Биыл бакалавриатқа 51 500, ал магистратураға 13 500 грант беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Жазда бакалавриатқа берілетін грант саны - 51 500, ал магистратураға берілетін гарант саны 13 500-ге жетеді. Грантты алу конкурсына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден міндетті түрде өтіп, тапсырылған сертификатты өз еркімен тиісті базаға тіркеп, конкурсқа қатысады. Сонымен қатар, магистратура бойынша да екі жылдан бері біз оны ҰБТ сияқты тестілеу форматында өткіздік. Бұның алдында әр университет өздері билеттерін дайындап, тапсырмаларын әзірлеп, өздері тексеріп, шешім қабылдайтын. Бұнда әртүрлі тәуекелдер болды. Сондықтан біз магистратураға қабылдау рәсімін өзгерттік. Биыл магистратура электронды форматта нақты тестілеудің нәтижесінде, яғни орталықтандырылған тест нәтижесінде өткізіліп, алған балл бойынша грантты алуға мүмкіндігі болады», - деді министр.

mezet

 

Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 15:01

Селден келер қауіп жоқ

Табиғаттың төрт мезгілі кезек төркіндеп кететін қазақ жеріне көктем жетсе, көптеген елді мекенді сең басып, сел шайып кету қаупі туатыны шындық. Әрине, биылғы жауын-шашыны көп көктемде көшкін мен селді ауыздықтау оңайға соңқапайтыны анық. Біз «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ауданымыздағы бөлімшесінен өңіріміздегі наурыз-сәуір  айларындағы  тасқынға тосқауыл  қою жұмыстары  мен   өзге де апатты жағдайлардың алдын алуға дайындығын білген  едік.

Ауданымыздағы ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ қызметінің ресми мәліметіне сүйенсек, бүгінде аудан аумағында 36 мореналық көл бар. Олардың 25-і Есік өзен алабында, 11 көл Түрген өзен алабында. Сонымен қоса ауданымызда 31 бірлік топырақкөшкін және 17 бірлік қаркөшкін телімі бар екен. Қазір қар көшкінінің қаупі сейілген. Ал толпырақ көшкіні мен селдің қаупі әл жойылған жоқ. Сондықтан ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ қызметі аталған апаттардың алдын алуға дайындық жұмыстарын пысықтап үлгерген көрінеді. Олардың  сөзінше, бүгінде сел қаупін тудыратын Есік өзенінің жоғары ағарындағы №22-23 көл мен Түргендегі  №1 көлдің су деңгейі төмендетіліп, екі өзен арнасындағы сел қаупі сейілген.

Өткен жылдың соңында Есік өзенінің арнасы аршылып, судың іркіліксіз ағуына мүмкіндік жасалған. Бұл ретте ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ кезекшілік қызмет мониторинг және құлақтандыру бөлімінің басшысы Айдын Көпжасаров: «Көктемгі дайындық өте маңызды екенін баршамыз жақсы білеміз. Осыған сай бізде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінде ауданымызда көктемгі топырақ көшкіні мен селдің алдын алуға арнайы апаттық топ жасақталды. Аталған апаттық топқа үш техника бөлініп, он арнаулы кәсіби маман жұмылдырылды. Олар ауданымыздағы барлық елді мекенде топырақ көшкіні мен селдің қаупін қадағалауда. Біздің өңірде сел қаупі көбінде жаз айларында туындайды. Сондықтан тұрғындар өмірінің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті табиғи құбылыстардан, су тасқындарынан қорғау мақсатында маусымдық гидробекеттер құрылған. Ондағы бақылаушылар өзен суларының ағысы мен сыйымдылығын тәулігіне үш мәрте бақылайды. Сонымен қоса, олар ауа райының түрлі өзгерістерінен де алдын ала мәлімет беріп отырады. Осы мәліметтерге сай өңірімізде түрлі апаттық жағдайлардың туындау қаупі сарапқа салынады. Сонымен қоса, апатты жағдайдың алдын алуға бағытталған ақпарат қызметі де қолға алынған. Осыған сәйкес қандай да бір сел не көшкін қаупі туындаса, жергілікті тұрғындарға алдын ала ескерту беріледі. Тіпті топырақ көшкіні мен сел қаупі туындайтын жерлерге арнайы ескерту тақталары орынатылған. Белгілі  бір төтенше жағдайдың алдын алу үшін жергілікті әкімдіктермен тығыз жұмыс істеп келеміз. Жыл басынан бері аудан аумағында  сел қаупі туындағын жоқ. Алдағы уақытта сел апатына  жол бермеуге күш саламыз», – дейді.

«Қазселденқорғау» ММ-нің филиалы ІААӨПТБ қызметінің мәліметінше, ауданымызда  селден қорғайтын  16 бөгет  бар. Оның кей бүлінгендері  күрделі жөндеуден өткен. Барлық бөгет  апатты жағдайда селден қорғауға қауқарлы.

 

Ерзат АСЫЛ

Ең жақсы сөз – іс! Осы орайда аудан басшысы Әлібек Жақанбаев қала, ауылдық округ әкімдерін қабылдап,  перспективалық жоспарын жүйелеп, нақты тапсырма берді.

Әлбетте, қазіргідей қауіпті індет өршіген уақытта тұрғындар денсаулығы басты назарда. Сондықтан талапқа бағыну – әрбіріне ортақ міндет. Мұны тұрғындарға түсіндіру бірінші кезекте. Аудан әкімі округ басшыларына талап үдесінен шығу үшін түсіндіру жұмыстарын жетілдіруді әңгімесінің әліппе-сінде  тапсырды. Алғашқы болып Әлібек Әскербекұлының қабылдауында болған қала әкімі Айдар Бошкулов өзінің жұмыс жоспарымен таныстырып, нақты тапсырмаларын алды.

– Бірінші кезекте,  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап мәдениет үйінің аумағында балаларға арналған ойын, футбол алаңдарымен бірге «Тәуелсіздік бағын» жасау мақсатында жоба дайындап, қанша қаражат жұмсалатынын анықтаңыз. Орталық стадионды ретке келтіру үшін тиісті құжаттарды әзірлеңіз. Сол секілді, орталықтағы Алматы мен Абай көшелерінің қиылысында орналасқан Керей-Жәнібек ескерткішін қайта жаңартуға өтініш беріңіз. Сонымен қатар, Алтын Адам аллеясын абаттандыруға, Набережная көшесінің жобасын дайындап, кезеңдерге бөліп жұмыстарды бастауға әрекеттенуіміз керек. 25 шақырым жолды жөндеу,  күл-қоқыс тастайтын орын мәселесін шешу уақыт күттірмейді, – деді Ә.Жақанбаев. Сондай-ақ, Есік өзенінің жағалауын абаттандыру  бойынша нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.

Аудан әкімі Шелек ауылдық округінің әкімін қабылдай отырып, округтің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар өз сөзінде үстіміздегі жылы аталмыш ауылдық округке баса назар аударылатынын айтты. Жұмыстарды жүйелей отырып Әлібек Жақанбаев округ әкімі Сәкен Абдыхалиевке нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, алдағы уақытта жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 237 га жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу мәселесі, 34 көппәтерлі тұрғын үйлердің жағдайын реттеу, ауыл маңындағы 2 саяжайдың жерін мемлекетке қайтару, ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша көшелерді барынша жарықтандыру, жастардың жұмыспен қамту деңгейін анықтау және жұмыссыздық мәселесін реттеу, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту жұмыстарын жүргізу, өрт сөндіру бекетін салу үшін жер телімін дайындау, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу. Шелек ауылдық округіің әкіміне осындай тапсырмаларды берген Әлібек Әскербекұлы атқарылған істің тиянақты әрі сапалы болу керектігін атап өтті.

Сөгеті ауылдық округінің әкімі Еркінбек Дауытқұловқа елді мекендегі ауыз су мәселесін жақын арада шешуді тапсырды аудан басшысы. Сонымен қоса, Көкпек ауылында интернет, ұялы байланыс желісі қарастырылмаған. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында округ әкіміне инвесторлар тарту керектігін айтты.

Әкімдерді қабылдау барысында жайылымдық жерлерді игеру бойынша Масақ ауылдық округінің әкімі Ертай Нұрмахановқа нақты тапсырмалар жүктелді. Бүгінде Нұрлы ауылында 40 үй иесіз ретінде тіркелген. Олар баспана кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.

Байсейіт ауылының ауызсу жүйесін күрделі жөндеуден өткізу керек. осы мәселені көтерген аудан әкімі Талғат Өмірбековке  тиісті мекемемен бірлесе отырып жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін Бижанов ауылына 38 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық желі жүргізу үшін құжаттар рәсімделетін болады.

Округ әкімдерін қабылдау барысында Әлібек Жақанбаев елді мекендердің қордаланған мәселелерімен танысып, оны шешу мақсатында тиісті шаралар қабылдайтынын айтты. Қабылдауда негізінен әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, жолдарды жөндеу, ауызсу құбырларын тарту, электр желілерін жаңарту, санитарлық тазалық бойынша әкімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

 

 

Динара ТӨЛЕМІСОВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

Сәрсенбі, 07 Сәуір 2021 17:07

Канвассинг кездесу өтті

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы VII шақырылым депутаттары Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы мен Рахимов Бағдат Болатұлы ауданымыздың құрметті азаматы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегін сіңірген спортшы төс белгісінің иегері, кезінде аудан әкімшілігінің спорт бөлімінде басшысы, Көктөбе селолық округінің әкімі болған Саматов Аманбек Фазылұлы ағамызбен канвассинг кездесу өткізді.

Аманбек Фазылұлы өмірлік тәжірбиесімен бөлісіп, спорт саласы мен мемлекеттік қызмет жайында сөз қозғады. Кездесу барысында Сайлауалды бағдарламада көтерілген барлық мәселе сарапталып, өңіріміздің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы талқыланды. Сондай-ақ,осы жылдың 20 мамырында ауданымызда спорт байқауын өткізу жайлы ойымен бөлісіп, депутаттарға ақ батасын берді.

 

А.ҒАБИДЕН

Қоғам үшін үлкен қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлықтың дендеуі. Ол елдің экономикасына кері әсерін тигізіп, дамуына тежеу болып қана қоймай, халық мәдениетінің төмендеуіне, адами қасиеттің, ар-ұяттың жойылуына себепші болады. Материалдық қана емес, рухани тоқырауға түсіреді. Яғни коррупция – қоғамдағы ең үлкен кертартпа күш. Сондықтан да онымен күрес ешқашан тоқтаған емес. Ал күрестің қалай жүргізіліп жатқанын Алматы облыстық мәслихат депутаты, әрі «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ерік Абитовтен сұрап-білдік.

– Сыбайлас жемқорлық фактілері неге азаймай тұр? Әлде заң әлсіз бе?

– Алдымен, сыбайлас жемқорлықтың не екеніне тоқталсақ. Бұл – жең ұшынан жалғасқан жымысқы жүйе. Ол жылдар бойы жүйеленіп, әрі әрдайым түрленіп отырады. Сондықтан мұқият зерделеу, әрі жылдам әрекет ету маңызды. Барлық саланы шырмауықша шырмап алған жемқорлықтың тамыры бірден үзілмесі анық. Дегенмен, соңғы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді жобалар жүзеге асып жатыр. Ал заңға келер болсақ, жемқорлықтың салдарымен емес, оның негізгі себептерімен күресу маңызды деп ойлаймын. Яғни қылмыскерді қамағаннан гөрі, сол қылмыстың алдын алуға, болдырмауға көп күш жұмсау керек. «Біздегі заң әлсіз» дегенмен келіспеймін. Былтыр ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылданды. Соған сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерде есепшот ашуға тыйым салынды. Сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға да тыйым салынды. Яғни жазасын өтеу орындарындағы тәртібі мен басқасына қарамастан, ешқандай рақымшылдық жасалмайды.

– Жазалаудан гөрі қылмыстың алдын алу маңызды екенін айттыңыз. Ендеше, жемқорлықтың алдын алу шаралары қалай жүзеге асып жатыр?

– «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жылдық жұмыс жоспары бар. Соған сәйкес мемлекеттік органдарда, бюджеттік мекемелерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуын үнемі қадағалап, ішкі және сыртқы мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күреске қоғамды кеңінен тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен, түрлі әлеуметтік топтармен түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Өйткені параны беретін бар, алатын бар. Яғни сыбайлас жемқорлық – тек бір жақтан болатын қылмыс емес. Онда екі тарап бар екенін ескеру керек.

Осы орайда тұрғындарға айтарым, қоғамның қай бағытта өзгеретіні онда өмір сүретін әрқайсымызға тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әр азамат белсенділік танытуы қажет. Өзгерісті өзіңізден бастаңыз, жемқорлық әрекетке бармаңыз! Ондай жайтқа куә болсаңыз, бей-жай қарамай, 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалыңыз. Қоғам дертіне айналған жемқорлықты бірлесе ғана жеңе аламыз.

– Жемқорлық фактілері жиі кездесетін салалар қандай?

– Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ішкі істер органдарында, мемлекеттік қызметтер саны бойынша көп қызмет атқаратын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ білім саласында да жемқорлық фактілері жиі тіркеледі екен. Дегенмен, соңғы уақыттарда мұндағы жемқорлықтың жолын кесу үшін көптеген тиімді жобалар іске асып жатыр.

– Ол жобалар жайында айтсаңыз...

– Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Ашық бюджеттердің интерактивті картасы жасалды. publicbudget.kz сайтынан кез келген түрлі әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және қызмет көрсету үшін қанша бюджет бөлінгенін көре алады. Мысалы, есігіңіздің алдында жөнделіп жатқан жолға қанша қаражат жұмсалғанын осы сайттан біліп, сапасына көңіліңіз толмаса, қандай да бір келеңсіздікті байқасаңыз, интерактивті карта арқылы хабарлама қалдыруыңызға болады. Түскен өтініштерге байланысты тиісті жұмыстар атқарылады. Одан бөлек, соңғы жылдары цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру қарқын алды. Мемлекеттік қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланыс көп болған сайын сыбайлас жемқорлық жасау тәуекелі де арта түседі. Осы тәуекелді болдырмау үшін кезінде енгізілген «бір терезе» қағидаты да тиімді жоба болды. Мұның барлығы да коррупцияның алдын алуда үлкен күш екені сөзсіз.

 

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Сәрсенбі, 07 Сәуір 2021 09:33

COVID-19: Аудандағы ахуал

 Бір аптада (30.03 – 05.04.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 221 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

  1. Есік – 31
  2. Достық – 21
  3. Шелек – 17
  4. Масақ – 15
  5. Балтабай – 13
  6. Төле би – 8
  7. Көктөбе – 8
  8. Қызылшарық – 7
  9. Қызылжар – 6
  10. Байсейіт – 6
  11. Өрікті – 5
  12. Қайназар – 5
  13. Лавар – 5
  14. Бірлік – 4
  15. Қорам – 4,
  16. Азат – 4
  17. Бижанов – 4
  18. Ақбастау – 3
  19. Талдыбұлақ – 3
  20. Қаратұрық – 3
  21. Әймен – 3
  22. Саймасай – 3
  23. Қаракемер – 3
  24. Бөлек – 3
  25. Малыбай – 3
  26. Ащыбұлақ – 2
  27. Бәйдібек би – 2
  28. Қазақстан – 2
  29. Бәйтерек – 2
  30. Қайрат – 2
  31. Нұра – 2
  32. Космос – 2
  33. Еңбек – 2
  34. Ж.Қайыпов – 2
  35. Қарасай – 2
  36. Жаңашар – 1
  37. Түрген – 1
  38. Тескенсу – 1
  39. Ават – 1
  40. Ташкенсаз – 1
  41. Ақтоған – 1
  42. Алға – 1
  43. Амангелді – 1
  44. Күш – 1
  45. Қырбалтабай – 1
  46. Тауқаратұрық – 1
  47. Ащысай – 1
  48. Сарыбұлақ – 1
  49. Жаңашаруа – 1 

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

78 науқас – жұмыссыз

54 науқас – зейнеткер

27 науқас – мектеп оқушысы

15 науқас – мемлекеттік мекеме қызметкері

16 науқас – түрлі жеке кәсіпорындарда жұмыс істейді

11 науқас – мұғалім

9 науқас – балабақша тәрбиеленушісі

5 науқас – ұйымдаспаған бала

3 науқас – медициналық қызметкер

3 науқас – студент.

 

mezet

Елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты «Жас маман» жобасы шеңберінде колледждің материалдық-техникалық базасын халықаралық талаптарға сәйкес жабдықтау, сұранысқа ие мамандықтарды жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу арқылы Республикалық және Халықаралық World Skills чемпионаттарына студенттерді дайындау барысында шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту.
««Жас маман» жобасының шеңберінде колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды. Студенттерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша оқыту мақсатында қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. ІТ және құрылыс, коммуналдық шарушылық бағыттары бойынша оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңа технологиялармен толықтырылды. Енді студенттер желілік құрылғыларды консольде де, графикалық интерфейсте де басқаруды үйренеді. Жаңа материалдық-техникалық база еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді»,-дейді Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Ерқат Биғалиұлы.
Колледждерді жаңғыртуға арналған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жасалады. Нәтижесінде Талдықорған жоңары политехникалық колледжінде World Skills жаттығу лагері құрылып, әртүрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға және сертификаттауға мүмкіндік беріп отыр.
Басты оқу корпусының үшінші қабатында және оқу-өндірістік шеберханаларында ІТ және құрылыс, коммуналдық шарушылық бағыттарына арналған WorldSkills жаттығу лагері орналасқан. World Skills жаттығу лагерінде ІТ бағыты: «Web-дизайн және әзірлеу», «Прототиптеу», «Графикалық дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Мобильді робототехника», «Бизнеске арналған IT-шешімдер», «Электроника», «Инженерлік графика Cad», «Заттар интернеті», «Бейнемонтаж», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Баспа технологиясы» бойынша чемпионатқа дайындайды.
Сонымен қатар Құрылыс және коммуналдық шаруашылық бағыты бойынша: «Тас қалау», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Тақтайшалармен қаптау», «Бетон жұмыстары», «Ағаш ұста ісі», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттіліктерін оқытуда.

Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында «WorldSkillsTaldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілген болатын. Аймақтық чемпионатқа 18 компетенция бойынша облыстағы 15 колледжден 99 білім алушы қатысты.
Айта кетейік, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері 16 құзіреттілік бойынша аймақтық чемпионаттан жүлделі орныдар алып, қазіргі уақытта Республикалық «World Skills Kazakhstan» чемпионатында дайындық үстінде.

Анар САБЫРОВА

 

5 сәуірде ауданымызда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Сол күннің өзінде Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында 465 адам «Спутник-V» вакцинасын алыпты.

Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 2 сәуірден бері ауданға коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасы 1-компонентінің 3300 дозасы, 2-компонентінің 2100 дозасы жеткізілген. Егу жұмыстары Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы мен Шелек аудандық ауруханасында жүргізілуде.

Бүгінгі күні COVID-19-ға қарсы вакцинаның 1-компоненті ауданның 2851 тұрғынына салынған. Олар: 1528 медициналық қызметкер, 1213 ұстаз, 27 полиция қызметкері, 1 мемлекеттік қызметкер, түрлі созылмалы сырқаттары бар 19 науқас және басқа топта 63 адам. Екі компонеттің арасы – 21 күн.

Вакцинаның 2-компонентін ауданымызда 863 адам салдырыпты: 801 медициналық қызметкер және 62 ұстаз.

Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық аурухананың емхана меңгерушісі Жансая Әліпбаеваның мәліметінше, ауданымызда коронавирусқа қарсы вакцина салу жұмыстарын жүргізу үшін 5 пункт және 2 жылжымалы топ құрылған. Олардың төртеуі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтары және Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы. Вакцина жеткізілген бойда осы орталықтарда екпені жалғастыру жоспарланған.

Егу жұмыстарын жүргізуге арнайы дайындықтан өткен, егу жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар медициналық қызметкерлер дайындалды. Егу кабинеттері санитарлық талаптарға сай, қажетті құрылғылармен жабдықталған.

 

Орталықтардың мекенжайы:

Есік қаласы, Абай көшесі, 336. №212, 214 кабинеттер;

Есік қаласындағы саяжай, 8 км., 19-линия 465. №6, 7 кабинеттер;

Түрген ауылы, Құлмамбет көшесі, 45. №12 кабинет;

Бәйдібек би ауылы, Алмабеков көшесі, 1. №105 кабинет;

Бәйтерек ауылы, Комаров көшесі, 6. №9 кабинет.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет