Қазіргі заман технология дамып, ақпарат жан-жақтан ағылып жатқан ғаламтор заманы екені бәрімізге белгілі. Жат ағымды қолдайтындардың үгіт-насихатын осы әлеуметтік желіде үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Сананы улайтын, теріс пиғылды адамдардың арбауына жастар түсіп, зардабын көруде. Жастар түрлі сайттарға кіріп, әр түрлі парақшаларға тіркеліп, сол оқыған нәрсесін дұрыс деп санап, қоғамннан да сол нәрсені талап етеді. Ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін дәстүрлі емес діни ағымдар да өз пайдаларына тиімді қолдануда. Олардың қызметі өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауға, жаңа мүшелерді өз қатарларына тартуға, жақтастарын теориялық және практикалық тұрғыдан оқытуға және өздеріне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуге бағытталады. Діни сауаты таяз адамдардың діни ақпаратты ғаламтордан іздейтіндігі белгілі. Ал, мұндай адамның ақпарат тарату мәселесінде өте белсенді жұмыс жүргізетін радикалды ұйымдардың қармағына ілінуі әбден мүмкін. «Google» арқылы бір мәселені іздеген кезде радикалды бағытты ұстанатын ұйымдардың салған ақпараттарына кезігіп, олардың шейхтарының бейне және аудио жазбаларын тыңдауы мүмкін. Олардың жазбаларында жиһадқа шығу, шейіт болу секілді ұғымдардың бұрмаланған мағынасы беріліп, мұндай ақпараттар желі қолданушының санасына кері әсер етуі ықтимал. Мысалы, оларда парыздарды (намаз, ораза) орындамағандар кәпірге баланып, дәстүрлі ханафи мәзһабына қайшы ақпараттар беріледі. Ал, діни сауаты жеткіліксіз ізденуші мұндай сайттардағы дін тақырыбындағы барлық мәліметтер мен деректерді сол қалпында қабылдап, санасына сіңіреді. Сондай-ақ, діни экстремистік әрекеттердiң белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не оларды жасау қажеттігін негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар діни экстремистiк сипаттағы материалдар болып табылады және ол «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондықтан, діни мәліметті, қажетті пәтуаны іздеген әрбір азамат мүмкіндігінше шетелдік ғаламтор сайттарын пайдаланбауға тырысып, Дін істері комитетінің жобасы аясында жұмыс істейтін kaz-islam.kz, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты muftyat.kz және онымен серіктес fatua.kz, azan.kz, muslim.kz, ummet.kz және т.б. секілді еліміздегі сенімді сайттарға жүгінген жөн.

Қорыта келгенде, еліміздің әрбір азаматы өзінің діни сауатын арттыруға мән беріп, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз шамасының жеткенінше атсалысатын болса елдің ішкі тұрақтылығы мен бүтіндігіне ешқандай жат пиғылды ағымдардың сызат түсіре алмасы анық. Өзіне керегін алып, уақытын үнемдей білетіндер ғана бұл дертпен күресе біледі. Дайын асқа дәмеленбей, өз мақсатына жетуді, жеңіспен бірге жеңіліс қатар жүретін өмірді сүруді интернеттен қызығырақ көрсек қана өз­ өзімізді тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы деп есептей аламыз.

 М.ИСЛАМОВ,

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары.

Дүйсенбі, 16 Мамыр 2022 11:43

Тағылымы мол көрме

Өңімде ме еді, түсімде ме еді,

Көріп ем ғой бір армандай қызды...

Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,

Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.

Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,

Тулады толқын, шайқалды шың-құз...

Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,

Қайда екен, қайда, дариға,

Сол қыз?! – деп ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, биыл міне сұрапыл соғыстың аяқталғанына 77 жыл толып отыр. Осыған орай, Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс...» атты тақырыпта Кеңес Одағының батыры Құсайын Бижановтың музей қорындағы жеке заттарынан көрме ұйымдастырды. Аталған шараға Қ.Бижановтың ұлы Бижанов Бекмұрат Құсайынұлы да арнайы келіп қатысты. Батырдың ұлы көрмеге қойылған заттардың тарихына тоқталып, әкесі жайлы қызықты естеліктерімен бөлісті. Көрмені Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары тамашалады. Қ.Бижановтың өзі жазған кітабы, қызмет барысында пайдаланған кеңсе телефоны, кеңсе құралдары, қолсағат, шапаны секілді 14 музей заты қойылды. Көрмеге қойылған әрбір музей экспонаттары тамашалаушыларды өзінің тарихымен қызықтырды. Оқушылар батырдың өмірімен жақын танысып, сұрақтарына жауап тапты. Соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

Ердос ҚАЛИБЕКҰЛЫ,

Шелек тарихи-өлкетану музейінің  меңгерушісі.

Дүйсенбі, 16 Мамыр 2022 11:27

Көркем – үздік оқырман

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Иә, Ы.Алтынсарин айтқандай, өнер, білім бәрі де оқуменен табылған. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында «Бақыттың жолын – білім ашар» атты  «Үздік  оқырман – 2022» сайысы  өтті.

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін қазынамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі осы  кітапта екеніне оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы байланысты орната отырып, тағы бір көз жеткізгендей болдық. Байқаудың шарттары бойынша ІІ кезеңге жолдама алған 26 оқырман арасынан оза шапқан 16 үміткер өз бақтары мен баптарын сынап, білімдері мен өнерлерін ортаға салды. 16 жас оқырман тартысты ойын үлгісін көрсетті.

Балаларды кітап оқуға баулитын, оқырмандарды поэзия әлеміне жетелейтін шара барысында қатысушылар тұнық жырдың тумасы Т.Молдағалиевтің өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Жас ерекшеліктеріне қарай Ы.Алтынсарин шығармашылығынан макеттерді сөйлете отырып үзінділер оқу көрініс тауып, жас оқырмандар А.Байтұрсыновтың  мысал өлеңдерінің маңыздылығын түсіндірді.

Әдеби байқауға мектеп директоры Т.Байжұмақызы, «Еңбекшіқазақ» газеті бас редакторының орынбасары С.Нұрадин, №1 Рахат орта мектебінің кітапханашысы М.Ерболатқызы, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің кітапханашысы  Г.Нұрмашқызы төрелік етіп, әділ бағаларын берді.

Байқау нәтижесінде 3 сынып оқушысы Көркем Әділбай бас жүлдені иеленіп, спорттық велосипед табысталды. I орын Айжұлдыз Қуандыққа, II орын Мадина Қонысбаеваға, III орын Каусар Қабдулға бұйырып, Есік қаласындағы қолөнер шебері Дәурен Жамбылұлының қолынан шыққан сағат және пенал тарту етілді. Қатысқан оқушыларға алғыс хаттар  мен бағалы сыйлықтар  табысталды.

 С.САДЫКОВА, кітапхана меңгерушісі.

Алматы облысында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурсқа әкімдіктердің аудандық (қалалық) комиссияларға 15 мамыр мен 15 маусым аралықтарында қатысуға өтінім арқылы, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар (үміткерлер) қатысады. 

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысады (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғанұйымдардың құрамына кіретін  мүшелері бар,  бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық деңгейде.

Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз және электрондық нұсқада аудандық (қалалық) комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда); 

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екі);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Барлық мәліметті аудандық (қалалық)ішкі  саясат бөлімінен  алуға болады.

_____________________________________________________________________________________________

 

В Алматинской области в целях возрождения нравственных ценностей и культивирование позитивного образа семьи и брака (супружества), повышение статуса семьи проводится Национальный конкурс «Мерейлі отбасы».

Заявление на участие в Конкурсе подаются в районные, городские комиссии акиматов с 15 мая по 15 июня текущего года, путем самовыдвижения, а также по представлению местных исполнительных органов, юридических лиц, зарегистрированных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

К участию в конкурсе допускаются семьи, члены которых имеют высокие трудовые, спортивные, творческие, интеллектуальные, научные достижения, а также активно участвуют в общественно-полезной деятельности (волонтерство, благотворительность, меценатство, наставничество).

В конкурсе не  могут участвовать члены, которых входят (входили) в состав организаций, деятельность которых запрещена на территории Республики Казахстан и  члены, которых были ранее судимы.

Конкурс проводится в два этапа. Первый этап – районный (городской), второй – областной.

На участие в конкурсе подаются нижеследующие документы:

1) Заявка для участия в конкурсе в бумажном и электронном вариантах подается в районную (городскую) комиссию

2) копии документов удостоверяющих личность родителей (опекунов, попечителей), копии свидетельств о рождении детей;

3) копии выписки из решения местного уполномоченного органа об установлении над несовершеннолетним ребенком опеки (попечительства) – для приемных (опекунских) семей;

4) копии свидетельства о заключении брака;

5) копии свидетельства о смерти в случае смерти одного из родителей (при наличии);

6) копии документов, свидетельствующих о наличии поощрений за воспитание детей, поощрений за определенные успехи;

7) рекомендательные письма от юридических или физических лиц (не менее двух);

8) копии документов, подтверждающих высокие трудовые, спортивные, творческие, интеллектуальные, научные достижения членов семьи;

9) Претенденты, представившие документы позже указанного срока, не допускаются к участию в конкурсе.

10) Представленные в районную (городскую) комиссию документы не возвращаются.

По всем вопросам необходимо обратиться в районные и городские отделам внутренней политики.

Дүйсенбі, 16 Мамыр 2022 11:12

Ерліктері әрқашан есте

Ағымдағы жылдың қаңтарында жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қайғылы қазаға ұшыраған ҰҚК Шекара қызметінің қос әскери қызметшісі капитан Е.Карменов, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Ш.Армадинов (қайтыс болғаннан кейін) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 30 сәуірдегі Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марпатталды.

Мемлекеттік марапат 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесі күні әскери қызметшілердің ата-аналарына салтанатты жағдайда табыс етіліп, шекарашылар Отанымыздың батыл ұлдарының рухына тағзым етті.

Капитан Е.Карменовті марапаттау рәсіміне марқұм офицердің ата-анасы, жұбайы және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов, ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы генерал-майор Е.Алдажұманов қатысты.

Сондай-ақ, өзінің туған жері Алматы облысы Ұйғыр ауданының Үлкен Дихан ауылында жерленген келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Ш.Армидиновтың марапатын шекарашының анасы Қалбинур Шариповаға аудан әкімі Шухрат Нурахунов табыс етті. Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы подполковник Әмірбек Әкімбеков бастаған 60-қа тарта әскери қызметші сап түзеп, шекарашыға лайықты құрмет көрсетті.

...Ал оқиға қалай болып еді? 2022 жылдың қаңтары. Бұл кезде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар әділ заңның құрығынан қашып, таулы аймақтарға жасырынуға тырысқан. Алайда, қазақ-қырғыз шекарасын берік күзетіп тұрған шекарашылар қылмыскерлердің арам ойларын іске асыруларына мүмкіндік берген жоқ еді.

10 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының «Барлау-із кесу» наряды «Қарасай батыр» шекара бөлімшесінің сол қапталына жауынгерлік тапсырмамен аттанған болатын.

Сол күні ауа-райы аяқ астынан күрт бұзылып, тау ішімен келе жатқан «Урал» автокөлігінің жүрісіне кедергі келтіре түскен. Қатардағы жауынгер Шавкат Армидиновтің барынша сақтықпен жүргеніне қарамастан, бір кезде көліктің дөңгелектері сырғанып барып, төменге қарай сырғи бастады. Осы кезде сасқалақтамаған жүргізуші тежегішті қосып үлгеріп, қаруластарының көліктен секіріп кетулеріне мүмкіндік жасап жасады. Алайда, топты басқарған офицермен бірге өзі ажалдың аранынан құтылып кете алмады.

Иә, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сын сағатта сынбаған Отанымыздың қос оғланы шекарашылардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Хандияр ӘДІЛ.

ҰҚК Шекара қызметінің майоры.

Дүйсенбі, 16 Мамыр 2022 11:09

Шекара сендерді күтеді

Ағымдағы жылдың 15 мамырында ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінің шекара басқармаларында «Көктем-2022» шақырылымының жас сарбаздары Әскери Ант қабылдады.

Тоқталар болсақ, полковник А.Каюпов басқаратын Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек, Алакөл ауданы бойынша шекара басқармаларының Әскери Ант қабылдау рәсіміне сарбаздардың ата-ана, туғандары мен достары қатысып, болашақ шекарашылардың төл қуаныштарымен бөлісті.   

... «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» демекші, екі жылға созылған індеттің беті қайтып, осыған дейін өткізуге тиым салынған шараға қатысуға мүмкіндік алған халықтың санында есеп болған жоқ. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген қалың жұртшылық үшін әскери басқармалардың қақпасы айқара ашылып, рәсім де басталды.  

Бүгінгі шараға 400-ге жуық сарбаз қатысып, өздерінің Отан алдындағы азаматтық парыздарын өтеуге сөз берді. Мұндайда қазақ атам: «Ердің екі сөйлегені – өлгені» демеуші ме еді. Сондықтан, жүздерінде толқу, жүректерін шаттық кернеген сарбаздарды аталған шекара басқармасы бастығының орынбасары – кәсіптік-техникалық және даярлық  бөлімінің бастығы подполковник Бауыржан Керкембаев шабыттана оқыған Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты патриотық рухтағы өлеңі жас сарбаздардың жігерлерін одан сайын жанып, намыстарын қамшылай түскендей болды...

Рәсімге қалың жұртшылықпен бірге Шекара қызметінің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник А.Дубов бастаған шекарашы ардагерлер қатысып, жас шекарашыларды айтулы меркелерімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. «Сендердің ел шебіндегі мінсіз қызметтерің – біздің тыныштығымыздың кепілі», деген сардар шекара шебінде іздері сайрап жатқан шекарашы ардагерлер атынан кәсіптік-техникалық және даярлық  бөліміне рухани жағынан аса бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Сондай-ақ, сарбаздардың ант қабылдау рәсімінен кейін өткен жиында ата-аналар атынан сөз алған Айымбүбі Тайбағарованың мінберден саңқылдап шыққан үні орталық алаңда сап түзеген сарбаз ұлдарына қарағыштаған қалың жұртшылықты елең еткізген... Өйткені, отты сөздер еді, жас жүректерді бұлқынтып, ата-әже, әке-ана, достар мен құрбылардың айтар ойларын дөп басқан.

«...Кеудесінде намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар нағыз азамат екендеріңді алдағы бір жылдың ішінде дәлелдеп, біздің үмітімізді ақтаңдар! Ерлік білекте емес, жүректе! Жүректерің – Отаным деп соқсын. Біз сендерге сенеміз, құлындарым!..» деп кеудесіндегі жалын сөздермен көпшілікті тәнті еткен Айымбүбі апаймен біз де жиын соңында кездесіп, сұхбаттасқанша асықтық. Сөйтсек, А.Тайбағарова да осал жан болмай шықты. Еліміздің өскелең ұрпақтарын тәрбиелеп келе жатқан ұстаз екен, өзі ұлы Абай Абылқасым мен шәкірті Саят Саясаттың төл мерекесіне ортақтасу үшін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданынан келіпті.  

... Бұл кезде Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында өтіп жатқан Әскери Ант қабылдау рәсіміне 400-ден астам сарбаз қатысты. Шараға ата-аналармен бірге жергілікті билік өкілдері, Қарулы Күштердің аталған шекара басқармасына көрші орналасқан әскери бөлімдерінің басшылары, шекарашы ардагерлер арнайы шақырту алған. Сондай-ақ, бүгінгі шараның есте қаларлықтай өтуіне аудандағы №3 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары аз үлес қосқан жоқ. Қабанбай елді мекенінен келген жас ұландар халықтың назарына қарудан дефиле көрсетілімін ұсынды. Жиын жас сарбаздар орындаған «Біз - шекарада» әнімен аяқталды. Шекарашы сарбаздар шабыттана орындаған патриоттық ән бүгінде ҰҚК Шекара қызметінің гимне айналып үлгерген.   

Иә, ерлікте білекте емес, жүректе! Жүрегі Отан деп соққан шекарашы тұрғанда еліміздің шекарасы тыныш.

Майор Хандияр ӘДІЛ.

ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті.

«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылы жекелеген есептік көрсеткіштердің мөлшері ұлғайтылды.

Осылайша, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап есептік көрсеткіштер келесідей бекітілді:

  • айлық есептік көрсеткіш - 3 180 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 48 032 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге.

Бұл ретте ең төменгі жалақы мөлшері өзгерген жоқ (60 000 теңге).

2022 жылдың 15 мамырында қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел, Ұлы Отан соғысының ардагері Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл болды. Ол 588-інші түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында соғысқан. Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украинада және Беларусьте жауынгерлік міндеттер орындады.

Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен батылдығы үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, "Кавказды қорғағаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да жауынгерлік наградалармен марапатталды. Қазақстан Президентінің Жарлығымен Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында оған "Халық Қаһарманы" атағы берілді. Ұлы Отан соғысының ардагері 2008 жылдың 20 мамырында қайтыс болды.

1941 жылдың қазанында КСРО тарихындағы бомбалаушы әйелдердің жалғыз авиациялық полкі құрылды. Полк 17 мен 22 жас аралығындағы 115 қыздан тұрды. Алдымен олар Энгельсте оқып, 1942 жылдың мамырында алғаш рет әскери шабуылға қатысты. Әйелдер ұшқыштар мен штурмандар ғана емес, механик пен техник те болды. Фашистер оларды Nachthexen ("Түнгі мыстандар") деп атаған. Ұшқыштардың тактикасы ерекше болды - олар нысанаға белгілі бір қашыққа ұшып келіп, кейін ұшақ шығарған шуды азайту үшін қозғалтқыштарды сөндіреді де, ақырындап ұшақты түсірген, сол кезде жау оларды байқамай тұрған сәтте қарсыласына бомба тастаған. Естілген жалғыз дыбыс сыпырғыштың дыбысына ұқсаған екен. Әуедегі шабуылдар арасындағы үзілістер 5-8 минут болды, кейде түнде экипаж жазда 6-8 рет, ал қыстың ұзақ түндерінде 10-12 рет шабуылдаған.

Полк штурман-снайпері, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Доспанова 300-ден аса әуе шабуылына қатысқан.

Дереккөз

Сегізінші қабаттың терезесінен құла жаздаған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәбит Шонтақпаев өзіне үй сыйлаған «G-Park» компаниясының басшылығына шексіз алғысын білдірді.

«Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!», деді ол.

Сәбит Шонтақбаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында да болды.

ТЖМ бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Құлшымбаев батыр азаматты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Бейсенбі, 12 Мамыр 2022 15:47

Айбын шекарашылармен кездесті

Шекара аймақтарының халқы «Шекараны бүкіл ел қорғайды» қағидасымен етене таныс. Осы өңірде дүние есігін ашқан жас өспірімдердің арасынан шекарашыларға қарап бой түзеп, Отан қорғаушы мамандығын таңдағандар аз емес. Бәрінен де ел шебіне жақын орналасқан ауыл халқы қырағылықты қалт жіберген емес. Өздерін шекарашылардың көмекшісі санайды. Жергілікті билік орындары да шекарашыларға қашанда көмек қолын созуға даяр.

...Жақында Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының бір топ депутаты, өңірдегі мектеп директорлары, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының учаскесінде болып, шекарашылардың ел шебіндегі қызметімен танысты.

Қонақтар екі топқа бөлініп, «Қорғас» шекара бөлімінің«Қорғас», «Ынталы», «Іле», «Басқұншы», «Алмалысу», «Қарақұм» шекара бөлімшелерін аралап, ел шебін көздерінің қарашығындай күзетіп жүрген Отан оғландарымен сұхбаттасты. Шекара бөлімшелерінің офицерлер құрамына арналған тұрғын үйіне барып, шекарашылардың жанұя мүшелерімен кездесті.

Жергілікті мәслихат депутаттарымен бірге ел шебінде болған мектеп басшылары өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне шекарашылардың қосып келе жатқан үлестері зор екеніне ерекше тоқталды. Әсіресе, білім ошақтарында тұрақты жұмыс істейтін «Шекарашының жас досы» үйірмесінің арқасында қаншама баланың өз болашақтарын шекарамен байланыстырып, шекарашылардың оқуына түскендерін, енді бірқатары шекарашы офицер атанып, Отан қорғау ісіне өздерінің үлестерін қосып жүргендерін мақтанышпен тілге тиек етті.

Сондай-ақ, екі күнге созылған сапар кезінде шекарашылар Панфилов ауданының Дәнеш Рақышев атындағы өнер мектебінің ұстаздары мен өңірге өздерінің бай репертуарымен танымал мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған тамаша концерттік бағдарламаны тамашалады. Лайықты бағасын беру керек, аудандық мәдениет үйі мен Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Соның арқасында аталған өнер ошағының ұжымы шекарашыларда жиі қонақ болып, патриоттық рухтағы ән кештерімен қуантуды дәстүрге айналдырған.

Шекара бөлімшелерінде болған кездесу соңында қонақтар жеке құрамға теледидар, музыкалық орталық, домбыра, гитара, дойбы, шахмат секілді үстел ойындарын сыйға тартты. Сонымен қатар, шекара бөлімшелерінің ақпарат және тәрбие жұмыстарына арналған бөлменің шағын кітаптар сөресі жаңа туындылармен толықты.

Майор Х.ӘДІЛ.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет