ЛАВИНА СНЕЖНАЯ – это масса снега, падающая или движущаяся со скоростью 20 – 30 м/с. Падение лавины сопровождается образованием воздушной предлавинной волны, производящей наибольшие разрушения. Лавиноопасными участками Енбекшиказахского района являются: автодорога г.Есик – оз.Есик и автодорога с.Турген – ур.Батан.

Причинами схода снежной лавины являются: длительный снегопад, интенсивное таяние снега, землетрясение, взрывы и другие виды деятельности людей, вызывающие сотрясение горных склонов и колебания воздушной среды. «Сходящие» лавины снега могут вызывать разрушения зданий, инженерных сооружений, засыпать уплотнившимся снегом дороги и горные тропы. Жители горных селений, туристы, альпинисты, геологоразведчики, пограничники и другие категории населения, захваченные лавиной, могут получить травмы и оказаться под толщей снега.

Филиал ИАТЭТУ ГУ «Казселезащита» МЧС РК напоминает основные правила поведения при сходе лавин:

- ЕСЛИ ВЫ НАХОДИТЕСЬ В ЗОНЕ ОПАСНОСТИ:

Соблюдайте основные правила поведения в районах схода лавин:

не выходите в горы в снегопад и непогоду;

находясь в горах, следите за изменением погоды;

выходя в горы, знайте в районе своего пути или прогулки места возможного схода снежных лавин.

Избегайте мест возможного схода лавин. Они чаще всего сходят со склонов крутизной более 30’, если склон без кустарника и деревьев – при крутизне более 20’. При крутизне более 45’ лавины сходят практически при каждом снегопаде.

 ЕСЛИ ВАС НАСТИГЛА ЛАВИНА:

Закройте нос и рот рукавицей, шарфом, воротником; двигаясь в лавине, плавательными движениями рук старайтесь держаться на поверхности лавины, перемещаясь к краю, где скорость ниже. Когда лавина остановилась, попробуйте создать пространство около лица и груди, оно поможет дышать. Если представиться возможность, двигайтесь в сторону верха (верх можно определить с помощью слюны, дав ей вытечь изо рта). Оказавшись в лавине не кричите – снег полностью поглощает звуки, а крики и бессмысленные движения только лишают Вас сил, кислорода и тепла. Не теряйте самообладания, не давайте себе уснуть, помните, что Вас ищут (известны случаи, когда из-под лавины спасали людей на пятые и даже тринадцатые сутки).

- ПОСЛЕ СХОДА ЛАВИНЫ:

Если Вы оказались вне зоны схода лавины, сообщите любыми способами о происшедшем в администрацию ближайшего населенного пункта и приступайте к поиску и спасению пострадавших.

Выбравшись из-под снега самостоятельно или с помощью спасателей, осмотрите свое тело и, при необходимости, окажите себе помощь. Добравшись до ближайшего населенного пункта, сообщите о происшедшем в местную администрацию. Обратитесь в медпункт или к врачу, даже если считаете, что здоровы. Далее действуйте по указанию врача или руководителя спасательного отряда.

Сообщите своим родным и близким о своем состоянии и местонахождении.

Филиал ИАТЭТУ ГУ «Казселезащита» МЧС РК напоминает: если вы попали в чрезвычайную ситуацию, и вам нужна помощь пожарных или спасателей – единый номер для вызова всех экстренных служб с мобильного телефона «112», «101».

 

 

А. КОПЖАСАРОВ, 

руководитель ДСМиО

филиала ИАТЭТУ

ГУ «Казселезащита» МЧС РК

 

Ұлт даналығында «Білім – таусылмайтын кен» деп оқудың айшықты орнын айқындап берген еді. Бүгінгі күні аталған байлықты еселейтін, есті ұрпақты білім нәрімен сусындатар оқу ордалары жетерлік. Жастардың жалын атуы мен қатантын кеңге жаюына ықпал етер білім ошақтарының мойнындағы жүгі ауыр. Санмыңдаған бөбектің бойына білімнің дәнегін егу оңай іс емес. Іргелі оқу орындары бұл істі бұлжытпай орындап жатқанымен, нысанадан мүлт кетпеуді қадағалау үшін Алматы облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бақылау жүргізуін тоқтатқан емес.
Жоғары да атлған Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі, мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің жұмысы болып табылады.
Лицензиялау бөлімі 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бірі, білім беру қызметіне лицензия беру, екінші білім туралы құжаттарға апостиль қою.
Айта кетейік, лицензиялау "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры арқылы толығымен электрондық форматта жүзеге асырылады. 2020 жылы барлығы 264 өтініш түскен. Олардың 55-і өтініш берушілер тарапынан қайтарылып алынған. 205 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
2021 жылдың басынан департаменке 134 өтініш келіп түсті, 18-і кері қайтарылып алынған. 4 өтінім әлі де қаралу үстінде, 112 қайта рәсімделген жайы бар. 1 лицензия беріліп, 4 лицензияға қосымша беруге бас тартылған екен. .
«Лицензия және лицензияға қосымша беруден бас тартудың жоғары пайызы өтініш берушілердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты болды»,-дейді Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Айымгүл Құлахметова.
Облыста 760 мемлекеттік және 18 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарының атауларының өзгеруіне байланысты ҚР "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 33-бабына сәйкес олардың лицензиялары қайта ресімделуі тиіс. Ағымдағы жылдың 25 ақпанына Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі қаласының мектептерінің 112 лицензиясы мен лицензияға қосымшасы қайта рәсімделген. Қазіргі уақытта Ақсу ауданы мектептерінің лицензияларын қайта рәсімдеу басталды.
Спикердің айтуынша, 2020 жылы облыстың 15 колледжі 28 мамандық, 34 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларды өз еркімен қайтарып алған. Екі колледж оқу орнын жабу туралы шешім қабылданыпты.
Департаменттің тағы бір мемлекеттік қызметі апостиль қою-Қазақстан аумағында берілген білім беру құжатының түпнұсқалығын растау құқығы болып табылады.
2020 жылы білім туралы 228 құжатқа апостиль қойылса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 46 көрсетіп отыр. Былтыр білім туралы 18 құжатқа апостиль қоюдан бас тартылса, 2021 жылы бұл сан 4-ті көрсетіп отыр. Біліктілікті растайтын бұл құжаттарды айқындау арқылы білім саласының үзіктері мен жас білімгерлер өздерін шет мемлекетте шыңдауға мүмкіндік алатын болады.

Мемлекетттік тілдің ел тәуелсіздігін айғақтайтын басты нышандардың бірі екені – талассыз шындық. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында мемлекеттік тілді білу барша қазақстандықтардың парызы екенін, оны  дамыту үшін  ел билігі барлық жағдайды жасау керектігін атап өткен еді. Бүгінде ауданымызда  мемлекеттік тілдің қолдану аясы қай деңгейде? Өзге этностардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы қандай?  Осы  сауалдарға жауап іздеп көрген едік.

Ғасыр бұрын Алаш арыстарының тәуелсіздік үшін күресі ең әуелі  рухани дүниеміздің өзегі – тілдің бостандығынан басталған еді. Cонау 1905 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен Ресейдің қайраткерлері съезінде 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан Әлихан Бөкейхан сөз сөйлеп, өз халқының ана тіліне бостандық берілуін, іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуін айтуы жайдан-жай емес еді. Тоталитарлық жүйе кезінде  қазақ тілінің қанаты қайырылып, тәуелсіздік тұсында қайта тұғырына қона бастады. Егемендіктің елең-алаң шағында еліміздің шынайы ұлтжанды азаматтары ең бірінші тіліміз үшін күресіп, 1989 жылғы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінде оның мемлекеттік мәртебесіне қол жеткізді. Бұл мәртебе 1995 жылғы Ата Заңда конституциялық шешімін тапты. Міне, содан бері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту ісі өз жалғасын тауып келеді.

Бүгінде өңіріміз көп этнос өкілдері ірге тепкен, ел көлеміндегі ірі аудандардың бірі. Сондықтан да ауданымызда тұтастықтың тұғыры саналатын мемлекеттік тілдің мәселесі  күн тәртібінен  түскен емес. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, «Қазақстан республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға арналған түрлі жобалар қолға алыныпты. Бұл ретте аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Балауса Шарғынова: «Мемлекеттік тіл нормаларының сақталуын бағамдау үшін аудан орталығы мен ауылдық округтердегі мемлекеттік мекемелер және сауда нысандарына арнайы рейд жүргізілді. Соның нәтижесінде Есік қаласындағы 38 нысанның мемлекеттік тілдің нормасын сақтамағаны анықталып, түзетілді. Бізде тілдік сауаттылықты түсіндіру жұмысынан бөлек, жеке кәсіп иелеріне мәтіннің сауатты жазылуы бойынша арнайы парақшалар таратылды. Сонымен қоса оларға жарнама мәтінін қатесіз  жазу үшін үнемі кеңес беріп отырдық. Жарнаманы мемлекеттік тілде сауатты жазған кей кәсіпкерлер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Қысқасы, біз мемлекеттік тілге арналған кешенді бағдарлама шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз», – дейді.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғышарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей, қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды. Қазір ауданымызда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді жебеу мақсатында мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге басымдылық берілуде. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпаратынша, өткен  жылдың 4  тоқсанында  өңіріміздің мемлекеттік  тілдегі құжат айналымы 95,01 пайызға жеткен. Дегенмен, бұл көрсеткіш аудан әкім аппаратындағы бөлімдер мен округтердің кіріс-шығыс құжаттары барылығ дерлік мемлекеттік тілде жүргізліп жатыр дегенді аңғартпаса керек. Айталық, 2020 жылдың төртінші тоқсанында Ават, Ақши, Бөлек, Бәйдібек би, Түрген  ауылдық округтер мен ауыл шаруашылық және ТҮКШ бөлімдерінің мемлекеттік тілдегі құжат айналымы төмен пайызды көрсеткен. Мұның ішнде кейбір қазақы ауылдарда да мемлекеттік тілдің ресми іс қағазарда қолданылуы көңіл көншітпейді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, ресми  құжаттарда мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші төмен мекемелерге арнайы хат жіберіліп, кемшілікті түзету жұмыстары жүргізіледі екен. Бүгінгі күні қазақ тілін білетін азаматқа іс қағаздарын жүргізуде кедергі болатын қандай да бір күрделі қиындықтар жоқ. Дегенмен, заңның солқылдақтығы мен өзіміздің немқұрайдығымыздан туындайтын қиындықтарды жоққа шығара алмаймыз. Сарапшылар ең алдымен мемлекеттік қызметшілер жаппай мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс, сонымен қоса, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде қажеттілік тудыратын заң қабылдануы керектігін жиі  айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» дей келе, мемлекеттік тіл мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізу керегін атап өткен болатын. Бұл межелі міндет қазірдің өзінде қазақ тілін жатық білетін, күнделікті тұрмыста қолданып, мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген өзге этонс өкілдері  арасында қызу қолдау тауып, қарқынды жүзеге асуда. Бүгінде аудан аумағында өзге этнос  өкілдері  арасында мемлекеттік тілді насихаттайтын «Мен қазақша сөйлеймін», «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің символы», «Тас жүректі тіліммен тілгіледім», «Тілге құрмет – елге құрмет» атты іс-шаралар мен әлеуметтік желілерде түрлі челлендждер ұйымдастырылып келеді. Аталған жобаларда өзге этнос өкілдері айтулы ақындарымыздың өлеңдерін жалындата оқып, қазақ әндерін асқақтата шырқап жүр. Демек, қазір  елімізде ұлттық бірегейліктің іргесі бекемделіп келеді деген сөз. Олардың арасында қазақ тілі мен руханятын өмірінің ажырамас бөлігіне балайтындар да бар. Солардың бірі Ават ауылдық округі мәдениет үйінің директоры Долкунжан Розахунов: «Мен өзге этностың өкілі ретінде мемлекеттік тілді білу –

әрбір қазақстандықтың  парызы деп санаймын. Өйткені біз осы елдің топырағында өніп-өсіп отырмыз. Бізді көптеген құндылықтар біріктіруі керек. Соның бірі – мемлекеттік тіл. Мен қазақ тілінде әуелетіп ән шырқап, қасиетті  қара домбырамен күй тартамын. Қалай десек те,  қазақ тілін білген адам оның рухани байлығынан мақұрым қалуы мүмкін емес. Бүгінде жастарға қазақ тілі мен өнерін насихаттап келемін», – дейді. «Өзіңді өзің жаттай  сыйла, жат жанынан түңілсін» демекші, мемлекеттік тілдің  тұғырын биіктету өз қолымызда екенін ұмытпайық.

 

Ерзат АСЫЛ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек К шербаевтың т рағалығымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және ткізу ж ніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы тті, деп хабарлады Akorda.kz.

Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шаралардың жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету үшін «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» арнайы Жарлық қабылдағаны белгілі. Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы ұлы жырау, дала Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың рухани мұралары əлемдік мəдениеттің алтын қорына енгенін атап өтті. Жамбыл Жабаев өзінің ғибратты ғұмырында адами қасиеттерді ардақтауды, Отанға деген іңкəрлікті жəне қарақылды қақ жарған əділеттілікті жырына арқау етіп өтті. Бүгінгі таңда оның шығармашылығы қоғамның рухани жаңғыруы жолында ерекше өзекті болып отыр. Қ.Көшербаев былтыр ұлы Абайдың 175 жылдық жəне Əл-Фара бидің 1150 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде лайықты атап өтілгеніне тоқталып, ұлы жыраудың мерейтойы да ұрпақтың санасына ұлағат болар тағылымдық жəне танымдық іс-шаралар арқылы жалғасатынын айтты. Отырыс барысында Мəдениет жəне спорт министрі А.Райымқұлованың, Алматы жəне Жамбыл облыстарының əкімдері А.Баталов пен Б.Сапарбаевтың, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұ.Есдəулеттің Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында өткізуге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпараттары тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарын мақұлдап, бекітті. Мерейтойлық жыл ішінде республика бойынша 500-ге жуық əлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шара өткізіледі. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен əдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын əзірлеу жəне басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр. Мемлекеттік хатшы Үкіметке жалпыреспубликалық жоспардың сапалы орындалуын жəне мерейтойлық іс-шаралардың ақпараттық тұрғыдан жан-жақты сүйемелденуін қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала ларының əкімдеріне Жамбыл Жабаевтың мерейтойын мерекелеу жөніндегі өңірлік жоспарларды əзірлеп, бекітуді жəне олардың орындалуын қадағалауды міндеттеді.

Мемлекеттік қызмет ұлттың айнасы. Қоғамның бет-бедерін түзер алаңда дәл осы ортамен тікелей байланысты. Кемел келешектің ірге тасын қалаудағы орны ерекше органның жұмысы оңтайланған. Бұл туралы ашық диалогтық кездесуде айқындалды.

Алматы облысының аумағында 780 мемлекеттік орган қызмет атқаруда. Облыстың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны 7760 бірлікті құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жалпы 323 мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлованың айтуынша, ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, білікті кадрларды тарту мақсатында ауылдық елді мекендерде тұрып жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу және 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үйге бюджеттік кредит беру түрінде қолдау көрсетіледі.

"Департамент тұрақты негізде әлеуметтік желілерге, ақпараттық және жаңалықтар порталдарына Облыстың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізеді, сол арқылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен кері байланыс орнатады. Мониторинг қорытындысы бойынша, облыстың мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне қатысты 2020 жылы теріс сипаттағы 37 материал анықталды, оның 16-сы расталды, қорытындысы бойынша барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Ләззат Бейсеқұлова.

Сонымен қатар, басшы қазір мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлықтың шегі заңмен алынып тасталғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олар білмей келіп түскен сыйлықтарды қоса алғанда, күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекетке берілуге тиіс.

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар алуға заңнамада тыйым салынған. Сонымен қатар, Азаматтық кодексте құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге рұқсат етілмеген»,-дейді департамент басшысы.

Бүгінде Президент тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Алматы облысында қызмет көрсетушілермен 386 Мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық қызметтердің үлесі шамамен 87% - ды құрайды.

Аталған департамент, бұдан өзге "Egov жаршысы", "Сервистік әкімдік" әкімдік сынды ірі жобаларды жүзеге асырған. Айт кетейік, аталған бастама республика бойынша алғаш рет қолға алынған болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыру үшін 2018 жылы Жетісу университетімен екі жақты меморандумға қол қойылған еді. Нәтижесінде «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі жұмыс жасап келеді.

Орын алып жатқан оң өзгерістерге қарамастан, кызметтерге сұраныстың жыл сайын артуымен оларды көрсету сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етудің өзектілігі сақталуда.

Өкінішке орай, 2020 жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету саласында 48 тексеру іс-шарасы жүргізіліп, 55 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жариялады.


***

Құрметті жиынға қатысушылар!

Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары да қызығушылық танытуда.

Ұлттық кеңес құрамы және міндеттері туралы әртүрлі ұсыныстар айтылды. Тіпті, қарама-қайшы пікірлер де болды. Дей тұрғанмен, алғашқы кезден бастап Ұлттық кеңес жұмысқа белсене кірісті.

Біз осында қабылданатын шешімдер арқылы елдегі жүйелі реформаларға тың серпін беруді көздейміз.

Шын мәнінде, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға зор үлес қосып келеді.

Сондықтан осы алқалы жиын еліміздегі ауқымды өзгерістерге жол ашып отыр деуге болады.

Бір жарым жылдан астам уақыт ішінде нақты нәтижелерге қол жеткіздік.

Кеңес мүшелері саяси реформалардың бірінші топтамасындағы шараларды жүзеге асыруға атсалысты.

Екінші топтамада көзделген жұмыстар да аяқталуға жақын.

Сонымен қатар саяси реформалардың үшінші топтамасы бойынша жұмыс басталып кетті.

Бүгінгі таңда Ұлттық кеңестің ұсынысымен 13 заң қабылданды. Тағы 9 заң жобасы әзірленіп жатыр.

Заң шығару жауапты және күрделі жұмыс екені баршаға белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, Кеңес мүшелері ауқымды істер атқаруда.

Ұлттық кеңес алғашқы кезеңде өз қызметін консультативті-кеңесші орган ретінде бастады.

Ал, бүгінде жаңа реформалар ұсынатын маңызды құрылымға айналды.

Кеңестің әрбір мүшесіне белсенді қоғамдық қызметі үшін ризашылығымды білдіремін. Мысалы, бүгінгі отырыста Кеңестің бірқатар мүшелері сөз сөйлеп, жақсы, тиімді ұсыныстар айтты.

Өздеріңізге мәлім, кеңес тұрақты ротация қағидатын басшылыққа алып жұмыс істейді. Осыған орай қатарымызға жаңа азаматтар келіп қосылуда. Олар кеңес жұмысын одан әрі жандандыруға үлес қосады деп сенеміз.

Жалпы, Ұлттық кеңес ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген көптеген азаматтарды ортақ іске жұмылдыруда. Бірақ, өмір болған соң түрлі жағдайлар болады.

* * *

Я, как и все вы, тяжело воспринял печальную весть об уходе из жизни Михаила Дорофеева – нашего коллеги по Совету. Это была большая потеря для всех нас. Он внес значимую лепту в становление казахстанской журналистики и повышение конкурентоспособности информационного пространства страны. Еще раз выражаю соболезнования его родным и близким.

Уважаемые члены Совета!

В текущих непростых условиях мы последовательно реализуем Стратегию модернизации страны. Наши приоритеты неизменны. Это повышение качества жизни всех граждан и укрепление человеческого потенциала нации, построение справедливого общества и эффективного государства.

На предыдущем заседании Совета я объявил, что год 30-летия Независимости пройдет под знаком экономических и политических реформ, развития образования и здравоохранения, цифровизации, защиты прав людей, решения экологических проблем.

Национальным советом проработано несколько блоков конкретных мер и инициатив, по которым я хочу высказать свою позицию.

БІРІНШІ. Тұрғын-үй және экономика саясатын жетілдіру.

Халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты шарттарының бірі – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету.

Біз осы маңызды мәселені шешу үшін ауқымды шаралар қабылдап жатырмыз.

Қазір азаматтарымыз өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын-үй жағдайын жақсартуға пайдалана бастады.

Бұл – бұрын-соңды болмаған теңдессіз қадам.

Жаңа бастаманың жүзеге асқанына бір ай ғана уақыт өтті.

Соның өзінде мыңдаған азамат көптен күткен баспанасын алды. Ипотекасын өтеді немесе несиесін азайтты. Бұл әділетті қоғам қағидатын жүзеге асырудың нақты қадамдарының бірі деп те айтуға болады. Көпшілікті қуантқан осы шешімді Ұлттық кеңес қолдағанын атап өту қажет. Дегенмен, тұрғын-үй мәселесі азаматтарымыз үшін әлі де өзекті болып отыр.

Былтыр тұрғын-үй құрылысының қарқыны 11,2 пайызға өсті. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ, өңірлердің ахуалы әркелкі. Мысалы, пайдалануға берілген дайын үйлердің 40 пайызы тек
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында. Оның үстіне бұл үйлердің көпшілігінің бағасы әлі де қымбат.

Мен Үкіметтің қаңтар айындағы кеңейтілген отырысында тұрғын-үй саясатын жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар әзірлеуді тапсырдым. Үкімет айтарлықтай тиімді ұсыныстар берді. Жалпы, бұл ұсыныстарды қолдаймын.

Дегенмен, нарықтың өз ережесі бар. Нақты экономикалық факторларға байланысты құрылыс компаниялары қазір арзан үй салуға мүдделі емес. Сол себепті қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатып алынады. Мұндай тәсіл сынақ жобалары аясында алдын ала пысықталды. Енді, мұны бүкіл ел бойынша жүзеге асырған жөн. Бұл қадам аз уақыттың ішінде құны қолжетімді жаңа тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді.

Жалпы, баспана мәселесін Ұлттық кеңестің өткен отырысында Ләззат Қожахметова көтерген болатын.

Сонымен қатар ауылдық жердегі тұрғын-үй мәселесін шешу – аса өзекті міндет.

Жеке шаңыраққа ие болған жастарымыз ауылда тұрақтап қалудан қашпайтыны анық.

Жалпы, ауылдық жерде үй салу баспана мәселесін ғана шешпейді. Мұндай жұмыс экономикалық белсенділікті арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан мемлекет барынша қолдау көрсетуге тиіс.

Баспана мәселесі «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ғана шешілмейді. Бұл іске әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс берушілерді жұмылдыру керек.

Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы. Жұмысты дұрыс жолға қоя алсақ, осы бастама ауылды дамытуға жан-жақты септігін тигізеді.

Сондай-ақ қажетті мамандарды, ең алдымен, мұғалімдер мен дәрігерлерді, мал дәрігерлерін ауылға тартуға мүмкіндік береді. Үкімет бұл тәсілді осы жылдың екінші жартысынан қалдырмай қолданысқа енгізуі керек.

Келесі мәселе.

Аймақтар арасында теңгерімді даму болмаса, азаматтардың әл-ауқаты және жалпыұлттық өркендеу туралы айтудың өзі артық.

Бұған дейін ұсынылған «Қуатты өңір – Қуатты мемлекет» қағидасы – құр сөз емес. Бұл – еліміздің табысты дамуы үшін аса маңызды талап.

Аймақтардың әлеуетін арттыру мақсатымен кезінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылды. Мұндай құрылымдар қазір барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институтқа айналдыратын кез келді.

Өңірлік корпорациялардың жұмысы қоғамның ашық әрі толық бақылауында болуға тиіс. Құзіретіне жатпайтын және маңызы төмен активтерді оның қарамағынан алып тастаған жөн. Жалпы, осы корпорациялардың қызметін үйлестіру үшін ауқымды жұмыс жүргізу қажет. Бұл ретте, Ұлттық экономика министрлігінің аталған мәселеге қатысты құзыретін күшейту керек.

Осылайша біз кәсіпкерлердің экономикадағы рөлін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Яғни, жаңарған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жергілікті бизнестің бәсекелесі емес, сенімді серіктесі болуға тиіс.

* * *

Одним из главных конкурентных преимуществ Казахстана на глобальном уровне всегда были богатые углеводородные ресурсы.

Между тем, мир вступил в фазу «большого энергетического перехода».

Парадигма экономического развития, основанная на традиционных источниках энергии, безвозвратно уходит в прошлое. Поэтому, наряду с мерами по диверсификации экономики и снижению ее энергоемкости, важно последовательно двигаться в сторону «зеленых» технологий.

Не создав благоприятные условия для развития альтернативной энергетики, мы рискуем безнадежно отстать от мирового прогресса. Медлить в данном вопросе нельзя. Сам я придаю особое значение развитию альтернативной энергетики. Это критически важная сфера, которая будет определять будущее Казахстана.

В нашей стране действует Закон
«О поддержке использования возобновляемых источников энергии» (воды, ветра, солнца), принятый в июле 2009 года. Однако, он не регламентирует производство и использование всех альтернативных источников энергии. В том числе таких, как водород, промышленные газы, газометан угольных пластов, биотопливо, твердые бытовые отходы.

В целом принципы и меры государственной политики в такой стратегически важной сфере остаются неопределенными. Об этом на прошлом заседании Национального совета говорил Арман Кашкинбеков.

Поэтому требуется разработать новый закон по вопросам развития альтернативной энергетики. В нем следует отразить подходы и нормы регулирования не только возобновляемых, но и всех альтернативных источников энергии.

Поручаю Правительству подготовить соответствующий законопроект и внести его на рассмотрение в Парламент.

ЕКІНШІ. Білім беру мәселелері.

Барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік беру – тұтас қоғам дамуының кепілі. Бұл ұстаным, әсіресе, білім саласы үшін өте маңызды.

Шын мәнінде, білім беру мәселелері әрқайсымызды толғандырады. Соңғы жылдары біз білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарын, жолдары мен негізгі көрсеткіштерін айқындадық. Енді, нақты шешімдер қабылдауымыз керек.

Жалпы, білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлі айрықша. Бұл, әсіресе, індет кезінде анық байқалды.

Мобильді операторлардың «Білім» тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты. Соның арқасында Қазақстанның
600 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік туды. Бұл қадам оқушылардың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға айтарлықтай ықпал етті.

Қашықтан білім беруді дамытудың осы әдісін тоқтатпай, жалғастыра беру қажет деп санаймын.

Сондай-ақ, интернет тарифтері аясында отандық білім беру ресурстарын мектептерге тегін ұсыну керек. Үкіметке бұл шешімдерді жан-жақты пысықтауды тапсырамын.

Тағы бір маңызды міндет – педагогика және медицина кадрларын даярлау.

Қазірдің өзінде көптеген өңірлерде осы сала мамандарының тапшылығы ерекше байқалып отыр.

Бұл – өте күрделі мәселе, оны жедел шешуіміз керек. Мемлекет осы ахуалды түзету үшін нақты шараларды қолға алды.

Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көбейтіп, әлеуметтік мәртебесін арттырып жатырмыз. Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді.

Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет.

ТРЕТИЙ БЛОК . Формирование инклюзивной общественной среды.

Системная поддержка лиц с инвалидностью характерна для прогрессивных и социально ответственных государств. Нам необходимо на постоянной основе улучшать работу в этом направлении.

В Казахстане растет количество детей с особыми образовательными потребностями. При этом действующие нормы по функционированию подобных специализированных организаций устарели.

Чтобы пройти обследование, дети вынуждены полгода ждать своей очереди. После чего им требуется всесторонняя комплексная реабилитация. Соответствующих учреждений для этого не хватает. Поэтому нужно обновить нормативы в данной сфере с учетом специфики регионов и современных стандартов.

Сегодня одна психолого-медицинско-педагогическая комиссия охватывает
60 тысяч детей. Для повышения эффективности их работы этот норматив необходимо снизить до 50 тысяч детей. Конечно, это потребует выделения дополнительных ресурсов, но важно, что нуждающиеся в профессиональной помощи дети смогут получать более качественные услуги.

Следует также ввести государственный образовательный заказ на специальную психолого-педагогическую поддержку ребят с особыми потребностями. Это позволит без больших бюджетных расходов значительно увеличить охват детей этими услугами.

В целом Правительству нужно взять на особый контроль межведомственное взаимодействие трех профильных министерств – образования и науки; здравоохранения; труда и социальной защиты населения.

Требуется обеспечить качественное исполнение специальной дорожной карты, рассчитанной на 2021-2023 годы.

Необходимо улучшить скрининг детей раннего возраста, усилить деятельность социальных служб при организациях первичной медико-санитарной помощи.

Уполномоченным органам предстоит составить понятный алгоритм действий в виде единого маршрута для ребенка с особыми потребностями и его семьи. С учетом имеющихся в регионах специальных учреждений в нем должны быть предусмотрены все оказываемые государством услуги, начиная с момента рождения ребенка.

Министерству образования и науки следует проводить более акцентированную работу в части реализации прав особых детей на образование.

Уверен, все эти меры будут способствовать полноценной реализации потенциала детей с особыми потребностями.

* * *

Келесі маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау.

Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек.

Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет.

Бірыңғай ақпараттық қор (база) құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге оңтайлы жүйені неге жасамасқа?

Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керек. Бұл жұмысты жеделдету қажет.

Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын.

* * *

Актуален также вопрос обеспечения физического доступа для лиц с инвалидностью на объекты жилой, социальной и транспортной инфраструктуры.

Несмотря на определенный прогресс, у нас все еще имеются большие проблемы в данной сфере.

В частности, строительные нормы и правила были приведены к международным стандартам доступности в 2015 году.

Однако до сих пор отсутствуют критерии оценки доступности объектов, спроектированных и сданных в эксплуатацию до 2015 года.

Мы даже ввели административную ответственность за несоблюдение условий доступности, но действующие стандарты продолжают повсеместно нарушаться.

На практике маломобильные граждане не всегда имеют элементарную возможность самостоятельно покинуть свой дом и выйти на улицу. Не говоря уже о том, чтобы добраться до какого-либо объекта и передвигаться в нем. Эту тревожную и неприемлемую ситуацию необходимо кардинально менять.

Нужно срочно принять действенные нормативные правовые акты для обеспечения безбарьерного доступа лиц с ограниченными возможностями к востребованным объектам по принципу «от порога до порога».

В этой связи местным исполнительным органам следует разработать Список или Карту востребованных объектов.

Она должна включать все наиболее посещаемые организации – центры обслуживания населения, медицинские, образовательные и другие учреждения.

На её базе акимы приведут эти объекты в полное соответствие с требованиями. Конкретных и системных улучшений в данной сфере ждут тысячи наших соотечественников.

ТӨРТІНШІ. Адам құқығын қорғау.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселенің бірі. Бұл орайда әлемдік үрдістерді басшылыққа алуымыз қажет.

Қазір еңбек қауіпсіздігін қорғау кезінде алдын алу шараларына басымдық беріледі. Бұл – халықаралық тәжірибе.

Әсіресе, кәсіптік қатерлерді бағалау және оларды реттеудің тиімді жүйесін құру – айрықша назарда. Еңбек қауіпсіздігін қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту барысында осы қағидаттарды негізге алу керек.

Қауіп-қатерді анықтап, оның алдын алу тәсілдерін енгізуіміз қажет. Бұл – жұмысшылардың денсаулығына зардабын тигізетін өндірістік түйткілдерді барынша азайту деген сөз.

Өкінішке қарай, біз қазір мұндай мәселеге әбден кеш мән береміз.

Қазақстанда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі
іс-шаралар жоспарын әзірлеген жөн. Бұл құжатты Үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері бірлесе дайындағаны абзал.

Ірі және орта кәсіпорындардың иелері мен басшылары жұмысшылардың әлеуметтік талаптарын назарда ұстауы қажет.

Компанияларда әлеуметтік үйлесім болуға тиіс.

* * *

Передовые международные стандарты должны распространяться на всю сферу защиты прав человека в нашей стране.

Полноценным инструментом оценки качества реализации прав человека являются индикаторы их соблюдения.

В текущей мировой практике существуют 14 глобальных индикаторов, разработанных Управлением Верховного комиссара Организации Объединенных Наций по правам человека. Предлагаю на их основе начать поэтапное внедрение Национальных индикаторов оценки соблюдения прав человека.

Считаю, что такой шаг усилит проводимую государственную политику в этой сфере.

* * *

Өскелең ұрпақтың денсаулығына «әлеуметтік кеселдер» залалын тигізеді.

Шылым шегуге, ішімдікке және есірткіге тәуелді болу – кеңінен таралған жағымсыз әдеттер.

Бұған қоса соңғы кезде жастар арасында лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік белең алуда. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді.

Жасөспірімдеріміз заманауи технологиялардың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды.

Букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз еліктіруде. Мемлекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шаралар қабылдады. Бірақ, бұл шаралар, әрине, жеткіліксіз.

Жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғауымыз керек. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолдану қажет.

Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз.

Қазір осындай заңсыз қызметі үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ғана айыппұл салынады.

Шетел азаматтарының ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салу керек.

Лудоманияға жан-жақты тосқауыл қоюға тиіспіз. Бұл ретте, заңнамалық шара қабылдаумен шектеліп қалуға болмайды. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатымен тиімді тәсілдер қолдану қажет.

Заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту аса маңызды. Осы міндеттерді орындауға құзырлы органдар белсенді атсалысуы керек.

* * *

Острейшей социальной проблемой является бытовое насилие в отношении женщин.

Ежегодно в нашей стране регистрируется более 2,5 тысяч преступлений против женщин, в том числе с летальными исходами.

Насилие против женщин лишает их полноценного участия в жизни общества и оказывает негативное влияние на институт семьи. Решение этого наболевшего вопроса возможно только общими усилиями госорганов и неправительственных организаций.

При этом ключевая роль здесь отводится специальным подразделениям министерства внутренних дел по защите женщин и детей от насилия, созданным еще в 1999 году. Они должны быть эффективным звеном взаимодействия полиции с гражданским обществом.

Однако в свое время их штатная численность была сокращена почти наполовину, причем в тех регионах, где наиболее часто фиксируются факты бытового насилия. Эту проблему на площадке Совета поднимала социолог Гульмира Илеуова.

Поручаю министерству внутренних дел по возможности восстановить штат спецподразделений по защите женщин и детей от насилия.

В этой связи отмечу инициативу Айгуль Орынбек. Она предложила ввести специализацию женщин-следователей по насильственным преступлениям, совершенным против женщин и детей. Это позволит не допускать факты предвзятого и нетактичного отношения к потерпевшим.

Рахим Ошакбаев передал мне письмо-обращение видных юристов и общественных деятелей с просьбой законодательно ужесточить наказание за семейно-бытовое насилие. Эту интересную инициативу следует широко обсудить и возможно мы примем соответствующие меры в законодательном порядке.

Следующий важный вопрос – обеспечение прав человека в пенитенциарных учреждениях и служебных помещениях полиции.

Практика показывает, что действующая система видеонаблюдения не в полной мере обеспечивает мониторинг происходящего в стенах этих заведений.

Многие места в них все еще остаются вне поля зрения.

Нужно пересмотреть концепцию видеоконтроля деятельности правоохранительных органов, особенно в части устранения факторов, способствующих укрытию противоправных действий.

Именно поэтому в своем Послании я поручил внедрить систему видеонаблюдения, которая должна охватить все «невидимые» участки.

Теперь для достижения поставленной цели министерству внутренних дел совместно с заинтересованными госорганами и правозащитниками нужно разработать План конкретных действий. Причем речь идет не только о контроле действий сотрудников правоохранительных органов, но и заключенных. Поскольку мы знаем, что они используют практику провокационных действий в адрес сотрудников правоохранительных органов. То есть контроль будет, как бы обоюдный и самое главное будет обеспечена прозрачность. В результате этой прозрачности мы можем принимать соответствующее решение. Будет ясна вся картина

В рамках этого проекта активную работу проводит Жемис Турмагамбетова.

Мы должны получить четкую картину того, где и как содержатся задержанные, подозреваемые и осужденные, какие меры в отношении них принимают представители правопорядка.

* * *

Строительство правового государства невозможно без сильной и независимой адвокатуры.

Эффективность госаппарата в значительной степени связана с созданием возможностей для профессиональной защиты прав и интересов граждан и предприятий.

От этого также зависит уровень предпринимательской и инвестиционной активности в стране.

Поэтому роль адвоката здесь сложно переоценить.

В рамках Национального совета адвокатская проблематика неоднократно поднималась Айман Умаровой.

Многие инициативы членов Совета нашли отражение в законопроекте «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам адвокатской деятельности и юридической помощи».

В частности, можно отметить предложение по исключению нормы о пожизненном лишении адвокатов лицензии за проступки, связанные с несоблюдением профессиональной этики, принципов оказания юридической помощи.

Отдельного внимания заслуживают новеллы по повышению состязательности сторон, обеспечению равенства прокурора и адвоката в судебном процессе.

Прошу парламентариев при рассмотрении данного законопроекта принять во внимание предложения членов Национального совета.

БЕСІНШІ. Саяси реформаларды жүйелі негізде жүзеге асыру.

Ұлттық кеңес бастамашы болған реформалардың екі топтамасы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпін берді.

Біз қазірдің өзінде сол маңызды бастамалардың жемісін көріп отырмыз.

Жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мен саяси реформалардың үшінші топтамасын ұсындым.

Оған Ұлттық кеңес мүшелерінің, саяси партиялардың, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары негіз болды.

Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі дамытып, адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіру үшін тың бастамалар көтеру өте маңызды. Сондай-ақ бұл саяси бәсекені күшейтеді, азаматтардың мемлекеттік саясатқа ықпал ету мүмкіндігін арттырады.

Саяси реформалардың үшінші топтамасын жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізіледі.

Құзырлы органдарға тиісті заң жобаларын жедел әзірлеуді тапсырамын.

Ұлттық кеңеске мүше Парламент депутаттары және бүкіл депутаттық корпус бұл жұмысқа белсене кіріседі деп сенемін.

Осы саладағы жүйелі өзгерістер ел ішінде ғана емес, халықаралық байқаушылар тарапынан да кең қолдау табуда.

Менің бірқатар шетелдік әріптестерім және беделді сарапшылар елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы оң пікір айтуда.

Олар саяси жаңғырудың сан қырлы және күрделі үдеріс екенін өте жақсы түсінеді.

Ал, реформаларды сынайтындар көбінесе мәселеге үстірт қарайды немесе жағдайымыздың ерекшелігін әдейі түсінгісі келмейді.

Біз түйткілді тұстарымызды жақсы білеміз. Ұстанымымыз – айқын.

Барлық мәселелерді кең ауқымды диалог пен мәміле арқылы біртіндеп шешеміз.

Саяси жаңғыруды міндетті түрде жүзеге асырамыз. Бұл – біздің ұзақ мерзімге арналған негізгі мақсаттарымыздың бірі. Мен осы мәселеге айрықша мән беріп отырмын.

Біз реформаларды біреуге ұнау үшін, олардың алдында жақсы көріну үшін не болмаса біреулерге есеп беру үшін жүргізіп отырғанымыз жоқ.

Реформаларды ешкімге жалтақтамай, ұдайы іске асыратын боламыз.

Басты мақсат – еліміздің күш-қуатын, әлеуетін нығайту және ең алдымен, халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін тиімді шешімдер қабылдау. Бұған ешкімнің күмәні болмауға тиіс.

Тағы бір маңызды мәселе – өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейдегі сайлау институтын нығайту.

Ауылда, ауданда тұратын әрбір жан өзінің және отбасының болашағына өзі жауапты екенін сезінуге тиіс. Олардың пікірі барынша ескерілуі керек.

Мен былтырғы Жолдауымда Үкіметке Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұл құжаттың жобасын Реформалар жөніндегі жоғары кеңес алдағы уақытта қарайтын болады.

Ал, бірінші жартыжылдықта мәселені кейінге ысырмай, тиісті заң жобасын дайындауға кірісу керек.

Стратегиялық маңызы бар осы құжаттарда бүгінгі ахуалдың ерекшеліктері ескерілуге тиіс.

* * *

Қазір біз кенттердің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз.

Сайлау биыл шамамен тамыз-желтоқсан айлары арасында өтеді.

Осы жылы 786 ауыл әкімінің өкілеттігі аяқталады. Яғни, 800 жуық елді-мекенді қамтитын жергілікті сайлау науқаны өтеді. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болмақ.

Сайлау туралы заңнамаға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар пысықталуда. Тиісті заң алдағы уақытта қабылданады. Содан кейін ғана кенттердің, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауына қажетті барлық нормативтік-құқықтық негіз толығымен қалыптасады деп айта аламыз. Бірақ, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз.

Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы.

Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін.

Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу халық билігін орнатудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын.

* * *

Казахстан относится к многочисленной группе стран, где запрещено двойное гражданство.

Соответствующая норма есть в нашей Конституции.

Однако в последнее время мы все чаще фиксируем факты наличия двойного гражданства даже у государственных служащих. Это недопустимо по понятным причинам.

Данная проблема очень серьезная, поскольку касается национальной безопасности. Нужно пресекать подобные факты.

В прошлом году в своем Послании я дал поручение увольнять с занимаемых должностей государственных служащих, руководителей квазигосударственных организаций в случае выявления у них двойного гражданства.

Прошу Правительство и Агентство по делам государственной службы доложить о результатах проделанной работы.

По всей видимости требуется еще более ужесточить ответственность за такие нарушения.

* * *

Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды.

Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы.

Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым.

Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет.

Сондықтан, мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым.

Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын.

Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мен мұны Президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім.

Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек.

Екіншіден, бір айдың ішінде Жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын. Комиссияның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосу керек.

Үшіншіден, Үкіметке биылғы тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәміле арқылы түбегейлі байлам жасауды тапсырамын.

Төртіншіден, комиссия жұмысының әрбір кезеңі және онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру керек.

Басты міндеттің бірі – комиссия жұмысының және шешім қабылдаудың мейлінше ашықтығын көрсету.

Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін.

Бұл шешімдер, ең алдымен, ел экономикасын дамытуға және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған.

Ең бастысы, жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды.

Құрметті Кеңес мүшелері!

Бүгінгі отырыста ауқымды әрі маңызды мәселелерді талқыладық.

Елімізді жүйелі реформалауға қажетті нақты шараларды айқындадық, тиісті шешімдерді қабылдадық.

Биыл – мемлекетіміз үшін ерекше жыл.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесін атап өтеміз. Сондай-ақ бұл – айрықша сын-қатерлер кезеңі.

Біз кез-келген қиындыққа дайын болуымыз керек. Еліміздің болашақтағы даму жолы осы сыннан сүрінбей өтуімізге байланысты.

Біз жоспарлаған өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға күш-жігерімізді салуымыз керек.

Барлық негізгі бағыттар мен салалар бойынша алға ілгерілеуіміз қажет. Бұл мақсатқа сындарлы және өзара сенімді диалогтың арқасында қол жеткізуге болады.

* * *

Формирование эффективных вертикальных связей между государством и обществом – одна из важнейших задач Национального совета.

Наряду с этим его миссией является и выстраивание конструктивного горизонтального диалога между различными общественными группами, лидерами мнений.

К сожалению, сегодня мы наблюдаем снижение качественного уровня общественной дискуссии.

Нередки ситуации, когда те или иные деятели в погоне за «хайпом» будоражат и вводят в заблуждение граждан и ничем не подкрепленными и откровенно популистскими заявлениями.

Яркий пример – деструктивная позиция так называемых антиваксеров.

Настораживает непримиримость взглядов, однобокость подходов в обсуждении различных социально значимых вопросов.

Все это ведет к дезориентации общества, формирует атмосферу недоверия друг к другу и, в конечном счете, тормозит прогресс нации.

Недопустимо, чтобы такие негативные проявления стали доминирующей тенденцией.

Общественная деятельность – это высокая миссия, но в тоже время это и высокая ответственность, прежде всего, перед согражданами.

Очень важно понимать последствия своих слов и действий.

Задача Национального совета способствовать формированию гармоничной общественной среды, укоренению норм цивилизованного диалога.

Вы должны задавать тон в этом вопросе.

Бұл ретте, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы басты рөл атқаратынын қайталап айтқым келеді. Соның арқасында әлеуметтік әріптестік пен жанашырлық дәстүрі нығая түсері сөзсіз.

Жұртшылық оң өзгерістерге өз үлесін қосып жатқанын сезінуге тиіс.

Біз жаңғырудың түпкі мақсаты әділ қоғам құру екеніне әрдайым баса назар аударуымыз қажет. Әр азаматымыз саясатта, экономикада және әлеуметтік салада тең құқықтарға ие болуы керек.

Азаматтардың өзекті мәселелерін шешу және олардың тұрмыс сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты. Осыны ұмытпаған жөн.

Бізге нақты іс пен нақты нәтижеге жеткізетін идеология қажет. Осындай айқын ұстаным ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуымызға жол ашады.

Баршаңызға рақмет!

Баршаңызға табыс тілеймін!

Аудандағы эпидемиологиялық жағдай жайында Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Миржан Әзербаевтан сұрап-білдік.

– Жақында онлайннан дәстүрлі оқу форматына бірнеше сынып көшті. Яғни мектепке баратын бала саны артты. Санитарлық талаптар күшейді ме? Қандай шаралар қолға алынды?

– Аудан көлемінде барлығы 86 білім беру орындарында 53 881 оқушы бар. 76 мектепте 1260 кезекші сынып топтары ашылған. Оларда 16 340 оқушы білім алып жатыр. Сондай-ақ бала саны 180 орынға жетпейтін мектептердің қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмысын дәстүрлі түрде жалғастыруына рұқсат берілген. Осыған байланысты ауданымызда Толқын орта мектебі мен Жаңашаруа орта мектебі бүгінгі күні толыққанды жұмыс істеп отыр. Толқын орта мектебінде 164 оқушы болса, Жаңашаруа орта мектебінде 127 бала бар. Барлық кезекші сыныптар ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығына коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 20 тамыз айында енгізілген өзгерістердің №98/2020 қосымшасында көрсетілген талаптарға сай жұмыс істеп келеді. Барлық мектептер портативті пирометрлермен, яғни жанаспайтын дене қызуын өлшегіш құралдармен, сондай-ақ дезинфекциялық тоннельдермен жабдықталған. Білім ошақтарында дезинфекциялық құралдардың төмендемейтін қоры жасалған. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимде жұмыс істеп жатқан оқу орындарының қызметкерлері мен оқушылары мектеп ғимаратына тек бетпердемен кіргізіледі және күнделікті жанаспайтын термометриямен теңертеңгілік сүзгіден өтеді. Әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ғимарат алдында асфальтта таңбаланған, ғимарат ішінде қашықтықты сақтау үшін сигналды белгілер жасалған, оқушылар мен қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған антисептикті санитайзерлер әр қабатта және әр сыныпта орнатылған. Мектеп кіреберісінде аяқкиім табанын дезинфекциялық кілемшелерге сүрту міндеттелген, сабақ арасындағы үзіліс кестесі әр сыныпқа әр уақытқа белгіленген. Мектеп ішінде жүріп-тұру мен баспалдақпен көтерілу «біржақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланған және әр қабатта санитарлық бекеттер жұмысы ұйымдастырылған.

– Мектеп асханаларындағы санитарлық жағдай қалай бақылануда? Мысалы, кейбір мектептердің асханалары тар, әлеуметтік ара қашықтық мәселесі туындап жатқан болар?

– Ауданымызда кезекші сыныптар ашылған барлық мектептердің асханалары жұмыс істеп тұр. Асханалардың жеке кәсіпкерлері «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына 46-қосымшасына сәйкес жұмыс атқарады. Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті «кіру сүзгісі» байланыссыз термометрия жүргізіледі. Асханаға кіреберісте және тамақтану залында көзге көрінетін және қолжетімді жерлерде қол жууға арналған орындар жасақталған. Асхананың толтырылуы тамақтану залындағы отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-ынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылған. Асхана қызметкерлері бір реттік қолданылатын медициналық маскалармен және қолғаппен жұмыс істейді.

– «Қорам, Қаражота, Байсейіт ауылдарындағы мектептерде ұстаздардан коронавирус анықталды» деген ақпарат бар. Ол рас па?

– Өкінішке қарай, рас ақпарат. 2021 жылдың ақпан айында Қорам, Қаражота, Байсейіт ауылдарындағы мектептерде 5 мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталды. Тіркелген жағдайлар бойынша «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулыға сәйкес барлық тиісті жұмыстар жүргізілді. Ол мектептер карантинге толық жабылды.

– Аудандағы ахуалға тоқталып өтсеңіз, жалпы жағдай қандай?

– Аудан бойынша жағдай бірқалыпты. Жұқтырушылар саны қазір біршама азайды. Өткен жылдың аяғындағы мерекелерден кейін күрт өсу байқалып еді. Алда наурыз айындағы мерекелер бар, одан кейін сәуірде мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Сол мейрамдарды халық көп адамның басын қоспай, өз шаңырақтарында атап өтсе, бір-біріне қонаққа баруды тыя тұрса деген өтініш-тілегіміз бар. Әрине, мұның бәрі де алдымен өздеріңіздің және жақындарыңыздың амандықтарыңыз үшін қажет. Бұл дертпен қоғам болып күресуіміз керек. Тек бір тараптың жұмысы жеткіліксіз.

– Қазіргі күнге дейін ауданымызда коронавирусты жұқтырғандар саны нешеге жетті?

– Былтырғы наурыз айынан бері ауданымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 918 науқас тіркеліп, оның ішінде 840 науқас емделіп шықты. Бізде халық тығыз орналасқан, әрі ауданымыз Алматы сияқты мегаполиске жақын жатыр. Қалаға қатынап жұмыс істейтіндер мен келіп-кететін адам көп.

– Облыс бойынша індетті жұқтырғандарды тек үш аурухана қабылдайды. Оның бірі – біздің ауданаралық Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасы. Қазір мұнда қанша науқас ем алып жатыр?

– Иә, облыс бойынша коронавирус жұқтырған науқастарды Талдықорған қаласында, Қарасай ауданында және ауданаралық Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасында қабылдайды. Қазіргі кезде бізде Іле ауданынан 2, Қарасай, Талғар, Қапшағай, Райымбек ауданынан 1 науқастан және Алматы қаласынан 6 науқас ем алып жатыр. Сонымен қатар өз ауданымыздан 11 адам емделуде. Айта кету керек, ауруханаға тек жағдайы орташа-ауыр және ауыр науқастар қабылданады. Ал коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түріне шалдыққандар үйде ем алады. Ол науқастар мобильді топтың, жергілікті учаскелік дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында және карантин талаптарын қатаң ұстайды.

– Ауылдарда медпунктердегі медбикелер бәріне бірдей үлгере ала ма? Мысалы, науқастарды тәулік бойы күзетіп отырған жоқ, ал науқастардың бұл уақытта карантин талаптарын бұзып, қоғамдық орындарда жүрмесіне кім кепіл?

– Коронавирус – жеңіл-желпі қарайтын ойыншық емес. Мұны дертке шалдыққан адам жақсы түсінеді және қоғам алдындағы жауапкершілікті де біркісідей сезінеді. Ал той жасап, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүріп, әлеуметтік ара қашықтыққа қарамайтындар – «Мен науқас емеспін» деген ішкі сеніммен жүргендер. Олар аурудың не екенін білмейді. Ал індетті жұқтырғандар карантин талаптарын қатаң ұстайды.

Коронавирусқа байланысты ауданымызда 53 мобильді топ құрылған. Арнайы мамандар бөлініп, қажетті барлық жабдықпен жабдықталған көлік те берілген. Олар науқастармен тікелей жұмыс жүргізеді. Емдеп, бақылауда ұстайды. Одан бөлек, науқастар учаскелік дәрігердің де, біздің де, керек болса, учаскелік полицияның да бақылауында болады. Күнделікті бейнеқоңыраумен хабарласып, хал-жағдайын біліп отырамыз. Сондықтан алаңдаудың да реті жоқ.

 

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 10:33

Семья обрела дом

Несколько номеров тому назад мы опубликовали обращение ветеранов Афганистана из  ОО «Кахарман», ИП «Еркен», арендаторов торговых точек на территории автостанции г.Есика об оказании помощи  жителю г.Есика Аскару Омарову. Его супруга скончалась от последствий коронавируса. Семья жила на съемной квартире, на руках 36-летнего отца остались пятеро несовершеннолетних детей. «Афганцы»  работники и директор  ИП «Еркен» Р.Калиев (автостанция г.Есика),  арендаторы торговых мест первые материально поддержали семью Омаровых, с топливом на зиму помог городской акимат, существенную организационную поддержку оказала  волонтер Саида из г.Алматы. 

Люди  сердечно откликнулись на беду, которая, как известно, чужой не бывает. Они  несут продукты, детские вещи, небольшие суммы денег. Две старшие  девочки 7-8 лет ходят  в школу,  двое дошколят устроены в садик, а с самой младшей девочкой, которой не исполнилось еще года, нянчится мама Аскара Зауре апай.

Крепко помог алматинский предприниматель, внесший крупную сумму пожертвований. Благодаря ему  для Омаровых приобрели дом, им не надо  дожидаться наступления очереди на социальное жилье. Однако жить на квартире приходится и сейчас, так как предстоит собрать средства на ремонт уже собственного крова. В перспективе главе семьи необходимо  устроиться на какую-нибудь работу. Пока постоянный, но небольшой  источник дохода –  лишь детские пособия.  

Судьба  Омаровых  попала в поле зрения  депутата Мажилиса Парламента РК Айжан Скаковой.  Буквально на днях по ее просьбе семью посетила председатель общественного фонда  «Ғасыр анасы» Гульдана Нурпеисова, которая ознакомилась с положением дел, чтобы  представить собранную информацию депутату.  Ситуация, в которой оказалась семья  многодетного одинокого отца из г.Есика, будет поводом для   депутатского предложения о внесении изменений  в закон о социальной защите, которые послужат принятию более действенных мер по поддержке социально незащищенных семей, оказавшихся в трудных жизненных обстоятельствах.

Да, все же не скажешь, что все складывается благополучно. Самое дорогое для детей  – маму,  а для мужа  –  надежную спутницу жизни  не вернуть. Но смягчить им горечь утраты, дать надежду на лучшее будущее можно и нужно прямо сейчас.

И.ВИКТОРОВ.

Алматы облысына Елордадан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 2-компонентінің 1 450 дозасы жеткізілді және бүгінгі күні вакцинациялау басталды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында хабарлады.

Жетісу өңірінде 22 ақпаннан бастап екпе егудің екінші кезеңі басталды. Бүгінгі күнге дейін "Спутник V" вакцинасы 2 күн ішінде 124 адамға салынды.

Еске сала кетсек, ақпан айының басында"Медсервис Плюс "КФК" ЖШС Облыстық қан орталығының сақтау қоймасына Нұр-сұлтан қаласынан коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" 1-компонентінің 1 450 дозасы жеткізілген.

«Шалғай елді мекендерде вакцинация жүргізу қажет болған жағдайда 12 жылжымалы бригаданы іске қосу жоспарлануда. Жалпы сыйымдылығы 253 литр болатын 11 термоконтейнер дайындалды. 29 егу пунктінде екпе салдырған адамдарды бақылау үшін жеке ғимарат қарастырылған. Вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлерінің саны – 11 192», – деді облыстың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков.

24 ақпандағы мәліметке сәйкес, облыста КВИ зертханалық расталған 10 550 жағдай тіркелген, оның ішінде 4 342-інің симптомдары бар. Өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан.

«Елімізде вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізілуде, бүгінгі күні барлық өңірлерде "Спутник V" вакцинасының екінші дозасы қолжетімді, оны өндіру Қарағанды фармацевтикалық зауытының базасында жолға қойылған», – деп атап өтті Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

Меруерт АҚБАРОВА

Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 16:59

Ақын мұрасы мәңгі өмір сүреді

 

Дарын иесі өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді

Иә, ғажайып ақын Мұқағали Мақатаевтың ғұмырлы поэзия-сы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен қуаныштан, сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали ақының әр өлеңі өзіндік мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманды өзіне баурап алып, ой салады.

Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамау-ларыңызды  өтінем» деген екен.

Қазақ поэзиясындағы дәстүр-лі тақырыптардың бірі – туған жер, оның бауырында өткен балалық шақ, ата-мекеннің тағдыры, оған деген сүйіспеншілік екені бел-гілі. Тау тұлғалы азаматымыз – туған жерінің суретін бейнелеу-де өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тербемеуі мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта балайды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да оны әр күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жібектей жасыл шөптер мен асқар тау, балдан тәтті суларды көрсе, кейде сол даладағы бабасы өскен кең бұлақты ғасырлардан оралған көштерге теңейді. Кейде сарғайған сары белін сәулелі лағылға теңесе, енді бірде сол даланың соққан самалынан таңдайына қымыздың дәмі келген.

Туған жеріне, өз Отанына арнаған өлең жолдарын әдебиеттік оқуда жатқа айтқан кезде менің бойымды патриоттық сезім билеп алғандай болды. Міне, ақынның құдіреттілігі осында екен ғой деп ойладым. Мұқағали ақының әсерлі жырлары әр қазақтың жүрегін жаулап алары хақ. Сондықтан да осындай абыз тұлғаны халқы «Ғасыр ақыны» деп атап кеткен. Ақиық ақынның  жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы барда аты санамызда мәңгіге қалады. Мұқағали мұрасы, маржандай поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы.

Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Аңызға айналған  Мұқағали – жалпы халықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Мұқағали Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарына адамның ғұмыры мен тағдыры баяндалғандай. Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз бен мұң жүреді. Осы бір алма-кезек ауысқан көңіліне жұбаныш, жанына тыныштық беру үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың табиғатына тән кеңдікті, кеңістікті іздейді, сахараны көргісі келеді.

«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сырын төккендей. Сонымен, түйіндеп айтқанда, Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. М.Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына, өзгеше пайымдау ерекшелігі, өзіндік өрнексалар тілі, шалқыған шабыты сөзге шебер халықтың ұрпағы екенін аңғартады. Сондықтан да оның қаһармандары шынайы, оқырманды бірден баурап алады. Сол себепті де Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді.

Сәнім АХМУРАТОВА,

Көктөбе орта мектбінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет