Бейсенбі, 05 Мамыр 2022 15:54

Мекеме басшылары есеп берді

АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 21-СЕССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. СЕССИЯ ОТЫРЫСЫНА МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ БЕКЕТ АХМЕТОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТТІ. СЕССИЯ ЖҰМЫСЫНА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ, БАСҚАРМА, БӨЛІМ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Еңбекшіқазақ ауданының «2021-2025 жыдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының» 2021 жылы орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанаркуль Абдугулова, Еңбекшіқазақ ауданының 2021 жылға арналған аудандық бюджетінің және Есік қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Батыр Хайруллаев, Еңбекшіқазақ ауданының 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін қарау үшін Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жарқынбек Үсенбаев есептік баяндамаларын таныстырды.

Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің аудандық бюджеттің атқарылуы туралы, Есік қаласы және 25 ауылдық округ әкімі аппараттарының қала және ауыл бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есептері, бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органның жылдық және ай сайынғы есептері, аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүргізілді. Сонымен қатар өңірді дамыту қорытындылары туралы статистикалық деректер, тексеру комиссиясының сұраулары бойынша ұсынылған жергілікті уәкілетті органдардың ақпараты, ресми интернет-көздерінің деректері пайдаланылды.

Жалпы есептер тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында алдын ала қаралып, тиісті ұсыныстар мен ескертулер енгізілген болатын. Қарастырылған есептер бойынша аудандық мәслихаттың экономикалық салаларды дамыту, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік, бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Виталий Вальков қорытынды баяндама жасады.

Сондай-ақ, сессия отырысында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй мәселелері бойынша комиссия құрамын бекіту туралы, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2021 жылғы 19 қарашадағы №VII-XII-55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясың құрамын бекіту туралы шешімдердің жобалары таныстырылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жиын соңын қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов:

– Еңбекшіқазақ ауданының бүгінгі және болшақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы бұл күндері шешімдерді уақтылы қабылдап қоймай, сонымен бірге болашақта жүзеге асырылуы тиіс шараларды да жіті ойластырғанымызға тікелей байланысты екендігін бар-шаңыз жақсы білесіздер. Біз әрбір іске жауапкершілікпен қарай білуіміз қажет, – деп түйіндеді.

С.НҰРАДИН.

Сәрсенбі, 04 Мамыр 2022 20:46

Үкілеген үміттеріміз

Ағымдағы жылдың 18 тамызында қабырғасының қаланғанына 30 жыл толатын ҰҚК Шекара қызметінің төл мерекесіне дайындық толассыз жүріп жатыр. Шекара аймақтарында сенбіліктер өтіп, ағаш егу акциялары жалғасуда. Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай қолға алынған әрбір шара, жетістіктер мен жеңістер – шекарашылардың төл мерекесін ұлықтай түседі.

Бүгін ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінде «Қасиетті шекара күзетінде» әскери патриоттық әндер фестивалінің негізгі іріктеу кезеңі аяқталып, жеңіске жеткендер елордамызд өтетін мерекелік шараға қатысып, бақтарын сынауға жолдама алды. Сосын да іріктеу – өнерпаздар үшін оңайға соққан жоқ. Әділқазылар алқасының қатал сынынан өту үшін көп тер төгулеріне тура келді.

...Алматы облысы бойынша департаментінің тәлімгерлері ұйымдастырған аталған байқаудың екінші іріктеуі Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының клубында өтті. Әділқазылар құрамына кірген майорлар Балжан Мадраимова және Салтанат Биғабылова әр қатысушының көрсеткен өнерін сарапқа салып, әділ бағасын берді. Лайықты бағасын беру керек, алдымен шекара басқармаларындағы қатал сыннан өтіп барып, оңтүстік астанамызға жолға шыққан он бір үміткердің екпіндері тау жығарлық. Қаласа, өздерін Алатаудың шыңынан көруге бар өнерпаздарымыздың сахна төріндегі өнеріне біз де тәнті болып, қол соқтық.

Ауғанстандағы біздің батырларымыз туралы патриоттық ән, ҰҚК Шекара қызметін халыққа танымал еткен «Жасыл күнқағар», шекарашының қолындағы домбырасында бебеу қаққан «Адай» күйі мұндай болмашы қателіктердің тігісін жауып, білдірмей жібергендей болды...

Осылайша, «вокалдық, вокалды-аспаптық», аспаптық және авторлық шығармалар номинациялар бойынша өздерінің шығармашылық мүмкіншіліктерін көрсеткен шекарашылар әріптестеріміздің арасынан үш жеңімпаз анықталды. Бұл – кіші сержант А.Сәді, қатардағы жауынгерлер А.Бейсен, А.Смағұлдар. Айтпақшы, «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының намысын қорғаған қатардағы жауынгер Айдар Бейсен өзінің өлеңін оқып, көпшілікті тәнті еткен дара шекарашы атанды. Өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын ҰҚК Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Қасым Қайсенов атындағы шекара бөлімшесінде өтеген ол өзінің жырына ел шебінің ерекшеліктерін қосқан...

Екімыңыншы жылдардан бері өтіп келе жатқан «Қасиетті шекара күзетінде» әскери патриоттық әндер фестивалі биыл да шекарашыларды ұлықтайтын болады. Ұлықтайтын да өзіміздің бойларына талант қонған дарынды шекарашыларымыз. Ендеше, шешуші кезеңге алған жолдамаларың сендерді жеңіске жеткізіп, мерейлеріңді үстем еткей! Тек қана алға!

Х.ӘДІЛ.

ҰҚК Шекара қызметінің майоры.

 

Такие слова сами ложатся на мотив полузабытой советской песни, когда сталкиваешься с проблемой общественного транспорта в Есике. Он «ходил» в самые, казалось бы, кризисные времена конца 90-х – начала «нулевых», но потом незаметно исчез. Причина, вроде бы, очевидная – нерентабельность. Но вот частные извозчики, занявшие его место и называющие себя «таксистами», благополучно существуют. Несмотря на предпринимаемые время от времени попытки городских властей  справиться со стихийными парковками «такси»,  они за минувшие лет двадцать только размножились, занимая мало-мальски пригодные «пятаки», не оставляя свободного прохода для пешеходов. оккупируя центр города, площадки возле рынков, ЦОНа, больницы и т.п. вопреки всем правилам дорожного движения. «Безлошадные» наши сограждане (признаться, и автор этих строк) поневоле пользуются их услугами.

А можно ли иначе? Зачастую даже чиновные люди, отвечающие за дорожно-транспортную ситуацию, приводят «железный» аргумент: так как покупка автобусов  для бюджета слишком дорога, субсидий на общественный транспорт нет и все такое, а людям по городу как-то передвигаться надо, временно выручает такая вот народная инициатива в лице частного извоза... Но, при ближайшем рассмотрении видно, что «аргумент»  покрыт застарелой ржавчиной и таким уж железным не кажется. Возражение первое: то, что было плюсом лет двадцать назад, сейчас уже минус, а временная проблема превратилась в постоянную. Второе: частники занимаются пассажироперевозками  по произвольным, нигде не зафиксированным и с кем не согласованным тарифам, их транспорт, перевозящий пассажиров, не проходит регулярный техосмотр, как положено автомобилям таксопарков. Третье: самодеятельные «такси» не предоставляют пользователям услуг необходимую информацию: наличие патента на ИП, имя и контактные данные владельца машины, тарифы перевозок и т.п., такси не имеют опознавательных знаков. Четвертое: стихийные парковки (между прочим, на землях общественного пользования) не оборудованы дорожными знаками, разметкой, условиями для безопасного передвижения в их районе  пешеходов  –   ограждением, тротуарами ни в какие ПДД не лезут...

Наглядный тому пример: стихийная парковка, давно «прописавшаяся» возле ворот есикской церкви по ул.Токатаева. На крошечном асфальтовом «пятачке» ютятся и авто прихожан церкви, и «таксисты». Машины порой стоят в несколько рядов в плотную к перекрестку,  занимая проезжую часть. Хоть эта улица с односторонним движением, но на нее справа и слева поворачивает интенсивный поток транспорта с ул.Алматинской, через перекресток «проскакивают» машины с верхней части ул.Токатаева... Тут же, среди стоящих борт к борту автомобилей лавируют пешеходы. В учебное время среди них и дети – чуть ниже по улице Токатаева находятся ворота СШ имени Абылай хана и частной гимназии. И ведь знак «парковка запрещена» там был-таки недавно установлен! Поводом для его установки послужило обращение в управление полиции жителя Есика, пенсионера Абыхана ТУРГАНОВА. Был совершен наезд на его супругу в марте этого года, когда она пыталась пройти по территории стоянки вплотную к ограде церкви – так ей показалось безопаснее. Напрасно – водитель припаркованного возле ограды автомобиля (не таксист) сдал назад... Слава богу, обошлось без тяжелых травм. Однако кто знает, что случится в следующий раз с другим пешеходом?

Абыхан Калиевич – человек не рядовой. Ветеран госслужбы, он много лет занимал должность заместителя акима г.Есика, перед выходом на пенсию работал заместителем акима Тургенского округа. С таким не поспоришь – все тонкости административного кодекса знает наизусть. И ведь добился Абыхан Турганов – по согласованию с госавтоинспекцией районный отдел ЖКХ, дорог и пассажирского транспорта установил-таки на стихийной стоянке знак «Парковка запрещена». Правда, ненадолго. Возмущенные таксисты всем коллективом пошли в городской акимат... Через несколько дней «вредный» знак был спилен под корень – осталась только дырка в асфальте. Стоянка такси возобновила свое существование, как и прежде...

Впрочем, соломоново решение было принято: полоску асфальта вдоль церковной ограды, где по идее должен, да был не сделан тротуар, таксисты  отгородили  камешками и рейками, за которые заезжать не разрешается. И – только. Впрочем, Абыхан Калиевич на свой запрос получил от городского акимата ответ, смысл которого сводится к тому, что нет сейчас у городского бюджета возможностей стоянку перенести или благоустроить. Но в будущем, когда будут выделены средства,  мол, тогда все исправим...

План благоустройства у районного ЖКХ в отношении стоянки на ул.Токатаева уже имеется. На ее месте взявший в аренду участок предприниматель построит остановочный комплекс для ожидаемых в будущем внутригородских автобусов, о чем редакции сообщил заместитель руководителя отдела Бейбут Искаков. Надо думать, имеются такие планы и в отношении остальных  стихийных парковок.

Нет, речь в статье идет не о каком-то запрете такси. Мы говорим о необходимости возобновления пассажиро-перевозок на общественном транспорте, о возобновлении внутригородских и, по возможности, внутрирайонных маршрутов. «Частный извоз» имеет право на существование. Однако необходимо сделать работу такси цивилизованной, по патентам, вывести из состояния 90-х. Ведь до сих пор слышишь, что таксисты кому-то «отстегивают», у кого-то «отмечаются», кто-то их «крышует».

Пора благоустроить стихийные стоянки, перенести их в более подходящие места, разгрузить и без того перегруженную улицу Алматинскую, по которой идет поток транзитного транспорта. Пусть они будут муниципальными, безопасными, и доход с них идет в городской бюджет, а не в чей-то личный карман. 

Положительный пример  –  районная  автостанция Руслана КАЛИЕВА. Свое предприятие он сумел сделать образцовым. Автостанция занимает лидирующие места в рейтинге лучших по области. Здесь  всегда чистота и порядок, введен четкий график движения автобусов и маршруток, создан универсальный комплекс бытовых и торговых услуг. Имеются  мойка, СТО, торговый и бытовой сервис. Здесь же и стоянка для маршрутных такси, перрон для автобусов. Безопасность на автостанции обеспечивают участковый пункт полиции и собственная служба охраны. Таксисты работают с автостанцией по договору, имеют патенты, регулярно проходят техосмотр и медосвидетельствование.

Как старожил Есика и старейший работник пассажирского автотранспорта, Руслан Абдибекович не первый год ратует за то, чтобы самовольные перевозчики и неузаконенные парковки  исчезли с улиц Есика. Он неоднократно поднимал данную тему в местной прессе.  

Что на взгляд предпринимателя и хозяйственника, болеющего душой за состояние городской инфраструктуры, для этого нужно сделать? Соблюдать приказ министра транспорта РК, изданный в 2004 году, который  утверждает правила перевозки пассажиров. Чтобы таксовать, предприниматель должен иметь патент и достаточную  квалификацию, не создавать помехи участникам дорожного движения, парковаться в официально утвержденных местах.

Не только для города, для района в целом больное место – отсутствие недорогого и безопасного общественного транспорта. По убеждению Р.Калиева, в районе необходимо создать авто-предприятие, которое возьмет на себя обслуживание пригородных и внутригородских маршрутов, подвоз  школьников из отдаленных сел, дачных массивов к месту учебы. 

В соседнем г.Талгаре общественный транспорт успешно работает. Должно получиться и у нас.

И.ТУРАНИН.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілсін.

2. Мыналар:

1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;

2) Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;

3) Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылсын. 

3. Алматы облысының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, сондай-ақ орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағынысты мекемелерi Қонаев қаласына көшірілгенге дейiн Талдықорған қаласында орналасады деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекітсін және осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. Орталық мемлекеттік органдар, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                                             Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр

№ 887

 

***********************************************************************************

 

В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:

1. Перенести административный центр Алматинской области из города Талдыкоргана в город Қонаев.

2. Образовать:

1) область Абай с административным центром в городе Семее путем выделения из состава Восточно-Казахстанской области района Ақсуат, Абайского, Аягозского, Бескарагайского, Бородулихинского, Жарминского, Урджарского, Кокпектинского районов, городов Семея и Курчатова;

2) область Жетісу с административным центром в городе Талдыкоргане путем выделения из состава Алматинской области Аксуского, Алакольского, Ескельдинского, Каратальского, Кербулакского, Коксуского, Панфиловского,  Сарканского районов, городов Талдыкоргана и Текели;

3) область Ұлытау с административным центром в городе Жезказгане путем выделения из состава Карагандинской области Жанааркинского, Улытауского районов, городов Жезказгана, Каражала и Сатпаева. 

3. Установить, что местные представительные и исполнительные органы Алматинской области, а также территориальные подразделения и подведомственные учреждения центральных государственных органов до их переезда в город Қонаев располагаются в городе Талдыкоргане.

4. Правительству Республики Казахстан совместно с Верховным Судом Республики Казахстан, Высшим Судебным Советом Республики Казахстан, государственными органами, непосредственно подчиненными и подотчетными Президенту Республики Казахстан, в месячный срок утвердить план организационных мероприятий (дорожную карту) и принять иные меры по реализации настоящего Указа.

5. Центральным государственным органам, местным представительным и исполнительным органам областей Абай, Жетісу, Ұлытау, а также Восточно-Казахстанской, Алматинской, Карагандинской областей принять меры по обеспечению бесперебойного и эффективного функционирования соответствующих территориальных подразделений центральных государственных органов, местных представительных и исполнительных органов и организаций.

6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

7. Настоящий Указ вводится в действие с 8 июня 2022 года и подлежит официальному опубликованию.   

 

Президент Республики Казахстан                                                                           К.Токаев

 

Нур-Султан, Акорда,   3 мая  2022 года

№ 887

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілсін.

2. Шығыс Қазақстан облысының құрамында:

1) Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;

2) Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылсын.

3. Орталық мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық 2022 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                                         Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр

№ 886

 

*************************************************************************************************

 

В соответствии со статьей 9 Закона Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» ПОСТАНОВЛЯЮ:

1. Перенести административный центр Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области из села Аксуат в село Акжар Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области.

2. Образовать в составе Восточно-Казахстанской области:

1) район Ақсуат с административным центром в селе Аксуат путем выделения из состава Тарбагатайского района;

2) район Самар с административным центром в селе Самарское путем выделения из состава Кокпектинского района.

3. Центральным государственным органам, местным представительным и исполнительным органам Восточно-Казахстанской области принять меры по обеспечению бесперебойного и эффективного функционирования соответствующих территориальных подразделений центральных государственных органов, местных представительных и исполнительных органов и организаций.

4. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

5. Настоящий Указ вводится в действие с 7 июня 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

 

Президент Республики Казахстан                                                              К.Токаев

 

Нур-Султан, Акорда, 3 мая   2022 года

№ 886

Сейсенбі, 03 Мамыр 2022 14:15

Ел аманатын арқалады

Тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзету – ер азаматтар үлесіндегі қастерлі міндет. Бүгін тепсе темір үзетін жігіттер сапқа тұрып, туған Отанының тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Рәсім ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара ауданының Ақжар ықшамауданында орналасқан кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде өтті.

Жас жауынгерлер курсынан өтіп жатқан 400-ден астам сарбаз Ант берген шараның ерекшелігі, рәсімді бүкіл республика жұртшылығы тамашалай алатын тікелей көрсетілім ұйымдастырылса, бұл күні алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туыс, достардың санында да есеп болған жоқ. Сондықтан шекарашы атанғалы тұрған сарбаздардың өміріндегі атаулы күн олардың жақындарының да жадында мәңгілік сақталып қалатын күн болғаны хақ.

Айту керек, аталған шекара басқармасының қақпасынан наурыз айында алғаш рет аттаған сарбаздардың бүгінгі аяқ алыстары ширақ, жүрістері біркелкі. Бұл – олардың әскери өмірдің қатаң тәртібіне қалыптасып үлгергендерін білдіреді.

Мамырдың бірінші жексенбісі. Таңғы сағат 10:00. Әр сарбаздың өмірінде алтын әріппен жазылып қалуға тиіс айтулы сәт. 

«Бөлім тік тұр! Назар солға!» Басталды. Шекара басқармасының Жауынгерлік Туы әкелінген соң шара да басталып кете барған. ҰҚК Шекара академиясынан арнайы шақыртылған әскери оркестрдің сүйемелдеуімен, еліміздің Әнұраны орындалып, аталған басқарма басшысы подполковник Н.Бердібаев сапқа тұрған жас сарбаздарды атаулы мерекесімен құттықтады. Бұдан әрі болашақ шекарашылар ант қабылдауға кірісті.

Рәсімге Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник А.Муналбаевпен бірге шекарашы ардагерлер және Наурызбай батыр ауданының әкімдігінен келген қонақтар қатысты.

...Ант қабылдау рәсімінен соң басталған жиында департамент бастығының орынбасары полковник Арнұр Муналбаев, «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник Александр Дубов, Ауған соғысының ардагерлері запастағы полковниктер: Григорий Куликов, Жеңісбек Сүлейменов, Болат Құрамысовтарға берілді. Сондай-ақ, сарбаздармен бірге көпшілік Наурызбай батыр ауданы бойынша Қорғаныс істер бойынша департаменті бастығының орынбасары запастағы майор Ержан Алиновтың да айтар тілегіне құлақ түрді. Ата-аналар атынан сөз сөйлеу құрметін Ерғожа Шереханов және Ұлмекен Ержанова апай иеленді.

Ата-аналардың жүрегіндегі сөздерді жеткізген Ерғожа ағамыздың ұлы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Абылай:

- Мен өзімнің қаруластарымды берген сертімізге адал болып, табандылықпен, ержүректілікпен борышымызды өтеуге шақырамын. Ант қабылдау – баршамыз үшін маңызды күн. Елім дейтін ер болып, қайтпас қайсар азамат болып, тепсе темір үзетін әскери өмірдің қиындығы мен ауыртпалығына шыдайтын, кез келген уақытта қолына қару алып, елін қорғауға дайын, туған жерінің шекарасында жүретін сарбаздарға айналамыз, - деді.

Иә, осы сәт, сарбаздың қасында болған әке жүзіндегі мақтаныш пен қуанышты байқау қиын емес еді... 

Айту керек, әскери өмір, шекара – кез келген шекарашының бойына күш құйып, шабыт сыйлайды. Ақын етеді. Мінберге Нұрсұлтанмен бірге көтеріліп, әріптестерін бүгінгі мерекесімен құттықтаған қатардағы жауынгер Александр Малышев көптің алдында өлең оқыды. Бұл – бастамасы, жас шекарашының жаңадан басталған жыр дәптеріне алдағы күндері жауһар сөздерге толыққан үстіне толыға түседі деген сенімдеміз.

...Жиынның соңы толыққанды шекарашы атанған сарбаздардың салтанатты шеруіне ұласты. Бұдан әрі, қалың жұртшылықтың назарына жас әншілер мен бишілердің мерекелік шағын концерттік бағдарламасы ұсынылды. 

Ал санаулы минуттардан соң республиканың түкпір-түкпірінен жеткен қауым тағатсыздана тосқан сәт те туып, өздерінің Отан оғланы атанған ұлдарымен қауышқан... Ата-ана – ұлымен, ата-әже – немересімен, дос – өзінің құлын-тайдай тебісіп өскен құрбысымен, бойжеткен – сүйген жігітімен... Демек, осынау қаншама жүректі тулатқан айтулы күннің ешқашан ұмытылмайтыны, әсіресе жас шекарашы сарбаздардың бойына еселеп күш құятыны хақ. Ендеше, сәт-сапар, жас сарбаздар, ел тыныштығы өздеріңе аманат!

Сардарбек НҰРАДИН.

Ойымызға ең бірінші келетін жауап – олар қанмен қоректенеді. Бірақ қанды тек аналықтары ішетіні бәрімізге белгілі. Бұл шынымен солай. Сонда олардың аталықтар өмір бойы диетада бола ма? Жоқ. Олардың аталықтары да, аналықтары да гүлдің шәрбатымен қоректенеді, бірақ масалардың көптеген түрлеріне қан көбею үшін қажет. Жұмыртқаларды қалыптастыру үшін ақуыздар қажет. Гүл шәрбатында ақуыз жоқтың қасы, ал біздің қанымызда жетіп артылады. 

Дернәсілдері пайда болған соң, 3-4 күннен кейін масалардың аналықтары жұптасады, содан кейін өздерінің құрбанын іздеуге кіріседі. Қанды ішіп алған соң аналықтары оны 2-3 тәулік бойы қорытады. Осы уақытта олардың жұмыртқалары жетіліп шығады. Оларды салған соң, аналық қайтадан қан ішіп, жұмыртқалауға дайын болады.

Бірақ өзгенің қанын қажет етпейтін ірі масалар да бар. Имагоның – жәндіктердің ересектерінің мұндай момын болуы олардың құрттарының қанқұмар болуымен байланысты. Қан ішетін масалардың құрттары бактериялар және планктондармен қоректенеді, ал қан қажет етпейтін масалардың құрттары басқа масалардың құрттарымын немесе бір-бірімен қоректенеді. Осылайша жинақталған ақуыз имаго деңгейінде адамдарға шабуылдау жасауды қажет етпейді.

OILA журналынан.

 

*Имаго – буынаяқтылардың ересек сатысы. Бұл сатыда жәндіктер өспейді, түлемейді, тек қана көбейіп, жан-жаққа таралады. 

Сейсенбі, 03 Мамыр 2022 11:10

Асаба мәдениеті

Тойдың көңілді, мазмұнды өтуі асабаға тікелей байланысты. Ұшқыр ой, ұтқыр сөз, жарасымды әзіл-қалжың, тәрбиелік мәнді айшықты әңгіме, қонақтарды жалықтырмайтыны белгілі. Сөздің құдіретіне бас иіп, бүкіл ғұмырын, тарихын сөзбен жасаған, жауын да, дауын да сөзбен тоқтатқан, сөзбен шешкен халықтың ұрпағына сөз киесіне ерекше ден қоюы заңдылық. Тойдағы дастарқанның сәні де, мәні де асабаның шеберлігіне байланысты екені рас.

Атақты Досбол шешеннен: «Қол бастау қиын ба, жол бастау қиын ба?» – деп сұрағанда: «Қол бастау қиын емес көк найзалы ерің болса, жол бастау қиын емес соңыңнан ерген елің болса, бәрінен де сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, жаңсақ айтсаң келеке қылады», – деген екен. Тойдың көңілді, ән-күймен мазмұнды өтуі асабаға байланысты дейтініміз де осыдан. Күлдіретін де, бүлдіретін де, жылататын да, жұбататын да – тіл. Содан да қандай ортада болмасын оған жүрдім-бардым қарау тыңдаушыңды сыйламау дер едік.

Соңғы кезде той басқаратын асабалардың көбі әзіл-қалжың айтуға назар аударуда. Бірақ күлкінің де реті бар. Күлдіре отырып білдіруге де, бүлдіруге де болады. Жеңіл, мазмұны мәнсіз, ырқыл-жырқыл күлкі де, езу тартып-ақ елді аузына қарататын астарында атан түйеге жүк боларлық мағынаны аңғартатын күлкі де бар.

Ұзын-сонар өңкей әзіл айта беру де отырыстың дәмін кетіріп, қонақтарды мезі ететінін көріп жүрміз. Ұтымды, керек жерінде қысқа да нұсқа айтылған әңгіменің қандай орында да бағасы басым. Қандай да болмасын әзілдің де, әңгіменің де астарында сол күнгі той иелеріне лайық тәрбиелік мәні бар ой жатқаны жөн емес пе?

Бір үйлену тойында асаба қазақтың ескі жырларынан біршама төкпектетті. Жырдың негізгі мазмұны қарттықтың қауқары кете бастағандығы, арман мұңы, сексен, тоқсанға келгендегі сәттерін баяндайтындай болды.

Тілек кезегі келгенде елге сыйлы бір ағамыз: «Қарағым асаба, бүгінгі той – жастардың отау құру тойы. Жырыңды айтсаң, жастыққа орай мазмұны барын айт. Сенің жаңағы кәріліктің мұңын тыңдатар тойың бұл емес. Бұл сексен, тоқсанның мерекесі емес!» – деп тұқыртып тастағаны бар.

Сөздің қадірін білетіндер қалт жібермейді. Сөз айтылған соң тыңдалады да, бағаланады деп есептеуіміз керек. Көпшіліктің алдында аңдамай сөйлеп, ауырмай өлуге болмайды.

Сөзге шеберлік, суырыпсалмалық, ұтқырлық – асабаға жарасымды қасиеттер. Қонақтар мен той иесінің арасын әдемі жымдастырып жарасымды үйлестіріп отыру асабаның шеберлігіне тән.

Сонымен асабалардың қалтасындағы қалжыңдары, қоржынындағы ойындары бірсарынды өрбіп, тойға жиналғандарды жалықтырып жіберетін тұстары аз емес. Шыны керек, соңғы кездері қазақы мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз ұмыт қалып, қазақтың тойы өзіндік мәнін де, мағынасын да жоғалтып бара жатыр деушілер аз емес.

М.ӘДІЛХАНҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Сейсенбі, 03 Мамыр 2022 10:54

Сөз түзелді...

Қазақтың тойы қазіргі таңда қайда бара жатыр? Болар-болмас той үшін аста-төк дастархан жаю аштан қырылған ата-бабаларымыздың рухына деген құрметсіздік емес пе? Той жүргізетін азаматтардың білімі мен мәдениеті төмендеп кетпеді ме? Қазақ неге ғылым-біліммен емес, той жасап бәсекелеседі? деген секілді тойдың төңірегінде таусылмайтын сұрақтар мен талас-тартыс көп бүгінде. Осы мәселер ішінде ең өзектісі – асабалар мәдениетінің төмендігі. Бұған – арзан күлкі мен әдепсіз әрекеттерге әуес болып кеткен халықтың да әсері жоқ деп айта алмаймыз. Соңғы кездері ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді билетіп, жастарымызды шешіндіріп, қыз-келіншектерімізге бейәдеп сөздер айтқызып, көпті күлкіге қарық қылдырып, мәз болған асабалардың әрекеті көпшіліктің наразылығын тудыруда. Асабаларымыз бұдан бөлек бейәдеп ойындардың да «авторы» атануда. Осындай той жүргізушілерін тезге салатын азаматтардың болмағаны ма деген ойға қаласың кейде. Осы мәселелерді талқылау үшін айтыскер ақын, танымал асаба Болатбек Оразбаевтың ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Сөз түзелді» атты асабалар форумы өтті. Форумға Алматы аймағындағы қалалар мен ауылдардан той төрінде жүрген асабалар қауымы жиналды. Жиында түйіткілді мәселелер мен асабалардың оғаш қылықтары айтылып, пікір алмасу мақсатында қатысушылар өз ойларын ортаға салды.Шыны керек, бүгінгі той мәдениетінің мәселесі көтерілген мұндай келелі жиын елімізде алғаш рет ұйымдастырылып, айтылған пікірлер мен ұсыныстарды оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.

Қасиетті Рамазан айында Алатаудың баурайында ұйымдастырылған жиынның өтуіне мұрындық болған Болатбек Оразбаев алғашқы сөзді алып, көкейде жүрген өзекті мәселелерді баяндады.

– Бейсауат ойындар мен сөздерді айтып, көзі ашық елдің көңіліне тигендіктен, қазіргі таңда халық тарапынан асабаларға деген құрмет күрт төмендеп кеткені мәлім. «Жалғыздың жаман аты жалпыға тиеді» дегендей сол сөз бәрімізге тиіп жатыр. Бұл жерге жиналғандағы мақсат – біреудің кемшілігін ашу, соны бетіне басу емес, осы мәселелерді ортаға салып, пікір алмасып, оң нәтиже шығару. «Тәуіптің ең жақсысы – ауруға ауру қоспағаны» демекші өзіне де, жиылған халыққа да ұят келтірмейтін жүргізуші – ең жақсы асаба. Айтатын әуелгі мәселе, қазақтың тойындағы беташар. Әдемі салтымызды мағынасыз күйге түсіріп жіберген жігіттер бар. Жиналған адамдарды таныса да, танымаса да көрімдікті 5 рет, 10 рет салғызып жатады. Олардың ішінде азын-аулақ жалақыға күні қарап отырған жандар болуы мүмкін. Сондай кісілердің қалтасына салмақ салған жөн емес. Сондықтан да «мәдени қайыршы» болғанды қою керек. Одан кейінгі мәселе, үлкен кісілерге, аталарымызға, апаларымызға құрметпен қарау. Қарттарымызға «шал, кемпір, сен» деп сөйлеп, олар жайлы орынсыз әзіл айтатын жастарды кездестіреміз. Қазақтың салты бұндай олқылықтарға қарсы. Бұл жағына өте сақтықпен қарағандарыңыз жөн. Қазақта әзіл және әжуа деген сөз бар. Осы екеуінің ара-жігін ажыратып алу қажет. Әзілдеспе демейміз, әзіл мен қалжың ешкімнің көңіліне тимеу керек. Әжуа дегеніміз – бір адамды елге күлкі ету, мазақ қылу. Тойда отырған адамның үстінен күлуге, мазақ қылуға біздің ешқандай құқығымыз жоқ. Шындап келгенде, біз ол жерде біреудің жалдап алған қызметшісіміз. Осы тұрғыда жасы үлкен кісілерге қисық сөйлеп, оларды күлкі ету – үлкен қателік.

Болатбек Оразбаевтың айтуынша, тойдағы ойындар да шектен шығып бара жатыр. Барлық тойда көрініс тауып кеткен би жарысында жас қыздардың танымайтын еркекпен сайысқа шығып, тойды басына көтеріп билеп жүргенін көреміз. Оған жол беріп жүрген асаба да мазақ қылып, адам төзгісіз әзілдерді айтып жүр. Өзіміз үйдегі қарындасымыз бен әпкемізді, анамыз бен қызымызды осындай арзан күлкіге қиямыз ба? Ертең олар бір тойда танымайтын ер адаммен көзге оғаш қимылдармен, қалай болса солай жарысып билеп жүргенін қалаймыз ба? Әрине, жоқ. Осы секілді қылықты қыздарымызды, сабырлы ерлерімізді, қасиетті қара домбырамызды келеке қылатын ойындардың белең алуы бүгінгі қоғам үшін өте қауіпті. Сондай ойындардың кесірі үлкен дауға айналып, адам шығынын әкеліп жатқан жағдайлар да аз емес. Бұл да мұқият қарауды талап ететін жәйт.

Сонымен қатар, қазақтың тойында қазақты мазақ ету мәселесі айтылды. «Қазақ десең өзіңе тиеді», «Қазақ – қойдан жуас» деген секілді сөздерді қолданыстан жою қажет. Оның бәрі – бос әңгіме. Қазақ жуас болса, осыншама кең жерді жаудан қорғап қалуы мүмкін бе? Біз – рухы асқақ, жаужүрек, мықты халықтың текті ұрпағымыз.

Асабалар форумында шет елдің дәстүрін қазақтың тойында қолданбау қажеттігі айтылды. Айталық, қыз ұзату тойларында қыздың әкесімен вальс билеуі, әкесі қызын әкеп күйеу балаға табыстауы – дәстүрімізге жат. Қазақтың әкелері қызын ешқашан өз қолымен біреуге бермеген, бергісі де келмеген. Тағдырдың жазуы болғасын көніп, жеңгелерінің қолымен ұзатылған. Вальске келетін болсақ, қазақ ешқашан бойжетіп қалған қызымен билемек түгілі, құшақтап сүймеген. Әке мен қыздың арасында арақашықтық сақталған. Сол тәрбиені көрген қыз ертең «сен түгіл мені әкем құшақтамайды» деп жігіттердің жаман ойына жол бермейтін болған.

Сонымен қатар, қыз алып отырған әулет құда күткенде арқан керіп жүргенін байқаймыз. Ол кісілерге асабалар «Арқан керуге құқығың жоқ, арқанды қыз берген әулет кереді, сіздер қыз алып отырсыздар» деп салтымызды насихаттап жүруге тиісті.

Одан кейінгі мәселе, той жүргізушілерінің көпшіліктің көзінше келінге «енені жау көрсету» деген түсініктен аулақ болсақ. «Сиырдың жауы – кене, келіннің жауы – ене» деп, сол мәндегі әзілдерді көп қолданатын асабалар бар. Жаңа түскен келінге енесін дұшпан етіп көрсетіп, араздық деген нәрсеге тамызық болып қалмайық. Мүмкін болса енелердің артықшылығын айта жүргеніміз дұрыс. Қазақта енелердің, келіндердің атымен аталған руларды білесіздер. Солардың өнегесін тарқатып, Құнанбай мен Абайдың шешесін үлгі қылып, татулығын айта білсек, әлдеқайда пайдалы болар еді.

Форум барысында өз ойларын ортаға салған Қосқанат Көпжасар, Ермек Арман, Руслан Ысқақ есімді танымал асабалар форумға қатысушыларға той иесімен сөйлескеннен бастап, тойдың аяқталар сәтіне дейінгі істеуге тиісті қадамдардың қыр-сырын кәсіби тұрғыда түсіндірді.

– Алла Тағала бізге несібемізді тойдан табуды жазған екен, ендеше біздің алған ақшамыз да адал болсын. Ол үшін ізденісті тоқтатпай, өнеріңді дамыту керек. Той иесінің ақшасынан бұрын алғысын алуға көп көңіл бөлсек, – деп ниеттерін білдірді.

Өз кезегінде айтыскер ақын, айтулы асаба Айтбек Тұрсынбай салмақты ойларымен бөлісті.

– Халықтың бізге ренжуі орынды. Түрі мен бағасы басқа демесең, асабалардың тойға келіп айтатын сөзі, әзілі, ойыны, беташары бәрінікі бір сарынды. Жаңаша леп әкелу, жаңашылдық жолында ізденіп жүргендер жоқтың қасы. Тек біреудің айтқанын жаттап алу ғана. Қолдарыңыздан келмесе біз секілді ақындарға қолқа салсаңыздар, әрқайсыңызға беташар, амандасу, таныстыру өлеңдерін жазып бере ала-мыз. Осы саладан ақша тапқандықтан ақшаны да жеке болмыстарыңызды қалыптастырудан аямау қажет, – деп сөзін түйіндеді.

Жиын барысында басқа да жиылған өнерпаздар толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, форумның мақсатын айқындай түсті. Шараны ұйымдастырған азаматтарға алғыстарын жеткізіп, келелі отырыс өз нәтижесін береріне сенім білдірді.

Форум соңында Болатбек Оразбаев:

– Біз салтымыздың сайқымазақ, дәстүріміздің даңғаза болуына, жиын тойларымыздың тобырлық жын-ойнаққа айлануына, намысымыздың тапталып, ар-ұятымыздың лайлануына және жеңілтек асабалардың қазақы тойды мазақ етіп, өзгенің қаңсығын ғажап етіп көрсетуіне түбегейлі қарсымыз. Той дегеніміз – көпшіліктің көңіл көтеріп қана қайтатын жері емес, тәрбиеміздің тал бесігі, мәдениетіміздің ошағы болғандықтан, келешекте жасайтын тойларыңызды қазақы табиғатымызға, қастерлі шариғатымызға томпақ келмейтін дәрежеде өткізуге міндеттіміз. Сондай-ақ жеңілтек асабаларымызға қазақ тойын қылжаққа айналдырмауын және де айылдарын жиып, тізгіндерін тартуын талап етеміз! Бұл үндеуімізді тентегіне тек дей алатын, азуына ат байлаған, намысында найзағай, жігерінде жасын ойнаған «сөз қадірін – өз қадірім» деп білетін қазақ даласындағы Алаш жұртына жолдаймыз! – деді.

Қазіргі қазақтың тойына қарап, бабаларымыздың «аштықтан тоқтық жаман» деген мақалы ойыңа оралып, бойыңды қорқыныш билейді. Той деген – қуаныш, қазақ қуанышын бөлісуге асығатын халық. Сол қуанышты кеш көңілсіз өтсін демейміз, бірақ шектен де шықпауы керек-ақ. Соған сәйкес асаба да тілге шешен, ойға көсем болып, әзіл қалжыңның да жігін табатын қабілетке ие болса нұр үстіне нұр болмақ.

«Сөз түзелді тыңдарман сен де түзел» деп Абай атамыз айтқандай, бәрімізге түзелетін уақыт келді. Ұйқы, күлкі, тамақ – арсыз деген дана халқымыз, ұлт тәрбиесіне келгенде қамсыз болмаса екен. Айтылған әңгімелер оқырманның да ой сүзгісінен өтіп, оң қорытындысын шығара-ды деп сенеміз. Ұлымыз ұялтпайтындай, қызымыз қызартпайтындай думанды кештерді қазақы қалыпқа түсіруге жан-жақты үлесімізді қосайық, құрметті оқырман!

 Ринат НАРХАНОВ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басымдықтарын айқындап, «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессия жұмысына қатысты. Бұл туралы Президенттің ресми сайты мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналғанын және мұның зор символдық мәні бар екенін атап өтті.

– Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде  қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз.  Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз Қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа сын-қатерлердың туындауына ықпал ететін геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына тоқталды. Оның пікірінше, мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухты көтеруге баса мән беру керек.

– «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Осы ретте саяси және қоғамдық плюрализмнің радикалды сипат алуына жол берілмейді. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ары мен намысын таптауға болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің пікірінше, Ассамблея құрылған уақыттан бері азаматтық бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңірді.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқаратынына сенімдімін. Бүгінгі сессияның міндеті – Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу.  «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» қағидаты саяси жаңғырудың іргелі компоненті деген пікірді ұстанамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үш негізқұраушы басымдығын айқындап берді. Біріншісі – саяси реформаларды жүзеге асыру ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін күшейту.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілісте-гі квотасының жойылуы демократиялық сайлау стандарттарының сақталуына қатысты бірқатар мәселенің күн тәртібінен алынуына септігін тигізеді.

Осы ретте Ассамблеядан ұсынылған сенаторлар жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандылық негізінде Қазақстандағы этникалық топтардың барлық мүддесін тиімді қарастыратын болады. Мұндай модель Қазақстанның парламенттік жүйесінің халықаралық тәжірибесі мен ерекшелігіне сай келеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттығына ұсынылатын үміткерлерді таңдаудың тиімді әрі ашық рәсімдерін әзірлеу қажет екенін атап өтті. Бұл мәселенің бәрі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» жаңартылған заңда көрініс табуға тиіс.

– Партиялық және сайлау жүйелерінің реформасы барлық азаматтың сайлау үдерістеріне қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Іс жүзінде тұтас сайлау ландшафтын қамтитын жаңа партиялар пайда болады деп болжануда. Партиялық тізім, сондай-ақ, бірмандатты округтар бойынша үміткерлерді сайлау Қазақстанның этникалық әралуандығын шынайы түрде көрсетеді. Сонымен қатар, этносаралық факторды саясиландыруға және бұл тақырып бойынша арандатушылық сипаттағы талқылауларға да мүлде жол беруге болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл бағытта Ассамблея тарапынан түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуі қажет деп санайды.

– Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақ-станмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз. Оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз. Жаңа саяси жағдайда бейбітшілік пен келісімді және халықтың бірлігін аса маңызды санайтын азаматтардың партия ішіндегі дауысына басымдық беріледі, – деді Мемлекет басшысы.

Ақпараттық жұмыстарды күшейту және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғам-дағы әлеуетін арттыру мәселесі екінші басымдық ретінде аталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек. Бұл – аса маңызды.

– Болған және болатын сыртқы қақтығыстар азаматтарымыздың арасында ұлтаралық жанжал тудырып, жікке бөлінуге пайдаланылмауы керек. Оған жол беруге болмайды. Мұндай арандатушылықтар болып жатыр. Оны көріп отырмыз. Бірақ арандатушылар қайда тұрса да, қандай құжаттармен тұлғасын жасырса да, қалай құбылса да, біздің бірлігімізге нұқсан келтіріп, мемлекетіміздің дербес саясат жүргізу құқығын бұза алмайды. Бейбітшілік пен тұтастық – басты құндылығымыз, онсыз болашақ жоқ екенін бәрі есте ұстауы керек. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ, болмайды да, – деді Президент.

Мемлекет басшысы біздің алуан түрлі мәдениетімізді танытатын бірегей ақпаратты кеңінен таратуға, ауқымы кеңейіп келе жатқан қазақтілді аудиториямен тығыз жұмыс істеуге шақырды. Оның пікірінше, Қазақстанның дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесі туралы мемлекеттік тілде айту өте маңызды. Осы бағытта жұмыс істейтін БАҚ-қа қолдау көрсетіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі айда жаңа диалог алаңы – «Ұлттық құрылтай-дың» алғашқы отырысы өтетінін хабарлады. Бұл жиын елімізді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға бағытталған.

– Бұл жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады. Құрылтайдың құрамына депутаттар, ҚХА мүшелері, сарапшылар мен құқық қор-ғаушылар, барлық өңірдің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, бейресми ұйымдардың, бизнес қауымдастықтар мен өндіріс саласының өкілдері кіреді. Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Үшінші басымдық – құқық қорғау қызметін күшейту. Осы бағытта Ассамблея медиацияға негізделген кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын қалыптастыруға кірісті.

– Этномедиация оқу орталығын құру керек. Онда тұрақты оқу курстарын ұйымдастырып, аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі даярлықтан өтуге тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктеріне Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚХА Хатшылығымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, осы мәселе жөнінде жүйелі ұсыныстар енгізуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан қоғамның бар-лық саласы батыл өзгерістер жолына түскенін атап өтті. Осыған байланысты Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерілді.

– Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшеміз. Бұл сапалы түрде өзгеруді Екінші Республика деп атауға болады. Жұмыс тобы Ата Заңның 33 бабына түзетулер әзірледі. Бұл – тұтас Конституцияның үштен бір бөлігі. Осы өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңестің қарауына жіберілді, жақын арада шешімін шығарады, – деді Президент. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар деп есептейді. Бұл мемлекеттілігімізді дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.

– Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын. Референдум – аса маңызды демократиялық институт. Алайда Қазақстанда ол соңғы рет 1995 жылы қазіргі қолданыстағы Конститу-ция бекітілген кезде өткізілді. Одан кейін «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң қабылданды. Бірақ содан бері Конституцияға төрт рет өзгертулер енгізілгеніне қарамастан, ол іс жүзінде қолданылған жоқ. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болады деп есептеймін. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жаңа Қазақстан дегеніміз, шын мәнінде, Әділетті Қазақстан екеніне тағы да тоқталды.

– Жаңа Қазақстан – қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлемде ұлттық бірегейлігімізді нығайтудың жолы. Жаңа Қазақстан ұғымын сан-саққа жүгіртіп, бұрмалауға болмайды. Азаматтардың бәрін ортақ іске жұмылдырмайынша, мемлекеттік аппарат та, қандай да бір саяси шешімдер мен экономикалық тетіктер де елімізді жаңартуға қауқарсыз. Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен реформалау қажет. Біз непотизм мен патернализмге, сыбайлас жемқорлық пен компрадоризмге түбегейлі тосқауыл қоямыз. Жаңа Қазақстан әділдіктің территориясына айналуы керек. Ол үшін тек заңның әріптерін ғана емес, рухын да ұстану қажет. Заңдар догма емес, ол азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін жетілдіріліп отыруға тиіс. Заң, әділдік және тәртіп біздің бақуатты өмірімізді айқындайтын нақты факторларға айналады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев диалог мәдениетін қалыптастыру және қоғамда өзара түсіністік пен сенімді нығайту қажет екеніне арнайы тоқталды. Мұның бәрі елдің жарқын болашағы мен халықтың әл-ауқаты үшін қажет.

– Біз көзқарастарымыз бен наным-сенімдеріміздегі айырмашылықтарға қарамастан, бір-бірімізді түсінуге және құрметтеуге тиіспіз. Бізді біріктіретін, күшейтетін, үйлестіретін ортақ құнды-лықтарға ұмтылуымыз қажет. Біздің «Әртүрлі көзқарас біртұтас ұлт» деген қағидамыз мызғымайды. Патриотизмнің жоғары құндылықтарын ұлтаралық артықшылық сезімімен алмастыруға, достық пен бірліктің орнына бір-біріне деген өшпенділікке жол берілмейді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы төзбеушілік пен «өзіміз және өзгелер» деп бөлінудің кез келген көрінісінің қатаң түрде жолын кесуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы өзінің бірлігін сақтауға, нығайтуға тиіс. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана Жаңа Қазақстанды құра аламыз деп есептейді.

– Біз барлық жоспарымызды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін  әділ әрі дамыған мемлекет боламыз! Сөз соңында сіздерді алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сессия барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Наталья Калашникова, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Сергей Огай, «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Максим Рожин, саяси шолушы Никита Шаталов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, «Азаттық Рухы» агенттігінің тілшісі Надежда Палинка, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық бөлімінің төрағасы Әскер Пириев және музыкант, блогер Алексей Лодочников сөз сөйледі.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ».

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет