Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 20:42

Саясаттанушы Саясат Нұрбек: Жалпыдан гөрі жалқы құндылықтар басым

Бір күні «Хабарды» қосып отырсам, әйелім келіп «Телекафе» деген арнаға ауыстырып тастады. Оған мен де шамданып: «Хабарда жаңалықтарды көріп отырмын ғой» дедім. Сонда маған: – Саясатта сен үшін құнды ешнәрсе жоқ, – деп бір-ақ қайырды. Содан бері біз үшін, жалпы қоғам үшін не құнды? – деген сұрақтың төркінін ақтара бастадым. Осы құндылықтарды зерттеуге кіріскенімде біз үшін тың әрі қызық тақырыптар ашылды. Қазіргі дамыған елдер өздерінің өркендеуін, жалпы алғанда жаңғыруын екі-ақ фактормен өлшейді екен: бірінші – құндылықтар жүйесі. Екіншісі – институционалдық жүйе. Осындағы бірінші факторға тереңірек үңілсек, құндылықтар қатып қалған құбылыс деген қате пікір екенін ашып айта аламын. Құндылықтар да заманға қарап өзгеріп отырады. Оған да түрлі сыртқы факторлар әсер етеді. Бұл турасында АҚШ, Еуропа елдері зерттеп, жіліктеп тастаған екен. Алғаш 1940 жылдары Абылхан Манцзло деген америкалық ғалым бұл бағытта ізденген. Ол турасында қазір тарихта «Пирамида Манцзло» деген қолтаңбасы қалған. Бірақ бізді қазақстандық құндылықты зерттеу үшін қандай әдістемені қолдансақ болады деген сұрақ мазалады. Содан Роберт Инглхарт деген америкалық профессордың әдістемесін өзімізге алдық. Неге? Бұл кісі 1960-70 жылдары Еуропадағы зерттеуге қатысып, 1981 жылы «Әлемдік құндылықтар» деген жұмысын жүргізген әлемнің 104 мемлекетінде, 105-ші боп біз ендік. Осы тәжірибені біз 2014 жылы өткіздік. Сондағы қызықты айтайын, қазақстандықтар үшін ең бірінші орында денсаулық тұр. Екінші – балалар. Үшінші – қауіпсіздік яғни, жеке қауіпсіздік. Төртінші – ырыздық, бесінші – отбасылық қарым-қатынас құндылықтары. Ал рухани жаңғыру деп жатқан Отанға қызмет ету – жиырмасыншы орын, патриотизм – он тоғызыншы, қоғамдағы бірлік пен татулық – он бесінші орындарда тұрақтаған. Яғни, ұжымдық қатынас төмендеп, адамның жеке басы бірінші орынға шыққан. Бұл ащы ақиқат. Құндылықтарды қалыптастыратын ең негізгі инс-титут – сапалы уақыт. Яғни, бұл тұрғыда, оңтүстік өңіріміз озып тұр. 4,6 сағатын отбасына арнайды екен. Ал ең төменгі демек, отбасына, балаларына уақыт бөле алмайтын өңір Алматы мен Астана қалалары. Себебі, күйбең тірлікпен таңертең кетеді, түнде оралады. Бұл өзара ұжымдық тәрбиеге кері әсер етіп, әр азамат өзін тәрбиелеуге итермелейді. Екінші институционал – орта мектеп. Осыны зерттеуші ғалымның өзі – құндылықты қалпына келтіру үшін орта мектепті түзеу керек деді.

Жалпы, рухани жаңғыру дегеніміздің өзі осы: құндылықтар жүйесін түзету. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің 32 елі жаңғыруға жол бастаған. Алайда соның небәрі оннан астамы ғана жаңғыру негізінде өскен. Ондағы сиқыр біреу: институционалдық жүйені қалыптастыру. Яғни, бұл – дамыған елдердің тәжірибесін өз еліне енгізу. Екінші жетістік кілті – қоғамның әлеуметтік-саяси институттарын жетілдіру. Қазір Қазақстан бұл бағытқа соңғы жылдары ғана қадам басып отыр. Себебі, институционалдық реформа дегенді қолға алдық. Яғни, елдің дамуы тек экономикалық құрал-саймандармен емес, рухани құндылықтар жүйесіне де тәуелді екенін байқап отырмыз бұдан.

Жазып алған және баспаға әзірлеген Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Талдықорған.

 

Оқылды 1623 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет