Еңбекшіқазақ аудан әкімінің 2021 ж. 29 қаңтардағы өкімімен Сейтқазиев Арнур Тұрсынжанович аудан әкімінің  орынбасары лауазымына тағайындалды.

1984  жылы Райымбек ауданы Қақпақ ауылында өмірге келген. А.Сейтқазиев 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдап, инженер-механик мамандығын, 2015 жылы заңгер  мамандығын алған.  Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының LPG  кәсіпорнында механик болып бастаған. А.Сайтқазиев Алматы қаласы Әуезов ауданының абаттандыру бөлімінде жетекші маман қызметін, Наурызбай ауданының коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарған.

2016 жылдан Алматы қаласы ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының техникалық инспекция бөлімін басқарған.

2017 жылдың ақпан айынан Алматы облыстық жер қатынастары басқармасы жерге орналастыру бөлімінің бас маманы, Талдырқорған қаласы жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2020 жылдың шілде айынан Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің кеңесшісі.

Қазақта «Түбін білмеген - түгін білмейді» деген сөз бар. Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздың айырықша қасиеті де осында. Міне, сондықтан да қазақ шыққан тегін зерделеп,өсер ұрпағының ертеңіне  мән берген. Ертедегі өмір сүрген бабаларымыз бен ғазиз аналарымыздың сол заманына сәйкес өнегелі өмірлері, қадір-қасиеттері бізге аңыз боп жетті. Халқымыздың мемлекеттігін әлем алдында мойындатып, шекарамызды бекіткенше ата-бабамыз ұлан-ғайыр жерімізді сыртқы жаудан қорғау үшін жан алып, жан берісіп күресті. Жан-жағымызды қоршаған алпауыт елдерден байлыққа толы жерімізді қорғап, сақтап қалды. Ұлттың рухы сынбады. Осы жолда қазақтың небір марқасқа ұлдары жандарын пида етті. Халқымыздың аңсаған арманы – Тәуелсіздік таңы атты. Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлағалы отырмыз.

Бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес Одағы кезінде бұр-маланған  тарихымыздың  беттері қайта ашылып, жоғымызды түгендеп жатырмыз.

Құдайға шүкір,өшкенімізді жандыртып, өлгенімізді тірілтіп берген бүгінгі жаңаша ойлау кезеңі шежіреге ерекше көңіл аударуға мүмкіндік беріп отыр.

Тарихты зерттеушілердің деректерін қарағанда қауымдық сипаттағы тегімізді, яғни  қазақ шежіресін Тұран, Сақ тайпаларынан бастап баяндау ойға қонымды. 

Қазақта әр рудың өз тегін,қайдан шыққанын білуге құштарлығы,өзінің түп-тамырын алыс тереңнен тартқысы келетіні тым әріден келе жатқан танымдық ұмтылыс.

Бір атаның немесе бір әулеттің ұрпақтары кең өніп-өрбіп, өзге елдермен тізе тірестіре алатын дәрежеге жетсе Ру атағы берілетін болған. Ру «Руи» деген көне парсы сөзі. Қазақшаға аударғанда «Бет, келбет», «Түр, тұлға» деген мағына береді. Үндестік заңына сәйкес «Ру» сөзіне айналған.

Ал, енді осындай  еліміздің дамуына, ұрпақтарының  өрбуіне зор үлесін қосып, үлгі болған – Ұлы жүз, Албан руының Қоңыр бөрік тармағынан тарайтын Боти балалары Құртқа-Мамай бабаларымызға қысқаша тоқталсақ.

Албандар, оның ішінде Қоңыр бөрік-руы туралы тарихшылар Н.Аристов, Н.Гродековтың есеп-қисабына сілтеме жасап, Жетісу облысы, Жаркент уездерінде, Іле өзенінің сол жағалауынан Қытай шекарасына дейінгі аумақты, оңтүстігінде Іле Алатауының биік жоталарын, батыста Верный уезінің жеріне дейінгі аймақтарды, ішінара Оңтүстік Қазақстан өңірін мекендегенін келтіреді. Кейбір аталары Шыңжаң өлкесіндегі Текес, Іле бойын жайлап, мал өсірумен қатар егіншілікті де кәсіп еткен. Бүгінде олар Алматы,Түркістан облыс-тарында және Өзбекстан мен Қытайда тұратынын атап кетеді.

Ұраны – Райымбек, таңбасы – дөңгелек болып келеді.

Шежіре бойынша  Албанның баласы Шыбыл 1455-1460 жылдары өмірге келген. Шыбылдан Қоңырбөрік. Қоңыр бөріктен Боти, Бойдақ, Тілеуқабыл  атты үш ұл дүниеге келген.

Қазақ хандығының іргесі бекіп, керегесі кеңейе түскен кезеңде өмір сүрген Боти балалары Құртқа да, Мамай да өз заманының қара қылды қақ жарған билері болған. Жетісу жеріндегі ел бірлігін, рулар арасындағы дау-дамайларды шешіп қана қоймай, ынтымағын сақтауға, жетім жесірлерге қамқор болуға, ел бірлігін сақтауға орасан зор еңбек еткен қоғам қайраткерлері.

Би болған, төрелікке болған абай.

Араласқан жасынан  дауға дамай.

Қара қылды қақ жарған орақ ауыз

Құртқа баба даңқы асқан жерге талай – деп Құртқа бабамыздың ұрпақтары жырға қосқан.

Ал, Мамай бабамыз 17-18 жасында ағайын-туыстың арасындағы бітімгершілікке араласқан.

Діни сауатын Ташкент, Бұқара медре-селерінен дәріс алып, Дулаттың Шегір Тәжібай датқаның тәжісі болған. Сөйтіп Мамай би деген мәртебеге ие болады.

1580-85 жылдар шамасында Мамай бабамыздың ұрпақтары 45-50 шаңырақ болып, малдарына жайылым, егін егуге жер сұрап барған кезде елдің би-болыстары егістікке Балқаш көлінің маңын, жайлауын Қорғастың арғы  жағына қарай сілтейді.

Мамай баба қапаланып 10 шақты жігітпен жиналып Төлебидің әкесі, Әулие ата Әлібек биге келеді. Әлібек би, Аға баласы, Мамай биді құрметтеп, Бадам өзенінің бойынан ұзындығы 25-30, ені 15-17 шақырым жерлерді Ояздарға тапсырып, бекітіп береді. Содан бері қарай Мамай ұрпақтары қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданында тұрады. Құртқа мен Мамайдың бір атасы Өзбекстанда Бостандық ауданында (бұрынғы Қазақс-танның жері) тұрады. Астаналық ақын Серік Батырханұлының «Құртқа-Мамай тегіміз» өлеңінде бабалары жайлы былай деп толғайды:

Заманында би болған Құртқа-Мамай

Араласқан жасынан дауға дамай.

Қара қылды қақ жарған, орақ ауыз

Аңыз болып тараған жерге талай.

 

Тілге өткір, ойға озық, сөзге шешен.

Мысыңды тұқыртады түрін көрсең

Бүркіт тұмсық, өткір жанар, сұсты келбет.

Тұра алмайсың басылып, бүкіл еңсең.

 

Сыйлап өткен кедей кепшік, қараша.

Болған екен талайларға араша.

Тура биде туған жоқ, адал болған.

Қарапайым, бетегеден аласа – деп суреттейді.

Орта ғасырлық қазақ тарихында қазақтың көрнекті адамдарының өмір сүрген жылдары туралы дәлме-дәл жазба дерек табыла бермейді. Оның басты себебі, қазақ қоғамында төлқұжат, туу туралы куәлік жазылмаған. Ондай тіркеу тіпті болмаған. Мұндай жағдай кейінгі ғасырларға да тән. Жекелеген дерек көздерінде (Мысалы: шежіре, ақсақалдар-дың айтуынша) немесе кейбір тарихи тұлғалардың өмір сүрген уақыты дәл айтылуы мүмкін. Осындай есептер арқылы жеке адамдардың өмір сүру мерзімін шамалап жақындатуға болады. Құртқа – Мамай бабаларымыз Хақназар ханның билігі басталған уақытта өмірге келіп, Шығай хан, Тәуекел хан және Еңсегей бойлы Ер Есім ханның билігінің соңғы жылдары дүниеден өткен.  Осы жағын ескеріп, Албан тайпасының ұрпағы Құртқа-Мамай бабаларымыз туралы былайша есептеуді жөн көрдік: Албан, Суан, Дулаттың әкесі Жарықшақ (Тілеу-берді) Бәйдібекұлы 1398 ж. дүниеге келген деген ортақ пікір бар. Егер Жарқышақтың үлкен баласы Албан шамамен 1420-25 жылдары туған болса, Албанның баласы Шыбыл 1455-1460 жылдары дүниеге келген. Шыбылдың Қоңырбөрік атты баласы 1475-1525 жылдары өмір сүрсе, баласы Боти 1500-1505 жылдары дүниеге келген деп болжауға келеді. Ал, Ботидан тараған Құртқа-Мамай 1545-1550 жылдары дүниеге келсе керек.

Құртқа-Мамай бабаларымыздың ұрпақтары өсіп-өніп, олардан немере, шөбере, шөпшек көріп, әжептәуір бірнеше шаңырақ болған. Осындай дәрежеге жеткен адамның жасы шамамен тоқсанның кең-молына келсе керек.

Осыны негізге ала отырып, шежіреге бабаларымыз 1545-50 жылдары  Жетісу жерінде дүниеге келіп, 1635-40 жылдары Қаратаумен Шу бойында одан кейін Алатаумен Қазығұрттың түйіскен жері Бадам бойында дүниеден өткен деп шамалап келтіруге болады.

Бабаларымыз өз заманында қара-пайым халқына деген адалдығын ұрпақта-рына аманаттап кетті. Құртқа бабамыздың бесінші ұрпағы Жүзбай әулие адам болған екен. Әулие бабамыз ХІХ ғасырдың басында ата-жұрты Кеген ауданы Тұйық ауылының «Көктас-Арасан бұлағы» деген жерде дүниеге келген. Бабамыз етті-жеңді, сом денелі, селдірлеу шашты, сақалды, сұсты адам болған деседі. Әулиенің емшілік, тамыршылық, ауа-райындағы болатын құбылыстарды қалт жібермей бақылап отыратын ерекше қасиеттері болыпты.

Атақты Тезек төре Албанға сұлтан болған кезінде, жазда Қарқара жайлауында отырады екен.

«Құртқада Жүзбай деген әулие бар екен»  дегенді естіген Тезек  төре аталас інісі Бөден батырға алдына  алып келуін бұйырыпты. Тезек төре көп адаммен сауық құрып отырғанда үстінен Жүзбай әулие кіріп келеді. Әншейінде батыр-бағланға аяғын жимайтын Тезек орнынан ұшып тұрып, қол қусырып сәлем беріп, босағаға ығысып Жүзбайға төрден орын беріпті. Тезек төре өзімен сұхбаттасқан адамға ылғи қырын қарап отырады екен. Бұл жолы Жүзбайға малдасын құрып, алдына қарсы қарап отырып әңгімелесіпті. Мұны байқап отырған ордадағы бір сыншы Тезектен неге бұлай істегенін сұрағанда: «Ханға бермеспін» деген бетімді Жүз-байға жетіскенімнен берді дейсің бе? Әулиелігіңді танысам саған да солай отыратын едім депті. Бір жұма жатқызып, Жүзбайдың иығына сілеусін ішік жауып, басына сусар бөрік кигізіп, ат жетелетіп қайтарыпты.Келесі бір кезіккенде Тезек төре Бөден батырға: Ағаң аға ғана емес, батыр тұлғалы, барыс түкті, Пайғамбар салауатты әулие екен. Құрметтелуі кештеу болар деп таңдай қағыпты.

Жүзбай бабамыз ХІХ ғасырдың басында туылып, бір ғасырға жуық өмір сүріп, ХІХ ғасырдың соңында Қытай халық республикасының Текес ауданы, Аттың (Үйсін)  тауында қайтыс болған. 2007 жылы Құртқа-Мамай ұрпағы Мәлік Батырханұлы Ақылбеков әулие бабамыздың басына ескерткіш-құлпытас орнатып, Құран бағыштап, ас беріп қайтты.

Жүзбай бабам Қалматайдың ұрпағы,

Дене бітім ерекше екен тұрпайы

Терілері бетті басқан салбырап

Жалаң аяқ, аяқта тек ұлтаны.

 

Әулие атам мал мен жанды емдеген,

Сынған жерді аяқ қолды жөндеген ,

Айдап өтсе тентек малды қасынан

Ауру мал жазылыпты сенделген.

 

Баласы жоқ әйелдерді қарапты

Бедеу жанның кәдесіне жарапты.

Бала сүйіп қуанышқа бөленіп,

Алғыс айтып үйді-үйіне тарапты.

 

Бізге үлгі Жүзбай ата өмірі,

Қорған болған бабамызға тәңірі.

Дәріптейді ұрпақтары мәңгілік,

Біздерге серт өсиеті, әмірі.

Ел арасынан шыққан билер мен шешендердің  тағылымды сөздері,берік байламдары тәрбие мен өнеге көздері екенін бірде түсінсек те, бірде жете мән бере бермейміз.

Құртқа-Мамайдың Тоғызақ атасынан тарайтын Айту би бабамыз Шыршық бойындағы қазақ пен өзбек, мына жағы қырғыз ағайындарға танылып, кембағалға қамқор, зорлықшылға тосқауыл болған қоғам қайраткері. Төле би бабамыз: «Өсетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел жаспен жазады» деген. Халық Айту бидің тарихын аңыздармен оған берілген жер аттары арқылы жазып кетіпті.

Бұған Шыршық бойындағы Жомарт асуы (Жомарт – Айтудың әкесі) мен Қырғызстанмен шекаралас Майдантал маңындағы Айту шоқысы куә. Белгілі жазушы Қалаубек Тұрсынқұловтың «Аңды  Қарақыз» деректі әңгімесіндегі Айту Жомартұлы да осы кісі.

Құртқа-Мамай бабамыздың тікелей ұрпақтары Жаңабай, Бөден батырлар да халқым, елім, жерім деп осынау жаугершілік заманда  елді, жерді қорғауға зорүлестерін қосқан ірі тұлғалар.

Әйгілі халық ақыны Алматай Шалтық-ұлы Бөден батыр туралы:

Сары аязда қатпайды, қайнардың

жылы тұнығы,

Қап түбінде жатпайды, болаттың

асыл сынығы.

Халық тозып қор болмас,

Әділ болса ұлығы.

Албанда Бөден болатын,

Қорғаған елін бұрынғы –

деп толғаса, Ақын Серік Батырханұлы «Бөден батыр»  поэмасында:

Ел басына күн туды, қиын заман,

Халқымыз қалады, қалай аман?

Қол бастады Саурық, Тазабектер,

Бөден батыр, бозбала менің бабам.

 

Орыс әскер қақпан құрды, тосқауыл.

Бай шонжарлар елін сатты, тас бауыр.

Таптап өтті жаудың қолын батырлар,

Құдды өткендей ойран салып көк дауыл.

 

Бөден бабам сақтап қалды Құртқаны

Өсіп-өнді Құртқа ұрпағы сырттағы.

Текес, Күнес берекелі жер болды

Орасан зор бабамыздың ұтқаны.

Шежіреші Мүсілім Әдірбекұлы да өзінің «Ауылдың аманаты» шежіре-кітабында Бөден батыр туралы жан-жақты ізденіп, батырдың елі үшін жасаған ерліктері жайында көптеген құнды деректер жариялаған.

Бүгінде Құртқа-Мамай ұрпақтары алыс-жақын шет елдерде, республика-мыздың барлық  аймағында өмір сүріп қана қоймай, бабалар рухына тағзым етіп, еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында қажырлы еңбек етуде.

Тәуба дейік, Құртқа-Мамай бабалары-мыздың аты қайта жаңғыртылып жатыр. Оның бірден-бірмысалы, биылғы жылы Көкпек шатқалында бабаларымыздың тікелей ұрпақтары, мақтаныштарымыз: Қуанбеков Балтабай Мырқамитұлы (Байқазақұлы), марқұм Мұқаметқали Сұраншыұлы, Қонысбаев Кемелбай Кенжебекұлы, Солтыбаев Тоқтар Бексырғаұлы, Бектемісов Нұртай Тойғанбекұлының бастамаларымен  бабаларымызға арналған зәулім ескерткіш-кесене кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл ескерткіш-кесене кешенін ұрпақтары елдіктің, ерліктің, ауызбірліктің мысалы ретінде тұрғызғалы жатыр. Бұл руға бөліну емес, рудан құралатын қазақтың бірлігінің жемісі. Оларды ұмытпау, ұлықтау – ұрпақтар парызы болып қала береді.

Таңдап алып Көкпектінің жазығын

Нық орнаттық ескерткіштің қазығын.

Асқақтайды Құртқа-Мамай символы.

Бабаларға ұрпағынан  ТАҒЗЫМ!!!

Кемелбай Қонысбаев,

зейнеткер, еңбек ардагері,

Кеген  ауданы, Шырғанақ ауылының Құрметті азаматы.

Тәліпжан Естемесов,

ұлағатты ұстаз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

(Егемен Қазақстан 15 шілде 1998 жыл Мұрат тас ғылыми зерттеу орталығы. Алматы 1991 жыл;

М.Тынышбаевтың «Шежіре кестесі»;

Ақын, шежіреші Қазанғап Байбо-сынұлының шежіресі;

М.Әдірбекұлы «Ауылдың аманаты» шежіре-кітабы, 2010 жыл;

К.Қонысбаев, М.Сұраншыұлы «Албан-Шыбыл, Қоңыр бөрік, Құртқа – Мамай шежіресі»;

Алматы «Шәлкөде»,  «Нұр-Принт» баспалары, 2015 жыл);

Бейсенбі, 04 Ақпан 2021 11:27

Вакцина против вируса

Сотрудники службы ЗОЖ  межрайонной многопрофильной больницы Енбекшиказахского района в преддверии массовой вакцинации  против КВИ в Казахстане  провели разъяснительные мероприятия на рынках, в поликлиниках, ЦОНе. В ходе мероприятий также были розданы информационно-образовательные материалы по профилактике КВИ.

Подчеркнем – вакцинация является добровольной. Согласно 77 статье Кодекса РК «О здоровье народа и системе здравоохранения», любая медицинская процедура, в том числе и вакцинация, проводится только с информированного согласия прививаемого. Административной или уголовной ответственности за отказ от вакцинации в Казахстане не предусмотрено, любые притеснения будут являться незаконными. С 1 февраля 2021 года в РК начнется вакцинация с использованием вакцины Гам-КОВИД-Вак («Спутник V»), которая произведена в России. Далее, с 15 февраля 2021 года, к процессу вакцинации будет присоединена вакцина Гам-КОВИД-Вак, произведенная на базе Карагандинского фармацевтического комплекса. Вакцинация будет осуществляться поэтапно, с учетом поступления вакцины. В первую очередь вакцинации против коронавирусной инфекции подлежат уязвимые группы населения, которые подвержены высокому риску заражения и распространения коронавирусной инфекции, с дальнейшим охватом остальных групп населения, подлежащих иммунизации. Вакцинация для уязвимых групп населения будет предложена на бесплатной основе.

Важно отметить, что на введение любых вакцин организм человека отвечает выработкой иммунитета, а также развитием неблагоприятных проявлений после иммунизации  – таких, как кратковременное повышение температуры тела, покраснение и отек в месте введения вакцины. Перед любой вакцинацией медицинский работник уточняет наличие аллергии у прививаемого. В случае, если имеется тяжелое аллер-гическое заболевание, человеку дается медицинский отвод от прививки. При этом предугадать аллергическую реакцию невозможно, так как каждый организм индивидуален. В целях своевременного реагирования человеку следует оставаться под медицинским наблюдением в стенах медучреждения первые 30 минут после получения прививки: именно в этот промежуток возможно проявление аллергической реакции на вакцину. Все вакцинированные первые 30 минут будут находиться в медицинском учреждении под наблюдением врача. Затем следующие 3 дня они будут находиться под наблюдением участковых врачей по месту прописки. Кроме того, каждому вакцинированному человеку выдается специальная памятка с указанием возможных побочных эффектов вакцины и номера телефонов поликлиник, в которые они могут обратиться в случае проявления таких эффектов. Вакцина «Спутник V» противопоказана детям до 18 лет, соответственно, получить ее смогут лишь совершеннолетние граждане РК до 60 лет. Вакцина казахстанского производства на настоящий момент находится на третьей  стадии клинических испытаний. На сегодняшний день нет утвержденной инструкции по отечественной вакцине, поэтому контингент для нее находится на стадии определения. Вопрос о вакцинации переболевших КВИ на сегодня обсуждается. Необходимо отметить, что по ряду мировых данных, антитела после перенесенной КВИ, исчезают по истечении 3-6 месяцев, и человек подвержен повторному заражению.

 

А.НСАНБАЕВА,

врач-организатор службы ЗОЖ.

Бәйтерек

Өткен күнге есеп беріп, келер күнге нақты жоспар құру және ол мақсаттардың орындалуына қадам басу ғана дамуға жол ашады. Осы орайда әкімдердің жыл сайын халық алдында өткен жылды қорытындылап есеп беруінің маңызы мол. Жылдағы дәстүрмен аудан әкімі Бәйтерек ауылдық округі тұрғындарын да былтыр жасалған жұмыс пен биыл қолға алынатын жобалар жайымен таныстырды.

Тышқан жылы жер жүзін жайлаған коронавирус індеті әр салаға өз ережелерін енгізіп берді. Биыл осынау жиналыстың онлайн форматта өтуі де – соның салдары. Пандемияның көп іске тұсау болғанына қарамастан, былтыр ауданда бар сала бойынша жоспарланған шаруа өз ретімен орындалып, 2019 жылмен салыстырғанда табыс пен түсімнің артқанын көріп отырмыз. Мысалы, өткен жылы ауданның кәсіпорындары 47 млрд 300 млн теңгенің өнімін өндірді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,5 миллиард теңгеге артық. «Өнеркәсіп өндірісі дамуының оң динамикасын сақтай отырып, біз өткен жылы жаңа ірі өнеркәсіп объектілерінің құрылысын бастадық. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 113 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 9 млрд теңгеге артық.Мемлекеттік несиелеу де белсенді түрде қолданылды. 2020 жылда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 1 млрд 63 млн  теңгеге 31 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 4 млрд 235 млн теңгеге  12 жоба қаржыландырылды», – деген аудан әкімі әр сала бойынша жеткен жетістіктерді атап өтті.

Тікелей эфирді ары қарай жалғаған Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Айбек Нұрланов округтегі жағдайға тоқталды. Жиын соңында тұрғындар сұрақ қойып, Қуанышбек Қалиұлы жауап берді.

Ават

Өткен жылды қорытындылап, биыл жасалатын жұмыстың жайын аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев Ават ауылдық округі тұрғындарына да түсіндіріп берді.

Қай кезде де күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – сапалы ауызсу. Тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ету үшін ауданда атқарылып жатқан шаруалардың мән-жайына кеңінен тоқталған аудан басшысы: «2020 жылы Ават және Қазатком ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды, ал 2021 жылы Ащысай ауылында су құбыры құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтаймыз. Биыл Қазтай Ұлтарақов ауылындағы су құбырын және Шелек ауылындағы кәріз желілерін қайта жаңарту және салу жұмыстары басталады», – деп, Есік топтық су құбырының екінші кезеңінің құрылысы жүргізіліп жатқанын, оны пайдалануға беру қала және оған іргелес ауылдардың сумен жабдықтау мәселесін шешетінін айтты. Нысанды аяқтау 2022 жылға жоспарланған. Көгілдір отын да тұрғындар үшін бүгінде негізгі мәселенің бірі болып отыр. Ақырындап жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстары биыл Ават ауылында, сондай-ақ Жаңашар, Рахат, Саймасай, Амангелді, Қайнар ауылдарында басталмақ. Осы және өзге де мәселені қозғап, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып өткен аудан әкімінің сөзін Ават ауылдық округінің әкімі Тимур Мадияров жалғастырды. Тікелей эфир соңында Қуанышбек Қалиұлы тұрғындардың сұрағына жауап берді.

 

Рахат

Рахат ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп берген аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев бір жылда жасалған жұмысқа кеңінен тоқталып, әр саладағы жеткен жетістіктер мен туындаған мәселелерді тізіп шықты.

Аудан экономикасы үшін негізгі табыс көзі – аграрлық салаға салынған инвестиция мен заманауи технологиялардың өндірістегі өнімнің артуына себепші екенін атап өтті. Осындай оңды шешімнің арқасында былтырғы табыс алдыңғы жылдағыдан 18 млрд теңгеге артық болған екен. Сондықтан, әрине, бұл үрдіс жалғасын таппақ. Биыл жалпы сомасы 18 млрд теңгеден асатын 19 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде өсімдік өсіруде барлығы 8,2 млрд теңгеге 400 гектар алма бағын отырғызу және жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу бойынша 6 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалардың бірі осы Рахат ауылдық округінде болса, қалғаны: Қорам, Бөлек, Тескенсу, Асы ауылдық округтерінде орындалмақ. Рахаттықтар үшін жағымды жаңалықтың бірі – биыл мұнда газдандыру жұмыстары басталмақ. Биыл жобалық-сметалық құжаттама әзір-леніп, Қайназар және Қызылжар ауылдарында дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Жол мәселесіне келсек, былтыр Рахат №1 орта мектебінің оқушылары мен саяжай тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Биыл округтегі Өрікті, Қайназар ауылдарының жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ауызсудың мәселесін шешу үшін биыл 13 ауылдағы кәріз жүйесін салу және қайта жаңарту бойынша жобаларды әзірлеуге қаражат бөлінді. Бұның ішінде Рахат, Қайназар, Өрікті ауылдары да бар. Аталған ауылдарда қалыпты сумен қамтамасыз ету жұмыстарын 2021-2022 жылдары бас-тау жоспарлануда. Қайназар ауылында 24 гектар және Өрікті ауылында 15 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық желілерді салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Биыл бюджет қаражатының бөлінуіне қарай осы ауылдарда инфрақұрылым құрылысын бастау жоспарланып отыр. Баяндамасын ауылшаруашылығынан бастаған Қуанышбек Қалиұлы барлық саланы түгел қамтып, жиын соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Онлайн өткен кездесуді Рахат ауылдық округінің әкімі Қуат Ақшабаев жалғастырып, округте атқарылған істердің мән-жайына тоқталды.

 

Ташкенсаз

Ташкенсаздықтарға онлайн есеп берген Қуанышбек Қалиұлы ауданымыздың негізі саналатын ауыл шаруашылық саласын-дағы жетістіктерге ерекше тоқталып өтті.

– Мал шаруашылығында келесі жылы біз жалпы құны 10 миллиард теңгеден асатын 13 жобаны жүзеге асырып жатырмыз, 5 мың бас ірі қара мал сатып алуды, 7 бордақылау алаңын, 3 сүт фермасын, сондай-ақ 2 мал сою пунктін салуды жос-парлап отырмыз. Оның ішінде, Ташкенсаз ауылдық округінде «AsparaEsoFood» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал сою алаңы бар 500 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын бас-тады. Жоба құны 150 миллион теңгені құрайды, 12 жаңа жұмыс орны ашылады – деген аудан әкімі басқа бағыттағы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Демографиялық өсімнің оң динамикасына байланысты ауданымыздағы үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін түбегейлі шешілетіндігі айтылды.

Ағымдағы жылы Есік қаласында 1500 орындық, Төле би ауылында 450 орындық мектептің, сондай-ақ Ташкенсаз ауылында Абдуллин атындағы мектебіне 400 орындық қосымша ғимарат салу басталады. Қазақстан ауылында Ж.Қайыпов атындағы орта мектебіне 300 орындық қосымша ғимарат құрылыстарына қаражат бөлуге өтінім берілген.

Есептік кездесу кезінде биылғы жылы қолға алынатын ауқымды жобалар да таныстырылды.

Округ әкімі Элмира Масутова есептік кезеңде жүзеге асқан жұмыстар мен келешектің жоспарлары бойынша ауыл тұрғындарына баяндама жасады.

Шара соңында ауыл тұрғынынан Ташкенсаз ауылындағы мектеп жанынан салынатын қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстары нақты қашан басталатыны жөнінде сауал қойылды.

Қуанышбек Қашқымбаевтың сөзінше, нысанның жобалық-сметалық құжаттары бекітілген. 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

 

Саймасай

Былтыр аудан аумағында бірқатар ірі жобалар қолға алынып, жүзеге асырылды. Бұл туралы аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев Саймасай ауылдық округі тұрғындарының алдындағы онлайн есеп беру кездесуінде айтты. Аталған округ бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілген. Аудан басшысының баяндамасына сәйкес, өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Саймасай ауылында көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Бұдан бөлек, білім беру саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Саймасай ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Есеп беру кездесуінде биылғы жылы жүзеге асатын жұмыстар да ұсынылды тұрғындар назарына. Округ тұрғындары үшін ең маңызды жоба – елді мекенге газ құбырын тарту басталады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылы-ғы саласы бойынша да ауқымды жоспарлар қолға алынады. Айталық, округке қарасты «Айдарбаев» шаруа қожалығының сүт фермасын 250 ірі қараға кеңейту көзделуде. Жоба құны 350 млн теңге.

Есептік кездесу барысында бұдан бөлек басқа да салалар бойынша бір жылдық жетістіктер мен келешектің жоспарлары бойынша баяндама жасады Қуанышбек Қалиұлы.

Округ әкімі Рустам Алиевтің есебінен кейін тұрғындар сұрақ-тарын қойды аудан әкіміне. Саймасай ауылын жарықтандыру бойынша жұмыстар биыл жүргізіледі және тамыз айына дейін аяқталуға тиіс. Сондай-ақ, Амангелді ауылындағы көпір мәселесін көтерген тұрғынның сауалы жауапсыз қалмады. Қуанышбек Қалиұлының айтуынша, көпір салуға 21 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстары көктемде басталып, 1 ай мерзім ішінде аяқтау жоспарлануда.

 

Жаңашар

Елді мекенге табиғи газ құбырын тарту – тұрғындардың тұрмысын жеңілдетумен қатар, мекеннің әлеуетін арттырады. Өнідіс саласына серпін, инвес-торларға мол мүмкіндік береді. Бүгінде ауданымызды газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы Жаңашар ауылына көгілдір отын тарту қолға алынады. Аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың есептік кездесуі осындай жағымды жаңалықпен басталды. Басқа да салалар   бойынша жоспарлармен бөліскен Қуанышбек Қалиұлы есептік кезеңде жүзеге асқан жобалар аясында баяндама жасады.

Сонымен қатар, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту күн тәртібінде тұрғанын айтқан аудан басшысы бұл бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынатынын жеткізді. Сөзіне сүйенсек, 5 мектепке күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 300 млн теңге бөлуге өтінім берілген. Оның ішінде, Жаңашар ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп те бар.

Онлайн кездесу барысында Жаңашар ауылдық округінің әкімі Жан Құраметов есеп беріп, тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер көтерілді. Шараға тікелей эфирде қатысқан тұрғын-дар Жаңашар ауылындағы ауызсу мен Космостағы мәдениет үйін жөндеу бойынша сұрақ қойды.

– Ауылдағы су құбырын жаңарту бойынша облысқа жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлу үшін өтінім жіберілді. Космостағы мәдениет ошағының ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қаржы бөлінді. Биыл қолға алынады – деді Қуанышбек Қалиұлы.

 

Қаракемер

Қаракемер тұрғындары ал-дындағы есебінде өткен жылы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталған Қуанышбек Қалиұлы биылғы жылдың жоспарларын да ортаға салды.

Аудан әкімінің баяндамасына сәйкес, жолдарды жөнге келтіру қарқынды жүргізілген. Бұл бағытта, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Талдыбұлақ ауылындағы көшелер жөндеуден өткен.

Бұдан бөлек, аудан аумағында жол қозғалысы және «Есік-Саймасай» автомобиль жолындағы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында (Алтын Адам аллеясы көшесі) ұзындығы 1,8 шақырым саяжай маңындағы көлік жүретін жолын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілген. 23 аялдама алаңдары жасақталып, 8 жаңа аялдама кешендері орнатылған. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тротуарлар бойында 19 орындықтар мен қоқыс жәшігі орнатылған. Рахат № 1 орта мектебінің оқушылары мен саяжай тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі қолданысқа берілген. Сондай-ақ, көлік ағынын азайту үшін Уәлиханов пен Алтын Адам аллеясы көшелерінің қиылысында тротуарларды жайластыра отырып, оң жақты құламалар салынған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады. Ағымдағы жылы Таутүрген, Шелек, Өрікті, Түрген, Достық, Ақжал, Қайназар, Қаражота ауылдарының жолдарына және Есік қаласындағы бірқатар көше-лері мен тротуардың жөндеу жұмыстарын жүргізіледі.

Округ әкімі Дархан Ахметовтың есебінен кейін қаракемерліктер көгілдір отын ауылға қашан жүргізілетінін сұрады. Сауалға Қуанышбек Қалиұлы жауап берді:

– Қаракемерге газ құбырын тарту бойынша бізге инвестор ұсыныс жасаған. Бірақ, бағасы тым қымбат болғандықтан бас тарттық. Қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімі сапалы жұмыс атқаратын әрі тұрғындарға қолжетімді баға ұсынатын инвесторлармен жұмыс істеп жатыр – деді аудан әкімі.

«Ауылға сапалы интернет жүргізілсе екен» – деген Сатай мен Талдыбұлақ тұрғындарының ұсынысы да жауапсыз қалмады. Қуанышбек Қалиұлының сөзінше, ауданымыздағы елді мекендердің 30 пайызында интернет жылдамдығы нашар. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Қазақтелеком», «Транстелеком» мекемелерімен және ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

 

Түрген

Ауданымыздың жетекші са-лаларындағы түйінді мәселелер оң шешімін тауып жатқандығын айтқан аудан әкімі білім саласы кезек күттірмейтінін алға тартты.

– Алмалы, Қазатком, Екпінді, Ақтоғай, Қайрат, Сарыбұлақ, Өрнек, Баяндай, Таутүрген, Шалқар, Қойшыбек, Азат ауылдарында 12 жаңа мектеп салу қажет, аталған ауылдың оқушылары казір бейімделген ғимараттарда білім алып жатыр. Осы проблемаларды шешу үшін бейімделген ғимараттарда орналасқан мектептер үшін 10 модульдік нысан салу мүмкіндігі қарастырылуда – деді Қуанышбек Қалиұлы. Сонымен қатар, оқу орындарын күрделі жөндеуден өткізу, үшауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында мектеп салу және қосымша ғимараттар тұрғызу жұмыстары қолға алынатынын айтты.

Ағымдағы жылы бірқатар ауылдарда тозығы жеткен жолдар жөнге келтірілетін болады. Оның ішінде Талдыбұлақ ауылының көшелерін асфальттау да қарастырылған.

Округ әкімі Ержан Карибаев бір жылғы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларын көпшілік назарына ұсынды. Шара соңында тұрғындар сауалдарын жолдап, аудан әкімінен тұщымды жауап алды.

 

Көктөбе

Көктөбеліктер алдындағы есебінде аудан басшысы округтегі денсаулық сақтау саласында биыл тағы жағымды жаңалықтың болатынын жеткізді.

– Өткен жылы Қорам және Көктөбе ауылдарында екі жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория салынды, сондай-ақ Шелек ауылдық ауруханасын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, Қайназар және Қызылжар ауылдарында дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеу жұмыстары, сонымен қатар Қызылшарық ауылында жаңа амбулатория салу басталады – деді.

Сондай-ақ, тіршілік нәрінің мәселесі де дұрыс жолға қойылады. Ағымдағы жылы 13 ауылдың: Ащыбұлақ, Қазақстан, Нұра, Қызылжар, Шелек, Бәйдібек би, Рахат, Әймен, Қарасай, Көктөбе, Қайназар, Бөлек, Өрікті елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін және Бәйдібек би ауылының кәріз жүйесін салу және қайта жаңарту бойынша жобаларды әзірлеуге қаражат бөлінген. Бұл ауылдарда қалып-ты сумен қамтамасыз ету жұмыс-тарын 2021-2022 жылдары бастау жоспарлануда.

Есептік кездесу кезінде аудан басшысы басқа да салада қол жеткізген жетістіктерді тізіп, жоспарларға жіті тоқталып өтті.

Округ әкімі Жақсылық Жылқыбековтың есептік баяндамасынан кейін кездесуге онлайн қатысушылар сауалдарын қойды.

Тұрғындар Төле би ауылын-дағы ескі мектептің жайын жеткізді. Қуанышбек Қалиұлы 450 балаға арналған мектептің құрылысына тиісті қаржы бөлінгенін айтып, қазіргі таңда конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мектеп құрылысы мамыр айында бас-талады деп көзделуде. Сонымен қатар, Қызылжар, Алмалы ауылындағы ауыз су және интернет мәселесі оң шешімін табады.

 

Бөлек

– 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 138 миллиард 800 миллион теңгені құрады. Бұл 2019 жылға қарағанда 18 миллиард теңгеге артық.Мұндай жоғары көрсетіштерге қол жеткізу ең алдымен инвестициялар тарту, озық технологиялар енгізудің арқасында мүмкін болып отыр.  Өткен жылы ауыл шаруашылығында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Соның бірі, Бөлек ауылдық округіндегі «Алматы алма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 130 гектарға интенсивті жеміс бақтарын отырғызу. Жоба құны 2 миллиард теңгені құрайды – деп, Бөлек округі тұрғындары алдында ауыл шаруашылығында жеткен жетістіктерге тоқталған Қуанышбек Қалиұлы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 4 миллиард 235 миллион теңгеге  12 жоба қаржыландырылғанын айтты. Оның ішінде, Бөлек ауылдық округінде «Газойл сити Иссык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне балабақшаны қайта жаңарту үшін 70 миллион  теңгеге жеңілдетілген несие берілген.

Сонымен қатар, әлеуметтік салада да жағымды жаңалықтар бар. Әймен ауылындағы тозығы жеткен орта мектептің ғимараты «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Аудан әкімінің есептік баяндамасында атап көрсетілгендей, округке қатысты жоспарлар да ауқымды. Ең бастысы Бөлек, Қарасай, Әймен ауылдарының ауызсу мәселесі оң шешімін таппақ. Үш ауылдың сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжат әзірлеуге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдары басталады деп жоспарлануда.

Округ әкімі Асыл Изиевтің баяндамасынан кейін тұрғындар-дың жол жөндеу мен көгілдір отын тарту бойынша сұрағына Қуанышбек Қалиұлы жауап берді. Айтуынша, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 10 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бұл қаржы көктем-жаз айларында жол жөндеуге жұмсалады. Газ тарату бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Сұрақ-жауап кезінде азаматтар Бөлек ауылының тұсынан Есік өзеніне көпір салу мәселесін көтерді.

– Бұл сұрақ бойынша біз тиісті мекемеге сұраныс жіберген болатынбыз. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттарына қаражат бөлініп, құжат дайындалуда. Сараптамадан өтіп, жоба қабылданғаннан кейін көпір құрылысы басталады – деді аудан әкімі.

 

Есік

Есік қаласы тұрғындарына тікелей эфирде есеп берген Қуанышбек Қашқымбаев барлық жетекші сала бойынша аудан орталығы көш басында келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, 1 жыл бойы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, жоспарлармен бөлісті.

– Қазіргі уақытта жайлы өмір сүру ортасын құру – аудан тұрғындарының жиі айтылатын тілектерінің бірі болып табылады. Осыған орай, биыл ауданда 8 жоба іске асырылды. Оның ішінде, Есік қаласының 1-ші және 2-ші шағын аудандарында аула алаңдары салынды. Биыл елді мекендерді абаттандыру бойынша да бірқатар жобаларды жү-зеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар Шелек ауылы мен Есік қаласында жүргізіледі. Шелек ауылындағы орталық саябақты абаттандыруға 200 миллион теңге бөлінді. Есік қаласындағы өзен арнасы бойындағы балалар және спорт алаңдары, демалыс орындары бар бульварды жасақтауға 200 миллион теңге және қаладағы шағын аудандарында аула алаңдарының құры-лысын жалғастыруға 108 миллион теңге бөлінді – деді Қуанышбек Қалиұлы.

Бұдан бөлек, аудан орталы-ғында ауыз су жүйесін жаңарту бойынша ауқымды жоба қолға алынуда. Есік топтық су құбы-рының екінші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Оны іске қосу – қала және оған іргелес ауылдардың сумен жабдықтау мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Нысанды аяқтау 2022 жылға жоспарланған. Жобаның жалпы құны 3,8 миллиард теңге.

Өткен жылы жолдар мен тротуарларды ретке келтіру қарқынды жүзеге асырылып, орталық көшелер жөнделді. Оған қоса, Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Бірнеше балалар-дың ойын алаңдары бой көтерді.

Қаланы газдандыру жұмыс-тары да жүйелі жүргізілуде. Қосымша көппәтерлі үйлерді қалыпты жылытуды қамтамасыз ету үшін блокты-модульді қазан-дықтарды (БМҚ) салу жобалары әзірленуде: Есік қаласында 17 БМҚ және Шелек ауылында 4 БМҚ. Жобалау құны 210 миллион теңгені құрайды.

Екінші кезекте қала әкімі Айдар Бошкулов өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Тікелей эфир соңындағы сұрақ-жауап кезінде Қуанышбек Қашқымбаев биыл қаладағы жолдарды қалпына келтіру жалға-сатынын айтты. Сонымен қатар, орталық көшелердің тротуарларын жасау жұмыстары жазға дейін аяқталады. Негізігі көшелер толықтай жарықтандырылады. Және де аудан орталығын газдандыру биыл толықтай жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.

Сардарбек НҰРАДИН.

Облыстың маңызды мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсаты бойынша пайдаланылуын анықтау және ауыл шаруашылығы айналымына енгізу болып табылады. 2018 жылы ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау функциялары аудандық, қалалық атқарушы органдарға берілген еді. Сәйкесінше, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлер бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін жергілікті жерлерде зерделеу жұмыстары жүргізілді.

2018-2019 жылдары прокуратура және жергілікті атқарушы органдарымен бірге, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 808,7 мың.гажерлерді анықтады. Оның ішінде егістік алқабы 36,3 мың га, көп жылдық екпе 0,6 мың га, шабындығы 7,9 мың га, жайылымы 761,1 га, басқадай жері 2,8 мың гектарды құрап отыр.

Айта кетерлігі, қолданылған шаралардың нәтижесінде116,2 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылып, 623,1 мың га қайта пайдалануға кірісуіне байланысты ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Ал 23,5 мың га жер иесі жоқ мүлік ретінде есепке алынса,45,9 мың га аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдарының бақылауында.

«2020 жылы, алғаш рет жерді қашықтықтан зондтау қорытындысы бойынша пилоттық өңірлерде аэроғарыштық түсірілімдер арқылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы ұсынған пайдаланылмайтын егістіктер анықталды, онда жалпы көлемі 67,9 мың га ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге жарамды жерлерді пайдаланбау фактілері белгіленді.Осыған байланысты, тиісті шаралар қабылдау үшін материалдары аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдарға жолданды»,- деді Алматы облысының Жердің  пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Асқар Жолдоғұтов.

Атқарылған шаралардың нәтижесіде жоқ емес. Іс қолға алынғаны сол екен, 0,08 мың гажер  мемлекеттік меншікке қайтарылды.33,1 мың га қайта пайдалануға кірісуіне байланысты ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген.34,7 мың га жер болса,аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдарының қарауына берілді.

Осындай жұмсытар арқылы басқарма жер заңнамасындағы талаптарды сақтауды, заң бұзушылықты болдырмауды қамтамасыз етуде.

Осы орайда, жыл қорытындысы бойынша басқармағажеке тұлғалардан – 712, заңды тұлғалардан – 93, жоғарғы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарынан және басқа да уәкілетті органдардан – 5 157.Барлығы  5 962 хат, өтініш, арыздар келіп түскенін атап өткен абзал.

Естеріңізде болса, 2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленген-ді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілген еді.Алайда, мүдделі мемлекеттік органдардың деректерінен және геоақпараттық материалдардан тұратын бірыңғай кешен құрмай, осы салаларда көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мүмкін емес.Сондықтан, жер учаскелерінің паспорттарын қарау мүмкіндігімен жердің 7 санаты бойынша ақпарат енгізілді.

«Аталған санаттар бойынша жер картасының қабаттары мен объектілерінің құрамы кеңейтілді, бұл қажетті деректерді динамикалық түрде қалыптастыруға, қызметтің әртүрлі салалары бойынша мониторинг пен жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді»,- дейді Жер қатынастары басқармасының басшысы Сәбит Сәдуақасов.

2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жергілікті атқарушы органдардың өңірлік геопорталын құру жөніндегі бағыты шеңберінде және картаның ақпараттық қамтамасыз етілуі мен мүмкіндіктерін ұлғайту мақсатында облыс әкімі аппаратының техникалық қолдау орталығы барлық жинақталған материалды Жаңа «SmartGeoHub» платформасына көшірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 90% - ын электрондық форматқа ауыстыру қажеттігі туралы тапсырмасын орындау үшін басқарма жер қатынастары, құрылыс және сәулет саласындағы көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта кешенді карта базасында өңірлік геоақпараттық жүйе  құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген.

«Геопортал, яғни геоақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып табылады»,- деді . қатынастары басқармасының басшысы Сәбит Сәдуақасов.

Сондай-ақ, басқарма басшысы жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде 2020 жылы облыстық маңызы бар, Талдықорған, Текелі, Қапшағай  қалаларында  енгізілген жер қатынастары саласындағы 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын атап өтті.

Бұдан басқа, қалаларды 3D модельдеу жүргізілгендігін айта кеткен жөн. Бұл құрылыс салуды жоспарлау және қалалардың сәулеттік келбеті бойынша шешімдер қабылдау үшін қуатты құрал жасауға мүмкіндік береді.

Осы және өзгеде жұмыстар кешені мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін ауқымды ақпараттық негіз құруға сеп болмақ.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жер қатынастары саласының түрлі бағыттары бойынша онлайн қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, аталған салада мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамаларын іске асырудың жалғасы ретінде ведомствоның жылдық алқа отырысында айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жөніндегі Басқарушы комитет құрылды.

Комитетке Агенттіктің барлық жобаларының қызметін үйлестіру мен мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту бекітілген.

Мұндай тәжірибе бұрын мемлекеттік органдарда қолданылған жоқ. Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түйінді көрсеткіштері мен мақсаттарына қол жеткізуге және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жобалық міндеттер мен іс-шараларды іске асыруды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларының қатарына «Adaldyq alańy», «Adal kómek», «Ашық бюджет», «Адал фарм», «Sanaly urpaq», «Адал жол», «Сапалы жол», «Protecting Business and Investments» және «Цифрлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» сияқты бастамалар кіреді.

Комитет басшысы болып 2017 жылдан бастап Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджментті дамыту орталығын басқаратын Жанар Тайжанова (Р2М, IPMA, PRINCE 2 Practitioner сертификатталған жобалық менеджері, ISO 21500 сарапшы-аудиторы) тағайындалды.

Комитет жанында қоғамның белсенді өкілдері мен жоғары білікті салалық мамандар мен сарапшылар қатарынан сараптамалық кеңес жұмыс істейтін болады. Олардың қатысуы бірқатар бағыттар мен салаларда сыбайлас жемқорлықпен байланысты елеулі проблемаларға жобалардың нақты назары аударылуының өзектілігін арттырады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Алматы облысында зертханалық тексеру нәтижесінде коронавирустық инфекцияны жұқтыру бойынша 9361 жағдай анықталған, оның 3774-де ауру белгілері бар.  Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Көксу, Ақсу, Ескелді, Панфилов аудандарында індетке шалдығу көрсеткішінің артуы байқалады.

Айта кету керек, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 1,0%-дан 0,8%-ға дейін төмендеді. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы облысы жасыл аймаққа кірді.

2021 жылдың 1 ақпаннан бастап Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салу басталады.  КВИ-ға қарсы вакцинация үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда. Жетісу өлкесінде вакцинация кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын баса айтқан жөн.

«Бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары жатады, иммундауға жататын халықтың қалған топтары одан кейін вакцинациямен қамтылады. Бірінші болып жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің,  реанимация бөлімшелерінің, СЭС қызметкерлері егіледі. Содан кейін мектептер мен университеттерде мұғалімдерді вакцинациялауға кіріседі», - деді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

Жалпы, облыстағы 26 медициналық ұйымның 29 егу кабинетінде коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жасалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштар барлық 26 медициналық ұйымда бар. Вакцинаны тасымалдауға арналған тағы 9 мұздатқыш пен 11 белсенді термоконтейнерлер, яғни АВТО мұздатқыштар жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта 35 мұздатқыш және 29 белсенді термоконтейнер бар. Вакцина облыстық қан орталығының мұздатқышында сақталады.

«Алматы облысына ағымдағы жылы "Спутник V" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған. 2021 жылғы ақпанда 6 000 доза, наурызда - 9 000, сәуірден маусымға дейін ай сайын 45 000 доза жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылы ақпан айының 1-ші жұлдызында сағат түнгі 03-00-де барлық талаптарды сақтай отырып, "Медсервис Плюс "КФК" ЖШС облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-Сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 1 компонентінің 1450 дозасы жеткізілді. Шалғай елдімекендерде вакцинация жүргізу қажет болған жағдайда 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Жалпы сыйымдылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер дайындалды», - деп мәлімдеді облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков.

Алдағы уақытта 11 192  медицина маманы вакцина алады деп күтілуде. Вакцинациялауға жататын адамдардың толық  тізімі 29 егу пунктінде көрсетілген.

Екпені алғаннан кейін, әлсіздік, шаршау, жүректің айнуы мүмкін дейді дәрігерлер. Негізінен, созылмалы жүрек қан тамырлары, қант деабетінің асқынған түрлері, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы  ауруымен ауыратындарға және  онкологиялық сырқаты бар жандарға, сондай-ақ жүкті келіншектерге, омырауда баласы бар аналарға екпе салынбайды.

Айта кетейік, Қазақстанда вакцинация ерікті болып табылады және егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Елімізде вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

КГУ «JETISÝ MEDIA» Алматы облыстық ақпараттық алаңы.

Алматы облысының 1000-нан астам кәсіпкерлік субъектісі Үкіметтен қолдау шаралары бойынша сауалнамаға қатысты.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп бір ай ішінде қолдау шараларын әзірлеуді тапсырды. Сондықтан Ұлттық палата кәсіпкерлерге онлайн сауалнаманы іске қосты. Сауалнама 15 ақпанға дейін жалғасады.

«Сауалнама нәтижелері мен кәсіпкерлермен талқылауларға негізделе отырып, Ұлттық палата ҚР Үкіметінде қарау үшін шағын және орта бизнесті қолдау шараларын ұсынатын болады. Бұл жауаптар кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалауға, бизнес проблемаларын жеткізуге және одан әрі қолдау шараларын әзірлеуге көмектеседі», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оналбаев.

Сауалнама онлайн режимінде ҰКП сайтында, сондай-ақ Алматы облысы ӨКП әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қолжетімді.

Сауалнама сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeZh_v6pl7ycO_Qhmh68w_EggtZf1Hk1wkZuU6BaexqjDmLjQ/viewform

Президент ещё раз подчеркнул, что вакцинация – единственный верный способ победить пандемию.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев высказался о начале кампании по вакцинации казахстанцев от Covid-19.

"1 февраля в Казахстане началась массовая вакцинация против Covid-19. Мы используем мировой опыт против эпидемий, вакцина – это единственное надёжное средство преодоления пандемии. Все расходы на вакцинацию граждан взяло на себя государство. Надеюсь, наши граждане, не имеющие противопоказаний, с пониманием воспримут важность и необходимость вакцинации в условиях беспрецедентной пандемии", – написал глава государства в Twitter.

Дүйсенбі, 01 Ақпан 2021 15:57

"Jer Jannaty Jetisy"

Победители конкурса проектов "Jer Jannaty Jetisy" постепенно начали реализовывать свои идеи в жизнь. 
Напомним, 10 молодых начинающих предпринимателей из Алматинской области приняли участие в проекте «JJJ», организованном КГУ «Қоғамдық келісім», защитив свой бизнес проект, молодые жетысусцы выиграли по 500 000 тг. 
Одна из счастливчиков, Айсұлу Иманғали с села Актасты Ескельдинского района не смотря на свой юный возраст уже занимается своим собственным делом. Она студентка 2-го курса и во время дистанционного обучения на дому узнала что проходит конкурс бизнес-проектов и долго не раздумывая подала свою заявку на участие.
Родители Айсулу занимаются крестьянским хозяйством. И с детства она выросла на ферме отца помогая им по работе. Она давно мечтала реализовать свой проект по Производству сыра.
Когда она узнала что выиграла грант в размере 500тыс.тенге её счастью не было предела. На эти средства она купила всё необходимое оборудование для производства сыров: формочки, оборудование, упаковку для сыров.
На данный момент она изготавливает 2 вида сыра.
«Пока большой прибыли нет, но я буду развиваться и расширяться.
Со временем хочу производить элитные сорта этого самого полезного молочного продукта», - говорит девушка. 
 
Информационная площадка КГУ «JETISÝ MEDIA» Алматинской области.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет