Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%-іне, яғни 1,2 млн. адамның газға қосылуына мүмкіндігі туғызылды. Биылғы жылы тағы 23 елді мекенде осындай жағдай жасалып, көрсеткіш 61%-ке жетеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media.
Өңір басшысының айтуынша, әзірге көгілдір отын жеткізілмеген бес аудан қалды: «Осы аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған - Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтаймыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылдан басталады», - деді А. Баталов.
Сол сияқты спикер орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда екенін тілге тиек етті, яғни 98,3%, бұл 678 елді мекен қамтылды деген сөз. Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады.
Баяндамашының сөзіне сүйенсек, жылдан жылға жол сапасы да жақсарып келеді, қазіргі кезде жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі - 84%. Биылғы жылы 385 елді мекенде облыстық маңыздағы және ауылішілік 332 км жол жөнделеді, оған 33 млрд. теңге бөлінді.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Талдықорғанда жерлесіміз, қазақстандық саясаткер Серікбай Нұрғисаевтың кітабының тұсаукесері өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов, мәдениет және зиялы қауым өкілдері қатысты.

"30 жыл Тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметінде" атты шығармасы авторды Мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен таныстырады, елдегі мемлекеттік қызметтің реформалары, Мемлекеттік қызмет саласындағы әлемнің озық елдерінің тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жаңалықтар туралы әңгімелейді.

"Бұл кітап мен жазған екінші кітап. Біріншісі 10 жыл бұрын шыққан. Екеуі де мемлекеттік қызмет туралы болса да, бүгін мен бірінші шығарылымнан ерекшеленетін мүлдем басқа туындыны таныстырамын. 10 жыл ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі өте өзгерді. Қазір жастардың уақыты, өзгеру уақыты. Егер жастар білікті мемлекеттік қызметші болғысы келсе, мансап құрғысы келсе немесе билік органдарының құрылымы туралы көбірек білгісі келсе — бұл кітап сіз үшін", - деді кітап авторы, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері Серікбай Нұрғисаев.

Кітаптың өзі 500 данада шығарылды, сонымен қатар жақын арада интернетте еркін қол жетімді болатын электрондық нұсқа пайда болады.

Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде өңірге 105 млрд. теңге бөлінген, 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы облыс бойынша 60 мың жұмыс орны ашылды.

Баяндамада айтылғандай, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көп балалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болады.

 

- Алматы облысында құрылыс саласында карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Сол сияқты біз шағын және орта бизнес нысандарының жабылуы салдарынан орнынан босап қалған көптеген азаматты осы құрылыс саласында жұмыспен қамтыдық, - деді А. Баталов.

 

Алматы облысында шағын және орта бизнесте өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті. Сөйтіп, шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% болып отыр. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистерге брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір әкімінің мәліметінше, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 125 мың бірлікке, ал осы салада жұмыс істейтін адамдар саны 275 мың адамға жеткен. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% жетті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған салықтық жеңілдіктер, жалға алу төлемдерінен босату түріндегі шаралар оң ықпалын тигізген.
- Мысал ретінде айтсам, жылдың басында Талдықорған қаласында аз қамтылған және көп балалы аналарды жұмысқа тарту мақсатында тігін цехы ашылды. «Жетісу» ӘКК арқылы цехқа орын тауып, күрделі жөндеуден өткізіп, лизингіге құрал-жабдықтар сатып әпердік. Қазір бұл шағын фабрикада 17 әйел жұмыс істеп жатыр, соның 12-сі «Еңбек» бағдарламасымен оқыды. Мұндай мысалдар бізде аз емес, осындай ұсыныс-бастамаларды біз әрқашан қолдаймыз, - деді Амандық Баталов.
Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары мен «Жетісу» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі 21 млрд. теңгеге дейін артқан.
Өңірде екі мыңға жуық субъектіге мемлекеттік қолдау көрсетіледі, 13 мың жұмыс орны құрылып, сақталады.
Сол сияқты облыс басшысы аймақта 430 нысанның «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сервисті тәулігіне орта есеппен 3 мың адам қолданады.
«Жалпы осы қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлердің бұрынғы жұмыс ырғағына көшуіне мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді А.Баталов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бейсенбі, 27 Мамыр 2021 11:05

Байрақты бәсекеке түсті

20-22 мамыр аралығында ауданымызда спорт ардагері Аманбек Саматов атындағы грек-рим күресінен 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер  арасындағы  дәстүрлі  ашық республикалық турнир  өтті.Аталған додаға еліміздің әр өңірінен 270-тен астам балуан қатысып, 15 салмақ дәрежесінде боз кілемде бақтарын сынады.

Есік қаласындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткен күрес додасына Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, халықаралық дәрежедегі төреші Ерік Жұмабеков, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Боранбек Қоңыратов сынды спорт саңлақтары құрметті қонақ ретінде қатысты.

Жарыс қатысушылары екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Соңғы ақтық кездесулер қызықты да тартысты өтті. Финалистер бар күшін салып бәстесті. Олар керемет әдістер мен жекпе-жектерді көрсетіп, грек-рим күресінің жанкүйерлерін сүйіндірді. Байрақты бәсекенің нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеті бірдей бас жүлдені қанжығалаған Алматы облысының бала балуандары иеленді. Екінші орынға тартысты өнер көрсеткен Жамбыл  облысының балуандары жайғасып, үздік үштікті Түркістан облысының спортшылары түйіндеді. Аталған турнирге ауданымыздан  20 бала қатысып, Ислам Мерзаев (+80 кг) топ жарды. Ерасыл Фазыл (39 кг) үшінші орынды иеленді.

 

Ерзат АСЫЛ

Бейсенбі, 27 Мамыр 2021 11:01

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,

Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.

Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,

Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Түлектердің көңілін толқытып, жүректеріне қимастық сезімін ұялатқан соңғы қоңырау мерекесі ауданымыздың барлық мектептерінде аталып өтті. 11 жыл бірге өскен құрбы-құрдастарымен, ата-анасындай болған ұстаздарымен қимай қоштасқан түлектер жаңа өмірдің шымылдығын ашты.

Осындай салтанатты мереке Шелек ауылындағы №1 гимназияда аталып өтті. Санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен ұйымдастырылған салтанатты шараға округ әкімі Сәкен Абдихалиев, аудандық білім бөлімінің маманы Алма Ұзақбаева қатысып, үлкен өмірге қанат қаққан түлектерге сәт-сапар тіледі.

Жас түлектер осы күнге дейін талмай білім беріп, жетелеп-жеткізген ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, ән-жырын арнады. Сыныптастарына ақ тілектерін айтып, қоштасу вальсін биледі.

Гимназия директоры Ардақ Қырықбайдың айтуынша, бүгінде №1 гимназия білім саласы бойынша көш басында келеді. Былтырғы жылғы 44 түлектің 40-ы грант иегері атанған. Оның ішінде 2 алтын белгі иегері мен 18 үздік аттестат бар.

2020 жылдың қараша айында мектепке гимназия дәрежесі берілген болатын. Гимназия оқушылары биылғы оқу жылында үздік  білім сапасын көрсетті. Яғни мектеп бойынша бітірген  658 оқушының, 184-і  үздік, 251-і оқу екпіндісі атанып отыр. Биыл гимназияның мектеп бітіруші 29 түлегінің 3-еуі алтын белгіге, 1 түлек үздік аттестатқа үміткер. Ауданда оқу сапасы бойынша бірінші орында, 74,2% құрайды.

Айта кетейік, биылғы жылы ауданымыздағы 84 білім беру ордаларында 52 916 оқушы бар. 2 041 бала жас түлек атанып, алтын ұямен қоштасты.

Ілия СҰЛТАН

Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 16:22

Еңбек елеусіз қалмайды

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толса, ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 29 жыл болды. 1992 жылдан бері Отан қорғаушылар күнін мерекелеу ерекше мәнге ие. 2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына байланысты талантымен танылған журналист марқұм Б.Құранбек Алматы қаласында өткен «Айтуға оңай» бағдарламасына шақырумен барған Әсет аға Еңбекшіқазақ ауданындағы әскери патриоттық тәрбиенің жоғары деңгейде екенін республикаға таныстырды. Сол жылы Әсет аға  Қорғаныс министрі армия генералы М.Алтынбаевтың «ҚР Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерекелік медалімен марапаталды.

2017 жылы  Талдықорған қаласындағы Жетісу телеарнасының тілшілері Ащыбұлақ аулына келіп сыр-сұхбат алды. Шақырумен ҚР Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына байланысты Талдықорған қаласында өткен әскери жиында Әсет ағаның іс-тәжірибесін, жеткен жетістігін Жетісу телеарнасы облысқа таратты. Өзі істеген А.Н.Бубенцов мектебінде бірінші болып, екі рет облыстық семинар жиын өткізді. 2013 жылыдан зейнеткер ағамыз медколеджде, Қазақстан мектебінде, аудан мектептерінде кейінгі жеті жылда ҚР танымал тұлғалармен 18 кездесу өткізіді. АӘД пәнінің жоғарғы санатты ұстазы запастағы капитан  Әсет Көшербайұлы ағамызды аудан, облыс, республика ұстаздары жақсы таниды. ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты Талдықорған қаласында өткен жиында ТМД елдеріне ортақ «Ұлы жеңіске 75 жыл» толуына байланысты Ресей Федерациясы Президенті атынан келген мерекелік медалімен бірге «Алғыс хатты» Әсет Көшербайұлына Алматы облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Даулетқанов табыстады. Алматы қаласындағы «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің президенті «АБАЙ» орденін тақты. Өрлеу ОБЖИ-ның, Талдықорған қаласындағы облыстық ақсақалдар алқасының «Алғыс хаттарымен» де марапатталды. Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің, «Нұр Отан» партиясы, аудандық қорғаныс істер бөлімінің, Отан қорғаушылар күні аудандық, облыстық кәсіподақтың бағалы сыйлықтарымен грамоталарымен марапаттады.

Аудан әкімі Әлібек Жақанбаевтың қабылдауында болған Әсет ағаны аудан басшысы балаларға әскери патриоттық тәрбие беруде жеткен жетістіктерімен құттықтап, 70-тен асса да аттан түспей, көлігін өзі жүргізіп облыс аудандарындағы ұстаз, оқушылармен кездесуден қашпайтын, аудан жастарын әскери патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы үлкен еңбегі үшін алғысын айтты.

 Серік Надырбаев,

«Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» қамқорлық бірлестігінің төрағасы 

 

 

 

 

 

 

 

Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 16:21

Аудандағы ахуал

Бір аптада (18.05 – 24.05.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 54 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

Есік – 8

Шелек – 5

Тескенсу – 5

Достық – 5

Қайназар – 4

Қырбалтабай – 4

Қазақстан – 3

Бәйдібек би – 2

Бижанов – 2

Ащысай – 2

Байсейіт – 2

Сатай – 2

Түрген – 1

Балтабай – 1

Қаратұрық – 1

Ақбастау – 1

Ақши – 1

Малыбай  – 1

Бәйтерек – 1

Қайрат – 1

Тауқаратұрық  – 1

Рахат – 1

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

23 науқас – жұмыссыз

14 науқас – зейнеткер

7 науқас – ұйымдаспаған бала

5 науқас – түрлі жеке кәсіпорындарда жұмыс істейді

5 науқас – мектеп оқушысы

 

Мәлімет Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан алынды.

Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 16:16

Жағдай жақсарып келеді

Екі жылдың ішінде COVID-19-дан жер жүзінде 3,5 млн-ға жуық жан көз жұмды. Дертті жұқтырғандар саны 168 млн-нан асты. Өкінішке қарай, әлемдегі жағдай тұрақсыз. Ал Қазақстанда 25 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 376 572 және теріс нәтижемен 54 176 науқас тіркелген. Осылайша жалпы алғанда «сары» аймақтамыз.

Десе де, республика ішіндегі көрсеткіштер бойынша бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары әлі де «қызыл» аймақта тұр. Батыс Қазақстан облысы «қызыл» мен «сары» аймақтың арасында болса, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы «сары» аймақта.

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі А.Цой еліміздегі сырқаттанушылық деңгейінің біршама төмендегенін, эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын айтты. «Жалпы, соңғы айда аурушаңдылық 20%-ға төмендеді. Егер стационарлық науқастар туралы айтатын болсақ, өңірлер бөлінісінде төсек орындардың күнделікті пайдаланылу мониторингіне сәйкес осы жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындарды қамту 33%-ды құрайды және биылғы мамырдың басымен салыстырғанда 8%-ға төмендеді, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 2%-ға төмендеді және 26%-ды құрайды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында төсектердің толуының оң динамикасы байқалады – мамырдың (4 мамыр) басымен салыстырғанда төсектердің пайдаланылуының үлес салмағы 60%-дан 47%-ға дейін, Алматы қаласында 57%-дан 35%-ға дейін және Алматы облысында 56%-дан 36%-ға дейін төмендеді» деген министр емделіп жатқан науқастар санының айтарлықтай азайғанын айтты. Сондай-ақ сауығып шығып жатқан азаматтардың тәуліктік саны тәулігіне ауру анықталып жатқан науқастардан көбейіп келетінін де жақсылыққа балады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың біршама жақсаруына жаппай вакциналаудың да оң әсерін тигізіп жатқаны анық. Министрдің есебінше, бүгінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның шамамен 3 млн дозасы пайдаланылған екен. Оның ішінде 1-компонентті 2 015 053 адам салдырған. Бұл көрсеткіш – вакцина алуға жататын халықтың 20 %-ы. Ал екінші компонентті салдырған адам саны 1 млн-ға жуықтапты. А.Цойдың айтуынша, бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті қоры бар: бірінші компонент — шамамен 320 мың және екінші компонент — 650 мың. Спутник V вакцинасының қосымша 1,7 млн дозасы Қарағанды фарм кешенінде өндірілген және кестеге сәйкес өңірлерге жеткізілетін болады.

Елдегі жағдайға кеңінен тоқталған министр эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. «Мәселен, вакцинациялаудың тиімділігі 60%-дан кем болмайтын пессимистік сценарий кезінде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны 95 мыңға жуық адамды құрайды», – деген А.Цой: «Екінші реалистік сценарий бойынша вакцинациялаудың тиімділігі кемінде 80%-ды құрайтын болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 69 мың адамды құрайды. Вакцинациялаудың тиімділігі 95%-дан кем болмайтын оптимистік сценарийде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте тіркелген жағдайлардың саны шамамен 61 мың адамды құрайды. Бұл ретте, қандай да бір сценарийдің іске асырылуы азаматтардың вакцинация мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты болатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты, вакцинациямен қамтуды арттыру үшін жергілікті атқарушы органдарға вакцинациямен қамтуды ұлғайту және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», – деді.

Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Мамин: «Қазіргі таңда егу науқанын кеңейту – пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет», – деп атап өтті.

Министр айтқандай-ақ, жағдайдың біршама жақсарғанын өзіміз де апта сайын жүргізетін аудандық статистикамыздан көріп отырмыз. Мысалы, сәуір-мамыр айының бас кезінде жұқтырушылар саны ауданда аптасына 200-ден асып кетіп еді. Енді, міне, мамыр айының 18-24 аралығында COVID-19-ды жұқтырған жерлестеріміздің саны 54-ке түсіпті. Жалпы, ауру белең алған былтырғы көктемнен бері Еңбекшіқазақ ауданының 2585 тұрғынында індет зертханалық расталған. Ал бүгінге дейін 2449  жан аурудан сауығып шыққан, яғни жұқтырғандардың 94,3%-ы.

Вакцинаға келсек, коронавирусқа қарсы егу жұмыстары ауданымызда 2021 жылдың 2 сәуірінен басталды. 25 мамырдағы жағдай бойынша «Спутник-V» вакцинасының 1-компонентімен  ауданның 21 150  тұрғыны  егілсе, 2-компонентін салдырғандар саны – 13 320. «Hayat Vax» вакцинасының 1-компонетімен ауданның 3136 тұрғыны егілді.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Келер жылдан бастап учаскелік инспектордың жалақысы тағы 30 пайызға, ал көмекшілерінің жалақысы 7 пайызға артады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.

«Үздік қызметкерлерді іріктеу үшін кандидаттарға қатысты біліктілік талаптары, оның ішінде бос жұмыс орнына орналастыруға қойылатын талаптар күшейтіліп жатыр. Сондықтан 2019 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 25 пайызға артты. Биыл жыл басынан олардың көмекшілерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Қазіргі кезде учаскелік инспектордың жалақысы 177-266 мың теңге аралығында», - деді комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.

2019 жылдың шілдесінен учаскелік инспекторға тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленіп келсе, биыл 1 қаңтардан бұл тізімге учаскелік инспектор көмекшісі де енген екен.

«Осы жылдың сәуірінен бастап олар осы баспана төлемдерін тұрғын үйді жекеменшікке алу үшін пайдалана алады. Яғни төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық несиелеу бағытына қатысу мүмкіндігі бар», - деді Мұрат Баймұқашев.

 

mezet

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет