Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор мәдени мұрамыз. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, Еңбекшіқазақ ауданынындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау негізінде азаматтық патриотизмді және бірізділікті қалыптастыру, Есік қаласы мен ауылдық округтерде жұмыс жасайтын үздік мамандарды анықтау мен оларға мотивация беру мақсатында бейнероликтер әзірлеу бойынша «ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісІ» атты онлайн байқау жариялаған болатын. Байқауға 16 ауылдық округ қатысып, өз елді мекеніндегі ескерткіштердің қорғалуы жайлы 3-4 минуттық видеороликтер ұсынды.  Байқаудың ұлтжандылық, отансүйгіштік тәрбиесі жоғары болды.  Үздік әкім аппараттары аудан әкімі Ә.Жақанбаевтың мақтау қағазымен, сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны ұлықтауда белсенді жұмыс атқарып, үздік нәтиже көрсетуге атсалысқан әкім аппараттарының мамандарына мотивация беру үшін арнайы Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық директоры Ғ.Оспановтың алғыс хаттары табыс етілді. Байқау нәтижесіне сай, бас жүлде Бартоғай ауылдық округі әкімі аппаратына, I орын Асы ауылдық округі әкімі аппаратына бұйырды. II орынға Балтабай, Шелек және Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппараттары жайғасты. III орынды Жаңашар, Рахат, Тескенсу және Саймасай ауылдық округі әкімі аппараттары иеленді.

Балауса ШАРҒЫНОВА,

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 10:36

Бейбітшілікке төнген қауіп

Діни экстремизм мен терроризм қатері әр мемлекеттің ұлттық мүддесі қорғалу деңгейінің халықаралық қауіпсіздік ахуалына тәуелділігін жоғарылатып, жаһандық сипатқа ие болды. Діни экстремизм тақырыбы қазіргі таңда өте белсенді айтылуда, бекерге зерттелген жоқ. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе, жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен де таныс болуы керек.

Жақында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатта оқушыларымыздың басқа діннің жетегіне еріп кетпей, тура жолды көрсету  мақсатында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында іс-шаралар өткізілді. Аталған шара аясында  9-10 сынып оқушыларымен «Діни экстремизм – опат болудың жолы», «Діни зкстремизм мен терроризм – әлемге төнген қауіп» атты ашық тәрбие сағаттары қашықтықтан өткізілді. 8-9 сынып оқушыларымен   «Төлеранттық – бейбітшілікке жол», «Терроризмге қарсы күрес туралы» қашықтықтан конференциялар өткізілді. Шарада оқушылар өз пікірлерін айтып, алған білімдерімен бөлісті.

Динара Шоманова,

 тарих пәнінің мұғалімі

Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 10:22

«Бәйтеректегі» дарынды бүлдіршін

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды.

Шелек ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасы балалардың шығармашылық қабілеттін, ақыл-ойын жетілдіруге, оларды ары қарай дамыту бойынша жан-жақты жағдай жасап келеді. Тәрбиеленушілердің  дарыны мен талантын, шығармашылық қабілеттерін анықтаудың жолдарын зерделеу барысында балабақшада жоғары дәрежелі педагогтар музыкалық, зияткерлік-шығармашылық, логикалық-психологиялық жағынан көп жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру стандарты  бойынша пәндер тереңдетіліп оқытылады. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» – деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді.

Балабақша ұжымы жасаған осындай нәтижелі еңбек өз жемісін беруде. Балабақшада тәрбиеленетін дарынды балалардың бірі, конкурстық жүлделердің лауреаты  Милат Имран Рахматулин.  Милат 40-тан астам түрлі жанрдағы, хореография, сөз өнері, театр, аспаптық жанр сияқты байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық  салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу  мақсатында түрлі фото көрсетілімдерге қатысқан. Сонымен қатар, баланың бейнелеу өнеріне, музыкаға деген қызығушылығы жоғары және бояулармен, кескіндемемен жұмыс жасай алады, 5 түрлі музыкалық аспапта ойнайды. 

Милаттың осындай жеңіске жетуіне тәрбиешісі Динара Алдабекова мен музыка жетекшісі Гухарбуви Искакованың қосқан үлесі зор. Тәрбие беруде  жас та болса біршама жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Тәрбиешілер үнемі, шығармашылық ізденіс жолында. Балалардың жан-жақты дамып, үйлесімді тұлға болып шығуына жағдай жасауда.

Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Тағы бір ерекше атап өтетін жағдай, Милат Имранның табиғи қабілеттерін дамытуда оның анасы Сәния Рахматулинаның еңбегі зор.

 

Ілия СҰЛТАН

Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 09:37

Мал баққанға бітеді

Ата-бабамыз ежелден мал бағып, соның ырыздық-несібесіне кенелген. Шопан ата түлігін өсіру – ешқашан сұраныстан шықпайтын, құнсыздабайтын, әрдайым өнім беріп тұратын кәсіп. Қазақта бағзы заманнан мал өсіруде, оның өнімін пайдалануда тәжірибе жетерлік. Яғни, «түгін тартсаң майы шығатын» құнарлы жеріміздің шұрайлылығына, кеңдігіне, табиғи-климаттық ерекшелігіне, керек болса, әр өңірдің жер ыңғайына, табиғатына бейімделген қой тұқымы қалыптасқан. Бүгінде ауданымыз шопан ата түлігін өсіруге ынталы кәсіпкерлердің саны артып келеді.

Жыл он екі ай бойы тынымсыз тірлікті қажет ететін мал шаруашылығы мол еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Ал қара жердің арқасы сөгіліп, көк шыға бастағанда малшылар қауымының иығына түсер салмақ та еселенеді. Біз ата кәсіпті нәсіп еткен ағайынның  жағдайын  білмекке Ақши ауылына ат басын бұрдық. Көгі қаулап тебіндеп келе жатқан дала төсінде жамырай өрген төрт түлік бұл өңірде мал шаруашылығының тыңнан серпін алып келе жатқандығын аңғаратады. Округтегі қой шаруашылығын мықтап қолға алғандардың бірі – Еркін Тіккелдиев. Еңбекқор шопан 2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп, 4 млн теңге мөлшерінде несие алып қой шаруашылығымен айналысыпты. Алғашында  қорасына 120 тұяқ қой салған шопанымыз бүгінде мал басын 350-ге  жеткізіпті. «Мал баққанға бітеді», демекші  қой өсіру үшін оның  күтімі мен бейнетіне шыдау қажет. Бұл ретте Еркін Тіккелдиев: «Қой өте төзімді келетіндіктен, құлазыған шөл де, шыңы биік тау да қойдың жайылымына жарай береді. Сондықтан малды дала жайылымына сүйеніп бағып келемін. Дала жайлымында жайылған мал сергек әрі ауру- сырқаудан аман болды. Сонымен бірге тез тойынатыны тағы бар. «Мал шелді болмай, төлді болмайды», – деп жатамыз. Қой семіз болса, төл жақсы қатарға қосылады. Қазақ төлін санамаған, мен де саған төл санын айтпай-ақ қояйын. Бірақ биылғы төлімздің қатарға қосылуы көңіл қуантады. Бұйыртса күзде өнімін көрерміз. Қазір елде  етке деген сұраныс  жоғары. Болашақта Қазақстанның ет экспорты  артады деген ойдамын. Сондықтан мал басын көбейтуді жоспарлап отырмын. Тек елді мекендерден шеткері ірге тепкен шаруа қожалықтарына электр желілерін жеткі-зуге мүмкіндік жасалса»,  –  дейді.

Өңірімізде  қой басының көбеюі, аудан экономикасының дамуына жол ашатындығын экономистер де растап отыр. Ақши ауылдық округінде шопан ата түлігін өсіруге ден қойғандардың  бірі  «Нұр Баракат» шаруа қожалығы. Аталған шаруа қожалғында  2016 жылы 40 бас сиыр және 30 тұяқ қой  болыпты. Басында  өзіне тисті жер телімі болмаған шаруа қожалығы біраз шатқаяқтапты. Оның үстінде малға жөнді қарайтын бақташы табу да қиынға соққан. Қиындықты еңсереген жан  ғана табысқа жетеді. Бес жылғы  берекелі еңбектің арқасында бүгінде шаруа қожалығында қой саны 900 тұяқтан асса, ірі қара 300 басқа жетіпті. Сонымен қоса, «Нұр Баракат» шаруа қожалығы жылқы түлігін өсіруді де қолға ала бастапты. Аталған шаруа қожалығының иесі Дастан Ғалымұлы сан  жылдар бойы төккен терінің енді жемісін көріп жатқандығын тіліне тиек етті. Кәсіпкер 2022 жылға қарай қой санынын 2000, ірі қара санын 500, ал жылқы санын 150 басқа жеткізуді жоспарлап отырғандығын айтты. Сонымен  қоса, ол  мемлекеттен қолдау болса, жоңышқа өңдейтін зауыт салуды ойға алып жүргендігін жасырмады. Төрт түлкті  ырысына балаған  баба жолын жалғап, оны заман талабына сай жаңғыртқысы келетін азаматтардың алған бағыты оң болсын деп тіледік.

Ерзат АСЫЛ

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы  А.Чарапиевтің Алматы облысының аумағында шектеу шараларын және «Ashyq» жобасын енгізу туралы №12 Қаулысы жарияланды.

 

 

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 104-бабының 2-бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»,  2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68  «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы»  қаулыларына, Алматы облысы прокуратурасының 2021 жылғы 27 сәуірдегі №2-04-21-05881 наразылығына сәйкес, Қазақстан Республикасы, оның ішінде Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциямен сырқаттану жөніндегі, эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Облыстың аудандары мен қалаларының әкімдері, облыстың полиция Департаменті, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Алматы облысының Кәсіпкерлер Палатасы қамтамасыз етсін:
  • осы қаулыға №1 қосымшаға сәйкес "қызыл аймақ", "сары аймақ", "жасыл аймақ" қатер аймақтарына қарай облыстың аудандары мен қалаларындағы "Аshyq" жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;
  • Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №18) №4 қосымшаға сәйкес "Аshyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;
  • "Ashyq" жобасын іске асыруды келесі кәсіпкерлік объектілерінде масштабтау:
    • йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
    • спа-орталықтары;
    • сауналар, бассейндер;
    • PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
    • боулинг клубтары;
    • кинотеатрлар;
    • театрлар мен филармониялар;
    • банкет залдарын, асхана типі бойынша объектілерді, фаст-фудтарды, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
    • облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
    • бильярд клубтары;
    • концерт залдары;
    • ерікті қатысушылар;
    • караоке (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);
    • "жасыл" аймақтағы банкет залдары (2021 жылғы 5 мамырдан бастап) (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр);
    • көрмелер;
    • океанариум;
    • марафондар;
    • көрермендермен спорттық іс-шаралар.
  • №18 ҚР БМСДҚ 1 және 2-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде "Аshyq " бағдарламасын енгізу;
  • №18 ҚР БМСДҚ 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес "Ashyq" жобасын енгізуге және оған қатысуға ұсынылатын алгоритмдерді сақтау;
  • "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеу үшін қолжетімді "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар ету;
  • ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
  • букмекер кеңселерінің қызметіне тыйым салу;
  • қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;
  • әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, қоғамдық көлікке, қоғамдық көлік аялдамаларына өңдеу жүргізу (күніне кемінде екі рет);
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеумен Қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;
  • барлық меншік нысанындағы мынадай орта білім беру объектілерінің жұмысына рұқсат беру:
  • 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі форматта қабылдау;
  • жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды сыныптардың оқушылары үшін кезекші сыныптардың (сыныпта 15 адамнан артық емес), 1 - ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде-1-ден 7-сыныпты қоса алғанда;
  • бітіруші сыныптардың (9, 11 (12) сыныптар) құрамдастырылған форматта аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1-сынып-1-кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау);
  • оқу мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат етіледі;
  • қызметін қайта бастаған оқу орындары үшін асханалар жұмысының тиімділігі (залды толтырудың 30% - нан артық емес);
  • орта білім беру объектілері оқушыларының білімін бағалау бойынша үй-жайда 15 адамнан аспайтын толтырумен, шахмат тәртібімен отырғызумен, Маска режимін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, республикалық олимпиадаларды өткізуге рұқсат беру. Бұл ретте үй-жайларды адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етілген ауаны зарарсыздандыруға арналған аспаптармен (рециркуляторлар, экрандалған бактерицидті сәулелегіштер) жабдықтау ұсынылады;
  • қашықтықтан оқыту нысанын (онлайн) қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің дәстүрлі форматта оқуын тоқтата тұру;
  • бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жеке бару немесе бір отбасы мүшелері үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, қорықтарда, резерваттарда және басқаларда) болуға рұқсат беру;
  • ҚР БМСД №68 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат беру (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
  • кәсіпкерлік субъектілерінің барлық мемлекеттік ұйымдарында (кәсіпорындарында), офистерінде аялдамаларда және қоғамдық көлікте "қарбалас сағаттарда" халықтың көп жиналуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес дифференцирленген жұмыс кестесін жаңғыртуға;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, жұмыскерлер саны 250 адамнан асатын органдар мен ұйымдарға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыскерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану ұсынылады;
  • "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы " РМҚК қызметінің рұқсаты;
  • арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беру;
  • Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
  • спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;
  • жақын туыстарының қатысуымен 15 адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерін өткізу, зираттарда адамдардың көп жиналуына (тек бір отбасы мүшелері) жол бермеуді қамтамасыз ету.
  1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, Облыстың Кәсіпкерлер Палатасы (келісім бойынша), Облыстың ішкі саясат басқармасы:
  • қызметі тоқтатылған және рұқсат етілген объектілерді ақпараттық арналар, бейінді қауымдастықтардың қатысуымен бейнеконференциялар өткізу, қажетті ақпаратты ресми веб-ресурстарда орналастыру арқылы хабардар ету;
  • үй жағдайында халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жеке профилактика шараларын және ауру болған жағдайда мінез-құлық тактикасын күшейтуді жалғастыру;
  • ресми көздерден халық үшін шынайы ақпаратты орналастыру  (coronavirus2020.kz. anti-corona.kz, Үкіметтің, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің ресми сайттары).
  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (объектілердің) басшылары, барлық жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, барлық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
  • осы қаулының талаптарын қатаң орындау;
  • ҚР БМСД №67 қаулысында көрсетілген алгоритмдерге сәйкес, жинау мен дезинфекция жүргізудің күндізгі кестесін әзірлеу, бірақ жұмыс ауысымына 2 реттен кем емес;
  • жексенбі күндері үй-жайлар мен іргелес аумақты күрделі жинау және дезинфекциялау жүргізу;
  • қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараздар, косметология, химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу және т.б.) және қоғамдық тамақтану саласындағы объектілерге келушілер көп жиналатын жерлерде ауаны зарарсыздандыру аспаптарын (экрандалған бактерицидті сәулелегіштер, рециркуляторлар) орнату ұсынылады.».
  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы күшіне енген сәттен бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 сәуірдегі №11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2021 жылы 4 мамырда 07 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

 

Алматы облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.                                               А.Чарапиев

 

 

 

Алматы облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

2021 жылғы 1 мамырдағы

№12  қаулысына  №1 қосымша

 

Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

Сары аймақ

Жасыл аймақ

1.        

Өнеркәсіп, көлік және құрылыс объектілері, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы (қызметкерлерді жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін қызметтік көлікті ұйымдастыру ұсынылады)

+

+

+

2.        

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т. б.).

+

+

+

3.        

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.)

+

+

+

4.        

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

+

+

5.        

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

+

+

6.        

 Музейлер, зоопарк,  кітапханалар

+

+

+

7.        

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

ü

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

+

8.        

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, зоодүкендер (с.қ. ойын-сауық орталықтарында орналасқан)

+

+

+

9.        

 Құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын объектілерден басқа, азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

ü

Алаңы 2000 ш.м дейін

 

+

+

10.     

 Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар,  маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

ü

алдын ала жазылу бойынша

+

+

11.     

 Супермаркеттер, гипермаркеттер, тамақ өнімдерін өткізу жөніндегі сауда желілері

+

+

+

12.     

 Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)

ü

толтырылуы 80%-дан артық емес

+

+

13.     

 Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

ü

30% - дан артық емес толтырылған кезде кірушілердің термометриясы, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін,

жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

ü

30% - дан артық емес толтырылған кезде кірушілердің термометриясы, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін,

жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

+

14.     

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

ü

30% - дан артық емес толтырылған кезде кірушілердің термометриясы, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін,

сенбі және жексенбі  күндері қызметке тыйым салынады

ü

30% - дан артық емес толтырылған кезде кірушілердің термометриясы, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін,

жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

+

15.     

СОО, сауда үйлері, сауда желілері

ü

Рұқсат етілген (сенбі және жексенбіден басқа);

Жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат  сағат10.00-ден 20.00-ге дейін, толымдылығы 30% - дан аспаған жағдайда және бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес

 

ü

Жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, толымдылығы 30% - дан аспаған жағдайда және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр

 

жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

+

16.     

Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар;

+

+

+

17.     

 Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат, жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

ü

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

18.     

 Жазғы алаңдар

 

ü

9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

7-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

ü

сағат 7-ден 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

19.     

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері

24.00-ге дейін, жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

+

(тәулік бойы) жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

+

(тәулік бойы)

20.     

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

+

+

21.     

 Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (жазылу бойынша)

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

ü

алдын ала жазылу бойынша

22.     

 Қоғамдық көлік (елді мекен ішіндегі)

ü

қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру және жұмыс кестесін сағат 22.00ге дейін

ü

қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру және жұмыс кестесін сағат 22.00ге дейін

ü

қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру және жұмыс кестесін сағат 22.00ге дейін

23.     

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

 

ü

уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін

ü

уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін

+

24.     

Мектепке дейінгі мекемелер

ü

15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар

ü

25 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар

+

топтарды біріктіре отырып, іс-шаралар жүргізбей жұмыс істеуге рұқсат беру

25.     

Ұйымдар, кеңселер٭(сілтемені қараңыз)

ü

80 %- қашықтықтан,      20%- күндізгі режим

ü

50 %- қашықтықтан,         50%- күндізгі режим

ü

30 %- қашықтықтан,              70%- күндізгі режим

26.     

 

 

Діни объектілер

ü

жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей

ü

жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей

ü

30%-дан асырмай толтырған кездеу, бір адамға кемінде 4 ш.м алаңды қамтамасыз еткен кезде

27.     

Моншалар

+

+

+

28.     

Сауналар

ü

сенбі және жексенбіде қызметке тыйым салынады

жұмыс күндері жұмыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесімен толтырылатыны 50% - дан аспайтын алдын ала жазылу бойынша,

ü

жексенбіде қызметке тыйым салынады

жұмыс күндері жұмыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесімен толтырылатыны 50% - дан аспайтын алдын ала жазылу бойынша,

+

29.     

СПА-орталықтар, бассейндер

ü

сенбі және жексенбіде қызметке тыйым салынады

жұмыс күндері жұмыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесімен толтырылатыны 50% - дан аспайтын алдын ала жазылу бойынша,

ü

 

жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша, 50% - дан аспайтын жұмыс кестесімен сағат 08: 00-ден 22: 00-ге дейін

+

30.     

 Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың)  қозғалысы

ü

ортақ вагондарсыз

ü

ортақ вагондарсыз

+

31.     

 Жолаушылар поездарының қозғалысы

ü

ортақ вагондарсыз

ü

ортақ вагондарсыз

+

32.     

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

-

ü

2021 жылғы 4-10 мамыр аралығында тыйым салынады

ü

2021 жылғы 4-10 мамыр аралығында тыйым салынады

 

33.     

 Спорт кешендері, спорттық сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар

ü

алдын ала жазылу бойынша,

сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады

+

+

34.     

 Казино

ü

30 отыратын орыннан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұма, сенбі және жексенбі күндері қызмет етуге тыйым салынады

ü

30 отыратын орыннан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып,  жұма, сенбі және жексенбі күндері қызмет етуге тыйым салынады

ü

30 отыратын орыннан артық емес, 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып.

35.     

 Мәдениет объектілері (дайындық)

ü

30 адамға дейін

ü

 50 адамға дейін

36.     

 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

37.     

Облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

-

ü

2021 жылғы 4-10 мамыр аралығында тыйым салынады.

Қалған күндері толтыруға 75% рұқсат етіледі, бірақ 15 адамнан аспайды.

 

ü

2021 жылғы 4-10 мамыр аралығында тыйым салынады.

Қалған күндері толтыруға 75% рұқсат етіледі, бірақ 25 адамнан аспайды.

 

 

38.     

Боулинг клубтары

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

39.     

Бильярд

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

40.     

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

41.     

Цирктер

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

42.     

Балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), оның ішінде СОО, СҮ-да орналасқан

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

43.     

Ашық ауадағы аттракциондар

-

-

+

44.     

Балаларды сауықтыру ұйымдары

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес

ü

толтырылуы 50%-дан артық емес

+

45.     

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

ü

толтырылуы 15%-дан артық емес

ü

толтырылуы 20%-дан артық емес

46.     

Көрермендерсіз спорттық іс-шараларды өткізу

+

+

+

47.     

Ас беру

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес

48.     

Банкет залдары

ü

толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес болғанда ас беруді ғана өткізуге жұмыс істеуге рұқсат беріледі

49.     

Түнгі және ойын клубтары, караоке, океанариум

50.     

Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, естелік іс-шаралар, еске алу, корпоративтер, конференциялар, форумдар, жиналыстар, көрмелер және басқалар

 

٭- Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

 

«+» - қызметіне рұқсат етілген;

 «ü« - қызметіне ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;

«-» - қызметіне тыйым салынған.»;

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін үлкен міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.


1 Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесіне орай, партияға салтанатты қабылдау өткізілді.
Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Қуат Байғоджаев  аудан белсенділерін партия қатарына қабылдап, партиялық билет табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

А.ҒАБИДЕН

Сенбі, 01 Мамыр 2021 13:45

Игіліктің бастауы

Бірлік – деген қасиетті ұғым. Еліміздің берекесі гүлденіп, өсуі осы бірлікпен тығыз байланысты. Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет» деген еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге елдерде қантөгістер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақ-тап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе? Қазақстанның болашағы тек қана халқымыздың ынтымағында.

Біз, осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлеке-тіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.

Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.Себебі, барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. «Ынтымақ түбі – игілік» дегендей, ынтымағы жарасқан ел болайық!

 

Тоқтағыз ҚАНАҒАТОВА,

Бәйдібек би ауылдық округінің аналар

кеңесінің төрайымы

Бүгінде  бәріміз қасиетті қазақ топырағында  бір шаңарақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеміз. 130-дан астам ұлт өкілдері бірге тұрып, бірге жасап, бір мақсатта жұмылып өмір сүргені Елбасымыздың сарабдал  саясатының  жемісі болса керек.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық бар жерде қашанда нәтижелі жұмыс болары белгілі. Бүгінде ұлттар тұтастығымен, халықтар достығының арқасында мемлекетіміз ілгері басып дамып келеді. Ырыс төгетін ынтымақтың кілті – ауызбіршілікте екені аян. Бүгінде  өз ауылымда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Біз оларды туғанымыздай көреміз. Тіпті, олар қазақ тілінде сөйлейді. Бір халық ретінде ұйымшыл болып, бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

 

 Айзере АМАНГЕЛДІ,

Нұрлы орта мектебінің  10 «А»

сынып оқушысы

Сенбі, 01 Мамыр 2021 13:40

Бақ-дәулет бірлікте!

Қазақ топырағына XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында және 60 жылдары тағдыр тәлкегімен, кеңестік солақай саясаттың ықпалымен әртүрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Айталық, бір ғана тың игеру кезеңінде Қазақстанға КСРО-ның өзге республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Солардың көпшілігі тұрақтап қалды. Жергілікті халықпен тату-тәтті, ауызбіршілік жағдайында өмір сүріп, ұлан-ғайыр далада бейбіт ғұмыр кешіп келеді. Қазақстанда әр ұлт өкілдерінің тіршілік жасауына, кәсіппен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Қазақстаннан басқа мемлекеттерде дәл біздегідей терезесі тең еңбек етіп, қалаған ісімен айналысып жатқан диаспоралар жоқ. Сондықтан Қазақстандағы әрбір ұлт бақытты өмір сүруде.

Осы орайда, барлық этнос өкілдердің тіліне, дініне қарамастан, бір мүдде аясында әлеуметтік-экономикалық даму жолына жұмылдыра білген қазақ даласы әлемдік кеңістіктегі тұрақтылық пен бірліктің символына айналды. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның ішінде, этно-мәдени бірлестіктер ел бірлігін нығайтуда  маңызды рөл атқарып келе жатыр. Осы арқылы елімізде барлық этностың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін толыққанды жаңғырту мен дамытудың тұрақты механизмі жүзеге асырылып келеді .

Мен жер жәннаты – Жетісу топырағында, яғни Шелек өңіріне қарасты Қайрат ауылында дүниеге келгенмін. Ауыл халқы көпұлтты. Тағдыр тәлкегімен қоныс аударған ұйғыр, түрік және тіршілік көзін көруге келген өзбек-қырғыз ағайындар қазақ халқымен тату-тәтті, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып өмір сүріп келе жатыр. Ауыл шаруашылығын нығайтуға, әлеуметтік ахуалын жақсарту үшін сонау Кеңес дәуіріндегі совхоз-колхоздар бар кезден-ақ аға-апаларымыздың еңбегі зор. Табиғатта ұрпақ алмасатын заңдылық бар ғой. Олардың игі істерін бүгінгі жастар жалғастыруда. Ауылдағы жұмыстарды, ресми және бересми меркеке-іс-шараларды «сен-мен» демей, қоян-қолтық болып атқарамыз.

Біздің  ауылдағы кей үлкендер  ата-бабаларының  соғыс жылдары қазақ еліне жер аударылып келгендігін,  қазақ халқы жылы жүздерімен қарсы алып қолұшын бергендігін жиі айтады.

Асы ауылдық округінің әкімі Ұлан Сағынбеков «Қазақстанның байлығы – халқы, сол халықтардың бірлігі мен ынтықмақтастығы!» – дейді. Бұған алып-қосарымыз жоқ.

Қазақстан – менің Отаным, менің өсіп-өнген жерім! Шаңырағымыз биіктеп, күн нұрына бөлене берсін!

Абдулжан АЗНАБАҚИЕВ,

Мәдениет және спорт министрлігі

жанынан құрылған жас ақын-жазушылар

 кеңесінің мүшесі

Сенбі, 01 Мамыр 2021 13:34

Достығы жарасқан елміз

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, келісім мен бірлікітің аясында 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүруде.

Өзге ұлт өкілдері Қазақстан жеріне ХIХ ғасырдың және  ХХ ғасырлардың арасын қамтитын кезеңде қоныс аударғанын тарихи деректерден білеміз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты еліміздегі өзге этностық ұлттар өз атажұрттарына жақсы өмір іздеп, немістер Германияға, гректер Грекияға, орыстар Ресейге, украиндар Украинаға т.б ұлттар көше бастады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың көрегендік саясатымен халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтап, бір шаңырақтың астында бірлікпен өмір сүрудің іргетасын алғаш рет 1992 жылы Алматыда болған Қазақстан халықтар форумында: «Халықтар арасындағы достық ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр ұлттың өз тілі, діні, мәдениеті бар. Сондықтан форумды өткізуіміздің өзі соған дәлел. Жаңа институт – келісім мен бірліктегі Қазақстан  халықтар Ассамблеясын құруымыз керек» деген. Қазіргі жаһандану және халықаралық байланыстың ғаламдық геосаяси тенденциялар шиеленісіп жатқанда Елбасымыздың ұстанған саясаты ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан достық пен бірліктің мызғымас, берік шаңырағын құрып берді.

Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфессияаралық, толеранттылық бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қазақстандық көпұлысты, көпмәдениетті қоғамдағы рухани адамгершілік құндылықтардың жаңаша жүйесін құруға бағытталған. Ассамблеяның міндеті біріншіден, Қазақстандағы өзге этнос өкілдері бірлік пен татулық аясында өмір сүруі үшін құрылған, екіншіден ұлтаралық түсіністік қамтылған, үшіншіден Қазақстандағы этностық диаспоралардың тілі, діні мәдениетін дамыту болып табылады.

Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым және дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымақтастық пен бірлік. Ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетінің қағидаларын ұстанатын адам, әдетте әлеуметтік белсенді, көреген, болашаққа сенімді қарайды.

 

Раимжан  Ибдиминов, 

 аудандық мәслихаттың депутаты

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет