Сейсенбі, 06 Наурыз 2018 14:38

Болашағы зор бастама

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Пре-зиденттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі елдің игілігіне арналған бағдарламалар. Үндеуде айтылған ұсыныстардың бәрінің өз есеп-қисабы, болашағы бар. Әрбір қазақстандықтың әлеу-меттік әл-ауқатын жақсарту жолында жасалған бастамалар халықтың қолдауына ие болды.

Қазір ұлттық бірыңғай тестілеуден қажетті балл жинай алмай қалған мектеп бітірушілердің ЖОО-на түсе алмай қалатыны бар. Өздеріңізге де мәлім қазір ақылы бөлім бағасы аспандап тұр. Сол себепті олар ата-анасының қалтасына салмақ түсіріп, ақылы бөлімде оқығылары келмей, уақыттарын босқа өткізіп жатады. Сондай жастарды көрген кезде қынжылатыным бар.

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы үшінші бастамасы жарияланған кезде биылғы түлектер мен жоғарыда айтылған жастардың қуанышында шек болмағаны айдан анық. Себебі, олар болашақ студент болғандықтан, сапалы әрі қолжетімді білім көзін іздейді.

Бүгінде 18 миллион қазақстандықтың 530 мыңнан астамы студенттер қауымы. Олардың 30 пайызға жуығы мемлекеттік грантта, ал қалған 70 пайызы ақылы білім алуда. Грант иегерлерінің ай сайын алатын 15 мың теңгеден астам шәкіртақының өзі кейде жетпей жататыны тағы бар. Ал ақылы оқитын студенттердің оқу ақысынан бөлек жатақханасына, ішер асы мен жүріп-тұруының өзіне де қомақты қаржы керек. Мұның бәрі ата-аналардың қалтасына түсетін зор салмақ.

Бүгінде әлеуметтік жаңғыру жолында жасалған ауқымды жаңа жобада жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант қосылатындығы айтылған. Олардың 11 мыңы техникалық мамандықтар бойын-ша бакалаврлық білім беруге тиесілі екен. Бұл болашақта зор сұранысқа ие болатын сан мың техникалық маман даярлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ақпараттық технология, робот техникасы, инженерлер мен нанотехнология мамандарының көбеюі, ел экономикасының көтерілуіне зор септігін тигізеді. Бастамада қолжетімді білімнен бөлек 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап 75 мың орындық жаңа жатақхана салу тапсырылған. Бұл жоба болашақта жатақхана тапшылығының біржола шешілуіне жол ашады.

Аталған шаралар әлемдік трендті қалыптастырып, орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді.

Зина ЕРЛЕНОВА,

орта мектеп түлегі.

Оқылды 1996 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әлеуметтік салалар жедел дамиды «Жыр алыбы – Жамбыл» »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет