Атын бірнеше рет өзгерткен бұрынғы санитарлық-эпидемиологиялық станса, қазіргі қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының есебін оқып берді бөлім басшысы Ұлмекен Қанаға-това әкім аппаратының жиынында. Гепатит ауруының деңгейі, оның алдын алу туралы сұрақ түсті ауылшаруашылығы және мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының аудандық комите-тінің жетекшісі И.Ж.Жәкеевтен. Жауап жоқ десе болғандай. Ал аудан әкімі Б.Ә.Ысқақ берілген есепке көңіл толмайтынын, келтірілген көрсеткіш-цифрлар тасасында нақты жұмыс жоқ екенін айтып, азық-түлік саудасы төңірегіндегі келеңсіздіктердің басын ашып берді.
– Шымкент өңіріндегі сапасыз балмұздақтан уланған балалардың, басқа да тексерусіз, тазаланусыз жұмыс істеп жатқан нысандардың кесірінен қоғам денсаулығы зардап шегіп жатса, оны қорғауға міндетті қызметіміз не қарап отыр деген сұрақ туындайды. Неге басқаның қателігі қалғандарға ескерту болмайды? – деген сұрақ та, талап та әкім тарапынан қойылды. Жауап пен нақты әрекет сол қоғам денсаулығын қорғаушылардан болу керек. Әрине, Елбасының талап етіп отырғаны кәсіпкерлерді заңсыз, жөнсіз тексеруден қорғау керек. Оның үстіне жоспарлы тексеру деген бар. Әсіресе, балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелерін, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтану, демалыс аумақтарын дегендей.
Осы жолдардың авторына жоғарыда аталған қоғам денсаулығын сақтау басқармасының қызметкерлері әртүрлі аурулар, одан сақтану туралы мақалалар әкеліп тұрады. Газет редакциясы ол қызметкерлерден жоспарлы тексерулердің нәтижесін беруді өтінеді газетке. Жақсы болса жақсы деп, кемшілігі болса оны да атап дегендей. Жауап жоқ. Бәрі дұрыс болғаны ғой. Бірақ «Сақтансаң сақтар Жаратушы» деген қазақи сөзге орыстың «Күн күркіремей мұжық шоқынбайдысын» да ескерткенді жөн санадым. Сақтану керек-ақ.
Х.Ахметжанов.