Об этом сообщил заместитель акима Алматинской области Батыржан Байжуманов на информационной площадке «JETISÝ MEDIA». Как стало известно, в регионе увеличилось количество заразившихся COVID-19. А пик заболеваемости ожидается в апреле текущего года.

«В регионе зарегистрировано 104 случая в сутки, что в два раза больше, по сравнению с прошлым месяцем. Если  в январе и феврале в день попадали в больницу 20-30 человек, то за последнюю неделю госпитализированы около 100 человек в день. Кроме того есть случаи заболевания у женщин в положении. 52 беременные женщины заразились данным вирусом. В связи с ухудшением ситуации, прошу граждан соблюдать меры предосторожности при COVID-19, не посещать людные места и пользоваться средствами индивидуальной защиты», - отметил Батыржан Байжуманов.

Всего за период пандемии зарегистрировано 12666 случаев заболевания CoVid-19. На стационарном лечении в больницах находится 1053 человека (56%), в реанимации-25 человек

«В связи с увеличением загруженности инфекционных стационаров, количество коечного фонда увеличено с 1370 до 1855 коек, количество реанимационных коек увеличено с 124 до 145-ти. В случае необходимости будет развернуто 5280 коек», - сказал руководитель управления здравоохранения Алматинской области Омирзак Ниязбеков.

Одним из главных решений по борьбе с коронавирусом является вакцина, считают спикеры. До конца 2021 года в планах вакцинировать до 1 миллиона человек.

«На сегодняшний день вакциной «Спутник-V» привиты 11 350 жетысусцев.  Из второй поставки привито 9783 человек. Из них 6920 мед.работников, 2588 учителей, 235 сотрудников силовых структур. Охват вакцинацией подлежащего контингента по области составил – 98,8%», - сказал заместитель руководителя департамента санитарно- эпидемиологического контроля Алматинской области  Асхат Чарапиев.

Необходимо подчеркнуть, что  превышение областного показателя заболеваемости отмечается в городах Текели 718сл. (2345,2), Талдыкорган 3346сл. (1782,0), Коксуском 479сл. (1178,0), Каратальском 498сл. (1144,7), Ескельдинском 426сл. (855,0), Панфиловском 827сл. (659,2), Аксуском 232сл. (621,0), Уйгурском 376сл. (600,4) районах.

Самарқанның көк тасы еріп, ел-жұрт «амал мерекесі» деп амалдап жатқанда аймақтағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Жетісу жерінде соңғы тәулікте 104 адам коронавирусқа шалдыққан. Салдарынан індетті жұқтыру деңгейі өңірде 0,8 % – ды құрады.
Жыл басынан 12 666 адам кесел жұқтырған. Оның ішінде 5658 тұрғыннан коронавирустың симптомдары анықталған. 10 758 науқас емделіп шыққса, 870 емалушы әлі күнге дәрігердің бақылауында.
Өкініштісі сол, індет жас, кәрі деп бөліп жармайды. Облыста 52 жүкті әйел мен 882 оқушы кесел жұқтырған.
Аурудың өршуіне байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінушілердің қатары артқан. Салдарынан, арнайы топқа тәулігіне 2,5 мың шақырту келіп түсіп отыр.
Бір сәтте, вирусқа шалдығушылар санының өскені, бұқараның қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
«Аймақта карантиндік режимнің сақталуын қатаң бақылау мақсатында 268 мониторингтік топ құрылған. Мереке күндері қоғамдық орындарда көпшілікпен іс-шаралардың болмауын қадағалау үшін тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қаладағы «Ханшайым», «Алтын ғасыр», «Гаухартас» мейрамханаларында той-думанның өткізілгенін анықтадық. Бұл бір ғана мысал. Жыл басынан арнайы топтың көмегімен 7 мың рейд жұмыстары атқарылды. Олар карантин шаралары сақталмаған 600 жағдайды анықтаған болатын. Бүгінде санитарлық талаптарды бұзып, заңды белден басқандарға тиісінше айыппұл салынды. Оның жалпы берешегі 38 млн. теңгені құрайды»,-деп атап өтті Батыржан Құлаймергенұлы.
Облыстың бас дәрігері Өмірбек Ниязбековтың айтуынша, инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек қорының саны 1370-тен 1855 төсекке дейін, реанимациялық төсек саны 124-тен 145-ке дейін ұлғайтылған.Қажет болған жағдайда 5280 төсек-орын орналастырылады.
Тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін қазіргі таңда егу жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін облыста 11 350 адам екпе қабылдаған. Ары қарайда кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады. Ол үшін вакцина қорыда жеткілікті дейді жауаптылар. Қазіргі таңда облысқа вакцинаның 14 850 дозасы жеткізілді. Ай сайын вакцинаның 66 000 дозасы әкелініледі. Жалпы биылғы жылы облысқа вакцинаның 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған.
Айта кетейік, Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бағытталған болатын.
Мемлекет бар жағдайды жасағанымен елдің індеттің ілмегіне түсуі тоқтамай тұр. Мамандар, Текелі Талдықорған қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Панфилов, Ақсу, Ұйғыр аудандарында сырқаттанушылардың саны басым екенін айтуда.
Ескертерлігі, демалыс күндері мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардың аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, сауад үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, кино театрлар жұмысын тоқтататын болады.

 

Анар Сабырова

Әлем сауықшыл бағытқа бетбұрыс жасады. Қазіргі таңда олардың арасындағы той, мереке дегенді санап тауыса алмайсың. Бірақ сол сауық-сайранның ішінде Наурыз тойына теңесетін, оның дәрежесімен пара-пар келетін мереке жоқ. Наурыз тойының тарихы тым  әріден бастау алады, ол туралы мыңдаған аңыз-әфсаналар бар. Наурыз алдымен табиғаттың мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелген күні.

Бұл күнде тіршілік атаулыға жан бітіп, адамнан бастап өсімдікке дейін табиғат ананың шапағатына бөленеді.

Кейбір аңызда Наурыз деген сөз адамның атымен байланысты делінген. Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұртқа тоқтағанда Нұқ пайғамбар қолындағы жем-шөбін жан-жануарларға, азық-түлігін адамдарға таратып, күн мен түн теңелді деп той жасаған екен. Кейін осы дәстүр жалғаспай қалыпты. Осы Наурыз деген азамат Нұқтан кейін үш жүз жылдан соң өмірге келіпті. «Біздің бабамыз Нұқ пайғамбар осыдан үш жүз жылдай уақыт бұрын күн мен түн теңелді деп мереке өткізіп еді. Біз неге осы мейрамды қолға алып дамытпаймыз, неге құрметтеп жалғастырмасқа?» деп бар күшін осыған салып, қайтадан тойлатқан екен. Содан бері қазақ халқы Наурыз тойын тойлап келе жатыр. Осындай деректерге сүйенсек, Наурыз тойы көненің мерекесі екеніне дау жоқ.

 

Іргесін Бату хан қалаған Алтын Ордада Наурыз мемлекеттік мереке есебінде аталып өткен. Алтын Орда күні кешегі Кеңес империясының жартысынан астамын иемденген құдірет қой. Осы Алтын Ордаға қарасты ұлттар мен ұлыстар Наурызды мемлекеттік мереке есебінде атап өтетін болған. Оның ішінде кәдімгі Русь те бар. Екінші жағы – астрономиялық түсінікте күн мен түннің теңескен шағы. Астрономия ғылымының данышпандары деп – Галилео Галилей мен Николай Коперникті айтады. Ал Орхонның көктасын жастық қылып, көк аспанын көрпе қылған Көк түріктердің әрқайсысы – Галилей, әрқайсысы Коперник емес пе?! Өйткені көшпелі өмірдің әрбір мезеті астрономиямен байланысты. Ендеше, астрономия ғылымының атасы – осы Көк түріктер.

 

Бір аңызда «Ғұндардың Падишасы Наурыз болған күні, яғни күн мен түн теңелген күні таудың басына шығып, ағарып атып келе жатқан ала таңда екі қолын жайып, содан тілек тілейді екен. Тілегін тілеп болып артына қарағанда, қолында қобызы бар абыз тоғыз қоңыр күй тартады. Осы күй тартылып болған соң, ол үн-түнсіз артына қарайды. Қараса арнайы дайындалған үш жүз алпыс бес адам мерекенің құрметіне үш жүз алпыс бес күй тартады. Сонда бір жылды түгелдеп тұр. Содан кейін ғана Наурыз тойын тойлауға рұқсат етіледі» – дейді. Осындай деректерге қарағанда, бұл мейрам әртүрлі дәрежеде тойланған.

 

Әлихан Бөкейханның Наурыз туралы 1916 жылы Айқап журналына жариялаған мақаласында: «Алғашқы айпарақ Ғайсадан 5000 жыл бұрын Тигр, Ефрат аңғарында өмір сүрген Вавилия (Шүмер) елінде жасалған Халдей календары. Онда жыл санау күн мен түннің теңелуінен басталған. Ұлы көштер салдарынан халдейлер ыдырап, шумерлердің билігін парсылар тартып алды. Содан айпарақ – Наурыз болып өзгерді. Халдей әулеттері қазіргі угро-фин және қытай жұрты. Кейін Юлиан және Григориян календарлары шықты да Халдейді де, Наурызды да ығыстырды. Ал, астрономиялық дәлдік жағынан Наурыз (Халдей) қолданылғаны дұрыс...» – дейді. Ал Ахмет Байтұрсыновтың жазбаларында Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған күні күн мен түнтеңелген деп көрсетіледі. Үлкен тойдың басы осы күннен бастау алған деседі.

 

Ертеде осыдан бес-он мың жыл бұрын Жер шарының қоңыр үйегін мекен еткен Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғария, Сарыарқа, Ерепей,  Каспий, Жетісу, Тұран, Еренқабырғада ту көтерген – Мықтар елі күндей күркіреп, күн санап көркейіп, көбейіп, бір ту астына тұтастай шоғырланып, береке-бірлігі айрандай ұйып, бақ қарап, Қыдыр дарыған бір дәуірде Күн мен түн теңелген Наурыз тойын тойлапты. Сол күні таңда Мық елінің Тәңір құтылары  төбе басына шығып, арайлап шыққан күнге бетін тосып, екі қолын соза жайып: «О, Күн тәңір! Мықтар елінің Көктуын мәңгі желбіретіп, жаққан отын мәңгі лаулат! О, Күн тәңір, жер-жаһанды сілкінуден сақта, жерді топан суыңнан сақта, жерді өрттен сақта, дүлей дауыл желіңнен сақта, елді жерден, ерді елден қуатын тебінді жаудан сақта, елімді індеттен сақта! О, Күн тәңір, елімді дерт-дербез індеттен, тілден, ділден, діннен, салт-санадан айыратын жын-сайтанның өсек-аяңынан сақта!» – деп көзіне жас ала балқып, орнынан тұрған Тәңір құтылар енді абызға жол бергендей сыңай білдіреді. Сонда абыз үн-түнсіз қылқобызда «Тоғыз қоңыр» күйін тартады. Абыздан соң алдын-ала дайындалған үш жүз алпыс бес күй тартылады. Тәңір құтылардың тілегінен кейін «Тоғыз қоңыр» атты күйдің, үш жүз алпыс бес жігіттің үш жүз алпыс бес күй ойнауы Наурыз тойын бастауға рұқсат еткендей бет ашар сыңай білдіреді. Осыдан кейін бірнеше күнге созылған той-думан басталады.

 

adebiportal.kz сайтынан алынды

Бейсенбі, 25 Наурыз 2021 09:54

Ұмыт болған ұлттық ойындар

«Ұлттық ойын түрлерін білесің бе?» десе, «Алтыбақан», «Асық», «Көкпар», «Қыз қуу» деп  бес-алты саусағын бүгіп қана тоқтайтын ұрпақ қалыптасып келе жатқаны өкінішті-ақ. Ал, біліп қана қою бір бөлек, «Ойнап көрдің бе?» деген сауалға мардымды жауап аларымыз тағы күмәнді. Ендеше, насихаты кем тартып жатқан ойын түрлерін тізбектеп көрдік. Шын мәнінде, осы секілді дәстүріміздің баршасы қанымызда қайнап жатыр. Түртіп жіберсең, оянары хақ.

Ақшамшық

Бұл дәстүрлі ойын көпшілік арасына «Сақина салу» деп те тарап кеткен. Ауыл жастары жиналып, дөңгелене отырып ойынды бастайды. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын жүргізуші алақанындағы сақина-ны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салғандай болғанымен, жүзік біреу ғана. Қолдарын қабыстыра ұстаған ойыншылар жүзіктің кімде екенін білдіртпеуге тырысады. Сақина салушы «Ақшамшығым, шық!» дегенде, жүзікті қолына ұстаған ойыншы қасындағылардың тосқауылына бой бермей, ыршып шығуға тырысады. Ал, егер ұсталып қалса, айыбын өтейді. Айып көбіне ән-күй орындау болған. Сондықтан, ойын думанды, қызықты өткен. Қараңызшы, бір ғана ойында қаншама үлгі-өнеге жатыр? Өзгенің таңсығы осы асыл мұра-мызды алмастыруға тұра ма?

 

Бес тас

Дәстүрімізге бойлар болсақ, ата-бабамыз қызын үкілеп өсіріп, сонымен қатар тұрмыс-тіршілікке де баули білген. Қолына ине ұстатып, кесте тігу, құрақ құрау сынды қолөнер түрлерін меңгерткен. Осындай сәттерде, сергу үшін «Бес тас» ойынын ойнаған деседі. Тарихына қатысты айтар болсақ, сонау  еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырлардан бастау алады деген  болжам бар. Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігі» еңбегінде «бестас» ойыны туралы мағлұмат кездеседі. Бұл мағлұматтар арқылы «бес тас» сақ-ғұндардан бері келе жатқан ойын екеніне көз жеткізуге болады. Ойын барысына қарап, «бес тас» ойыншыны жылдамдыққа, қағылездікке, тез шешім қабылдауға үйрететініне күмәнданбайсыз. Бұл ойын жас-кәріні  талғамайды. Кішкентай бес жұмыр таспен немесе еліктің асығымен ойнаған. Атау да осыған қатысты қойылған. Ойын «балта шабу», «тоқылдақ», «тарақтау», «құдыққа салу», «қуалау», «кедергі» сияқты көп кезеңнен тұрады. Қатысушылардан кім бастайтынын шешу үшін бес тасты алақанға салып, қолын жоғары серпіп, қолының сыртымен қағып алады. Кім бес тасты түгел жерге түсірмей қағып алса, ойынды сол бастайды.

  

Ләңгі тебу

Халқымыз малын көбейте жүріп, асық атып, ләңгі тепкен. Осылайша, физикалық тұрғыдан ғана емес, ойды да демалдыратын болған. Үнемі ат үстінде жүретін ер азаматтар «ләңгі» ойнап, денесін шынықтырған. Бұл тақымның мықтылығын күшейтіп, адамды жылдамдыққа бейімдейтін ойын. Сойылған ешкінің терісіне құйылған қорғасынды бекітіп, ләңгі жасаған. Ләңгі тебудің де өзіндік шарттары, ұпай жинау тәсілдері бар. Аяғыңды қия бассаң, көз жылдамдығынан адасып, ұпайдан қағыласың. Сондықтан қырағы жігіттер бұл ойында белсенді болған.

 

Тымақ ұру

Тымақ ұру ойыны көгалды алаңда өткізіледі. Ойнаушылырдың санына шек қойылмайды. Ойынға әркім өз атымен қатысады. Күні бұрын көмбе белгіленіп 20 метр жерге биіктігі ат бойындай қазық қағылады да, тымақ кигізіледі. Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойыншылар бір сызықтың бойына қаз-қатар тұрады. Басқарушы кезекте тұрған, яғни қатардан өз жағындағы ең шеткі ойыншыны ортаға шақырады. Оның көзін орамалмен байлап, атына мінгізіп, қолына қамшы береді. Осы көзі орамалмен байланған салт атты жігіт қолындағы қамшысымен тымақты дәл ұрып түсіруі керек. Ойын ережесі бойынша тымақты үш рет ұруға еркі бар. Айталық, бір рет ұрғанда тимесе, онда одан ары тымақты іздеп ұруына болады. Онда таба алмаса, тымақты одан ары іздеп тағы ұрады. Осылайша, барлық ойыншылар  бір реттен айналып шыққанда, тымақты кім көп ұрса, сол ойыншы жеңімпаз аталады.

Ұлттық ойынды жаңғырту арқылы бойымызға рухани азық жинаймыз. Түп тамырымыздан алыстамайық!

 

Ілия СҰЛТАН

Бейсенбі, 25 Наурыз 2021 09:25

Ақ мол болсын!

Ұлыстың ұлы күні қонақтарға халқымыздың кәделі, әрі ең құнар-лы  тағамдары пісіріліп, алдарына ұсынылады. Астан бұрын аруақтардың жанына медеу болар деген ниетпен дұға бағышталған. Қазақ жұрты «Әр шаңырақтың дөңгеленген үстелінде тағам көп болса, сол жылы ақ мол болады» деген ырымға сенген. Сол себепті ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектеріміз осы күні тағамның түр-түрін жасап, ас мәзірінің көп болуына аса мән берген. Олай болса, дарқан қазақтың дастарханында ұлық мерекеде не тұрады?

Наурыз меркесін дәстүрлі Наурыз көжесіз елестету  мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылып, Наурыз көже дайындалады. Ырым бойынша қара қазанында Наурыз көже қайнаған үйге ырыс кіреді деп те жатады. Әр үйде мерекелік дастархан жайылады. Одан бөлек «Өрме төстік» те – мейрам қарсаңында арнайы әзірленетін ерекше тағам түрі. Бұл астың өзгешелігі міндетті түрде аш ішекпен өріліп ішекке салынатындығында. Ал тарихына үңілсек, өрме төстік тағамы қыздың ата-анасына, сүйікті жарына деген құрметінен туындап, күйеу бала қонаққа келгенде ортаға қойылады.Үйге сыйлы қонақ келгенде дастарханға ерекше сән беріп, дәмі тіл үйіретіні анық.

Бауырсақ – халықтың тым ертеден келе жатқан ұлттық тағамы. Бидай ұнынан ашытқан қамырды әртүрлі үлгіде кесіп, қызған майға пісіреді. Бұл басқа нан тағамдарына қарағанда дәмді әрі көп сақталады. Ауа жеткілікті болса, көгермейді. Қазақ дастарханының ажары. Әр адам оны сүйсіне жейді.

Шелпек – қамырды оқтаумен әбден жұқарғанша ысып, майға пісіретін нан. Жұқа, жұмсақ әрі майлы болып піседі. Ас атасы деп қастерлеген нанның бұл түрі Наурыз дастарханының сәні болады.

Әсіп – етті, өкпе, бауыр мен бүйректі, құйрық майды өте ұсақтап турап, ұсақ туралған пияз, тұз қосып, кейде күріш қосып, жақсылап араластырып, жаңа сойған малдың майлы ішегіне салып пісіреді. Мұның еті жұмсақ әрі дәмді, сорпасы да тіл үйретін болады.

Қазы-қарта, жал-жая – тамақ берекесі мен беделі де осы аталған мүшелерге тікелей байланысты. Семіз қазы, айшықты қарта, майлы қарын, кертпе жал, сарыала жая қазақ мақтанышы ғана емес, денсаулыққа пайдалы қуатты тағамдар.

Талқан – қуырылған бидайдан, тарыдан, арпадан, жүгеріден ұнтақта-лып дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. Оны майға, кілегейге, қаймаққа кеулеп жеуге де, шайға салуға да болады. Талқан салған шай қою болады әрі тез суиды.

Жент – ұлттық тағам. Жент қыс-та қатпайды, жазда бұзылмайды, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайды, соған орай көшпелі халықтың дас-тарханынан ерекше орын алған. Жент көбінесе шай дастарханына қойылады.

Қымыз – халқымыздың  ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық сусыны. Ол тек шипасы мол сусын емес, сонымен қатар, халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері, кәде-жоралғылары көп.

Қуырдақ – кәделі, маңызды, дәстүрлі тағам. Көбінесе, ол соғым сою кезінде дайындалады. Тұздалған, кепкен еттен қуырдақ қуырмайды, қуырса да жас еттей дәмді, татымды болмайды. Қазақ: «Етті қуырған құртады, малды шұбырған құртады» деп қуырдақты қуыра бермейтін әдеті тағы бар.

Мерекелік күндері «ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деген тілек те жайдан-жай айтылмаса керек. Себебі дастарханға құрт, ірімшік, жент, талқан, қаймақ, май сияқты тағам түрлері қойылуы тиіс. Бұл молшылықтың белгісі болып саналады. Оның үстіне ақтың құрамы түрлі дәрумендерге толы. Ал дәрумені көп өнімдер дәл көктем мезгілінде денсаулыққа өте пайдалы. Мейрам кезінде сусынның да түр-түрін татып көруге болады. Қымыз, шұбат, айран, көже сынды дәрумендерге бай сусын түрлері адам бойына күш-қуат сыйлайды. Үйдің жастары қарттарға арнап жұмсақ тағамдардан ас әзірлейді. Ал шәймен ішетін тәтті дәм үй иесінің қалауына қарай дайындалады.

Халқымызда наурыз мейрамы кезінде есігіңіз ашық, дастарханыңыз дәмге толы болсын. Өйткені бұл күні мерекелі шаңыраққа бақыт қонады деген наным бар.

 

Маржан АҒЫБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ

«Журналистика» кафедрасының 4-курс студенті

Дүйсенбі, 22 Наурыз 2021 14:06

Мерекедегі ырым-тыйымдар

 

 Қазақ наурыз күні жаңа шыққан күннің жүзіне қарап, бетін сипайды. Онысы жаңа күннен басыма бақыт дарысын дегені.

 

Қазақ наурыз күні алғаш жауған жаңбырға басын тосады. Аспаннан нұр жауады деп біледі. Осылай істесе жылдар бойы басым ауырмайды, жолым жеңіл болады деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні үйіне қарлығаш ұшып кірсе, ерекше қуанады. Жыл құсы келді, шаңырағыма құт кірді деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні тырнақ алмайды, шаш қиғызбайды. Олай етсе, бас кесіледі, жол тосылады деп ырым етеді.

 

Қазақ наурыз күні көңілді жүреді. Біреумен ренжісіп қалудан қорқады. Себебі, жыл басында ренжісе, жыл соңына дейін ісім оңбайды деп ырымдайды.

 

 Қазақ наурыз күнгі жауған қарды күремейді, сыпырмайды. Сыпырса, құрғақшылық болады деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні баласын ұрмайды, оған зекімейді, тек еркелетіп жүреді. Ұрса, зекісе бала меселі қайтады, яғни бақ байланады деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні ыдыс-аяғын сылдырлатпайды, құт қазанда тұрады деп ырым етеді. Ыдыс-аяқ сылдырласа, құт үркеді.

 

Қазақ наурыз күні отқа сүйек тастап, күйдірмейді. Олай етсе, ата-баба аруағы шамырқанады.

 

Қазақ наурыз күні үйіне қыдырып келген баланы құр қол қайтармайды. Бала – бақыт, бала – бал, онымен бірге үйге бақыт кіреді. Бала үйден өкпелеп шықса, бақыт баламен бірге ілесіп кетіп қалады деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні алыс сапарға кеткен жолаушыға сыбаға сақ-тайды. Онысы жолаушы аман келсін, мереке дәмі – береке, осы берекелі астан ауыз тисін дегені.

 

Қазақ наурыз күні үйіне қыдырып келген күйеу жігіт пен қызға ерекше құрмет көрсетеді. Күйеубаласына шапан жауып қайтарады. Онысы қызымызға жақсы қарасын, қызымыз бақытты болсын дегені.

 

Қазақ наурыз күні мал төлдесе, оның  төлін басқа біреуге сыйламайды. Себебі, жыл басындағы құтымыз басқаға ауып кетпесін дегені.

 

Қазақ наурыз күні босанған әйелді құт деп ырымдайды. Оны Қызыр босандырды деп сенеді. Ол туылған бала елге құт болып қонады деп сенеді. Сондықтан ол баланың атын ұл болса Ұлысбек, Наурызбек, қыз болса Наурызгүл, Ұлысжан деп қояды.

 

Қазақ наурыз күні сауысқан үй төбесіне қонып шықылықтаса, жақсы ырымға балайды. Олжадан, жақсылықтан сүйінші келеді деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні ошағының астында от лаулап, лапылдап жанса, биыл бақ жұлдызымыз көтеріледі, байимыз деп ырымдайды.

 

Қазақ наурыз күні төріне қос шырақ жағып қояды. Онысы – отағасы мен отанасы аман болсын, ошақтағы отымыз сөнбесін деген ырым.

 

 Қазақ наурыз күні кетік ыдыстарды пайдаланбайды, одан ас ішпейді. Олай етсе, өмірдегі барлық ісіміз шала болады, жұмысымыз бітпейді деп сенеді.

 

 Қазақ наурыз күні үйіне дуалы ауызды адамды шақыртып, батасын алады. Барлық іс батадан басталса, баянды болады деп сенеді.

 

Қазақ наурыз күні босағасына, не төріне сары аласапты қамшы, не садақ сынды құралдарды іледі. Сөйтсе, бұл үйге жын-жыбыр жуымайды деп сенеді.

Дүйсенбі, 22 Наурыз 2021 14:03

Қай мейрам қазақ үшін несібелі?

Жаңа жыл... Бұл мереке туралы қазақ қоғамының пікірі екіге жарылатыны жасырын емес. Бірі қазақ халқының, жалпы түбі бір түркі жұртшылығының мерекесі наурыз айында екенін айтса, Кеңес одағы қалыптастырған идеологиялық жүйені санасына сіңіргендер 31 желтоқсанда жаңа жылды тойлайды. Әдет-ғұрпын сақтап, салт-дәстүрін берік ұстанған алаш ұрпағына қай жаңа жыл жақынырақ? Соны саралап көрелік.

Жаңа жылдар тарихы

Көктем келіп, Жер-Ана бусанып, айналадағы тіршілік жанданатын Нау-рыз мерекесінің қазақ халқы үшін, Орта Азия мемлекеттері үшін маңызы зор. Жалпы, бұл мейрам қайдан шыққан? Наурыз – парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны әлем жұртшылығының басым көпшілігі ертеден тойлап келеді. Кейбір деректерге сүйенсек, Наурыз мейрамы Орта Азия халықтары арасында бес мың жыл бойы аталып өтуде. Бұл мейрамды ежелгі гректер «патрих», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», бурятттар «сагаан сара», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар Хайям және тағы басқа ғұламалардың, ақындардың еңбектерінен Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге қатысты мағлұматтарды көп кездестіруге болады.Мәселен, парсы тілдес халықтар Наурыз мейрамын бірнеше күн тойлаған. Әр жерге от жағып, оған май құйып, жаңа өнген жеті дәнге қарап, болашақты болжаған. Наурыз жаңару, жаңғыру мерекесі болғандықтан, ескі-құсқы киімдерден арылып, ескірген шыны аяқты сындырған.

Ата-бабаларымыз да бұл мерекеге ерекше құрметпен қараған. Самарқанның көк тасы жібіген шуақты мерекені жаңа күннің, жақсылықтардың бастауы деп есептеген. Сан ғасырлық тарихы бар мереке Кеңес үкіметінің тұсында ұзақ жылдар бойы ұмыт қалды. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан жаңа жылды Кеңес үкіметі «діни мейрам» деп танып, атап өтуге 1926 жылы ресми түрде тыйым салды. Мереке салт-дәстүрді берік ұстанған қазақ отбасыларында ғана жасырын түрде тойланды. Осылайша, қазақ жерінде 62 жыл бойы ұмыт болған Наурыз мейрамы 1988 жылы қайта жаңғырды.Тәуелсіздік алып, етек-жеңімізді жиған тұста, 2010 жылдан бері Президент Жарлығымен мереке үш күн бойы тойланады. Мейрамның халықаралық дәрежедегі маңызы да айқандалды. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды. Ал 2016 жылы ЮНЕСКО 12 ел – Ауғанстан, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия атынан Наурызды адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді.

Енді Кеңес үкіметінің жүргізген теріс саясатының нәтижесінде қанымызға сіңген жаңа жыл мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ. Ғалымдардың зерттеуінше, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жаман-дықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бас-тайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22  маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.

Жаңа жылды тойлау межесі Тигр мен Евфрат өзендеріне су толып, егін шаруашылығының басталған кезіне тура келеді. Уақыт өте келе, мереке Бабыл тұтқындары арқылы гректерге, ал гректерден Еуропаға тарай бастаған. Рим императоры Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген кезде, Жаңа жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер Жаңа жылды сәтті өткізу үшін бірінші күнді қуанышқа толы етіп қарсы алатын болған. Сондай-ақ, Жаңа жыл көне Мысыр елінде де тойланып келген екен. Ондаған ғасырлар бұрын шаруашылықта жаңа маусымға септік болатын Ніл өзені суының толассуының өмірлік маңызы бар болыпты. Сондықтан сол күннен бастап жаңа күнді тойлау дәстүрге айналып келеді. Бірақ орта ғасырларға дейін көптеген елдерде егін шаруашылығының бастауы мен өнім жинаудың аяқталуына байланысты Жаңа жыл көктемде немесе күздің аяғында өткізілетін болған. 1600 жылдары аталған мерекенің тойлану уақыты күзден қыстың бас кезіне ауыса бастайды. Кейіннен бірінші қаңтарға ығыстырылғанымен, Григориан күнтізбесі енгізіліп, Жаңа жыл он үш күнге созылады. Сол себепті әзірге дейін ескі жаңа жыл ресми болмаса да, 13 қаңтар күні тойланып келеді.

Бір тал кессең... 

Әр ұлттың мерекесі өзінің болмысына жақын, салт-дәстүрімен, әдет ғұрпымен, діни көзқарасымен ұштасып жатады. Бұл тұрғыда қай мерекенің қазақ ұлтының жанына жақын екенін айтпасақ та түсінікті.

«Бір тал кессең, он тал ек» деген нақылды бойына сіңірген ұлтымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп, табиғатты қорғау, аялау – адамзаттың асыл парызы екенін жақсы ұғынған. Сондықтан да, наурыз мерекесінде ағаш отырғызу дәстүрге айналған. Есте жоқ ескі заманнан келе жатқан бұл дәстүрді әлемнің басқа мемлекеттері де қолға алған. Ағаш отырғызуды арнайы мерекеге айналдыру әлемнің көптеген елдерінде кездесетін үрдіс. Мәселен, Италияда 1923 жылдан бастап 21 наурызда жаңару және табиғат мерекесі өтеді. Қытайда 1981 жылдың 12 наурызынан бастап 11 мен 60 жас аралығындағы азаматтар 3-5 түп ағаш егуге міндетті. Америка Құрама Штаттарындағы барлық өңірлерінде 1872 жылдан бері ағаш егу дәстүрлі мереке қатарында. Тайваньда 1927 жылдан бас-тап ағаш егуді ата салт санайды. Вьетнамда 50 жыл қатарынан бұқаралық ақпарат құралдары халықты жыл сайын ағаш егуге шақырады. Оңтүстік Корея мемлекетінде сәуір айының 5-і үкімет тарапынан заңдастырылған дәстүрлі түрде ағаш егу мерекесі болып бекітілген. Ал, бізде заңмен бекітілмеген бұл үрдіс ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Асыл дінімізде де осындай игі істерге көңіл бөлінген. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде «Ақырзаман келіп тұрса да егер бойыңда ағаш егуге жетерлік күшің болса, онда ағаш ек» деген екен.

Ал 31 желтоқсандағы жаңа жылда не істейміз? Жыл-он екі ай бойы жап-жасыл болып жайқалып тұрған шыршаларды бірнеше күндік мереке үшін отап тастаймыз. Бұл мәселе әлемдік деңгейде көтеріліп, кейінгі жылдары сауда орындарында жасанды шыршалар саудалануда. Соның өзінде, жаңа жылдың символы болған қылқанжапырақтыны кесу тыйылар емес.

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?

Жаңа жылдық дастарханды арақ-шарапсыз елестету қиын. Бұл да бодандықтың салдарынан бойға сіңген жаман әдет. Мереке қарсаңында дүкендердегі арақ сөрелері босап, кәсіпкерлердің саудасы қыза түседі.

Кеңес үкіметінің құрамына кіргеннен кейін қуанышты жиындар шайтанның ащы суынсыз өтпейтін болған. Оған себеп, Кеңес үкіметі жүргізген сұрқия саясат пен халықты тобыр қылуға бағытталған шаралар. Ішімдікті насихаттау мақсатында бірталай құйтырқы әрекеттер жасалды. Семей полигоны тұсында, онан кейін де «Мас адамға атомың түк те қылмайды» деп халықты жаппай ішуге үгіттеген үкіметінің жандайшаптарының бірі Аркадий Ильенко соның дәлелі.

Қазақ халқы табиғатынан ішімдікке жаны қас. Солай болған дегеніміз дұрыс шығар. Дінді берік ұстанған бабаларымыз той-думанды, мерекені арақ-шарапсыз-ақ, ақ дастарханда адал аспен, ұлттық сусынмен атап өткен. Қазақтың шешені Мөңке би өз толғауында «Ішкенің сары су болады, берсең итің ішпейді. Бірақ адам оған құмар болады» – деп, өз өлеңінде бүгінгі күнді болжап кеткендей. Ішімдік ішуге ислам дінінде де түпкілікті тыйым салынған. Адам денсаулығына зиянын медициналық тұрғыдан ғалымдар дәлелдеген.

Ысырыпшылдық қазаққа тән емес

Жаңа жылда балалар үшін отшашудың орны бөлек. Аспан төрін жарып ұшқан пиротехникалардың көрінісі көз тартатыны жасырын емес. Бірақ, балаларымыздың денсаулығы үшін қаншалықты қауіпсіз? Бұл бағытта пиротехниканың адам ден-саулығына қауіпін айтып дабыл қаққан төтеншеліктер мен медицина қызметкер-лері мүмкіндігінше мерекені отшашусыз қарсы алу керектігін есертуде. Десек те, қауіпсіздік ережелерін сақтамай, сапасыз пиротехниканың құрбаны болған қаншама азаматтар аурухана төсегіне таңылып жатады. Қысқасы, өзімізге қауіпті дүниені өз қаржымызға сатып аламыз.

Наурыз мерекесінде мұндай ысырап-шылдыққа мүлдем жол берілмейді. Кері-сінше, адамдар қайырымдылықпен айналысып, сауапты іс жасауға асығады. Жақында ғана наурызды 10 күн бойы тойлау бойынша ұсынылған жоспардың 5-ші күні, яғни, 18 наурыз дәл осы мақсаттарға арналған. Жоспарға сәйкес, Үкімет волонтерлар мен қайырымды жандарды мұқтаж азаматтарға қол ұшын беруге шақырады. Бұл бабадан келе жатқан игі қасиеттерді жастардың бойына сіңіруге, адамдар арасындағы бауырмалдықты нығайтуға өз септігін тигізеді.

Бұл тақырып турасында белгілі жас айтыскер ақын, журналист Айтбек Тұрсын-бай тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жыр шумақтарына сыйғызған еді:

Қазақтың кетпесін деп көші кері,

Елім деп еміренер есіл ері.

Қазақта екі бірдей жаңа жыл бар,

Біртүрлі көрінеді осы жері.

Бірін қыста тойлайсың, бірін көктем,

Қайсысы қасың, ал қайсысы досың еді.

Біреуінде алаяқ Аяз ата,

Бұғымен кеп тұрмын деп бөсіп еді.

Ал бірінде ақылгөй ақсақалдар,

Баршаға бата беріп көсіледі.

Біреуінде оталып ормандарың,

Қаншама шыршаларың кесіледі.

Ал бірінде керісінше тал егіліп,

Маңызды мәселелер шешіледі.

Біреуінде стақан қағыстырып,

Адамдар арақ ішіп есіреді.

Ал бірінде адамдар төс қағысып,

Бір-бірінің қатесін кешіреді.

Ағайын, осыдан-ақ аңғара бер,

Қай мейрам қазақ үшін несібелі?

Қайсысы қадіріңді өсіреді?

Қайсысы жарығыңды өшіреді?

Жалпы, көп ұлттың өкілдері тату-тәтті жарасқан егемен елімізде қай мерекені тойлау әр азаматтың өз еркінде. Біз тек ұлттық болмысқа сай дүниелерді тізіп, «қос жаңа жылдың» ара жігін ажыратып бердік. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын, құрметті оқырман!

 

Сардарбек НҰРАДИН

Дүйсенбі, 22 Наурыз 2021 13:59

Отметили день истории

По поручению Президента РК  Касым-Жомарта Токаева в 2021 году празднованию Наурыз мейрамы посвящена целая декада с 14 по 23 марта. Каждый день декады имеет свое предназначение. Для проведения дня  истории  отведено 17 марта. К этой дате библиотекари районной библиотеки Г.Уразымбетова и Г.Свининникова совместно с классным руководителем 9 «Д» СШ имени Абылайхана Л.Рока и ее учениками подготовили исторический «калейдоскоп» «Тарихқа тағзым – Поклон истории» и собрались у обелиска Славы г.Есика, чтобы почтить память фронтовиков, погибших на полях сражений Великой Отечественной войны. Ученики прочли стихи о событиях военных лет, а в заключение мероприятия  почтили память павших минутой молчания и возложили к обелиску живые цветы. Наша святая обязанность передавать эту память из поколения в поколению. Тема народного подвига в войне 1941-45 годов, также как и тема борьбы казахских батыров с джунгарами, не теряет своей актуальности и сегодня. Примеры стойкости и самоотверженности воинов – борцов с иноземными захватчиками     являются незаменимым элементом воспитания  у молодежи казахстанского патриотизма.

Уже нет с нами ветеранов Великой Отечественной, которые приходили в школы на классные часы, рассказывали о тяжких военных буднях и фронтовом братстве солдат всех национальностей, о том, как они встречали  День Победы, ставшим главным праздником для миллионов людей. Но, чем дальше от нас то время суровых испытаний, побед и потерь,  тем больше ответственность всего общества за  сохранение уважения к предкам, почитание их жертвенности и стойкости в борьбе с врагом,  за противостояние информационным  диверсиям, искажающим историческую правду. 

 

Галина СВИНИННИКОВА,

библиотекарь районной библиотеки.

Дүйсенбі, 22 Наурыз 2021 11:11

Әз Наурызға ақ бата

Жарқырап жайна наурызым,

Қабағы қастың түңілсін.

Береке, байлық, дәм-тұзым

Халқыма мәңгі бұйырсын.

Берекелі ас болсын,

Ақ мол болсын.

Елге берсін, жерге берсін,

Алла нұр берсін!

Дәулетіміз ассын,

Басымызға бас қосылсын.

Кеңпейіл, кетпес дәулет берсін!

Наурыз мерекесі жүрегімізді нұрландырып,

Жанұямызға тыныштық пен қуаныш әкелсін.

Алла халқымыздың ынтымағын,

Жеріміздің бүтіндігін,

Тіліміздің ғұмырын,

Тәуелсіздігіміздің баяндылығын берсін!

Алла берсін амандық,

Саналы ұрпақ пенен салиқалы кәрілік берсін,  Алла.

Түбіменен жойылсын

Жауыздық пен жалғандық.

Оңға бассын ісіміз,

Ұл-қыздарымыз желпілдеп.

Желбіресін мәңгілік

Тәуелсіздік көк туы!

Алладан рақым,

Пайғамбардан шапағат келсін!

Алла Тағала келер жылдың Наурыз мерекесіне аман-есен жеткізуге жазсын!

Дүйсенбі, 22 Наурыз 2021 11:08

Аудан әкімінің құттықтауы

     Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жыл басы. Табиғат ананың түрленіп, ерекше кейіпке еніп, жасарып жаңаратын, халықтың алдағы күндерге үмітпен қарайтын ұлық мейрамы. Жер-анаға бар мейрімін төккен мерекені, тәуелсіз еліміздің көк туының астында, халқымызбен бірге ыстық ықыласпен қарсы алып отырмыз.

Түркі халықтары үшін қасиетті саналатын бұл мерекеде көпшілік бір-біріне ізгі тілектерін арнауды дәстүрге айналдырған. Қазақ халқы Наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп, күн мен түннің теңеліп, жан-жануардың төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер әлем жасарып, қуаныш орнайтын күн деп ерекше баға берген. Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша, бұл күні адамдардың бір-біріне деген реніші кешіріліп, достық пен келісім орнаған.

Халқымыз үшін ұлық мерекені ерекше мерекелеу дәстүрі қалыптасты. Әр күні дербес атауға ие болып, сол күндер аясында тәрбиелік мәні бар түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, жалпы халықтық мерекенің мазмұны жылдан жылға ерекшеленуде.

Бұл мереке қарсаңында ұлтымыздың нақышын, салт-дәстүріміздің айқын қолтаңбасын көреміз әрі мақтан тұтамыз. Әрбіріміз жақсылықтан үміт етіп, жыл басын зор құрметпен қарсы аламыз.

Алайда, елімізде орын алып отырған пандемияға байланысты жылдағыдай орталық алаңдарға жиналып наурыз мейрамы тойланбайды. Сіздерден Алматы облысының Бас санитар-дәрігерінің қаулысының негізінде аудан аумағында карантин режимін сақтауды сұраймын.

 

Құрметті ағайын!

Ұлыстың ұлы күні елімізге құт-береке әкелсін. Отбасымыздың абыройы арта берсін! Халқымызға ынтымақ, елімізге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!

 

Ізгі тілекпен,

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі 

Әлібек Жақанбаев

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет