Бүгін Райымбек ауданы Нарынқол ауданында спорттық кешеннің ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев, Райымбек ауданының әкімі Нұржан құдайбергенов, ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров пен спорт ардагері Бекболат Бирбаев т.б. қатысты.

Арслан Далабаевтың айтуынша, Жетісу жерінде бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.

- Биыл еліміз үшін өте маңызды жыл - тәуелсіздіктің 30 жылдығы.  Осы жылдар аралығында көлемді істер атқарылды. Бұл ретте біздің Алматы облысында жылдан-жылға халықтың әл-ауқаты жақсарып, барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес, мемлекеттік қолдаудың, қажырлы еңбектің және халық бірлігінің арқасында біз барлық салада тұрақты дамуды жалғастырып келеміз. Өздеріңіз білетіндей, 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Райымбек және Кеген аудандары қайта құрылды.Осыған байланысты аудан орталығында әкімшілік ғимараттарды салу, жөндеу жұмыстары басталды, жаңа тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді. Қысқа уақыт ішінде үлкен жұмыс жасалды.Мұның бәрі ел үшін, болашақ ұрпақ үшін жасалады. Жыл сайын облыста мерейтойлық іс-шаралар өткізіледі.Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Талдықорғанның 20 жылдығына, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілуде. Спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде өңірде 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Бұл кешен он екінші болды. Сіздерді дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуымен құттықтаймыз, - деді ол.

Су жаңа ғимарат ішінде бокс, күрес, футбол, жаттығу залдары мен стадион бар. Сондай-ақ, медициналық және массаж кабинеті, әкімшілік үй-жайлары, гардеробы бар буфет және вестибюль орналасқан.

Командалық ойындар залы волейбол, баскетбол, гандбол, мини-футбол, бадминтон, тенниске арналған.Спорт кешенінде көрермен трибунасы 180 орынға есептелген.

- Бұл спорт кешенінде тек балалар мен жасөспірімдер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлерден бастап зейнеткерлерге дейінгі барлық ауыл тұрғындары да айналыса алады. Осы аймақтан көптеген спортшылар шықты. Мысалы, еркін күрестен Руслан Жұмабеков, Ардақ Назаров, Бейбіт Назаров, Жасұлан Қыдырбаев та Райымбек ауданының тумалары. Осындай заманауи спорт кешенінен әлемдік жарыстарда Олимпиада шыңдарын бағындыратын спортшылар шығады деп үміттенеміз, - деп қорытындылады Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.

 

А. САБЫРОВА

 

 

Мемлекет басшысымен Қазақстан халқына соңғы Жолдауында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол бермеу туралы талаптар атап өтілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Президенттің Жарлығымен шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий жарияланды.

Мораторий жарияланған сәттен бастап Алматы облысының прокуратура органдарымен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз тексерулер мен профилактикалық бақылаудың өзге де нысандарын жүргізудің 244 фактісін, оның ішінде мораторий талаптарын бұза отырып, 128 фактіні анықтады.

Мысалы, өткен жылы Еңбекшіқазақ ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкері азық-түлікті бөлшек саудада өткізу дүкенінің қызметін аралап, тексерді.Лауазымды тұлғаға қатысты аудан прокурорымен ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және сот қаулысымен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жағдай, 2020 жылы Қапшағай қаласының Ішкі істер органдарымен террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптардың орындалуы тұрғысынан екі шағын кәсіпкерлік субъектісі тексерілді. Бұл ретте, бизнес субъектілері мұндай объектілердің тізбесіне кірмеген. Қадағалау актісі бойынша заңсыз тексерулердің нәтижелері жойылды, кінәлі адамдар жазаланды.

Ағымдағы жылы полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың қызметіне сылтаумен кафе, мейрамханалардың қызметінде карантиндік шектеулердің заңдылығының сақталуына жеке-дара тексеру жүргізді. Ал полиция органдары мұндай тексерулерді тек мониторингтік топтардың құрамында ғана жүргізуге тиіс. Қадағалау актілері бойынша 18 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылуына жол берілмеді, кінәлі полицейлер тәртіптік жазаға тартылды.

Заңсыз тексерулер мен профилактикалық бақылаудың өзге де нысандары фактілеріне басқа мемлекеттік бақылау органдары тарапынан да жол берілген. Барлық анықталған фактілер бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды, бизнестің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Алматы облысында кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына дер кезінде ден қою мақсатында бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар құрылып, жұмыс істеуде, олардың байланыс телефондары облыс прокуратурасының сайтында орналастырылған.

 

Анар САБЫРОВА

Дүйсенбі, 14 Маусым 2021 17:05

«Жаңару» орталығы немен айналысады

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Рахметуллинмен сұқбат.

Дүйсенбі, 14 Маусым 2021 17:04

ХҚО Ashyq-пен қабылдайды

15 маусымнан бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы№ 27) қаулысына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі клиенттерді Ashyq арқылы қабылдай бастайды.
Қосымшаны App Store және Google play-ден жүктеуге болады. Сондай-ақ Ashyq қызметі kaspi.kz, Homebank @HalykBank және eGov mobile қосымшалары арқылы қолжетімді

Санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз - бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз.

__

По постановлению (№ 27 от 11 июня 2021 года) главного государственного санитарного врача с завтрашнего дня ЦОН Енбекшиказахского района перейдет на прием клиентов через Ashyq.

Приложение можно скачать в App Store и Google play. Также, сервис Ashyq доступен через приложения @kaspi.kz, Homebank @HalykBank и eGov mobile

Просим не забывать о мерах санитарной безопасности – носите маски, держите социальную дистанцию, пользуйтесь санитайзерами.

Дүйсенбі, 14 Маусым 2021 15:03

Қыздармен көбірек сырласу керек

Қыздар арасындағы мәселелер кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. «Қыздың ары – елдің ұяты» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Қыз баланың тұлымшағы желбіреген күннен бастап «олай істеме, бұлай істеме», «ұят болады» деп үнемі тыйым салғаннан гөрі пайдалы ақыл-кеңестер неге бермеске? Тіпті өмірден опық жеген кейбір аналар өздері жүріп өткен жолында аузы күйген сәттерін қызына жасырмай айтып, тірлікте кездесетін қателесу, қатыгездіктен сақтандыруды білмейді. Мінсіз әйел болғандай, жұмған аузын ашпай, сыр бермеген болады. Қысқасы, біздің қоғамда қыздармен ашық сырласу жағы әлі күнге ақсап келеді.

Қыздар арасында ашық сұхбаттасу үшін Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, 10 маусым күні Райымбек батыр атындағы орта мектепте кездесу өтті. Іс-шараға Есік қаласындағы колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, колледж психологтары мен медбикелері және студент, оқушы қыздар қатысты.

Жиын барысында қыздар арасындағы құқықбұзушылық пен жас қыздардың ерте жастағы жыныстық қатынасқа түсуі және ерте жастағы жүктілік мәселелері қарастырылды.

Жаман қылық жұқпалы аурудан да қиын, бірден-бірге ауысса, ұрпағына да кетеді. Қоғамда тәртібі нашар, төбелесқұмар, жеңіл жүрісті, бұзық қыздар көбеюде. Ата-бабамыз «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыздардың абыройына, арына нұқсан келмеуін қатты қадағалаған. Қыз баланың пәктігі – генетикалық тазалықтың кепілі. Арына деген адалдығы  отбасының бақыты болған. Осы мәселелер бойынша Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасы, «Жергілікті полиция қызметі» ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ильдана Даутова баяндама жасады. Инспектор жас қыздар арасындағы құқық бұзушылық, соның ішінде өзінен жасы кіші қыздарға әлімжеттік көрсету, ұрлық, алаяқтық қазіргі таңда аудан бойынша қыздар арасындағы өзекті мәселе екенін атап өтті. Сонымен қатар 15-17 жас аралығындағы қыздар арасындағы жүктілік, ерте жастағы жыныстық қатынасқа түсу де жас қыздар арасындағы үлкен даулы мәселелердің бірі екенін тілге тиек етті.

Ойнап жүріп, от басып, оң-солын танымаған жасөспірімдер жанталасып жасанды түсік жасатудың жолдарын қарастырады. Жылына Қазақстанда 400 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, 200 мыңға жуық жасанды түсік жасалады екен. Жүкті болып қалған қыздар қысылғанда үлкендерге айтуға бата алмай, құрбысынан ақыл сұрайды. Ол нендей ақыл қоссын?! Әрине, «судың да сұрауы бар», түсік жасатудың өзі тегін емес. Қаражаттан таршылық көрген кейбір қыздар Қытайдың арзанқол дәрілерін ішіп, қансырап жататындары да бар. Осы мәселе бойынша Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Балым Бақытқызы түсіндіріп берді. Ерте жастағы жыныстық қатынасқа түсу салдарынан болатын әр түрлі жұқпалы аурулар туралы жиынға қатысушыларға толыққанды мағлұмат берді. Қателесіп жасалған бір сәттік әрекеттің нәтижесінде жатырға біткен шаранадан құтылу мақсатында, түсік жасату, әртүрлі дәрі-дәрмек қолдану болашақ ана болу мүмкіндігіне кері әсерін тигізіп, бедеулікке әкеп соғатынын студенттер мен оқушыларға жан-жақты жетізді.

Жиын соңында шараға арнайы шақырылған ауданаралық, көпсалалы аурухана жанынан ашылған «Алтын ұрпақ» жастар денсаулық орталығының психолог маманы Вероника Захарченко және аурухананың нарколог маманы Елена Шубина өздерінің іскерлік тәжірибесінде кездескен оқиғалармен бөлісіп, баяндама жасады. Сонымен қатар аудандық ауруханадан келген СӨСҚ дәрігері –Арухан Нсанбаева арнайы видеоролик көрсетіп, қыздарға репродуктивті денсаулық туралы мағұлмат беріп, саламатты өмір салтын ұстануға және дұрыс тамақтануға шақырды. Кездесуге келген қыздар ой-пікірлерімен бөлісіп, мамандарға сауалдарын қойып, психолог маманмен анонимді түрде сұхбаттасты.

  

А.Әбіт

Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы,

аудандық мәслихат депутаты

 

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері спортшыларымыз Азия, әлем, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, көк байрағымызды желбіретуде. XXXІІ жазғы Олимпиада ойындарында да спортшыларымыз Отанымыздың мәртебесін көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінетініне сененміз.

Ұлттық құрама команда спортшылары олимпиада ойындарына  бүгінгі күнге спорттың 25 түрінен 62 лицензия алды.

Төрт жылдықтың басты додасы 2021 жылы Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынатын турнирлер мен чемпионаттарда бүгінгі таңда 11 лицензия бар. Бұл жолдамаларды: 

  • грек-рим күресінен Асхат Дильмухамедов,
  • ауыр атлетикадан Зулфия Чиншанло,
  • ауыр атлетикадан Сон Игорь,
  • велосипед спортынан (трек) Пономарев Сергей,
  • жеңіл атлетикадан (спорттық жүріс) Ратова Айман,
  • жеңіл атлетика (ядро лақтыру) Иванов Иван,
  • байдарка мен каноэде есуден Усова Светлана,
  • садақ атудан Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және 1 командалық жолдама қолда бар.

         Сонымен қатар 4 спортшы – жолдама иеленуге үміткер. Олар:

  • тас жолдағы велосипед спортынан Натаров Юрий, Фоминых Данил,
  • жүзуден Федотова Мария,
  • садақ атудан Фарида Түкебаева.

     Ел намысын қорғайтын оғландардың асығы алшысынан түскей! Алға, самға!

 

Анар САБЫРОВА

Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі:
1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз
2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
3. «Жеке куәлік» таңдаңыз
4. ЖСН енгізіңіз
5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз
6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз
7. Парольді орнатыңыз
8. ЭЦҚ қолдануға дайын
Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.

 

*****

Как получить ЭЦП не посещая ЦОН?
Чтобы получить те или иные справки, раньше нужно было идти в ЦОН. Но сейчас в этом нет необходимости, всё можно получить онлайн с помощью ЭЦП. Эта короткая инструкция поможет вам получить ЭЦП за пару минут:
1. на eGov.kz в категории «Сервисы» выберите раздел «Получение ЭЦП удаленно»
3. дальше кликните на «Заказать услугу онлайн»
4. Выберите «Физическое лицо»
5. Введите ИИН
6. Подтвердите номер телефона и пройдите идентификацию личности через веб-камеру
7. Выберите папку для хранения ЭЦП
8. Установите пароль
9. ЭЦП готово к применению
Важно! Перед выполнением этих шагов установите на компьютер программу NCALayer и проверьте доступ к веб-камере.

Қазіргі таңда өзекті проблемаға айналған жұмыссыздықты азайту және жұмыссыз жастардың арасында арнайы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, насихаттау мақсатында Ават ауылының мәдениет үйінде, Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде және Бәйдібек би ауылының мәдениет үйінде жұмыссыз, маргиналды және мүмкіндігі шектеулі жастардың қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Шараға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысып, жиналған жастарға мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттады. Жәрмеңкеге мемлекеттік және жекеменшік мекемелерден, атап айтар болсақ, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты әл-Фараби атындағы және Алға орта мектебінен, сонымен қатар, «ЭкоАгроПродкут» ЖШС мен «Альтаир» өндірістік кооперативінің өкілдері өздерінің мекемелеріндегі бос жұмыс орындарына жастарды шақырды. Жәрмеңкеге 50-ге жуық жастар қатысып, өзін қызықтырған жұмыс орындарының өкілдерінен кеңес алды.

Айжан ӘБІТ,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

Жұма, 11 Маусым 2021 14:43

Ұстазға баға – ұрпаққа баға

Дүниежүзіндегі ең  абыройлы, мәртебелі, мәңгі жас мамандықтың бірі – ұстаздық. Ұстаздық ету – жүрек қалауы, шәкіртке деген шексіз махаббат, өзіңді бір сәт ұмытып, бар өміріңді  өзгенің бақытына арнау. Әр күніңді білім шамшырағын жағуға, санаңды сәулелендіруге, хақ жолында жүруге бағыттау.

«Суда жүзген кеменің ізі қалмайды,

Қалса да, лездік толқындар легі жалмайды,

Басылса егер тарих бетіне ізгі ізің,

Дауыл, толқын мәңгі өшіре алмайды,

Ізсіз қалу – адамзат үшін жан қайғы»,

– деп жырлаған қазақтай ұлы халықтың ұрпағын тәрбиелеп, артына сансыз шәкірт, мол дарын иелерін ерткен ұстаздардың жолы – ұлы жол. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, әркім жеке бастың қамымен кеткен бұл күнде бас шаруасын бала тәрбиесіне алмастырған ұстаз қауымын ұлықтау, сыйлау – әрбір өсер ұрпаққа бұлтартпас борыш болса керек. Жылы сөз арнап, ұлықтауға тұрарлық ұстаздың бірі де бірегейі, бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған,  мыңдаған  шәкірттерге  өмірлік бағыт-бағдар беріп, аналық мейірімін аямай төккен, аудан, облыс, республикаға аты белгілі қоғам қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген мұғалім, іскер басшы, құрметті ұстаз Бектасова Нұрхан Сүттібайқызы.

Нұрхан Сүттібайқызы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында 1939  жылы 20 қаңтарда өмірге келген. Мектеп бітірген соң жоғарғы оқу орнын аяқтап, Талғар ауданында еңбек жолын бастаған.  Білімді, іскер жас маманды екі жылдан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, одан кейін Сәкен Сейфуллин атындағы №2 мектепке директор қызметіне тағайындады. Жауапкершілігі  жоғары, талапшыл, білімді Нұрхан ұстаз аудандық депутаттар кеңесіне, одан кейін партия қызметіне шақырылған. Осы кезеңнен Нұрхан Сүттібайқызының қоғамдық және партия қызметіндегі өрлеу жолдары басталды. Ұқыпты, іскер жанды кім сыйламайды? Қызмет баспалдағымен тек қана жоғары көтеріле берген Нұрхан Сүттібайқызы 1975-1986 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының партия комитетінің екінші хатшылық қызметін абыроймен атқарғаны әлі күнге ел есінде. 1986 жылы Нұрхан Сүттібайқызы аудандағы үлкен білім ордасы атанған Есік педагогикалық училищесінің директоры  қызметіне ауысты. 18 жыл  қатарынан білім мекенін басқарып, талай жетістіктерге қол жеткізе білді. «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» демекші, тоқырау жылдарындағы қиындықтарға мойынсынбай, бейнеті көп уақыт еншісінің сынағынан да сүрінбеді. Қиын-қыстау уақытта үлкен парасаттылық пен  көрегенділік танытып, болашақ үшін  дұрыс шешім қабылдап, оң  қадамдар жасады. Оның барлығы бүгінгі болашақ қамы, колледжді, ұжымды сақтап қалып, жұмыспен қамтамасыз ету үшін жасалынған игі істер еді. Ол күндер де сарғайған парақтарша артта қалды.

Нұрхан апайдың бойында әйел адамға лайықты нәзіктікпен қатар ер азаматқа тән жақсы қасиеттері де болды. Керек кезде талапшыл, іскер, шығармашыл,  атқарған ісіне үлкен жауапкершілік танытып жүріп, жас әріптестерін де соған үйретті. Нағыз ұстаз ретінде өнегелі тәрбиесімен, талғамды киім киісімен, биязы күлкісімен, салмақты, салиқалы мінезімен шәкірттеріне де, әріптестеріне де ғибрат беруші еді. Мәдениеті мен зиялылығы, парасаттылығы мен сабырлылығы  – барлық ұжым үшін үлкен өмір мектебі болды.

Биыл Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне 55 жыл толады. «Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірттері» демекші, елу бес жылда колледж қабырғасынан жиырма мыңнан астам түлек түлеп, ел экономикасының дамуына үлестерін қосып жүр. Колледж биік белестерді бағындырып, жарқын жетістіктерге жетіп жатыр. Әрине, бұл жетістіктердің артында  ұжымды басқарып отырған білікті де білімді басшылар тұр. Соның ішінде өз  қолтаңбасын қалдырған, өзіндік сара жолы бар Нұрхан Сүттібайқызының еңбегі ерен. Өз ісіне берілгендік, шеберлік, адами қасиеттер тоғыса келіп, ұстаз мәртебесін құрайтыны сөзсіз. Біз үшін Сіздің мәртебеңіз әрқашан жоғары, Сіздің салған ізіңіз мәңгілік. Сізден тәлім алған шәкіртттер  еліміздің Туын жоғары ұстаған мақтаулы мамандар. Сіздің жасаған істеріңіз  бүгінгі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің тарихында алтын әріптермен жазылады.

 

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұжымы

Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та тым жоғары екені даусыз. Сарапшылар жеңіл өнеркәсіптің мемлекет қауіпсіздігі үшін де аса маңызды рөл атқаратынын жиі айтады. Біз аталған  саланың ауданымыздағы аяқ алысын аздап сараптап көрдік.

Соңғы деректерге жүгінсек, еліміздегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 40 пайызға қысқарған. Бес жыл бұрын елімізде  жеңіл өнеркәсіпке тиселі 25 мың кәсіпорын болса, қазір оның небәрі он үш мыңы қалыпты. Былтырдан бергі пандемия салдарынан Қазақстандағы  орта және шағын бизнес тұралады. Ал мемлекетіміздегі жеңіл өнеркәсіп саласының 98,7 пайызы орта және шағын бизнеске тәуелді. Сондықтан Парламентте жеңіл өнеркәсіпке дем беретін бағдарламалар қаралып жатқан көрінеді. Ал ауданымыздың  өнеркәсіптік өндіріс құрылымына зер салсақ, ондағы  жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы 0.8 пайыз ғана. Сол себепті өңірімізде жеңіл өнеркәсіпті дамыту – маңызды мәселелердің бірі. Кәсіпкерлік бөлімінің дерегінше, ауданымызда өңдеуші өнеркәсіптің басымдылығы байқалады. Бұл ретте кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Нұрболат Серғали: «Ауданымыздың жергілікті жағдайына байланысты көптеген кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын өркендетуге ынта білдіріп келеді. Ал жеңіл өнеркәсіпті дамытқысы келетіндер  тым аз болғандықтан бұл сала тұралап қалғаны шындық. Өңірімізде жеңіл өнеркәсіпті негіз еткен ірі кәсіпорындар болмағанымен,  жеке кәсіпкерлер жетерлік. Оның үстіне алда ауданымыздағы  жеңіл өнеркәсіпке серпін беретін игі бастамалар қолға алынса, қолдаусыз қалмайды», – дейді.

Экономистер жеңіл өнеркәсіптің тамырына қан жүгірту үшін артық еңбек күштерді осы салаға жұмылдырудың маңызы зор екенін жиі айтады.Бұл үдеріске бетбұрыс та жоқ емес. Аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, ауылдық елді мекендерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде ағымдағы жылы 350 азаматты кәсіптік оқуға жіберу және оларға несие беру жоспарлануда. Бүгінде кәсіптік  оқу курсын тәмамдап, өз жобасын сәтті қорғағандар арасында жеңіл өнеркәсіп саласына үлес қосқысы келетіндер де бар. Солардың бірі Гүлмира Оразымбетова.

– «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқып, тігінхана ашу жөнінде бизнес жоспар дайындадым және оны ойдағыдай қорғап шықтым. Қазір менің кәсіп ашуыма  үкімет тарапынан 583 400 теңге қолдау көрсетілді.  Бұл ақшаға тігінханаға керекті заттар сатып аламын. Болашақта өз киім брендімді жасап, оны ел нарығына шығарғым келеді, – дейді жас кәсіпкер.

Қазақстан жеңіл өнеркәсіп өнімдерін экспорттағаннан гөрі, 17 есе көп импорттайды екен. Әрине, бұл саланы дамытуға тұсау болатын өндірістің қымбаттығы, қажетті жабдықтардың жоқтығы, шикізат тапшылығы сынды көптеген факторлар бар. Жарты жыл бұрын жұмыс бастаған «Project ZENA»ЖШС-і бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтуға, айына 500 ден астам  мектеп формаларын тігуге қауқарлы. Қазір тапсырыстың аздығына байланысты тігін фабрикасы жартылай  жұмыс істеп жатыр. Тігін цехындағы жұмыс үдерісін таныстырған кәсіпорын директоры Арман Оспанұлы жұмыс бастаған кезде көптеген қиындықтарға тап болғанын жасырмады. Оның сөзінше, кәсіп бастау үшін тігін цехына  қажетті техникалар мен жабдықтардың  барлығын шетелден сатып алған. Кәсіпкер өзіне тиесілі техникалар бұзылыса оған қажетті бөлшектерді де шетелден сатып алуға мәжбүр екенін, сол үшін өзіндік құны тым қымбаттап кететіндігін айтады.

– «Бізде неліктен отандық өнімнің бағасы қымбат?» деген сұрақ жиі қойылатыны жасырын емес. Оның көптеген себептері бар. Өйткені біз шикізаттан бастап керекті техникалардың барлығын шетелден сатып аламыз. Бұның бәрі қымбатқа түскендіктен, отандық киім-кешектің бағасы шарықтап кетеді. Ал тұтынушыларға бағасы бізден әлдеқайда арзан шетел тауарын сатып алған тиімді. Бізде жеңіл өнеркәсіпті жедел дамыту үшін  ең алдымен  қой жүні мен тері өңдейтін кәсіпорындарды құру қажет.  Мысалы, Италия, Қытай, Түркия, Ресейден иірім жіпті, былғарыны, матаны алдырамыз. Мұның бәрі бізге әлдеқайда шығын, қаржылық тұрғыдан да тым тиімсіз. Тағы бір мәселе, әлі күнге дейін сән индустриясын сала ретінде оқытатын мамандық жоқ. Бұл әуесқой тігіншілердің саны басым болғанымен, кәсіби тұрғыдан кенже екенін көрсетеді. Оның  үсітіне, елімізде  тігін фабрикалары тым аз, бұл салаға қызығатын жастардың шеберлігін шыңдауы мен жұмыс табуы қиынға соғып отыр. Жеңіл өнеркәсіпте субсидия мен несие  беру оңтайландырылмаған. Сондықтан толық өндіріске көше алмай отырмыз. Қазір бұл  сала мемлекеттік қолдауға мұқтаж, – дейді.

Еліміздегі жеңіл өнерәсіпке серпін бергісі келетін кәсіпкерлер мемлекет бұл салаға қажетті  кешенді бағдарламалар жасау керегін айтады. Қазіргі кезде Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдау жасалып отыр, солардың есебінен кәсіпорындар жұмы-сын жалғастыруда. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік сатып алуға алып-сатарлар көп қатысады. Тендер нәтижесінде төмен баға қойған алып-сатарлар жеңіске жетіп, салдарынан тапсырыс беруші сапасыз импорттық тауар алады. Нәтижесінде бюджет қаражаты елден шығарылып, басқа елдердің экономикасын дамытуға демеуші болуда. Мұнай саласынан айырмашылығы сол, жеңіл өнеркәсіп тауарларының құны негізінен, тұрақты болып келеді. Өйткені халық тамақ ішудің сыртында, үнемі киінуге мұқтаж болып тұрады. Ал мұнайдан алынатын қуат пен жылуды энергияның өзге түрлерінен де өндіруге болатыны мәлім.Мамандар Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп тауарларының нарығын жылына 900 млрд теңгеге бағалап отыр. Яғни осы саладағы отандық тауарлар, ең құрығанда, өз нарығымызды жаулап алса, онда бір жылдың өзінде жеңіл өнеркәсіптен талай алпауыттар шығатыны даусыз.

Тоқетерін айтқанда, отандық жеңіл өнеркәсіптің түйткілі көп. Дамуға кедергі болып отырған кадр жетіспеушілігін, жергілікті шикізат тапшылығын, субсидия мен несие беру механизмдерін жетілдірмей, бұл салада оң нәтиже болады деп күту қиын. Ең бастысы, жеңіл өнеркәсіптің бар шындығы ашылып, ол елдің жоғары мінберінен бүкпесіз айтылды. Енді тек осы әңгіме нақты істерге негіз болса, саланың бағы ашылар.

Ерзат АСЫЛ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет