тең екендігін нақтылап айтты.

Жиын соңында округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмірқұл Тазабеков тұрғындармен жолығу үшін арнайы келген мәжілісмендерге ризашылығын жеткізіп, ақсақал ретінде, ел келешегін жарқын ету үшін жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру керектігін айтты.

Түстен кейін мәжілісмендер Ават ауылындағы орта мектеп жанындағы салынып жатқан 300 орындық қосымша ғимаратқа ат басын бұрды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыстың мердігері «Құрылысшы» ЖШС. Компания басшысының орынбасары Николай Абросимовтың айтуынша, бүгінде жұмастар қалыпты жүргізілуде. Кестеден сәл кешігіп келеді. Алайда, құрылысты жаңа оқу жылына дейін аяқтауды жос-парлап отыр.

Бүгінде Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бо-йынша салынып жатқан 31 мектеп бар. Аталған оқу орындарының құрылыс сапасын «Нұр Отан» партиясы жіті бақылауда ұстап отыр. Осы айтқан мәжілісмендер құрылысты уақытында бітіреміз деп, сапасын екінші орынға қоймауды тапсырды мердігер компанияның басшылығына. Және де ақша аударымы сынды кез-келген кедергілер бойынша аудан басшылығымен кеңесіп отыру керектігін жеткізді. Айта кетейік, құрылысына 720 млн теңге бөлінген 300 орындық мектеп ғимараты осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілуі тиіс.

Жоғарыда атағанымыздай, ауылдық мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқаудың ережесі бойынша әр аудан екі мәдениет үйін көрсетуі тиіс. Соның бірі – Қайназар ауылдық мәдениет үйі. Құрметті қонақтар аталған өнер ордасында өтіп жатқан мерекелік шараға да қатысты. Алдымен, алаңда орналасқан түрлі ұлт өкілдерінің көрмелерін тамашалап, ұлттық аспаптар сүйемелдеуімен ән тыңдап, билеп те алды. Кейін-нен, ауыл өнерпаздарының ұйымдастырған концертін тамашалап, көңілдерін серпілтті. Шара соңында мәжіліс депутаттары да, облыстан келген қазылар алқасының мүшелері де жоғары бағасын беріп, ризашылықтарын жеткізді.

 

«Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері арасындағы облыстық байқау Қаракемер және Қайназар мәдениет үйлерінде өтті. Жоғарыдағы фоторепортаж осы мәдени шарада түсірілген.

 

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 1740 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет