Сәрсенбі, 17 Наурыз 2021 16:46

Ізгілік нұры алғыс пен мейірімде

Алғыс айту мен мейірімділік – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы екені сөзсіз. Ал бұл игі қадамның мектеп қабырғасынан басталуы тіптен маңызды.
Мейірім мен ризашылықты, яғни адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдіру екенін бала бойына қалыптастыру мақсатында Азат негізгі орта мектебінде ізгі шаралар қашықтықтан оқу кезінде де толастаған емес. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан ұстаздар шәкірттерін адамгершілікке баулумен бірге ізгілік пен мейірімділік нұрын да себері хақ. Жақында мектеп басшысы Р.М.Жапарованың нұсқаулығымен қазақтың дәстүрлі әдептілігі, адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік, инабаттылық секілді ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру өзек еткен «Ізгілік нұры алғыс пен мейірімде» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында әр сыныптан 1 оқушы келесі сыныпқа мейірімділік туралы челлендж жолдады. Ал тұрмысы төмен отбасының балаларына әркім шамасына қарай сыйлықтар табыстады. Ғұламалар «Әлемді ізгілік ғана құтқарады» дейді екен. Сондықтан жас ұрпақтың бойына ізгілік қасиеттерін дарыту бар оқу ордаларының маңызды ісі деп білемін. Мектебімізде бұл бағыттағы шаралар оқу үдерісімен бірге жалғасын таппақ.

Л.М.МОЛДАСИНОВА, 
Азат негізгі орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

По сфере ветеринарии в Болекском сельском округе оказываются две государственные услуги это:
• Выдача ветеринарных справок
• Проведение идентификации сельскохозяйственных животных, с выдачей ветеринарного паспорта
Исполнительными органами по оказанию государственных услуг в области Ветеринарии являются ветеринарные пункты.
Государственные услуги оказываются на основании заявлений, заполненных услугополучателем по форме согласно государственным стандартам. Заявления регистрируются в кансилярии ветеринарного пункта.
Для выдачи ветеринарный справки по форме № 1 необходимо учесть что, животные должны стоять на учете в базе данных по Идентификаций сельскохозяйственных животных а также наличие ветеринарного паспорта. Ветеринарная справка выдается ветеринарным врачом после клинического осмотра животных.
Форма предоставления результата оказания государственной услуги бумажная, ветеринарная справка выдается на бланке утвержденного образца.
Основанием для отказа в оказании государственной услуги являются:
1. Установления не достоверности документов
2. Отсутствие индивидуального номера животного или несответсвие животного или продукции, транспортного средства
3. Изменения эпизоотического сетуации места происхождения животного или установления неблогополучной зоны.
4. В отношении услугополучателя имеется вступичшее в законную силу решение суда о запрещении деятельности связанного с получением ветеринарной справки
Государственная услуга проведения идентификации животных также проводится на основании услугополучателя зарегестрированного в канцилярии ветеринарного пункта.
Результатом оказания государственной услуги являются присвоении индивидуального номера с выдачи ветеранарного паспорта.
Присвоение индивидуального номера проводится в зависимости от вида животных:
• КРС, МРС, верблюды и свинии – путем биркования
• Лошадей и однокопытных путем таврения или чипирования
Биркование и таврение проводится бесплатно, а чипирования на платной основе.
Дополнительно для всех видов сельхоз животных допускается идентификация методом электронного способа (бирки с радиочастотной меткой, болюсы, чипы)
При этом молодняк сельскохозяственных животных идентифицируется при достижении следующего возраста
• Телята, ягнята,козлята, верблюжата и поросята – по истечении семи дней со дня рождения.
• Жеребята а также молодняк однокопытных (ослы, мулы,пони и др) с четырех месячного возраста при таврении и семи дневнего возраста при чипировании.
График работы услугодателя – с понедельника по пятницу включительно в рабочее время кроме выходных и праздничных дней.
В случае необоснованного отказа услугодателя для оказания государственного услуги услугополучатель имеет право на обжалование.
Жалоба подается в писменной форме на имя руководителя услугодателя.
Уважаемые услугополучвтели необходимо помнить что обеспечение идентификации сельхоз животных, а также иформирование ветеринарных специалистов о вновь приобретенных животных, полученном приплоде, убое и реализации согласно Закона « О ветеранарии» является обязонностью владельцев животных.


Е.Подолякова,

заведующии ветеринарного пункта
Болекского сельского округа 

Сәрсенбі, 17 Наурыз 2021 14:59

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (10.03 – 16.03.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 45 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

Шелек – 9

Бәйдібек би – 5

Есік – 4

Өрікті – 4

Қазақстан – 4

Қаракемер – 3

Қорам – 3

Әймен – 2

Ақбастау – 1

Бәйтерек – 1

Еңбек – 1

Түрген – 1

Байсеит – 1

Ақши – 1

Қаратұрық – 1

Достық – 1

Ават – 1

Бижанов – 1

Бөлек – 1

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесіне төмендегідей:

1 науқас – мемлекеттік мекемеде электрик

6 науқас – мұғалім,

5 науқас – мектеп оқушысы,

1 науқас – балабақша қызметкері,

1 науқас – медицина қызметкері,

1 науқас – студент,

1 науқас – бала,

8 науқас – зейнеткер,

18 науқас – жұмыссыз.

 

mezet

Сәрсенбі, 17 Наурыз 2021 14:32

COVID-19: Жұқтырғандар екі есе өсті

Тура бір жыл бұрын, 13 наурызда елімізде COVID-19 алғаш тіркелді. Коронавирус Германиядан келген екі отандасымыздан анықталды. Ал бір жылдан кейін бұл цифр коронавирусты пневмонияны қоса алғанда 276 мыңнан асты. 3529 адам көз жұмды.

Егер коронавирустың алдын алу бойынша мемлекет тарапынан жасалған шаралар болмаса, жұқтырғандар саны әлдеқайда көп болуы да мүмкін еді. Дәл сол сияқты, карантин талаптарына бойсұнып, бұл жағдайға жұрт жауапкершілікпен қараса, індетті жұқтырушылар әлдеқайда аз болатыны да –дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бүтін бір қоғам болғандықтан ондағы жағдайдың қай бағытта белең алатыны әрқайсымызға тікелей байланысты. Айдаладағы аралда жападан жалғыз күн кешіп жатқан жоқпыз. Күнделікті қызметке барамыз, елмен араласамыз. Яғни үнемі бір-бірімізбен байланыста, қатынастамыз. Бұл байланыс тізбегін үзіп, карантинге кетпеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауымыз керек. Өкініштісі, осыны көпшілігіміз ескере бермейміз.

8 наурызға орай берілген бірнеше күн демалыстан кейін коронавирусты жұқтырушылар саны елде ғана емес, ауданымызда да күрт өсіп кетті. Мысалы, өткен екі аптадағы мәліметке сәйкес, ауданда COVID-19-бен 20-22 адам тіркелсе, 10-16 наурыз аралығында коронавирусты жұқтырғандар саны екі есе өсіп, 45-ті құрап отыр.

Осыған байланысты Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрғындарға үндеу жасап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. «Әсіресе, алдағы наурыз мейрамына орай берілетін демалыс күндері ешқандай басқосу, жиын өткізбей, үйде болыңыздар! Күз бен көктемде жіті респираторлық вирустық инфекция асқынады. Қазір ЖРВИ маусымы жалғасуда. Сондықтан сырқаттану қаупі сейілген жоқ», – дейді Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Азербаев.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, жұмыс күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жүретін болды. Демалыс және мереке күндері мынадай шектеулер қойылады: Таңертеңгі жұмыс уақыты – 6:00-ден 10:00-ге дейін, кешке – 17:00-ден 2:00-ге дейін жүреді. Сенбі, жексенбі күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысына тыйым салынады. Мереке күндеріндегі жұмыс уақыты былай шектеледі: таңғы сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін; жұмыс күндері - сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін. Супермаркеттер, гипермаркеттер, тамақ өнімдерін сататын сауда желілері сағат 06:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істейді; азық-түлік дүкендері, шағын базарлар 06:00-ден 24:00-ге дейін; сауда желілері және азық-түлік емес дүкендерге (жеке) таңғы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Жабық және ашық базарлар (азық-түлік сататын және азық-түлік сатпайтын) сенбі мен жексенбіде жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін; мереке күндері жұмыс уақыты 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі. «Медеу» мен «Шымбұлақта» жаппай сырғанауға тыйым салынады. Келушілер саны 50% -ға (1000 адамға дейін) азайтылуы керек. «Шымбұлақ» тау курортындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін, тек жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпочта» АҚ бөлімшелері алдын ала жазылу бойынша таңғы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады. Банкет және басқа да шараларды өткізуге болмайды.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз. Қаулы 20 наурыздан бастап күшіне енеді.

Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 17:40

Нәзік жанды кәсіпкерлер

«Арулар – асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар», – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, нәзік жандылар әлемге әр береді. Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеген қыз-келіншектеріміз еліміздің өркендеуіне үлес қосып келеді. Түрлі салада бой көрсетіп жүрген әйел азаматтар кәсіпкерлікті ұршықтай иіріп, тыңғылықты еңбек етуде. Осы орайда, ауданымызда осы саланы дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген аналармен аз-кем тілдескен едік.  Алмагүл Орынбетова, Елена Шатохина, Рушангүл Лазгиева сынды кейіпкерлеріміздің өмір жолымен танысып, бизнес саласына қалай бет бұрғанын сұрап білдік.

 

Алмагүл ОРЫНБЕТОВА:

«Ата-анама алғысым шексіз»

Әкем соғыстан 3-топтағы мүгедек болып оралған.Шешем үй шаруасымен айналысты. Қызмет атқарған жоқ. Киер киіміміз, жеуге тамағымыз болды дегені болмаса, асып-тасқан жағдайымыз жоқ еді. Алайда, әкем перзенттеріне оның бәрінен қымбат дүниені сыйлай алды. Білімге ұмтылуды өсиет етті. Мектепте оқып жүргенімізде үлгерімімізді қатты қадағалады. Нәтижесінде, Қаракемердегі мектепті жақсы бағамен бітіріп шықтым. Қазір сол мектепке кезінде ауданымызды басқарған інімнің аты берілді. Осылай боларын кім ойлаған? Қарапайым тұрмыс кешсек те, ата-анамыздың берер ақылынан кенде болғанымыз жоқ. Сусындап өстік. Бүгінгі биігіміз соның жемісі...

Үлкен өмірге басқан қадамым Алматыға арман қуып келуімнен басталды. Жоғары оқу орнына түстім. Оны аяқтағаннан соң, өскен ауылыма қайта келіп, физика және математика пәндерінен сабақ бердім. 1965 жылы Шелек ауылына келін атандым. Мұнда алғаш орналасқан жұмысым да мұғалімдік еді. Уақыт өте келе директорлыққа да тағайындалдық. Екі жылдан кейін аудандық атқару комитетінің хатшысы етіп қойды. Қаулы жазу сынды мәтінмен байланысты жұмыстар мен үшін оңай болған жоқ, көп ізденуді талап етті. Осы еңбегім бағаланып, араға тағы екі жыл салып, төраға орынбасары қызметіне ауыстым. Партия алдыма үлкен міндеттер қойды. Халық театрын және ансамбль құру бағытында жоспарлы мақсаттар болды. Біз негізін қалаған «Жігер» ансамблі қазіргі күнге дейін бар. Халық театры, одан бөлек, қазақ, ұйғыр оркестрлері құрылды. Сонымен, мәдениет саласы үшін біраз тер төктім дей аламын.

Еңбек жолында Тұтынушылар кәсіподағының басшысы да болған тәжірбием бар. Мұнда ақша жеткілікті мөлшерде бөлінеді екен. Бірақ, толық игерілмеген. Бәрін барлай келе, асқазаны ауыратындарға, балаларға арналған емдік, демалыс жолдамаларының берілуіне септігімді тигіздім.

Зейнет жасына жеткенімде жолдасымнан айырылдым. Ұл-қызымды жеткізу керекпін.Сол мақсатпен «кәсіп бастаймын» деген шешімге келдім. Алғашында кафе, кейіннен автотұрақтың ісін дөңгелеттім. Содан көкөніс сататын дүңгіршек аштым. Ақырында, ол үлкен әмбебап базарға айналды. 2015 жылдан бері базар жұмысы менің мойнымда. 40  адамды жұмыспен қамтып отырмын. Реті түскенде қайырымдылықпен айналысқанды дұрыс көремін. Жасым сексенге келсе де, қатардан қалмай, еңбек етудемін. Өмір – күрес. Ең әуелі өзіңмен күресе білуің керек. Мойымай, әр істің соңына дейін ыждаһатпен жасасаң, міндетті түрде рахатын көресің!

 

 

Рушангүл ЛАЗГИЕВА:

«Кәсібіңе деген махаббат керек»

Сол арқылы қажымай еңбек ете аласың. Мен 1969 жылы Шелек ауылында дүние есігін аштым. Бизнес бастау туралы ой Дубайдағы дәмханада жұмыс істеп жүргенде келді.

2001-2007 жылдар аралығында Дубайда шеф-повар болып қызмет атқардым. Қазіргі бизнесім осы жұмыспен тығыз байланысты. Елге оралған соң, 2012 жылы «Старый замок» кафесін аштым.

Туристердің сүйікті мекенінен мейрамхана ісінің қыр-сырымен жіті танысқаныма қуанамын. Зерттеумен, ұдайы бақылаумен болдым. Меніңше, 6 жыл аз уақыт емес.Бүгінгі таңда «Голд сити» атты қонақ үй, «Алтын алма» мейрамханасы халыққа есігін айқара ашып тұр. Ендігі, 1000 адамдық зәулім мейрамхана да бой көтеруге жақын. Құрылыс жұмысын бастап кеттік. 

 

Елена ШАТОХИНА:

«Кадр тапшылығымен өзіміз күресудеміз»

1967 жылы Шелек ауылында туылдым. 20 жыл бойы мұғалімдік қызметте болдым. Химия-биология пәндерінен оқушыларға сабақ бердім. 2008 жылы өмірімнің жаңа парағы ашылғандай болды. Кәсіпкерлік саласына ауыстым. Зоя Нысанова атындағы кондитерлік цехтың жетекшісі атандым. Бүгінгі күні цех 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. 50 түрлі кондитерлік өнім шығарады. Заманауи құрылғылармен жабдықталған. Кондитерлік өнімдеріміз Бәйдібек би мен Шонжы ауылдарының аралығындағы елді мекендерді қамтамасыз етіп отыр.

Әрине, келген табысты бөлісе білу де керек.Бұл – кірісті арттырудың бір жолы. Сондықтан, осы дәстүрден жаңылмай, демеушілікпен айналысамыз.

Бізде күрмеуі шешілмей жүрген бір мәселе бар. Ол – кадр тапшылығы. Қазір осы түйіткілмен күресудеміз. Қажет мамандарды өзіміз оқытып, даярлап шығаруды қолға алдық.      

 

   Дайындаған Ілия СҰЛТАН

Сейсенбі, 16 Наурыз 2021 17:09

Өтпелі кезең оңай болмайды

Биылғы 2021 жыл ерекше жыл – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осыдан үш онжылдық бұрынғы 1991 жыл да Қазақ кеңестік социалистік республикасы үшін ерекше жыл болды. Өйткені, әйгілі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісі өзі де сықырлап құлауға шақ тұрған Кеңес Одағының іргетасын шайқалтып-ақ тастаған болатын. Сол 1991-де Балтық жағалауы мемлекеттері Одақтан шығып болып, басқа елдер де «еншісін» алып мызғымас Одақтың «діңгегі» дерлік Ресейдің өзі тәуелсіздігін жариялап қойған еді. Сәл кешеуілдеген біздің елдің азаматтары алаңдаулы болғаны газет беттерінде де айшықталып қалыпты. Бұған өзіндік себептер де болғаны рас. Сол 91-де Кеңес Одағын сақтап қалу хақында референдум да өткізілген еді. Оның нәтижесі сақтауды жақтау болғаны да рас. Газет беттерінде Одақсыз өмірді көздеріне елестете алмайтын азаматтардың хаты да жарияланыпты. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық ол азаматтардың. Тек референдум қортындысына қарамай-ақ Қазақ КСР-і жоғарғы кеңесі 1991-дің 25 қазанында, ал ел Президенті 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы әлемге әйгіледі. Өте шұғыл, өте тығыз оқиғаларға толы 91-дің басында билік органдары Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері қандай болу керек деген мәселені көте-ріп, арнайы қомиссия іске кірісіп те кеткен болатын.

Сексенінші жылдардың соңын ала қылт етіп елімізде бастау алып, қалпына келтірілген Нау-рыз мерекесі де Президент жарлығымен бекітілді. Оған дейін ше? Оған дейін сексен сегізде, сексен тоғызда, тоқсаныншы жылдарда бүкілхалықтық Наурыз мерекесі өз елімізден де әрі асып, шетелге де жетіп, қалған болатын. Олай дейтінім, Тәуелсіздік туы көтерілмей тұрып, 1990-ның наурыз айында Мәскеудегі бүкілодақтық статусы бар қоғамдық ғылымдар академиясының іргесінде біліктілік курсында оқудың сәті түскен болатын. Үш оқиға ұмытылмастай есте қалды. Москва қаласының теледидарын қарап отырып: «Құрметті Москвада тұратын қазақтар, қазақстандықтар, Ленинградта Балтық жағалауы елдерінде оқып жатқан студент жастар Москваның Замоскворецк Мәде-ниет сарайында өтетін Наурыз мерекесіне шақырамыз» деген хабарлама Анатолий (Шелек типографиясының сол кездегі басшысы) екеумізді елең еткізді. Ертеңіне демалыс күні еді Замосковерцкий мәдениет сарайын қиналмай тауып бардық. Метро станциясынан азғана жүріп, мәдениет ошағына жақындамай-ақ Алматының көшесінде келе жатқандай сезіндік өзімізді- Құрманғазы атындағы оркестр ұлы композиторларымыздың күйлерімен сол аумақты түгел өзіне қаратып алғандай, Мәде-ниет сарайының алаңында ине шаншар жер жоқ. Орыстар оны «Яблоку негде упасть» дейді. Көзіне жас алып, елжіреп тұрған егде жастағы орыс азаматына таңданып «Почему плачете?»  десем: «Всю жизнь проработал в Казахстане, всю жизнь слушал домбровую музыку, а сейчас вот в московской двушке коротаю жизнь. До чего я оказывается привязан к Казахстану», – дейді кемсеңдеп әлгі байғұс орысым. Қасымдағы жерлесім Анатолийге айтам, әзіл-шыны аралас: «Вот видишь, как нас ценят москвичи, а ты все в тамбовский лес рвешься». Дәу сарайдың фойесі де ат шаптырым дерсің – ұзын-ұзын үстелдер, қымыз-шұбат, қазы-қарта, құрт-ірімшікке толы. Мұхтар Шаханов, цирк артістері Мұтұрғановтар, әнші-күйшілер дегендей Мәскеу мәдениет сарайын қазақ өнерінің ордасына айналдырып жіберді дерсің. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылы әз наурыздың елімізде қайта жаңғыруының екінші ғана жылы болатын. Енді міне шекара асып, бұрынғы тоталитарлық Одақтың орталығында Наурыз мерекесі өтіп жатқаны көңілге қуаныш пен мақтаныш сезімін толтырғандай және жақсылықтың хабаршысы, ұлттық дәстүріміздің жаңғыруы деп түсіндік.

Екінші оқиғаны жүрегім сыздай тұрып есіме түсіремін. Қоғамдық ғылымдар академия-сының екі жүз, үш жүз тыңдаушылық үлкен залында лекция оқуға, мемлекеттің саясатын түсіндіруге келген тәп-тәуір киінген кеңестік профессор шоқша сақалын шошаңдатып мәлімдеме жасамасы бар ма?!

– Әзірбайжанның Баку қаласында алаңға шыққан бас-бұзарлар тәртіпке бағынбай тәуелсіздік талап етуде. Оларды 86-жылғы Алматыдағыдай танк табанына тастап, жөнге салу керек, – деді. Мен атып тұра келіп аузымды ашқанша болған жоқ еліміздің батыс өңірінен келген орыс ұлтты әріптестерім: Алаңға шыққан жастар наразылығы республика басшылығына тағайындалған бейтаныс кадрдың орнына өз адамымызды, яғни қазақстан-дықты қою керек деген талап болатын. Ал күшпен танк табанына салушымен ешкімді жеңе алмайсыз. Сіздің сөзіңіз арандату, наразылық тудыру» – дегенде зал ол журналисті қолдап ду ете түсті.

Міне, сол кездегі орталықтың саясаты профессордың аузынан шыққан бір ауыз сөзбен түйінделген еді. Ал үшінші есте қалған оқиға шығармашылыққа байланысты болды. Біліктілік курсында оқып жатқан редакторларға тәжірибелік оқу газетін шығару міндеттелген. Оны ұйымдастыру үшін шығармашылық конкурс өткізіледі екен де жоғары бағаланған жұмыстар іріктеліп 1-орын алған тыңдаушы редакторлыққа, 2-орын – орынбасар, 3-орын жауапты хатшы, тағысын тағылар дегендей редакция құрамы бекітіледі. Міне, сол шығармашылық конкурста менің жұмысым бірінші орын алған екен. Оның өзін конкурстың комиссия мүшесі МГУ-дің профессоры айшықтап айтып тас-тады. Ал қоғамдық ғылымдар академиясы 1-орынды «қайдағы бір азиатқа» қимаған. Ашықтан ашық кемсітушілік, шовинистік пиғыл таныту ол кезде де болған, бүгінгі күні де, өкінішке қарай, Никонов, Федоров дегендер ұлы державалық саясаттың қолшоқпарын сілтеуде.

Осындай саясаттың құйындай соққан желінің өтінде тұрған елімізде алаң жұртымыз өз тәуелсіздігін жариялап қойған одақ құрамындағы республикаларға жаутаңдай қарап, өзгерістерді күту еді, сол бір өтпелі кезеңнің басы – 1991 жылы.

Қарап отырды деген сөз қолын қусырып аспаннан қашан тоқаш жауады деп аузын ашып, көзін жұмып бей-жай отырды деген мағынада емес, әлбетте.  Сол жылғы қыркүйектің басында Қазақ КСР-нің Жоғарғы кеңесінің  босаған орнына сайлау  өтетін болып, үш адам үміткер ретінде тіркелген еді. Нағыз демократиялық жағдайда өткен сайлауда Қаракемердегі әскери бөлім командирі Б.Жаңасаев  жеңіске жетті. Әрине, әскери адам жастар жағынан да, әсіресе, соғысқа қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері жағынан жаппай қолдау тапқан еді. Ал бұрынғы жоспарлы экономика құлдырап, нарыққа аяқ басқан заманда бұрынғы бәсекеге төзе алмай жабылып қалған өндіріс нысандарының жұмыскерлері екі қолға бір күрек таппай, кейбірі диванға шалқасынан түсіп теледидарға тесілумен болса, енді біреулері ішімдікке салынып кеткен заман болды. Осындай қиындықтар кезінде көз мөлдіреп тамақ сұраған балаларын асырау үшін көптеген әйелдер ала дорба арқалап, саудаға кіріп кеткен болатын. Осы жағдайға байланысты маусымның басында «Мужайтесь женщины» тақырыбында жарияланған мақала хабарлайды. Күнделікті өмір ағымымен қатар мемлекеттік деңгейде жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі де талқыланып шешу жолдары ұсынылып жататын. Айта кетейік, бұл мәселе бүгінгі күн тәртібінен де түскен жоқ.

Тамыздың 10-күні жарияланған жаранамалық материалда баспасөз құралдарына  газет-журналдарға келесі жылға жазылу науқанын тамыз айынан басталғанын көреміз. Бүгінгі пошта шайқалып-найқалып бұқаралық ақпарат құралдарына жазылуды ресми қазан айы деп атаса да шын мәнінде «қараша-желтоқсанмен  сол бір-екі айға әкеліп тірейді».

Сонымен, 91-де жарияланған референдумның «Сіз СССР Одағының тең праволы егеменді мемлекеттер одағы ретінде сақтау қажет деп санайсыз ба?» деген сұрағына «жоқ» дегеннен гөрі «иә» деген жауап басым болғанмен Одақ ыдырап тынды. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен тәуелсіз еліміз мемлекет болып жарияланды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда.

Х.ҚАСЫМҰЛЫ

Жаңалық ашу үшін көп жылдық тәжірибесі бар егде жастағы ғалым болу міндетті емес. Дегенмен, «өнертапқыш» дегенде көпшілігіміздің көзімізге солай елестейтіні рас. Біле білсек, күнделікті өмірімізді мейлінше оңтайландыратын жаңа дүниелерді – көмекші құралдарды көбінде жасөспірімдер ойлап тапқан екен.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін мысал келтіре кетейік. Мысалы, төріңізде тұрған теледидардың алғашқы нұсқасын Фило Фарнсуорт атты 15 жастағы бала ойлап тапса, қолыңыздағы телефонды қуаттайтын құралды Эйша Кхаре деген 18 жастағы қыз құрастырған. Калькулятор мен Брайл қарпі, жылы құлаққап пен ермексаз, ғарышкерлерге арналған тіс щеткасы, ықылықты басатын таскәмпит, таяқшалы балмұздақ, т.б.. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады, бірақ айтпағымыз ол емес. Бүгінгі кейіпкеріміз – Нұрасыл да қозғаған тақырыбымыздан алшақ емес. Ата-анасы оған «Болашақта өнертапқыш балалардың тізімін толықтырар» деген үлкен үміт артып отыр. Өйткені 11 жастағы Нұрасылдың қызығушылығы басқа балалардыкіндей ойын да, ойыншық та емес. Қатарластары телефондағы ойынға қызықса, ол телефонның құрылымы мен жұмыс жүйесін зерттеп көруге құмар. Балалар ойыншық ойнауды құп көрсе, Нұрасыл оның механизмімен танысуды жөн санайды.

«Кішкентайынан базар, дүкенге бара қалсақ, пультпен қозғалатын, моторлы ойыншықтар, кран, экскаватор алғызатын. Олардың арзан тұрмайтынын білесіз. Сонша ақшаға алғанда бала болып онымен бір күн де ойнамайтын. Жақсылап зерттеп қарап алған соң ойыншықтың ішін ақтарып, оның қалай қозғалып, қалай жұмыс істеп тұрғанын тексеріп көреді. Содан кейін қайта жинап, бірінің бөлшегін біріне салып, тәжірибе жасап отыратын», – дейді анасы Маржан. Ойыншық көліктерден кейін бұзылған тұрмыстық техника оның ермегіне айналған екен. Үйдегі ескі шаңсорғыш, үтік пен пульт сияқты ұсақ-түйектің механизмін шашып-жинап, тағы тәжірибе жасайды. Туыс пен танысқа қонаққа барса, сол үйдегі бұзылған техниканы сұрап әкеледі екен. Ол – әрине, бала бойындағы кіршіксіз тазалық пен кедергілерді көре бермейтін балалықтың бір көрінісі. Жаңаны танып-білуге деген қызығушылық пен құмарлық.

Бұл құмарлық уақыт өте жаңа кезеңге көшуі – заңдылық. Осы күнге дейін Нұрасыл қолда бар заттардан көптеген жаңа дүние құрастырған. Мысалы, жүк көтеретін экскаватор, қарудың түр-түрі, кішкентай қарындасына ары-бері бұрыла жүйіткитін кәдімгі самокат жасап беріпті. Енді маймен емес, жеңіл сұйықтықтармен қозғалатын техника жасап көргісі келеді.

Одан бөлек Нұрасыл түрлі қару, мылтықтар жасағанды жақсы көреді екен. Бірінші сыныпқа барған кезден бастап ағаштан қару-жарақ жасауға ерекше ықыласы ашылыпты. Қылыш, садақ, мылтықтың неше түрін жасап, жолдастарына үлестіріп жүреді. «Сегіз-тоғыз жасында «Мені құрылыс дүкендеріне апарыңызшы. Маған балға, шеге, темір-терсек алып беріңізші» дегенді шығарды. Осылайша қазір біршама құрал-сайманын жинақтап алды», – дейді әкесі Қуандық. Жұмысына қажетті материалдарды кесетін де, тесетін де біраз аспабы бар екен. Олардың қайсысын қайда керектенуді де жақсы біледі.

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Нұрасылдың тағы бір ермегі – саз балшықтан аңдардың мүсінін жасау. Бет-бейнесін туп-тура келістіріп шығарады. Ол жұмыстарымен де таныстық. Десе де, баланың техникаға көбірек қызығатыны әңгімесінен-ақ көрініп тұр. Болашақта әскери инженер болғысы келетінін айтады. Қару-жарақтың қарапайым да, арзан әрі зиянсыз түрін жасап шығарсам деп армандайды.

Арманы асқақ, талабы таудай Нұрасылға жол көрсетер жетекші керек. Қазақта «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» демей ме?! Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін мектептерде IT сыныптарының ашылғанын айта кету керек. «Цифрлы Қазақстанның» болашағы – Нұрасыл сияқты техникаға қызығушылығы мен талабы бар бүгінгі балалар екенін Елбасы ескерді. Арнайы сыныптар ашылып, қажетті құрал-жабдықпен жасақталды. Балаларға білім беретін мұғалімдер «Робототехника» және 3D принт сияқты арнайы курстан өтіп, білімін жетілдірді. Ауданымызда осылай сақадай сай тұрған жеті сынып бар. Олар: Рахат №1 мектебінде, Шелек ауылындағы гимназияда, А.Розыбакиев атындағы,  В.Терешкова атындағы,  Райымбек атындағы, Шелек ауылындағы Абай атындағы және Қызылжар ауылында орналасқан О.Жандосов атындағы орта мектептерде ашылған. Аудандық білім беру бөлімінің ақпаратына сүйенсек, бәрінде де балалар үйірмеге қатысып, робототехниканың тетігі мен тілін меңгеріп жатыр.

Айтпақшы, кейіпкеріміз Нұрасыл оқитын О.Жандосов атындағы орта мектепте де робототехника сыныбы бар. Мамиров Рамиль есімді жас мұғалім жұмысқа биыл кіріскен екен. «Бұл сала балаларға ғана емес, өзіме де өте қызық. Жаңа дүние болғандықтан үлкен қызығушылықпен қараймын. Білімімді жетілдіру үшін робототехникамен айналысатын ресейлік мамандардан ақылы сабақ алып жүрмін. Көрген-білгенімнің бәрін балаларға үйретіп жатырмын. Алдағы уақытта робототехника бойынша түрлі жарыстарға оқушыларымды апарамын», – дейді Рамиль. Білімге құштар мұғалімге өзі сияқты технологияның тілін тануға талаптанған оқушысын таныстырып қойдық. Алдағы уақытта газетімізде олардың жетістігін жариялаймыз деп сенеміз.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

Дүйсенбі, 15 Наурыз 2021 18:15

На лыжах встретили весну

13 марта в Кегенском районе  в с.Шырганак состоялся открытый чемпионат  Алматинской области по лыжным гонкам. В соревнованиях приняли участие 152 лыжника из г.Алматы, Талгара, Есика, Райымбекского, Кегенского, Талгарского, Карасайского, Енбекшиказахского районов.

В призовую копилку весомую лепту внесли спортсмены из г.Есика. Все они – воспитанники мастера спорта СССР, чемпиона Марафона мира (42 км 195 м) в г. Москве  Алпыса Арыкбаевича Ермагамбетова. Ветерану спорта уже за 70, но он лично выступает в соревнованиях по бегу и лыжам в старшей возрастной группе, приходя к финишу в числе первых и показывая достойный пример своим ученикам.

Большого успеха на чемпионате добились юные лыжницы. Среди девушек в возрастной группе 2005-2006 г.р. на дистанции 3 км  третье   место  у Анастасии Пашниной, ученицы 8 класса СШ имени В.Терешковой. Среди девушек 2007-2008 г.р. в гонке за 3 км второе место заняла Анастасия Михайлева, ученица 7 класса той же школы, а четвертый результат показала семиклассница  СШ имени Райымбека батыра Виктория Коломыцева. В  группе  2009-2010 г.р. также четвертой к финишу пришла Ангелина Янышевская, ученица 5 класса  СШ имени Райымбека батыра.

Среди юношей в возрастной группе 2005-2006 г.р. на дистанции 5 км чемпионом Алматинской области стал Данил Евдокимов, ученик 9 класса СШ имени Райымбека батыра.

В группе 2011-2012 г.р. на дистанции 1500 м хороший результат показал Дарын Ермагамбетов, ученик 3 класса СШ имени В.Терешковой.

Участники чемпионата, занявший чемпионские и призовые места, награждены кубками, дипломами  и медалями. Не обойдены  были вниманием и обладатели четвертых мест. Они удостоены медалей и дипломов за волю к победе. 

 

И.ВИКТОРОВ.

Дүйсенбі, 15 Наурыз 2021 18:15

UStudy орталығы ашылды

12 наурызда Райымбек батыр атындағы орта мектепте жаңа UStudy аймақтық тестілеу орталығы ашылды. Мұнда мектеп оқушыларымен қатар мұғалімдер де біліктілік емтихандары мен тестілерін тапсыруына болады. Енді ол үшін бұрынғыдай Алматы немесе Талдықорған қалаларына барудың қажеті жоқ.

Орталықтың салатанатты ашылуына Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары А.Бидаев, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Ә.Молдасбаева және мектеп директорлары қатысты.  

Тестілеу орталығы 120 қондырғы орындарымен жабдықталған және тест тапсырушыларды толығымен қабылдауға дайын. Ол үшін бар жағдай да жасалған. Карантин режиміне сай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар да толық қарастырылған.

Бұл – Алматы облысында ашылған төртінші орталық. Ал бүкіл ел аумағында 60-қа жуығы бар екен. Мұның бәрі де ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ҰБТ-ны компьютерлік форматқа ауыстыруды жеделдету жөніндегі тапсырмасы негізінде ашылып жатыр. Оқушылар мен мұғалімдер аталған орталықтарда қорытынды емтихандарына дайындалып, ақылы түрде сынама тапсыруларына болады. «Біздің бірегей тестілеу орталықтарын құру мен ашуға тек қана жеке инвесторлардың қаражаттары жұмсалды. Сонымен қатар барлық мемлекеттік тестілер мемлекеттік және жергілікті бюджетке ауыртпалық туғызбау мақсатында тегін өткізіліп жатқанын хабарлаймыз», – деген «UStudy» Аймақтық тестілеу орталығының Алматы облысы бойынша директоры Қайрат Бегалин алдағы уақытта тестілеу жүйесіне медицина қызметкерлерінің де емтихандарын қосуды жоспарлап отырғанын айтты.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет